Қостанай облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда ✔️
Қостанай облысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 96,2%-ы орындалып, өңірдің дамуына нақты серпін берілді.
📌Бағдарлама аясында 560 млрд теңгеден асатын 96 инвестициялық жоба іске асырылып, оның ішінде «KIA» автозауытында 1500 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Жер аманаты» жобасы бойынша 1,2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылып, ауыл шаруашылығында 12 сүт-тауар фермасы іске қосылды.
Білім беру саласында 7 жаңа мектеп ашылып, барлық 454 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды.
Денсаулық сақтау саласында 25 нысан іске қосылып, инфрақұрылым бағытында 83 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Қалған жобаларды толық аяқтау 2026 жылға жоспарланған.
Amanat Қостанай облысы
“AMANAT” партиясының Қостанай облыстық филиалының ресми парақшасы
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің жұртшылықпен және еңбек ұжымдарымен кездесуі өтті. Іс-шараға коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев және Еркін Әбіл қатысты.
Педагогикалық ұжыммен кездесу Урицкий мектеп-лицейінде өтті. Жиын барысында Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ конституциялық реформаларды іске асыру, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру мәселелері сөз болды. Қатысушылар Конституция ел тұрақтылығының берік негізі екенін атап өтті.
Жұмыс сапары барысында Сарыкөл аудандық ауруханасының ұжымымен кездесу өтті. Медицина қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелерін көтерді. Еркін Әбіл азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ ауданның аға буын өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, өңірдің дамуы мен жастар тәрбиесі жайында пікір алмасу өтті. Коалиция өкілдері мұндай кездесулердің халықпен ашық диалог орнатуға және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің жұртшылықпен және еңбек ұжымдарымен кездесуі өтті. Іс-шараға коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев және Еркін Әбіл қатысты.
Педагогикалық ұжыммен кездесу Урицкий мектеп-лицейінде өтті. Жиын барысында Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ конституциялық реформаларды іске асыру, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру мәселелері сөз болды. Қатысушылар Конституция ел тұрақтылығының берік негізі екенін атап өтті.
Жұмыс сапары барысында Сарыкөл аудандық ауруханасының ұжымымен кездесу өтті. Медицина қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелерін көтерді. Еркін Әбіл азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Сөзден – жауапкершілікке: Қостанай облысында партиялық бақылау күшейтілуде
Қостанай облысында «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Кездесуге партияның облыстық филиал төрағасы Алмат Досмұхамедов, облыс әкімінің орынбасары Берік Танжарықов, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Сейтбек Қуанышбаев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Айтжан Есенгельдинов қатысты.
Жиында өңірде іске асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, мектептер, медициналық нысандар, автомобиль жолдары мен инженерлік желілер бойынша атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары Берік Танжарықов Жол картасы аясында орындалған тармақтар жөнінде баяндама жасады.
Партия өкілдері сайлауалды уәделердің орындалуы қатаң партиялық бақылауда болатынын атап өтті. Әрбір жоба мен әрбір міндет – нақты жауапкершілік.
30/01/2026
📣 Президенттің цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру – «AMANAT» партиясының басымдығы
«AMANAT» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау. Талқылау барысында IT-қоғамдастық партияластардың ел аумағындағы әр ауданда өз IT-хабын құру идеясына қолдау білдірді.
Кездесуге қатысушылар Президент өз Жолдауында және Ұлттық құрылтайдың V отырысында барлық салада инновациялық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша ауқымды міндеттер қойғанын атап өтті.
Отырыстың жұмысына Костанай облыстық филиалы да бейнебайланыс режимінде белсенді қатысты. Атап айтқанда, филиал төрағасының міндетін атқарушы Жанар Куйшинова және цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев қатысып, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты пікір білдірді.
Өз кезегінде, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия Президент саясатын жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде еліміз цифрландыру бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді – БҰҰ индексіне сәйкес, Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша 24-орында тұр.
«Цифрландыру мен жасанды интеллект – тек салалық мәселе ғана емес, тұтас елдің дамуына ықпал ететін ауқымды, серпінді бағыт. Мемлекет басшысының өзі бұл саладағы іргелі істерге тікелей бастамашы болып, ерекше бақылауында ұстап отыр. Жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект халқымызға, еліміздің болашағына жұмыс істеуі керек. Әр азамат, әр отбасы, күллі қоғам оның пайдасын сезінуі қажет. «AMANAT» партиясы Президентіміздің қоғамдық-саяси тірегі ретінде осы жұмыстың алдыңғы шебінде жүруге тиіс», – деді ол.
20/01/2026
Құрметті Серік Чингисович Бектурганов!
AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалы атынан Сізді Ұлттық құрылтайдың V сессиясында ҚР Президентінің қолынан алған жоғары мемлекеттік марапаты — «Барыс» орденімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат Сіздің қоғам дамуына, саяси және қоғамдық қызметіңізге қосқан орасан зор үлесіңізді, сондай-ақ еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне сіңірген еңбегіңізді лайықты бағалайтын белгі болып табылады.
Сіздің кәсібилігіңіз, адалдығыңыз және қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысыңыз әрдайым құрметке лайық және партия мүшелері мен өңір тұрғындары үшін үлгі болып табылады.
Сізге мықты денсаулық, қоғамдық-саяси қызметіңізде жаңа табыстар, толассыз энергия және Қазақстанның игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!
Құрметпен,
AMANAT партиясының Қостанай облыстық филиалы
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясындағы нысандар Қостанай облысында тексерілді
Қостанай облысына «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Партиялық бақылау комитетінің инспекторы Ержан Жұмағұлов жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – партияның «Халықпен бірге!» 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасына енгізілген нысандардың іске асырылу барысын бақылау.
Жұмыс сапары барысында Қостанай қаласындағы Қонай және Береке шағын аудандарында салынып жатқан мектептердің, сондай-ақ Заречный ауылындағы емхананың құрылысы қаралды.
Нысандарды аралау кезінде құрылыс жұмыстарының барысы, сапасы және белгіленген мерзімдердің сақталуы зерделенді. Сонымен қатар құрылыс орындарында жұмыс қарқынының төмендігі байқалды.
Партиялық бақылау аясындағы мұндай тексерулер сайлауалды міндеттемелердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қостанай облыстық филиалы жанындағы «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының 2026 жылғы алғашқы отырысы өтті. Басқосу 14 қаңтар күні партия филиалының конференц-залында ұйымдастырылып, аудандық бөлімшелер онлайн форматта қатысты.
Отырысты Әйелдер қанатының өңірлік жетекшісі Гүлсара Жаманқұлова жүргізді. Кездесу барысында Әйелдер қанатының 2026 жылға арналған басым бағыттары айқындалып, әлеуметтік саясат, отбасы институтын нығайту, әйелдердің көшбасшылығы, білім беру, цифрлық теңдік, психологиялық қолдау және кәсіпкерлік салаларындағы жаңа бастамалар талқыланды.
Жиын күн тәртібінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, «Мама, я вижу!», «Қазақстандағы неке мектебі», «Молодые инженеры: реверсивный вызов», жасанды интеллектке бағытталған жаңа бастама, «Балана уақыт арна» акциясы, сондай-ақ психологиялық форумдар мен әйелдердің әлеуетін дамытуға арналған жобалар кеңінен қаралды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.
Биыл Әйелдер қанатының құрамы ішінара жаңарды. Ұйым жұмысына жаңа сарапшылар мен белсенді мүшелер қосылды. Олардың қатарында Гульвира Құдайқұлова, Гульфия Дандыбаева, Мира Мұратқызы. Жаңарған құрам Әйелдер қанатының өңірдегі жұмысын жүйелі түрде күшейтіп, жаңа идеялар мен тиімді қоғамдық бастамаларды іске асыруға серпін бермек.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді айқындап, Әйелдер қанатының 2026 жылғы қызметін үйлестіру бойынша ортақ шешімдер қабылдады.
13/01/2026
Darýn AI жобасы аясында педагогтердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар және оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» біліктілікті арттыру курсы — соның нақты дәлелі.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 12 619 педагог курсқа тіркеліп, оның 11 136-сы оқуды толық аяқтады. Жалпы аяқтау көрсеткіші 72,48 пайызды құрайды. Бұл мұғалімдердің кәсіби дамуға деген жоғары жауапкершілігін, заманауи білім мен цифрлық технологияларға деген қызығушылығын айқын көрсетеді.
Жоба шеңберінде үздік 400 педагог іріктеліп, Астана қаласында өтетін «Мектепке арналған ЖИ шешімдері» атты офлайн хакатонға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал хакатон қорытындысы бойынша үздік деп танылған 20 мұғалім Оңтүстік Кореядағы I-Scream компаниясында халықаралық тағылымдамадан өтеді.
Аталған бастаманы іске асыруда AMANAT партиясы ұйымдастырушылық және қолдау көрсету бағытында маңызды рөл атқарып келеді. Бүгін AMANAT партиясы мен Daryn Ustaz орталығы бірлесіп ұйымдастырған республикалық Ustazga AI жобасының жүйелі әрі нәтижелі өтуіне қосқан үлесі үшін грамота партияның Қостанай облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қуйшиноваға табысталды. Грамотаны Daryn Ustaz орталығының өкілі Ернар Сейтқұл тапсырды.
Тараптар алдағы уақытта да педагогтердің цифрлық құзыреттерін арттыруға, білім беру саласына жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Педагогтердің біліктілігін арттыру — сапалы білім берудің, заманауи мектеп қалыптастырудың және ел болашағына салынған маңызды инвестицияның басты кепілі.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Kostanay
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
