Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

Share

Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

03/11/2023

02.11.2023 жылы Орталықта "Ән салады жүрегім" атты ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне қызмет алушылардың ата-аналары және бауырлары қонақ болып қатысты.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 10/03/2020

06.03.2020 жылы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Ана жүрегі - мейірімнің қазығы" атты мерекелік кеш өткізілді. Кеште мекеме басшысы Ж.Жакенов сөз сөйлеп, мерекелік құттықтауын жолдады. Қызмет алушы әйелдерге мерекелік сый - сияпаттар тарту етті. Қызмет алушы ер азаматтардың атынан Б.Рахметов өзінің тілегін білдірді. Мерекелік кешке қызмет алушылардың жанынан құрылған өнерпаздардың өнері қызмет алушылардың назарына ұсынылды. Кеш соңы көңілді биге ұласты. Мерекелік дастархан жайылып, мерекелік торт қойылды. Осы айдың ішінде туылған туған күн иелерінің аттары аталып, құттықтау тілектер айтылып, құрмет көрсетілді.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 28/02/2020

28.02.2020 жылы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай "Шын жүректен шыққан алғыс" атты мерекелік кеш өткізілді. Кеште мекеме басшысы Ж.Жакенов сөз алып, Алғыс айту күні - Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні екенін атап өтті. Сонымен бірге мекеме дәрігері А.Қосжанов Алғыс айту күні - ең алдымен еліміздің азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн екеніне тоқтала келіп, ынтымақта, ауызбіршілікте болуға шақырды. Сонымен бірге қызмет алушы Б.Рахимов сөз алып батасын берді. Кеш соңы қызмет алушылар жанынан ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 14/02/2020

14.02.2020 жылы "Уақыт-өмір сағаты" атты көңілді кеш өтті. Кеште түрлі ойындар ойналып, жұмбақтар шешіліп, көңілді би биленді. Психолог Ж.Қолашова психологиялық ойындар мен трининктер өткізді. Осы ай ішінде туылған қызмет алушылардың туған күндері аталып өтілді.

03/02/2020

31.01.2020 жылы "Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де "Салтымызды сақтау, әр қазақтың міндеті" атты пікір алысу кеші өтті. Кешке қатысушылар төмендегі сұрақтар төңірегінде пікірлер алмасты.
1. Ұлт мүддесі мен ұлт келешегі үшін басты құндылығымыз не болмақ?
2. Салт-дәстүр, тарихи сана - сезім ұлт үшін маңыздыма?
Орталық музыка жетекшісі Қ.Утегенов тақырып төңірегінде жазбаша хабарлама жасады. Жоғарыда қамтылған сұрақтар төңірегінде қызмет алушылар М.Рахметалиев, Н.Қиятбаев тұшымды пікірлер айтып ортаға жақсы ой салды. Кеш тартымды және тартысты өтті.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 17/01/2020

17.01.2020 жылы "Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де "Қуана білейікші" атты көңілді кеш өтті. Кешке мүмкіндігі бар қызмет алушылар түгел қатыстырылды.Кешке қатысушы қызмет алушылар кеш барысында би билеп, ойындар ойнап, көңілдерін көтеріп шат-шадыман болды. Қызмет алушылар Рысжан Тілепов, Бүркіт Рахимов пен Қасқырбай Ешниязовтар кеш барысында жұмбақтардың шешімін тауып, ойындарға белсене қатысып отырды. Көңілді кеш соңы көңілді биге ұласты.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 05/01/2020

31.12.2019 жылы "Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де "Жаңа жылым-жарқын болашағым" атты 2020 жылды қарсы алу кеші өтті. Кешті орталық директоры Ж.Жакенов мерекелік құттықтау сөзбен бастады. Жаңа жылдық кеште мекеме іші мен сырты түгелімен тақырыпқа байланысты безендіріліп, кешке қатысушы қызмет алушылар шыршаны айнала билеп, ән салып Аяз ата қалтасынан сый-сияпаттар алса, жаңа жылдық ойындарда жеңімпаз атанған қызмет алушылар бақылаушылар шешімімен бағалы сыйлықтарға ие болды. Кеш соңы мерекелік биге ұласты.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 13/12/2019

13.12.2019 жылы 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай "Тәуелсіздік - тұғырым" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Мерекелік кеште сөз алған мекеме директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Төребек мерекелік құттықтау сөздерін айтты. Мекеме дәрігері А.Қосжанов тәуелсіздік күнімен құттықтады. Тақырыптық хабарлама жасаған заңгер Г.Төлегенова еліміздің тәуелсіздігінің құндылығы мен жетістіктері туралы терең тоқталып өтті. Шығып сөйлеушілер мерекелік лебіздерін білдіріп, кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 29/11/2019

29.11.2019 жылы "Қазалы арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Елін сүйген ердің даңқы асқақтар" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті мекеме басшысы Жакенов Жаңабай Бекмағанбетұлы мерекелік құттықтау сөзімен ашты. Тақырыптық баяндама жасаған мейіркеш Кенжалиева Аяулым Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел үшін жасаған еңбектеріне тоқталып, кешке қатысушыларды мерекелік күндерімен құттықтады. Шығып сөйлеуші дәрігер А.Қосжанов Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында, еліміздің бірлігі жарасып, ел экономикасы көтеріліп, Қазақстан Республикасын әлем танығанын тілге тиек етті. Басқада шығып сөйлеушілер мерекелік жақсы лебіздерін білдірді. Кеш соңы қызмет алушылармен ұжым өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 10/10/2019

10.10.2019 жылы "Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де 10-Қазан мүгедектер күніне орай Қазалы қаласы мәдениет үйі өнерпаздарының "Пейілі кең-кемімес" атты мерекелік қайырымдылық концерттік бағдарламасы қызмет алушылар назарына ұсынылды. Мерекелік концерттік бағдарламаны орталық директоры Ж.Жакенов құттықтау сөз сөйлеп ашты. Қазалы мәдениет үйі өнерпаздарының өнерлеріне риза болған қызмет алушылар қол соғып, әннің әуендеріне билеп мәре-сәре болды. Концерт соңында қызмет алушылар Б.Рахимов, Р.Тілепова және орталық директоры Ж.Жакенов өнерпаздарға рақметтерін айтты. Қызмет алушыларға мерекелік дастархан жайылып ас мәзірі тарту етілді.

Photos from Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы's post 27/09/2019

27.09.2019 жылы "Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де 1 - Қазан қарттар күніне орай "Үлкенді ардақтау - абыройлы іс" атты қызмет алушы қарттарға арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік концерттік бағдарламаны мекеме басшысы Ж.Жакенов мерекелік құттықтау сөзімен ашты. Қарттарды бөлек орындықтарға отырғызып, алдарына гүл шоқтарын қойып, өздеріне арналған мерекелік концертті жайлы отырып тыңдауға мүмкіндік жасалды. Концерт соңында мекеме басшысы Ж.Жакенов қарттарға өз қолымен мерекелік сыйлықтар табыс етті. Қарттар атынан қызмет алушы Рахимов Бүркіт ағамыз сөз алып мекеме басшысы мен өнерпаздарға ризашылығын білдіріп рақметін айтты.

Want your business to be the top-listed Government Service in Kazalinsk?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Кызылорда
Kazalinsk
120409