13/01/2023
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.
Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
3. Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттік органдардың құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады әрі орталық атқарушы органның жауапты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның аппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады.
2. Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары
4. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.
5. Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;
2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру үшін тиісті уәкілетті органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;
3) мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді;
4) қажет болған жағдайда өзінің құзыретіне қатысты мәселелерді қарау кезінде кадр қызметінен мемлекеттік қызмет өткеру мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.
6. Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органның басшысы тиісті шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы мемлекеттік қызметі істері уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) не оның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.
Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі мұндай хабарлама келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті шараларды қолданады.
3. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру
7. Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.
8. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінің нәтижесі бойынша уәкілетті органға есеп береді. Есеп беру нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
9. Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.
10. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.
13/01/2023
Электр қауіпсіздік бойынша жадынама
ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ҚАУІПТІ!
Демалыс басталысымен балаларда көп бос уақыт пайда болады. Осы уақытта, өкінішке орай, балалардың жарақаттануы да, соның ішінде электр тоғымен зақымдануда да жиілеп кетеді.
Тұрғын аудандар, мектептер, балабақшалар аумақтарында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін трансформаторлық қосалқы стансалар (ТҚС) немесе бөлу пункттері (БП) бар.
ТҚС және БП есіктері арнайы құлыптармен жабылғанына қарамастан, оларды көбінесе түрлі-түсті сынықтарды ұрлау мақсатында немесе бұзақылық ниетпен бөтен адамдар бұзу жағдайлары орын алады. Халықтың көмегінсіз қызмет көрсететін персоналдың бұзылғандарды дер кезінде анықтауы өте қиын.
Балалардың электр жарақатын болдырмау үшін электр қондырғыларының сынған құлпы, ашық есіктері және үзілген сымдар туралы электр тораптардың диспетчерлік пункттеріне дер кезінде хабарлауды сұраймыз, олардың байланыс нөмірлері электр қондырғылардың есіктерінде көрсетілген. Электр қондырғылардың аумағында ойнаған балаларды байқаған жағдайда, оларды қауіпті аймақтан шығару бойынша шұғыл шараларды қабылдау қажет.
Бұдан басқа, балаларды электр тоғымен зақымдану қаупі туралы хабардар етуді, оларға қауіпсіздік белгілерін ескертетін және тыйым салатын белгілерді көрсетуді, олардың маңызын түсіндіруді сұраймыз.
Балаларға келесі әрекеттерге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН түсіндіру қажет:
электр қондырғыларға ену, электр шкафтарының, жинақтардың, қалқандардың есіктерін ашу;
электр беру желілерінің астында ойнау, ойнау үшін кернеуде түрған электр қондырғылар мен жабдықтарға жақын орынды пайдалану;
электр берудің әуе желілерінің тіректеріне шығу, тіректердегі оқшаулағыштарды бұзу;
8-10 метрден жақын қашықтықтағы жердегі үзілген, салбырап түрған немесе жатқан сымға жақындау;
сымдарға ағаштар, баспалдақтар, үйлердің шатырлары және құрылыстар арқылы 1,5 метрден жақын қашықтыққа жақындау;
электр жеткізудің әуе желілерінің сымдарына бөгде заттарды лақтыру, олардың жанында шарларды ұшыруға;
электр жеткізудің әуе желілері тіректерінің астында от жағуға (құрғақ шөп, жапырақтар, қамыс жағу);
ересектердің рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануға, электр құралдарын бөлшектеуге;
электр құралдарының сымдарын дымқыл қолмен ұстауға, сымнан тартуға, розеткаға бөгде заттарды салуға.
Есіңізде болсын!
Электр жарақаттары өзінің салдары бойынша аса қауіпті болып табылады және басқа жарақаттартарға қарағанда өлімге және ауыр жағдайларға әкеп соқтырады. Электр қуаты бізге жақсы дос және көмекші бола тұра, оған ұқыпсыз қарым-қатынас жасаған кезде жауға айналуы және ақталмайтын қайғылы оқиғаның себебі болуы мүмкін.
13/01/2023
Памятка по электробезопасности
ЭЛЕКТРИЧЕСТВО ОПАСНО!
Во избежание случаев детского травматизма, в том числе и от поражения электрическим током, просим вас уделять особое внимание обучению детей правилам безопасности.
На территориях жилых районов, школ, детских садов находятся трансформаторные подстанции (ТП) или распределительные пункты (РП), которые могут представлять опасность для жизни и здоровья детей. Если одни попадают под действие электрического тока по воле случая или элементарному незнанию правил электробезопасности, например, наступив на оборванные провода, то другие попадают под напряжение, стремясь найти в действующих электроустановках цветные металлы.
Несмотря на то, что двери ТП и РП закрываются на специальные замки, они зачастую взламываются посторонними людьми, с целью хищения цветного лома или из хулиганских побуждений. Своевременное обнаружение поломок обслуживающим персоналом, без помощи населения, весьма затруднительно.
Чтобы избежать подобных случаев, пожалуйста, обращайте внимание на знаки, предупреждающие об угрозе поражения электротоком. На внешней стороне дверей ТП укрепляется знак в виде треугольника имеющего желтый фон, обрамленный черной каймой с изображением черной стрелы - зигзага.
В связи с чем, обращаемся с убедительной просьбой к жителям Алматы
РАЗЪЯСНИТЬ ДЕТЯМ, ЧТО КАТЕГОРИЧЕСКИ ЗАПРЕЩАЕТСЯ:
• Открывать двери электрических шкафов, сборок, щитков;
• Проникать в ТП и разбивать изоляторы на опорах;
• Влезать на опоры воздушных линий электропередачи;
• Прикасаться и подходить к оборванным проводам на улице, во дворах, скверах;
• Делать набросы на провода воздушных линий электропередачи;
• Включать электрические розетки, оголенные концы проводов переносных электроприемников;
• Приближаться к проводам по деревьям, крышам домов и построек, лестницам ближе 1,5 метров;
• Играть под линиями электропередачи, запускать воздушных змеев, использовать для игр места вблизи электроустановок и оборудования, находящегося под напряжением.
Во избежание несчастных случаев, просим своевременно сообщать о сломанных замках или открытых дверях электроустановок, набросах на провода, оборванных проводах в диспетчерские пункты электросетей.
Помните!
Электротравматизм по своим последствиям наиболее опасен и чаще других травм приводит к смертельным и тяжелым случаям. Электричество, являясь добрым другом и помощником, при небрежном отношении к нему может стать злейшим врагом и причиной непоправимой трагедии.
09/01/2023
Руководство министерства энергетики РК посетило энергокомплекс г.Степногорска Акмолинской области
7 января 2022 года в рамках контроля прохождения текущего отопительного сезона министр энергетики РК Болат Акчулаков посетил Степногорскую ТЭЦ.
Руководство ТЭЦ проинформировало министра о текущей ситуации на объекте, наличии резервного оборудования и запасов топлива.
Также руководство ТОО «Степногорск Теплотранзит» сообщило о планах по проведению ремонтно-восстановительных работ по окончании отопительного периода.
На рабочем совещании с участием заместителя акима Акмолинской области Елдоса Рамазанова, акима г. Степногорска Алпысбая Каиржанова и руководства Министерства и Комитета атомного и энергетического надзора и контроля рассмотрены текущие проблемные вопросы.
Также Болат Акчулаков провел встречу с корреспондентом газеты «Престиж» Виктором Молодовским и блогером г. Степногорска Артемом Сочневым и подробно ответил на актуальные вопросы, поднимаемые общественностью.
09/01/2023
ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы Ақмола облысы Степногорск қаласының энергокешеніне барды
2022 жылғы 7 қаңтарда ағымдағы жылыту маусымының өтуін бақылау шеңберінде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Степногор ЖЭО-ға барды.
ЖЭО басшылығы министрді объектідегі ағымдағы жағдай, резервтік жабдықтар мен отын қорларының болуы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ «Степногор жылу транзиті» ЖШС-ның басшылығы жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлары туралы хабарлады.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың, Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың және Министрлік пен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басшылығының қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде өзекті мәселелер қаралды.
Сондай-ақ Болат Ақшолақов «Престиж» газетінің тілшісі Виктор Молодовскиймен және Степногорск қаласының блогері Артем Сочневпен кездесу өткізіп, жұртшылық көтерген өзекті сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
09/01/2023
Мы живём в мире, наполненном технологиями, которые дают людям возможность существовать. Но бывают ситуации, когда человек должен защищать свою жизнь от опасных явлений, аварий и катастроф.
Каждый из нас может оказаться в непредвиденной ситуации, кто же поможет человеку, оказавшемуся в опасности? Прежде всего он сам! Понять это - значить сделать первый, самый важный шаг в изучении основ безопасности жизнедеятельности.
Анализ проводимой работы в Республике показывает, что причинами несчастных случаев, являются многочисленные нарушения элементарных требований безопасности, нормативных правовых актов, а также любознательность детей и незнание элементарного поведения вблизи энергообъектов как самих потерпевших, так и должностных лиц, обеспечивающих безопасность. Не всегда осуществляется контроль над соблюдением работниками безопасных методов и приемов работы, а также родителей за детьми.
Особую опасность представляют бытовые электроприборы, оголенные провода вдоль дороги, трансформаторные подстанции во дворах жилых массивов, где рядом находятся игровые площадки. За последнее время имели места несчастные случаи с детьми, где они по незнанию элементарных правил техники безопасности получали поражения электрических током, вплоть до последствий с летальным исходом.
Согласно требованиям нормативно правовых актов в области электроэнергетики, к примеру, двери трансформаторных подстанции должны запираться на замок, на двери должен быть вывешен предупреждающий плакат и другое.
В этой связи, Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по Акмолинской области в целях недопущения и предупреждения несчастных случаев, просит граждан обращать внимания на знаки безопасности вблизи подстанции и воздушных линий, не допускать проникновения за ограждения и барьеры электроустановок, не приближаться к находящимся под напряжением, не огражденным токоведущим частям, а также просит родителей проводить разъяснительные работы с детьми на темы соблюдения техники безопасности.
При выявлении вышеуказанных фактов нарушения требований нормативно правовых актов в области электроэнергетики, представляющих угрозу здоровью и жизни, просим незамедлительно сообщать руководителю Департамента по телефону 8 (7162) 25 78 67 либо + 7 702 571 71 24.
Мы взрослые должны быть главными помощниками в изучении основ безопасности для своего ребёнка. Обязаны научить детей предвидеть опасные ситуации и избегать их, а в крайнем случае быть максимально к ним готовыми. И главное необходимо помнить самое главное правило: ПРАВИЛА БЕЗОПАСНОСТИ ВАЖНО НЕ ТОЛЬКО ЗНАТЬ, НО И СОБЛЮДАТЬ!
09/01/2023
Біз адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беретін технологияларға толы әлемде өмір сүреміз. Алайда, адам өз өмірін қауіпті жайттардан, аппатардан және қираулардан қорғайтын жағдайлар болады.
Әрқайсымыз күтпеген жағдайға тап болуымыз мүмкін, қауіпті жағдайға түскен адамға кім көмектеседі? Ең алдымен – өзі! Осыны түсіну – тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздерін танудағы бірінші, әрі ең маңызды қадам.
Республикадағы жүргізілген жұмыстар талдауының нәтижесі жазатайым жағдайлардың себебі болып қарапайым қауіпсіздік талаптарын, нормативті құқықтық актілерді бұзу, балалардың білместікке құмарлығы және зардап шегуші тарапынан да, лауазымды тұлғалалар тарапынан да энергетикалық қондырғылардың жанында өзін ұстау тәртіптерін білмеу екендігін көрсетеді.
Аса қауіпті тұрмыстық электр аспаптары, жол бойындағы оқшауланбаған сымдар, ойын аландарының жанында орналасқан, тұрғын алабтарының аулаларындағы трансформаторлық қосалқы станциялар туғызады. Соңғы уақытта қарапайым қауіпсіздік техникалары ережелерін білмеу себебінен электр тоғымен зақымданудан өліммен аяқталған салдарға дейін жеткен балалармен болған жазатайым оқиғалар орын алды.
Электр энергетикасы саласындағы нормативті құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, мысалы, трансформаторлық қосалқы станциялардың есіктері құлыпқа жабылуы керек, есігінде ескеру плакаттары ілулі болу қажет және басқалары.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жазатайым оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында, азаматтардан қосалқы станциялар мен әуе желілерінің жанындағы қауіпсіздік белгілеріне назар аударуды, электр қондырғыларының қоршаулары мен тосқауылдарынан ары қарай өтпеуді, кернеуде тұрған қоршалмаған тоқ өткізгіш бөліктерге жақындамауды, сонымен қатар ата-аналардан қауіпсіздік техникасын сақтау тақырыбына балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.
Жоғарыда көрсетілген электр энергетикасы саласындағы денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Департамент басшысына 8 (7162) 25 78 67 немесе + 7 702 571 71 24 телефоны бойынша дереу хабарлауыңызды сұраймыз.
Біз – ересек адамдар қауіпсіздік негіздерін тануда балаларға басты көмекші болуымыз қажет. Балаларды қауіпті жағдайлардан аулақ болуға және алдын алуға, орын алған жағдайда оларға дайын болуға үйретуге міндетті. Сонымен қатар, ең басты ережені есте сақтау қажет: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ ҒАНА ЕМЕС, САҚТАУ ДА МАҢЫЗДЫ!
09/01/2023
Көкшетау ЖЭО жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру
Осымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3- тармағына сәйкес 2023 жылы Көкшетау ЖЭО жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінімдер) қабылдаудың басталу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша 2023 жылғы 4 қаңтар 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша 2023 жылғы 31 қаңтар сағат 15:00.
Тендер «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланды
(https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/393373?lang=kk).
************************************************************************
Настоящим Министерство энергетики Республики Казахстан, в соответствии с пунктом 3 статьи 15-6 Закона Республики Казахстан «Об электроэнергетике», сообщает о проведении в 2023 году тендера на строительство генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию (далее – тендер) по проекту ТЭЦ в г. Кокшетау, и приглашает потенциальных инвесторов к участию в данном тендере.
Время начала приема заявок на участие в тендере на строительство генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию (далее – заявка на участие в тендере), - 09:00 часов 4 января 2023 года по времени города Астана, время завершения приема заявок на участие в тендере - 15:00 часов 31 января 2023 года по времени города Астана.
Тендер проводится в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об электроэнергетике» и Правилами проведения тендера на строительство генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 110 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10535).
Тендерная документация на строительство генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию, на основе которой проводится тендер, опубликована на интернет-ресурсе уполномоченного органа по ссылке (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/393373?lang=ru).
09/01/2023
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-де Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.С. Укпенов төрағалығымен Мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік және парасаттылық деңгейін арттыру мақсатында департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес барысында қызметтік әдеп ережелерін қолдану мәселелері атап өтілді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлеріне қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
************************************************************************
ГУ «Территориальный Департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по Акмолинской области» под председательством руководителя Департамента, уполномоченного по этике Укпенова А.С., в целях повышения уровня этичности и добропорядочности среди государственных служащих проведен семинар-совещание по соблюдению Этического кодекса государственных служащих департамента. В ходе семинара-совещания были отмечены вопросы применения правил служебной этики, разъяснены защита прав и интересов государственных служащих и формирование благоприятного морально-психологического климата в коллективе, а также ограничения, связанные с пребыванием на государственной службе.
По итогам семинара сотрудникам Департамента были даны ответы на интересующие вопросы.
17/08/2021
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, оның аумақтық бөлімшелерінде және жергілікті атқарушы органдарда энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. «Электрондық үкімет» веб-порталының жұмыс графигі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, 15 тамыз сағат 09:00-ден 30 қыркүйек сағат 18:30-ға дейін тәулік бойы (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша). Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесімен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010516 сілтеме бойынша танысуға болады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 220 бұйрығына сәйкес «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес өзгертулер енгізілгендігін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 220 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023259 сілтеме бойынша танысуға болады.
17/08/2021
С 15 августа текущего года в Комитете атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан, его территориальных подразделениях и в местных исполнительных органах начался прием заявлений на получение паспорта готовности энергопроизводящих, энергопередающих организаций к работе в осенне-зимний период. Прием заявлений осуществляется ежегодно с 15 августа по 30 сентября включительно через веб-портал «электронного правительства» www.egov.kz. График работы веб-портала «электронного правительства» круглосуточно в период с 09:00 часов 15 августа до 18:30 часов 30 сентября (по времени г. Нур-Султан), за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ. С перечнем документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя, можно ознакомиться по ссылке https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010516.
Также сообщаем, что в соответствии с приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 1 июля 2021 года № 220 внесены изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 55 «Об утверждении Правил получения энергопроизводящими, энергопередающими организациями паспорта готовности к работе в осенне-зимний период» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10516) согласно нормам Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.
С приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 1 июля 2021 года № 220 можно ознакомиться по ссылке https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023259 .
22/07/2021
Парламент Мәжілісінің депутаттары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды ратификациялау туралы екі заң жобасын қарады. Хаттамалар мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың әдіснамасын айқындайды, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, хаттамаларды ратификациялау Армения мен Қырғызстанның қосылуын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға Армения мен Қырғыз Республикаларының қосылуын ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру халықаралық шарттың реттеу нысанасы болып табылады. Бүгінгі таңда хаттамаларды Армения, Беларусь, Қырғыз Республикалары және Ресей ратификациялады. Армения 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде барлық мүше мемлекеттер ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения Одақтың тең құқылы мүшесі болды. Қырғыз Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде барлық мүше мемлекеттер ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. 2015 жылғы 12 тамызда Қырғыз Республикасы Одақтың тең құқылы мүшесі болды. Мәжіліс депутаттары заң жобаларын мақұлдады.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.