Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Ақмола облысы

Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Ақмола облысы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Ақмола облысы, Government Building, Абая, 87, Kokshetau.

14/07/2026

Шортанды ауданы білім бөлімінде жоспарлы тексеру жүргізілді

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына сәйкес Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шортанды ауданы білім бөлімінің қызметіне жоспарлы бақылау іс-шарасын өткізді.
Бақылау барысында білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру деңгейі, білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік функциялардың орындалуы және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мәселелері зерделенді.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарының жекелеген бұзушылықтары анықталды.

14/07/2026

Лицензиялау алдындағы бақылау

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Абильмаженов пен бас маман Е. Жантаев Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы «Астана кэмп» балалар сауықтыру орталығына және Сандықтау ауданындағы «Жас Дәурен» балалар сауықтыру лагеріне барып, лицензиялау алдындағы бақылау жүргізді.
Бақылау барысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру деңгейі, бос уақытын тиімді өткізуі, тұру жағдайлары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ орталықтардың материалдық-техникалық базасы зерделенді. Сонымен қатар балалардың толыққанды демалуы, сауығуы және жан-жақты дамуы үшін жасалған жағдайларға ерекше назар аударылды.
Бақылау қорытындысы бойынша сауықтыру ұйымдарының жұмысындағы оң тәжірибелер атап өтіліп, жазғы сауықтыру кезеңінде көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.

09/07/2026

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
О. Қ. Қаппасов Сандықтау ауданында орналасқан «Жас Дәурен» балалар сауықтыру лагеріне жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында ол балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды, олардың тұру жағдайларын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай‑ақ лагердің материалдық‑техникалық базасын зерделеді. Тәрбиеленушілердің толыққанды демалысы мен жан‑жақты дамуы үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылды.

Бару қорытындысы бойынша лагердің жұмысын ұйымдастырудағы оң тұстары аталып өтіліп, балалардың жазғы сауықтыру науқаны кезеңінде болу жағдайларын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

06/07/2026

Құрметті әріптестер!

Еліміздің бас қаласы – Астана күні құтты болсын! Бұл мереке егемендігіміздің символы әрі еліміздің басты мақтанышы. Елордамыз көркейіп, әрбір отбасына бақ-береке, бірлік әкелсін!

І/т: Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы.

Photos from Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Ақмола облысы's post 02/07/2026

2026 жылғы 30 маусымда Ақмола облысы білім басқармасының «2025–2026 оқу жылының қорытындылары туралы» тақырыбындағы алқа отырысы өтті. Іс-шараға Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К. Каппасов қатысты.
Алқа отырысы барысында өңірдің білім беру жүйесінің 2025–2026 оқу жылындағы қызметінің негізгі нәтижелері қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды.
Күн тәртібінде білім беру саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәндерінің жай-күйі, туристік-өлкетану және экологиялық бағыттар бойынша қосымша білім беруді дамыту, білім беру ортасында балалар мен жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, өңірдің әдістемелік қызметінің жұмыс қорытындылары, аудандық әдістемелік кабинеттердің қызметі, білім беру жүйесін цифрландыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, түлектерді сапалы даярлау және жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстар сараланды.
Отырыста кәсіптік білім беруді экологияландыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл бағытта Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің әлеуметтік-гуманитарлық жобалар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәжірибесі таныстырылды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Е. Айтбаев сөз сөйлеп, өңірдің білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту бойынша алдағы міндеттерге тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарға жауап берілді. Алқа отырысы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының қорытынды сөзімен аяқталды.

Photos from Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Ақмола облысы's post 26/06/2026

Білім сапасы – болашақ кепілі: Ақмола облысындағы жүйелі жұмыс
Қазіргі қоғамда білім сапасы – елдің зияткерлік әлеуетін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру жүйесінің сапасын арттыру жолында маңызды миссия атқарып келеді.
Аталған департамент Комитеттің аумақтық бөлімшесі ретінде мемлекеттік білім беру саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып, стратегиялық міндеттердің орындалуына серпін береді. Оның қызметі білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіруге, олардың заңнамалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және сапалы білім берудің тұрақты негізін қалыптастыруға бағытталған.
Департамент жұмысының негізгі өзегі – білім сапасын арттыруға арналған кешенді шаралар жүйесі. Солардың бірі – мемлекеттік аттестаттау. Бұл үдеріс білім беру ұйымдарының қызметін жан-жақты саралап, олардың нақты деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім беру қызметіне лицензия беру және оған өзгерістер енгізу рәсімдері де сапаны реттеудің маңызды тетігі болып табылады. Бұл оқу орындарының заң аясында қызмет етуіне және білім беру бағдарламаларын үздіксіз жетілдіруіне жол ашады.
Бақылау мен мониторинг – департамент қызметінің ажырамас бөлігі. Бұл бағытта білім беру ұйымдарының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылданады. Жүйелі жүргізілетін мониторинг нәтижелері білім беру саласын дамытуға бағытталған тиімді шешімдер қабылдауға негіз болады.
Сонымен қатар, департамент тарапынан жүргізілетін сырттай бағалау білім беру ұйымдарының қызметін тереңінен зерделеуге мүмкіндік береді. Оқу-тәрбие үдерісі, педагог кадрлардың кәсіби деңгейі, басқару сапасы мен материалдық-техникалық база кешенді түрде сараланып, нәтижесінде білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленеді.
Педагогтердің кәсіби дамуы да назардан тыс қалмайды. Түрлі семинарлар, тренингтер мен әдістемелік кеңестер арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және олардың заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруіне жағдай жасалады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің тиімділігін арттыра түседі. Педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелерін жедел қарау, туындаған сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдау мақсатында «Педагогті қорғау» чаты құрылған. Қорытындылай келе, Ақмола облысының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті өңірдің білім беру жүйесінің тұрақты дамуын және сапалы білім беруді қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Оның қызметі тек бақылау мен бағалаумен шектелмей, білім беру кеңістігін жаңғыртуға, инновациялық тәсілдерді енгізуге және педагогикалық қауымдастықты қолдауға бағытталған. Бұл – балаларымызға сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы
Қабдрахманова Жанар Жанатайқызы

26/06/2026

Азаматтарды қабылдау

23/06/2026
23/06/2026

Мемлекеттік қызметші күніне орай, мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі және оны дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің атынан Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Жанар Жанатаевна Кабдрахманова және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы Шнаргуль Манбеталиевна Кадирова алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

23/06/2026

Құрметті әріптестер!

Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің дамуы мен халықтың игілігі жолындағы адал еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық және толағай жетістіктер тілейміз.
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!

Т/б: Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы

Want your business to be the top-listed Government Service in Kokshetau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Абая, 87
Kokshetau
020000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30