«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ

«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ

Share

Қостанай облысының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы.

Видеодосье «Календарь литературных юбилеев июнь 2026 года», Лембеков Сапаргали, ОХОФ, июнь 2026 г 03/06/2026

«2026 жылғы маусымның әдеби мерейгерлер күнтізбесі» бейнедерекнамасы
Құрметті пайдаланушылар! Негізгі қорды сақтау бөлімі назарларыңызға қазақ кеңес жазушысы Сапарғали Лембековтың туғанына 90 жыл толуына арналған бейнешолуды ұсынады.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/qDyfW4U7cIo

Видеодосье: «Календарь литературных юбилеев июнь 2026 года»

Уважаемые пользователи! Отдел хранения основного фонда представляет вашему вниманию видеообзор, посвященный 90-летию со дня рождения казахского советского писателя Лембекова Сапаргали.
Для просмотра перейдите по ссылке:
https://www.youtube.com/shorts/a-UAk2vjNR8

Видеодосье «Календарь литературных юбилеев июнь 2026 года», Лембеков Сапаргали, ОХОФ, июнь 2026 г ► Сайт: http://www.kstounb.kz/kz​​ ​​ ​

Photos from «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ's post 03/06/2026
03/06/2026

.kz
#оқыжәнежең

03/06/2026


#кітапток


#кітап
#костанай


#гидқазақстанға
#гидпоказахстану

Бейнероликті жасау үшін ЖИ-тің құралдары пайдаланылды.
Для создания видеоролика были использованы инструменты ИИ.

03/06/2026

«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің негізі»
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылымикітапханасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің негізі» атты викторина ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері студенттерді мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихымен таныстырып, қызықты фактілер туралы айтып берді, олардың тәуелсіздіктің, бірлік пен ұлттық мақтаныштың символы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихына арналған бейнефильм қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Іс-шара студенттер өз білімдерін, белсенділігін және Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетін білуге деген қызығушылықтарын көрсете алған қызықты викторинамен және ребустарды шешумен аяқталды.

«Государственные символы – основа страны»
В преддверии празднования Дня государственных символов Республики Казахстан в учреждении «Костанайский высший колледж Казпотребсоюза» Костанайской областной универсальной научной библиотекой имени Л. Н. Толстого была организована викторина «Государственные символы – основа страны».
В ходе мероприятия сотрудники библиоетки познакомили студентов с историей создания государственных символов, рассказали интересные факты и подчеркнули их значимость как символа независимости, единства и национальной гордости. Большой интерес у участников вызвал видеофильм, посвящённый истории создания государственных символов страны.
Завершилось мероприятие увлекательной викториной и разгадыванием ребусов, в ходе которых студенты смогли продемонстрировать свои знания, активность и заинтересованность в изучении истории и культуры Республики Казахстан.

03/06/2026

Ғибратты ғұмыр белестері»

02 маусым күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әдеби десант» жобасы аясында Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби кездесу өткізді.
Іс-шараға мәдениет саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қаламгердің шығармашылығымен танысып, оның туындыларына ерекше қызығушылық танытты. Іс-шараға қатысқан Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов мерейтой иесіне ізгі лебізін білдіріп, құрмет белгісі ретінде шапан жапты. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
Кештің ерекше сәттерінің бірі өнерпаз Арыстан Құрмановтың ақын сөзіне жазылған әндерді орындауы болды. Ән мен жыр тоғысқан тағылымды кездесу көпшілік көңілінен шығып, қатысушылар осындай рухани басқосулардың жалғасын табуына тілектестік білдірді.

«Ғибратты ғұмыр белестері»
2 июня Костанайская областная универсальная научная библиотека имени Л. Н. Толстого в рамках проекта «Литературный десант» провела в Аулиекольском районном доме культуры литературную встречу, посвящённую 75-летнему юбилею поэта, писателя, драматурга, члена Союза писателей Казахстана Шаяхмета Акылбека Кожаулы.
В мероприятии приняли участие работники сферы культуры и жители села. В ходе встречи присутствующие познакомились с творчеством писателя, проявив искренний интерес к его произведениям. В мероприятии также принял участие аким Аулиекольского района Жансултан Коныртаевич Таукенов, который поздравил юбиляра и в знак уважения накинул ему на плечи чапан. Школьники выразительно прочитали стихи поэта, а артисты районного дома культуры представили зрителям музыкальные номера. Одним из ярких моментов вечера стало выступление артиста Арыстана Курманова, исполнившего песни, написанные на стихи юбиляра.
Содержательная встреча, объединившая поэзию и музыку, получила тёплый отклик аудитории, участники выразили пожелание, чтобы подобные духовно-просветительские мероприятия проводились и в дальнейшем.

03/06/2026

ЖАҢА ТҮСКЕН ӘДЕИЕТТЕР

Дәдебаев, Ж.
Абай ілімі [Мәтін] : Абай институтының еңбектері. 19 кітап / Ж.
Дәдебаев ; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық ун-ті ; [жауапты
ред. Д. Ысқақұлы]. – Алматы : Қазақ университеті, 2023. – 266 б.

«Абай ілімі. Оқу құралы» жоғары білім беру бағдарламаларының бірінші циклі бойынша оқылатын «Абай ілімі» пәнін таңдаған студент жастарға арналған. Онда Абай ілімінің жалпы мәселелері, Абай ілімінің концепциялары, Абай ілімінің құрамдас бөлімдері, Абай ілімінің негіздері, Абай ілімінің басты категориялары бойынша жаңа білім көрініс тапқан.
Оқу құралы жоғары оқу орындарында білім алушыларға, жас ғалымдарға, жоғары мектеп оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне пайдалы болмақ.

03/06/2026

ЖАҢА ТҮСКЕН ӘДЕБИЕТТЕР

Абай ілімі [Мәтін] : Абай институтының еңбектері : дәрістер
курсы. 20 кітап / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық ун-ті ; [жалпы
ред. бас. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ университеті, 2023. – 269 б.

«Абай ілімі. Дәрістер курсы» жоғары білім беру бағдарламаларының бірінші циклі – бойынша оқылатын «Абай ілімі» пәнін таңдаушы жастарға арналған. Онда Абай ілімінің мәселелері ғылым мен білімнің бүгінгі күнгі жетістіктері негізінде пайымдалған.
Дәрістер курсы жоғары оқу орындарында білім алушыларға, жас ғалымдарға, жоғары мектеп оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ казақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне пайдалы болары сөзсіз.
Кітап №АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» ғылыми жобасы бойынша жарық көріп отыр.

Want your business to be the top-listed Government Service in Kostanay?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Алтынсарин көшесі, 111
Kostanay
110000

Opening Hours

Monday 10:00 - 20:00
Tuesday 10:00 - 20:00
Wednesday 10:00 - 20:00
Thursday 10:00 - 20:00
Friday 10:00 - 20:00
Sunday 10:00 - 17:00