Көкшетау қаласында «Көкшетау Энерго» ЖШС аумағында жаңа «Шамшырақ» аллеясының ашылу рәсімі өтті. Кәсіпорын басшылығының қолдауымен жүзеге асқан бұл бастама жайлы қалалық ортаны дамытуға қосылған тағы бір маңызды үлес болды.
Жаңа аллея кәсіпорын қызметкерлері, көршілес тұрғын үй кешенінің тұрғындары және жалпы шағын аудан халқы үшін демалыс, серуендеу және өзара қарым-қатынас орнына айналмақ. Іс-шара аясында балаларға арналған ойындар, байқаулар және анимациялық қойылымдардан тұратын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев мұндай жобалар жайлы қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруға, тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Ол «Көкшетау Энерго» ЖШС ұжымына әлеуметтік жауапкершілігі және қала дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Қала әкімдігі өзге де кәсіпорындарды осындай игі бастамаларды қолдап, Көкшетауды абаттандыруға өз үлесін қосуға шақырады. Мемлекет, бизнес және тұрғындардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана заманауи, жайлы әрі ашық қалалық орта қалыптасады.
«Шамшырақ» аллеясы тұрғындар үшін жарық әрі жайлы мекенге, қамқорлықтың, бірліктің және отбасыл�
Көкшетау қаласының әкімдігі/акимат города Кокшетау
Пресс-служба аппарата акима г. Кокшетау
#қалаөмірі #жаңалықтар #тұрғындар #ісшаралар #мемлекеттікқызмет #кәсіпкерлік #саясат #Көкшетау #Ақмолаоблысы #жизньгорода #новости #жители #мероприятия #государственнаяслужба #предпринемательство #Кокшетау #Акмолинскаяобласть
#citylife #news #citizens #events #citygovernment #buisines #Kokshetau #Akmolaregion
Көкшетау қаласында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарламаның шарықтау шегіне айналған ауқымды Open Air концерті өтті.
Кеш барысында көрермендерге танымал орындаушылар Rick, Baxa және Altair & Abbi дуэті өнер көрсетті. Кештің басты хедлайнері ретінде көпшілікке кеңінен танымал Kalifarniya сахнаға шығып, өзінің жарқын өнерімен көрермендердің ерекше ықыласына бөленді және концерттік бағдарламаның ең әсерлі сәтіне айналды.
Open Air заманауи музыканы сүйетін жандардың басын қосып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Іс-шара Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарламаның лайықты қорытындысы болды.
Көкшетау қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ «Жаңа жағалау-2» жаңа жағалауының салтанатты ашылуы өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорттық жарыстар, су эстафетасы, Холи бояулары фестивалі және «Балалар әлемі» шеруі ұйымдастырылды. Кешкі бағдарлама Open Air форматында жалғасып, мерекенің басты оқиғасы Kalifarniya тобының концерті болды.
Жаңа жағалау демалысқа, серуендеуге және қалалық іс-шараларды өткізуге арналған тағы бір заманауи қоғамдық кеңістікке айналды.
Мереке отбасыларды біріктіріп, жаздың алғашқы күнінде балалар мен ересектерге жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
***
В городе Кокшетау состоялись праздничные мероприятия, посвященные Международному дню защиты детей, а также торжественное открытие новой набережной «Жаңа жағалау-2».
Для жителей и гостей города были организованы спортивные состязания, водная эстафета, фестиваль красок Холли и шествие «Балалар әлемі». Вечерняя программа продолжилась Open-Air, а главным событием праздника стал концерт группы Kalifarniya.
Новая набережная стала еще одним современным общественным пространством для отдыха, прогулок и проведения городских мероприятий.
Праздник объедини
Көкшетау – заманауи урбанистика үлгісі: форум қатысушыларының пікірі
Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, орталық мемлекеттік органдардың, даму институттарының өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, бейінді басқарма басшылары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өкілдері, урбанистика, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қала құрылысы және тұрақты даму саласының сарапшылары қатысты.
Форум қалаларды дамытудың заманауи тәсілдерін, аумақтарды кешенді реновациялау, қоғамдық кеңістіктерді жаңарту, қалалық ортаның сапасын арттыру және урбанистика саласындағы жаңа басқару тетіктерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев, «KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма �
29/05/2026
Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары! 🎉
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларға және көптен күткен «ЖАҢА ЖАҒАЛАУ-2» жобасының салтанатты ашылуына шақырамыз! 🌊✨
Бұл күні сіздерді керемет және мазмұнды бағдарлама күтеді:
🔸 10:00 – Мерекенің басталуы: спорттық жарыстар, су эстафетасы, Холли бояулары фестивалі және ауқымды «Балалар әлемі» шеруі!
🔸 17:00 – Жастарға арналған Open-Air дискотекасы 🪩
🔸 20:15 – Кештің басты қонағы – KALIFARNIYA! 🎤🔥
📍 Өтетін орны: «Болашақ» сарайына қарама-қарсы жаңа жағалау.
Жаңа жағалау – жаңа серпін, жарқын болашақ! Мерекені бірге қарсы алайық. Келіңіздер, күтеміз! 😉
29/05/2026
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында а.ж. Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының «Көкше» мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 29 мамырында Көкшетау қаласы әкімдігінің бастамасымен «Қызмет алушы күні» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну туралы тұрғындарды ақпараттандыру.
Аталған іс-шараға 35-тен астам азамат қатысты.
Қызмет алушы күні қала тұрғындары өз сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес пен қажетті құжаттар тізімі жөнінде ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара барысында шешілмеген мәселелер бақылауға алынып, жұмыс тәртібінде шешілетін болады.
Іс-шарада көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың өкілдері көрсетілетін қызметті алушыларға жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік-еңбек салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, оның ішінде жер учаскелерін ресімдеу, тұрғын үйді жекешелендіру, әлеуметтік, тұрғын үй көмегін алу, оңалту құралдарын алу мәселелерін түсіндірді.
Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің 2026 жылғы 8 мамыр күні Сарыарқа, 26/1 мекенжайындағы үй тұрғындарымен өткен кездесуі барысында үйді теңгерімге қабылдау және жалдау шарттарын жасасу мәселесі көтерілді.
Кездесу қорытындысы бойынша «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не аталған мәселені жедел шешу жөнінде тапсырмалар берілді.
Қазіргі уақытта тапсырма толық көлемде орындалды. Тұрғындармен жалдау шарттары жасалды.
***
В ходе встречи акима города Кокшетау Ануара Кумпекеева с жителями дома по адресу Сарыарка, 26/1, состоявшейся 8 мая 2026 года, был поднят вопрос принятия дома на баланс и заключения договоров найма.
По итогам встречи ГУ «Отдел жилищных отношений и жилищной инспекции» были даны поручения по оперативному решению данного вопроса.
В настоящее время поручение исполнено в полном объеме. С жителями заключены договоры найма.
Көкшетау в ритме вечерних огней ✨
28/05/2026
Құрметті Красный Яр ауылының тұрғындары!
2026 жылғы 29 мамырда сағат 11:00-де «Көкше» мәдениет үйінде Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 3 мекенжайы бойынша мамандардың қатысуымен жер қатынастары, сәулет, әлеуметтік қорғау және тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй коммнуалдық шаруашылық саласындағы «Көрсетілетін қызметті алушылар күні» өтеді.
***
Уважаемые жители села Красный Яр!
29 мая 2026 года в 11:00 ч. в Доме культуры «Кокше» по адресу: село Красный Яр ул. Тауелсиздик, 3 состоится «День услугополучателей» с участием специалистов в сфере земельных отношений, архитектуры, социальной защиты, и жилищной инспекции, жилищно- коммунального хозяйства.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
М. Әуезов к-сі 141
Kokshetau
020000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
