23/12/2024
23 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінде Президенттік шыршаға қатысушы балаларға арналған «Жаңажылдық ертегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Музейлік интерактивті бағдарлама барысында Аршалы, Целиноград, Шортанды, Ерейментау аудандарының мектеп оқушылары 20 ғасырда қолданылған шырша ойыншықтары мен құттықтау ашықхаттар көрмесін қызыға тамашалап, өткен тарихымыздың әр кезеңінен мағлұмат беретін экспозициялық залдармен танысты. Көрмені музей қонақтары 12-ші қаңтарға дейін тамашалай алады.
23 декабря в Музее истории города Кокшетау прошло праздничное мероприятие «Жаңажылдық ертегі» для детей-участников Президентской елки. В ходе музейной интерактивной программы учащиеся школ Аршалынского, Целиноградского, Шортандинского, Ерейментауского районов с интересом посетили ретро выставку елочных игрушек и новогодних открыток 20 века, ознакомились с экспозиционными залами. Выставка будет действовать до 12 января.
06/12/2024
Музейге Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" мектеп-гимназиясының оқушылары келді. Экскурсия барысында оқушылар өлкенің тарихымен танысып, экспонаттарға қол тигізе алды.
Музей посетили ученики школы №5 города Кокшетау. Дети узнали много нового об истории родного края, познакомились с уникальными экспонатами и погрузились в атмосферу прошлого.
29/11/2024
ЖЕЛТОҚСАН: КӨКШЕТАУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР
1919 жылы 11 желтоқсанда медициналық, санитарлық-эпидемиялық және фармацевтикалық бөлімшелері бар уездік денсаулық сақтау бөлімі құрылды, оның басшысы болып дәрігер М.Н.Глаголев тағайындалды.
2003 жылы 12 желтоқсанда Н.Назарбаев даңғылында (бұрынғы Горький көшесі) 1979-89 жылдары Ауған соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.
2011 жылғы 6 желтоқсанда Т.Досмағамбетов атындағы скверде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Досмағамбетовтың (1940 - 2001 жж.) бюстінің ашылу салтанаты өтті.
2023 жылы 7 желтоқсан күні «Көкшетау» МС қазақ эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері» Роза Қуанышқызы Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына орай, ән кеші өтті. Концертте халық әртісімен бірге оның талантты ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев барша халыққа танымал тамаша туындыларды орындады. Шығармашылық кеш Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония симфониялық оркестрінің, «Гәкку» және «Аманат» би ансамбльдерінің сүйемелдеуімен өтті.
ДЕКАБРЬ: ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ О КОКШЕТАУ
11 декабря 1919 года образован уездный отдел здравоохранения с медицинским, санитарно-эпидемическим и фармацевтическим подотделами, руководителем которого был назначен врач М.Н.Глаголев.
12 декабря 2003 года по проспекту Н.Назарбаева (ранее улице Горького) состоялось открытие памятника воинам, погибшим во время войны в Афганистане в 1979-89 гг.
6 декабря 2011 года в Кокшетау в сквере имени Т.Досмагамбетова состоялось открытие бюста заслуженного деятеля искусств Казахстана, лауреата Государственной премии Тулегена Досмагамбетова (1940- 2001 гг).
7 декабря 2023 года в ДК «Кокшетау» концерт Народной артистки Казахстана, лауреата Государственной премии РК, «Қазақстанның Еңбек Ері» Розы Куанышевны Рымбаевой, посвященный 50-летию ее творческой деятельности. На вечере вместе с Розой Куанышевной выступили ее талантливые сыновья Али Окапов и Мади Рымбаев. Концерт шел в сопровождении симфонического оркестра Акмолинской областной филармонии имени Укили Ыбырай, ансамблей танца «Гакку» и «Аманат».
28/11/2024
Уақытыңызды қызықты әрі пайдалы өткізгіңіз келсе Көкшетау қаласының тарихы музейіне келіңіз!
Мекенжайымыз: Көкшетау қ., Қанай би көшесі, 32
Кіру тегін
28/11/2024
Уақытыңызды қызықты әрі пайдалы өткізгіңіз келсе Көкшетау қаласының тарихы музейіне келіңіз!
Мекенжайымыз: Көкшетау қ., Канай би көшесі, 32
Кіру тегін
01/11/2024
Құрметті Мадина Мақашқызы!
Бүгінгі мерейлі төл мерекеңіз - туған күніңіз құтты болсын!
Бүгінде Сіз қаржы саласының тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары, беделі зор мамандарының бірісіз. Сапалы қызметіңіз бен ұтымды істеріңіз, аса қарапайым мінезіңіз бен байыптылығыңыз, азаматтық бітім-болмысыңыз да үлгі тұтарлық. Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, баянды бақыт, мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас құт-ырыс тілеймін! Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Ізгі тілекпен,
Көкшетау қаласының тарихы музейі директоры Б.Габдуллина
30/10/2024
25 қазанда Павлодар қаласында «ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН, ЕҢСЕЛІ РЕСПУБЛИКАМ!» Павлодар және Ақмола облысы айтыскерлері мен күйші, жыршы – термешілерінің өнер жекпе-жегі өтті.
Қос аймақтың өнерпаздары күмбірлеген күй, әуелеген ән, тағылымды терме, жыр толғау және айтыс бағыттары бойынша өзара мықтыны анықтады.
Өнер додасын танымал ақын, мемлекет қайраткері Аманжол Әлтай жүргізді, ал қазылар алқасына айтыс өнерінің майталманы Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Командалық өнер жекпе-жегінде Ақмола облысының намысын қорғаған қатысушылар:
Дәулет Ерлан - айтыс ақыны
Мұхаммед Қонқаев - айтыс ақыны
Құрметхан Құралхан - айтыс ақыны
Нұрдыбек Сарқытбек - айтыс ақыны
Нұрғиса Елеш- айтыс ақыны
Оразалы Айнабек - күйші
Баян Жұбанова – жыршы
Нұрислам Әбділ – термеші.
Өнер жекпе-жегінің қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы жеңіске жетіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Repost
29/10/2024
⚜️29 қазанда Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті⚜️
Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
📌Балкашино ауылының маңында, Сандықтау ауданының төтенше жағдай қызметкерлерімен оқу-жаттығу өткізу кезінде табылған «Тастағы адам бетінің бедерлі бейнесін» тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің алдын ала есепке алу мәселесін қарастыру.
📌Кеңес кезеңі ескерткіштерінің тарихи - мәдени сараптамасы мәселесін қарастыру: В. И. Ленин ескерткіші, Кеңес өкіметін орнату үшін күрескерлерге арналған ескерткіш, Азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан көкшетаулықтардың естелігіне орнатылған ескерткіштеріне жүргізілген сараптама қорытындысы туралы.
📌Бурабай ауданындағы 4 киелі ескерткіштерге негізделген «Төрт ханшайым» триумфальды аркасын орнату мәселесі Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия мүшелері бірауыздан қолдау тапты.
Repost
29/10/2024
Биыл Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың туғанына 90 жыл толды. Осы мерейтой аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмебап ғылыми кітапханасы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романы бойынша оқырман конференциясын ұйымдастырды. Конференцияға Ш.Уәлиханов университетінің студент жастары қатысты. Жастар іс-шараға белсене қатысып, шығарма жайлы пікір білдіріп отырды.
«Жапандағы жалғыз үй» шығармасы қос ғасырды кезек-кезек алмастырып, кеңістік пен уақытты ауыстырып суреттеу әдісі арқылы жазылған, қазақ әдебиетіне келген тың жаңалық болды. Автор кейіпкерлердің тағдыр жолының арасына көпір тастап, салыстыра суреттеп, соңғы түйінді оқырманның еркіне қалдырады. Уақыт арасындағы және кейіпкерлер арасындағы байланыс сәтті бейнеленеді.
Читательская конференция по Сакену Жунусову
В этом году исполнилось 90 лет со дня рождения Народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии, писателя-драматурга Сакена Жунусова. В рамках этого юбилея Акмолинская областная универсально-научная библиотека им. М.Жумабаева организовала читательскую конференцию по роману С. Жунусова «Дом в степи». В конференции приняли участие студенты университета им.Ш.Уалиханова. Молодежь активно делилась мнениями о романе.
Произведение "Дом в степи", написанное методом чередования двух столетий, чередования пространства и времени, стало новшеством, пришедшим в казахскую литературу. Наряду с героическим трудом в нем автор попытался показать и крушение идеалов частной собственности, его последнего символа в заброшенной степи – одинокого дома.
Repost
28/10/2024
Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары және қала қонақтары!!!
Сіздерді 8-қараша күні әнші, композитор ҰЛЫҚПАН ЖОЛДАСОВТЫН «Болашақ» сарайында өтетін «Табиғатым-Махаббатым!» атты жеке ән-кешіне шақырамыз, кеш қонағы ФАРИДА ЖОЛДАСОВА!!!
Билеттер ТИКЕТОН сайтында және +7 (778) 228-68-22,
+7 (702) 295-70-85 телефон нөмерлері бойынша!!!
КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР!!! Күтеміз!!!
+7 (778) 228-68-22 Асылжан
+7 (702) 295-70-85 Азамат
27/10/2024
Құрметті Айгүл Сайлаубекқызы!
Туған күніңізбен құттықтай отырып, ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайтынын білдіргіміз келеді. Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын.
10/10/2024
Бүгін Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітов Балташ Омарұлының (1924-2013 жж.) туғанына 100 жыл
Сейітов Балташ Омарұлы – Көкшетау облысы Чкалов ауданы Амандық ауылының тумасы. Соғысқа дейін Көкшетау облысы Чкалов ауданы Амандық ауылдық кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеп, 1942 жылы майданға ерікті болып кетті. Ленинград маңындағы 105-ші Рига атқыштар полкінде, содаң кейін III -Балтық және I-Беларусь майдандарының 5-ші соққы армиясының құрамында шайқасты. 1950 жылы демобилизациядан кейін партия жұмысымен айналысты. Бірнеше рет аудандық және облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Жауынгерлік еңбегі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Аймақтың дамуына қосқан зор үлесі үшін 2009 жылдың 4 желтоқсанында Сейітов Балташ Омарұлына "Көкшетау қаласының Құрметті азаматы"атағы берілді.
********
Сегодня исполняется 100 лет со дня рождения Почетного гражданина города Кокшетау, ветерана Великой Отечественной войны Сеитова Балташа Омаровича (1924-2013 гг.)
Сеитов Балташ Омарович – уроженец с. Амандык Чкаловского района Кокшетауской области. До войны работал секретарем Амандыктауского аулсовета Чкаловского района Кокшетауской области, в 1942 г. ушел добровольцем на фронт. Воевал в 105-ом Рижском стрелковом полку под Ленинградом, в 5-й ударной Армии III- Прибалтийского и I- Белорусского фронтов. В 1950 году после демобилизации занимался партийной работой. Неоднократно избирался депутатом районных и областных Советов Народных депутатов трудящихся.
За героизм и мужество, проявленные в боях Великой Отечественной войны, был награжден орденом Отечественной войны I степени и многочисленными юбилейными медалями.
За большой вклад в развитие региона 4 декабря 2009 года Сеитову Балташу Омаровичу было присвоено звание «Почетный гражданин города Кокшетау».