Aqmolaregion

Directions Website Contact the organization

Aqmolaregion ⚜️Ақмола облысының әкімдігі ⚜️Akimat of Aqmola region
⚜️Акимат Акмолинской области

09/10/2026
🏠Ақмола облысында тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары қайта жандандыКөкшетау қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді ренова...
09/10/2026

🏠Ақмола облысында тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары қайта жанданды

Көкшетау қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді реновациялаумен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары басталды. Алғашқы болып Быковский көшесіндегі үй жөндеуден өтті. 45 күн ішінде шатыр ауыстырылып, кіреберістер жөнделді, пластикалық терезелер мен кіреберіс есіктер орнатылып, ғимараттың қасбеті жаңартылды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысып, тұрғындармен кездесті.

Тұрғын үй қорын жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдама аясында жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты – көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.

«Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың негізінде еліміз тұрғындарының әл-ауқатын арттыру міндеті тұр. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті – “Кокше-МЖД” ЖШС-нің мүлікті басқару субъектісі арқылы түсетін қаражатты бөлу. Ал меншік иелері қаражатты кезең-кезеңімен қайтарып, кейінгі үйлерді жаңғыртуға мүмкіндік беретін бағдарламаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деді Марат Ахметжанов.

Бағдарламаның маңызды қағидаларының бірі – тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы. Мүлік иелерінің бірлестіктері тұрғындармен бірлесіп, жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды таңдайды, дизайн шешімдерін әзірлеп, қолданылатын материалдарды бекітеді.

«Жаңғырту жұмыстарынан кейін үйіміз айтарлықтай өзгерді. Тұрғындар ретінде осындай оң өзгерістерді көргенімізге қуаныштымыз. Үйдің жағдайы күнделікті өміріміздің жайлылығы мен сапасына тікелей әсер етеді. Жүргізілген жұмыстар ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеміз. Біз де кіреберістерді таза әрі жақсы жағдайда ұстауға тырысамыз», – деп әсерімен бөлісті үй тұрғыны Заида Божкеева.

Айта кетейік, облыс орталығында 320 көппәтерлі тұрғын үй жаңғыртуды қажет етеді. Оның 107-сі бойынша мекенжайлық жұмыстар жүргізілген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 4 үйдегі 5 лифтіні жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама сараптамадан өтуде.

🏠Модернизация жилых домов возобновлена в Акмолинской области

Наряду с реновацией ветхого жилья в Кокшетау началась модернизац

09/10/2026

🏠Көкшетау үйлері жаңғырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуда

09/10/2026

💬Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мен Қазақстан халқының ертеңі емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын» деген сөзін ерекше атап өтті.

09/10/2026

⚡️337 населённых пунктов Акмолинской области будут газифицированы до 2029 года

09/10/2026

🔹2029 жылға дейін Ақмола облысының 337 елді мекені газдандырылады

2029 жылға дейін Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен солтүстік аудандарына табиғи газ жеткізіледі Алдағы үш жылда Ақмол...
09/10/2026

2029 жылға дейін Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен солтүстік аудандарына табиғи газ жеткізіледі

Алдағы үш жылда Ақмола облысындағы 337 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Газбен жабдықтау ауқымын кеңейтуде «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырының құрылысы маңызды рөл атқарады. Жоба аясында Көкшетау қаласына, Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай және Зеренді аудандарына табиғи газ жеткізіледі. Сонымен қатар тағы төрт аумақты газ магистраліне қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Қазіргі уақытта облыстың 26 елді мекеніндегі 226 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілген. Газдандыру жұмыстары Аршалы және Целиноград аудандарын, сондай-ақ Қосшы қаласын қамтыды. Өңір халқының газбен қамтылу деңгейі 29 пайызды құрайды. Сонымен қатар бірқатар нысан жоспарланған мерзімнен бұрын пайдалануға берілді. Атап айтқанда, аяқталуы 2027 жылға жоспарланған кейбір жобалар биылдың өзінде жүзеге асырылды.

Келесі маңызды кезең – «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырының құрылысы. Ол «Сарыарқа» газ тасымалдау жүйесін солтүстік бағытта жалғастырады. Жаңа магистраль Көкшетау қаласы мен оған іргелес аудандарға табиғи газ жеткізуге жол ашады. Алдын ала есептеулер бойынша, жоба аясында 120 мыңнан астам абонентті қосу көзделген. Ал газбен қамтылатын әлеуетті тұтынушылар саны 480 мыңнан асады.

«Мемлекет басшысы 2035 жылға қарай елді мекендердің 80 пайызын табиғи газбен қамтамасыз ету міндетін қойды. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Қазір жобаның барлық қатысушысының жұмысын үйлестіріп, қажетті құжаттар мен инфрақұрылымды уақытылы дайындау маңызды.

Газдандыру жоспарланған аумақтар бойынша бастапқы деректерді қысқа мерзімде жинап, «АстанаГаз КМГ» компаниясына жолдауды тапсырамын. Сонымен қатар газ құбырларының тармақтарын және тарату желілерін жобалау мәселелерін пысықтап, оларды қаржыландыру көздерін анықтау қажет. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық жауапты тарап бірлесе жұмыс істеуі керек», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

«Астана – Көкшетау» магистральдық газ құбыры учаскесінің ұзындығы 330 шақырымнан асады. Жоба аясында компрессорлық станция және Көкшетау қаласында автоматтандырылған газ тарату станц

08/10/2026

🤝 Аустралиялық ірі компания Lindian Resources Ltd. Степногорск қаласындағы өндіріс ошағын жандандыруда.

Әлемге әйгілі кәсіпорын өңір экономикасына 150 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйып, мемлекетке жылына шамамен 300 млн теңге көлемінде салық түсіреді

08/10/2026

🎭 Ақмола облысында жаңа мәдениет нысандары салынады

🔹Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 80 жылдығын атап өттіКөкшетауда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысты...
08/10/2026

🔹Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 80 жылдығын атап өтті

Көкшетауда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 80 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.

Сексен жыл ішінде филармония кәсіби өнерді дамытуға, ұлттық музыкалық дәстүрлерді сақтауға және талантты өнерпаздарды қолдауға зор үлес қосып, өңірдің мәдени өміріндегі маңызды өнер ордасына айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сәлемін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев жеткізді. Аймақ өнерпаздары Мемлекет басшысы атынан «Құрмет» грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты шарада филармония әртістері мен кеш қонақтарын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.

Мерейтойлық кешке белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық сала өкілдері, филармонияның ардагерлері мен жас өнерпаздар қатысты.

«Үкілі Ыбырай атындағы филармония Ақмола облысының мәдени өмірінде айрықша орын алады. «Өнер – ұлттың жаны» деген сөз осы шығармашылық ұжымның миссиясын дәл сипаттайды. Филармония ұжымы талай жылдан бері өңір тұрғындарына музыкалық және хореографиялық өнердің үздік үлгілерін ұсынып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, жаңа есімдердің танылуына жол ашып келеді», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Филармония ұжымына мерейтойға орай шағын автобус кілтін табыстады.

Мерекелік кешке жиналған көрерменге филармония ұжымы арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Кеш барысында халық әндері мен күйлері, классикалық шығармалар және эстрадалық туындылар орындалды.

«Мен үшін филармония – жай ғана жұмыс орны емес, туған сахна, шығармашылық отбасы, өмірімнің үлкен бөлігі. Осында біз өнер арқылы көрерменге қуаныш сыйлап, музыка жасап, халқымыздың үздік дәстүрлерін жалғастырып келеміз. Ұжымға шығармашылық табыс, жаңа жеңістер, жарқын концерттер мен әрдайым өнерді бағалайтын көрермен тілеймін. Музыка әрдайым шырқалып, шабыттандырып, баршамызды біріктіре берсін», – деді филармонияның солисі Сарсенбай Хасенов.

Бүгінде филармония құрамында Кенжебек Күмісбеков атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық және эстрадалық-үрмелі оркестрлер, «Гәкку» би ансамблі және жеке орындаушылар өнер көрсетеді.

Сегіз онжылдық тарихында филармония көп

Address

Абай к-сі 83
Kokshetau

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Aqmolaregion posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Aqmolaregion:

Shortcuts

Share