📍 Пәрменді пікір / Сейтмағанбетова Жазира Тоқтарқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті
Ақмола облысы аумағында мемлекеттік қызмет саласындағы саясатты іске асыру
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жазира Сейтмағанбетова "Халық заңгері" акциясына қатысып, азаматтарға мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер, мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру мәселелері бойынша кеңес берді
Бүгін KOKSHE MALL сауда орталығында халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А. Құсайынов, сондай-ақ облыстың басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері, заңгерлер мен сала мамандары қатысып, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.
Акция барысында тұрғындар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, еңбек қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, жер қатынастары, мемлекеттік қызметтерді көрсету және өзге де құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, нақты түсіндірмелер алды.
«Халық заңгері» акциясының басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсету және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық байланысты нығайту.
Іс-шара тұрғындардың белсенді қатысуымен өтіп, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге бағытталған тиімді алаңға айналды.
28/05/2026
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Бурабай» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара спикері ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А. Құсайынов сөз сөйледі. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мүдделер қақтығысының алдын алу және бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі жауапкершілік мәселелері талқыланды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрқат Батырқұлов Зеренді ауданының азаматтарын қабылдады.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары мемлекеттік қызметке түсу, сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткерудің құқықтық аспектілеріне қатысты сұрақтарын қойды.
Азаматтарға заңнама талаптары бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметтің заңдылық, ашықтық және қолжетімділік қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қабылдау аясында тұрғындардың жеке өтініштері қаралып, уәкілетті органның құзыреті шегінде тиісті кеңестер мен ұсынымдар берілді.
Мұндай кездесулерді өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
28/05/2026
Зеренді ауданында аудан активінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрқат Батырқұлов арнайы қатысып, мемлекеттік қызмет саласындағы адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын нығайту бағытындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.
Өз сөзінде Н. Батырқұлов қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы тиімді іс-қимылды күшейту қажеттігіне назар аударды.
Аталған бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратының басшысы А. Хайдар баяндама жасады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру туралы ортақ шешімге келді.
«Арна» жоғары техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Аманжол Құсайынов қатысты.
Кездесу дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылып, студенттер тақырыптық баяндамалар жасап, сыбайлас жемқорлық мәселелері, сондай-ақ оның алдын алу тетіктері мен жолдары жөнінде белсенді пікір алмасты.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
Бүгінгі таңда адалдық, әділдік және ашықтық – мемлекеттік басқару жүйесінің бұлжымас темірқазығына айналды. Әрбір мемлекеттік қызметшінің басты мұраты – жеке мүддесін емес, халықтың игілігі мен елдің мүддесін бәрінен биік қою. Біз мемлекеттік аппараттың әрбір қадамынан мүлтіксіз ашықтық пен айқындықты талап етеміз.
Қазіргі қоғамда заңсыздық пен әділетсіздікке ешқандай жол жоқ. Парақорлық, мүдделер қақтығысы немесе лауазымды өкілеттіктерді теріс пайдалану – бұл мемлекет пен халықтың сеніміне қиянат жасау, артқа қайрылмас шекті аттап өту болып табылады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың қызметін жемқорлық тәуекелдерінен қорғайтын тиімді құралдарды әзірлеу жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген тұрмыстық немесе ұсақ көріністеріне мүлдем жол бермейтін “мүлдем төзібеушілік” мәдениеті қалыптасуда.
Әділетті қоғамда жемқорлыққа орын жоқ!
🎓 ЖОО үздік бітірген түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады.
Толығырақ — видеода 👆
📞 Қосымша ақпарат алу үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне хабарласа аласыз.
Ақмола облысы – 8 7162 518132
Ақтөбе облысы – 8 7132 550960
Абай облысы – 87222354162
Атырау облысы – 8 7122 522815
Алматы облысы – 8 7277 223288
БҚО – 8 7112 509282
Жамбыл облысы – 8 7262 438826
Жетісу облысы – 8 7282 240688; +7 7073010071
Қарағанды облысы – 8 7212 504023
Қостанай облысы – 8 7142 393556, 87142 393415
Қызылорда облысы – 8 7242 705737
Маңғыстау облысы – 8 7292 302625
Павлодар облысы – 8 7182 208506
СҚО – 8 7152 465808
Түркістан облысы – 8 7253 358305
Ұлытау облысы – +7 7074352078
ШҚО – 8 7232 216703
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Address
Абая 87
Kokshetau
020000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
