ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК

ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК

Share

Бейбіт атом саласын дамыту бағытындағы еліміздегі жетекші ғылыми ұйым.
Ведущая научная организация по развитию атомной отрасли страны.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қызметінің негізгі бағыттары Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 55 қаулысымен белгіленді.

Қолда бар қуатты ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылым (екі зерттеу реакторы, зарядталған бөлшек үдеткіштері және бірқатар күрделі эксперименттік стендтер) мен жоғары білікті мамандар күрделі ғылыми міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 29/05/2026

Биодозиметрия саласындағы заманауи тәсілдер: МАГАТЭ жобасы аясында тәжірибе алмасу

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы биологиялық дозиметрия саласындағы халықаралық практикаларды зерделеу және енгізу жұмысын жалғастырып келеді.
🔬 МАГАТЭ-нің техникалық ынтымақтастық жобасы шеңберінде Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бейінді мекемелеріне сараптамалық ғылыми сапар ұйымдастырылды. Осы мекемелердің негізінде ұлттық биодозиметрия зертханалары жұмыс істейді.
Кореялық және қытайлық әріптестердің тәжірибесін зерделеу Қазақстанның радиациялық қауіпсіздік жүйесін ғылыми, әдістемелік және зертханалық тұрғыдан дамыту, сондай-ақ радиациялық қауіп-қатерді басқарудың тиімді модельдерін ұлттық және өңірлік деңгейде бейімдеу үшін маңызды мәнге ие.
🧬 Алынған білім мен орнатылған кәсіби байланыс Қазақстанның биодозиметриялық мүмкіндігін одан әрі дамытуға, зертханалық тәсілдерді жетілдіруге, мамандар даярлауға және радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталмақ.



Современные подходы в области биодозиметрии: обмен опытом в рамках проекта МАГАТЭ

Национальный ядерный центр Республики Казахстан продолжает работу по изучению и внедрению международных практик в области биологической дозиметрии.
🔬 В рамках проекта технического сотрудничества МАГАТЭ состоялся экспертный научный визит в профильные учреждения Республики Корея и Китайской Народной Республики, на базе которых функционируют национальные лаборатории биодозиметрии.
Изучение опыта корейских и китайских коллег имеет важное значение для развития научного, методического и лабораторного сопровождения системы радиационной безопасности Казахстана, а также адаптации эффективных моделей управления радиационными рисками на национальном и региональном уровнях.
🧬 Полученные знания и установленные профессиональные контакты будут использованы для дальнейшего развития биодозиметрического потенциала Казахстана, совершенствования лабораторных подходов, подготовки специалистов и укрепления международного сотрудничества в области радиационной безопасности.

#ҰЯО #НЯЦ

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 28/05/2026

ҚР ҰЯО-ның Қазақстандық физика қоғамының жыл сайынғы конференциясына қатысуы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы делегациясы халықаралық физика конгресі аясында Nazarbayev University негізінде өтіп жатқан Қазақстандық физика қоғамының (ҚФҚ) жыл сайынғы бесінші конференция-кездесуіне қатысып жатыр.

⚛️ ҚФҚ конференциясының бағдарламасында физика ғылымының түрлі бағыттары бойынша 50-ден астам баяндама қарастырылған.

ҚР ҰЯО ғалымдары ядролық реакторлардағы физикалық процестерді модельдеу, басқарылатын термоядролық синтез саласындағы эксперименттік зерттеулер, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату технологияларын әзірлеу бойынша өздерінің өзекті ғылыми жұмыстарының нәтижесін таныстыруда.

___

Участие НЯЦ РК в ежегодной конференции Казахстанского физического общества

Делегация Национального ядерного центра Республики Казахстан принимает участие в пятой ежегодной конференции-встрече казахстанского физического общества (КФО), которая проходит на базе Nazarbayev University в рамках международного физического конгресса.

⚛️ Программой конференции КФО предусмотрены более 50 докладов по различным направлениям физической науки.

Ученые НЯЦ РК представляют результаты своих актуальных научных работ по моделированию физических процессов в ядерных реакторах, в области экспериментальных исследований управляемого термоядерного синтеза, разработки технологий утилизации радиоактивных отходов.

#ҰЯО #НЯЦ

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 26/05/2026

Француз делегациясы ҚР ҰЯО-ға жұмыс сапарымен келді

🇰🇿 🇫🇷 2026 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильвен Гиог мырза бастаған француз делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында сондай-ақ Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариаттың (CEA) энергетика мәселелері жөніндегі директоры Филипп Стор мырза және CEA өкілдері бар.
▫️ Кездесу барысында қос тарап Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Франция ұйымдары арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында қалыптасқан ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. IV буын реакторларының қауіпсіздігі мәселелерін зерттеуге бағытталған бірлескен SAIGA жобасын іске асыруға ерекше назар аударылды.
▫️ Сонымен қатар халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығы, Қазақстанның зерттеу инфрақұрылымының даму деңгейі және екіжақты ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша кеңейту перспективалары жайлы айтылды. Тараптар ғылымды, жоғары технологияларды дамыту және заманауи ғылыми-технологиялық орталықтарды қалыптастыру мәселелерінде тәжірибе алмасудың маңыздылығына да тоқталып өтті.

📌Анықтама: SAIGA жобасы 2019 жылы қол қойылған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады және ИГР зерттеу реакторы негізінде эксперименттік зерттеулер жүргізуге бағытталған. Бағдарлама перспективалық француз реакторының жылу бөлгіш жинағының жылу тасымалдағыш шығынымен байланысты авария жағдайындағы жай-күйін зерттеуге арналған.
__

Французская делегация с рабочим визитом прибыла в НЯЦ РК

🇰🇿 🇫🇷 26 мая 2026 года в Национальный ядерный центр Республики Казахстан с рабочим визитом прибыла французская делегация во главе с Чрезвычайным и Полномочным Послом Франции господином Сильвеном Гиоге. В состав делегации также вошли директор по вопросам энергетики Комиссариата по атомной энергии и альтернативным источникам энергии (CEA) господин Филипп Стор и представители CEA.
▫️ В ходе встречи стороны отметили высокий уровень сотрудничества, сложившегося между Национальным ядерным центром РК и французскими организациями в области мирного использования атомной энергии. Особое внимание было уделено реализации совместного проекта SAIGA, направленного на исследование вопросов безопасности реакторов IV поколения.
▫️ Также были подчеркнуты значимость международного научного взаимодействия, уровень развития исследовательской инфраструктуры Казахстана и перспективы расширения двустороннего сотрудничества по новым направлениям. Отдельно отмечена важность обмена опытом в вопросах развития науки, высоких технологий и формирования современных научно-технологических центров.

📌Справочно: проект SAIGA реализуется в рамках контракта, подписанного в 2019 году, и направлен на проведение экспериментальных исследований на базе исследовательского реактора ИГР. Программа посвящена изучению поведения тепловыделяющей сборки перспективного французского реактора в условиях аварии с потерей теплоносителя.

#ҰЯО #НЯЦ

26/05/2026

ҚР ҰЯО мен АҚШ-тың ұлттық зертханалары бірлескен жобаларды талқылады

2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына АҚШ ұлттық зертханаларының (Idaho National Laboratory, Oak Ridge National Laboratory) және АҚШ Энергетика министрлігінің (Department of Energy, DoE) өкілдері келді.
🏗️ Сапар барысында тараптар ИГР реакторының жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын сұйылту және иммобилизациялау учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары, ЖБУ отынын қайта қаптау учаскесін жобалау, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған ангар типіндегі қойма салу, жүк көтергіштігі 125 тонналық мосы кранды жаңғырту, сондай-ақ ИВГ.1М реакторының ЖБУ отынын тотықтыру технологиясын әзірлеу сияқты бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстардың орындалу барысын талқылады.
Жұмыс кездесулері жобалардың қазіргі жағдайын қарастыруға, оларды іске асырудың техникалық қырларын талқылауға және әрі қарайғы іс-әрекетті үйлестіруге арналды.
🤝 Сапар қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген ынтымақтастық бағыттарына қатысты алдағы іс-шаралар жоспары мен жұмыстарды орындау мерзімі келісілді.
__

НЯЦ РК и национальные лаборатории США обсудили совместные проекты

С 18 по 22 мая 2026 года Национальный ядерный центр Республики Казахстан посетили представители национальных лаборатории США (Idaho National Laboratory, Oak Ridge National Laboratory) и Министерства энергетики США (Department of Energy, DoE).
🏗️ В рамках визита стороны обсудили ход реализации совместных работ по ряду направлений, включая строительно-монтажные работы участка разбавления и иммобилизации высокообогащенного уранового (ВОУ) топлива реактора ИГР, проектирование участка переупаковки ВОУ-топлива, строительство хранилища материальных ценностей ангарного типа, модернизацию козлового крана грузоподъемностью 125 тонн, а также разработку технологии окисления ВОУ-топлива реактора ИВГ.1М.
Рабочие встречи были посвящены рассмотрению текущего статуса проектов, обсуждению технических аспектов их реализации и координации дальнейших действий.
🤝 По итогам визита согласованы дальнейший план мероприятий и сроки выполнения работ по обозначенным направлениям сотрудничества.

#ҰЯО #НЯЦ

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 25/05/2026

XVIII Халықаралық жылу- және массаалмасу форумына қатысу

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2026 жылғы 18–21 мамыр аралығында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен XVIII Халықаралық жылу- және массаалмасу форумына қатысты.

Форум жылу- және массаалмасу, энергетика, математикалық модельдеу және атом саласының заманауи технологиялары бойынша өзекті мәселелерді талқылау мақсатында әртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандарының басын қосты.

Энергетикалық қондырғылардағы тасымалдау процестеріне арналған секция аясында ҚР ҰЯО-ның реакторлық сәулелендіру қондырғыларын пайдалану барысын арнаулы бағдарламалық жасақтамамен модельдеу мәселелері бойынша баяндамасы ұсынылды.

Форумға қатысу ҚР ҰЯО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесін таныстыруға, сондай-ақ жылу- және массаалмасу, атом энергетикасы технологиялары саласындағы заманауи тәсілдермен және үрдістермен танысуға мүмкіндік берді.
__

Участие в XVIII Международном форуме по тепломассообмену

Национальный ядерный центр Республики Казахстан принял участие в XVIII Международном форуме по тепломассообмену, прошедшем с 18 по 21 мая 2026 года в Минске (Республика Беларусь).

Форум объединил ученых и специалистов из разных стран для обсуждения актуальных вопросов в области тепломассообмена, энергетики, математического моделирования и современных технологий атомной отрасли.

В рамках секции, посвященной процессам переноса в атомных энергетических установках, был представлен доклад НЯЦ РК по вопросам моделирования процессов, связанных с эксплуатацией реакторных облучательных устройств с применением специализированного программного обеспечения.

Участие в форуме позволило представить результаты научно-исследовательской деятельности НЯЦ РК, а также ознакомиться с современными подходами и тенденциями в области тепломассообмена и технологий атомной энергетики.

#ҰЯО #НЯЦ

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 22/05/2026

Жас ғалымдар мен мамандардың ҒЗТКЖ XXV конференция-конкурсының қорытындысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының (ҒЗТКЖ) конференция-конкурсы сәтті өтті. 20-22 мамыр аралығында өткен үш күндік іс-шара Қазақстанның атом саласындағы дарынды жастарын біріктірді.
💡 Биылғы конкурс болашағы зор идеялардың ашық кәсіби диалог барысында туындайтынын тағы да дәлелдеді. Атом саласының (Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шәкәрім Университет, Томск политехникалық университеті) жас қызметкерлері ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін әріптестеріне және сарапшы қазылар алқасына ұсынды.
Реакторлық технологиялар, радиациялық қауіпсіздік, цифрлық шешімдер және ғылымның басқа да өзекті бағыттары бойынша заманауи зерттеулер мен практикалық әзірлемелер қтысушылардың басты назарында болды. Жас мамандардың көптеген жобасын бүгіннің өзіндепрактикада қолдануға болады.
Әр буын ғалымдары арасындағы сараптамалық талқылаулар мен тәжірибе алмасу конкурсқа ерекше серпін берді.
Конференция білім алмасу, өзекті ғылыми-техникалық міндеттерді талқылау үшін және атом саласының кадр әлеуетін дамытуға ықпал ететін жаңа кәсіби байланыстарды қалыптастырудың тиімді алаңы болды.
🤝 Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қатысушылар мен сарапшыларға жемісті жұмысы, жоғары деңгейдегі жобалары мен бірлескен бастамалары үшін алғысын білдіреді.

🏆 Конкурс жеңімпаздары:
I орын – Исағали Әсем Айдарқызы, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкері.

II орын – Оспанова Жанна Нұрболатқызы, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының кіші ғылыми қызметкері;
Надеева Анастасия Михайловна, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының инженері.

III орын – Әшібаев Арыстан Шыңғысұлы, ЯФИ РМК инженері;
Өтешева Айнамгүл Алтайқызы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жоғары технологиялар институтының ғылыми қызметкері;
Секен Дархан Мұқаметтоқтарұлы, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының инженері.
_

Итоги XXV конференции-конкурса НИОКР молодых ученых и специалистов

В Национальном ядерном центре Республики Казахстан завершилась конференция-конкурс научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ молодых ученых и специалистов. В течение трех дней – с 20 по 22 мая – мероприятие объединило талантливую научную молодежь атомной отрасли Казахстана.
💡 В этом году конкурс вновь подтвердил: самые перспективные идеи рождаются в открытом профессиональном диалоге. Молодые сотрудники предприятий атомной сферы (Национальный ядерный центр, Институт ядерной физики, АО «НАК «Казатомпром»), казахстанских и российских ВУЗов (КазНУ им. аль-Фараби; Шакарим Университет, Томский политехнический университет) представили результаты своих научных исследований и разработок на суд коллег и экспертного жюри.
В центре внимания – современные исследования и практические разработки в области реакторных технологий, радиационной безопасности, цифровых решений и других актуальных направлений науки. Многие проекты молодых специалистов уже сегодня имеют высокий потенциал для практического внедрения.
Особую атмосферу конкурсу придали экспертные обсуждения и живой обмен опытом между поколениями ученых.
Конференция стала эффективной площадкой для обмена знаниями, обсуждения актуальных научно-технических задач и формирования новых профессиональных связей, способствующих развитию кадрового потенциала атомной отрасли.
🤝 Национальный ядерный центр Республики Казахстан благодарит всех участников и экспертов за плодотворную работу, высокий уровень представленных проектов и готовность к совместным инициативам.

🏆 Имена победителей конкурса:
I место – Исағали Әсем Айдарқызы, младший научный сотрудник Центра сбора и обработки специальной сейсмической информации филиала ИГИ РГП НЯЦ РК.

II место – Оспанова Жанна Нурболатовна, младший научный сотрудник филиала ИАЭ РГП НЯЦ РК;
Надеева Анастасия Михайловна, инженер филиала ИРБЭ РГП НЯЦ РК.

III место – Ашибаев Арыстан Чингизович, инженер Института ядерной физики;
Утешева Айнамгуль Алтаевна, научный сотрудник Института высоких технологий АО «НАК «Казатомпром»;
Секен Дархан Мұқаметтоқтарұлы, инженер филиала ИАЭ РГП НЯЦ РК.

#ҰЯО #НЯЦ

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 20/05/2026

Ұлттық ядролық орталық өңірлік ғылым фестивалінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Семей қаласында Shakarim University негізінде өткізілген «ABAI SCIENCE FEST» фестиваліне қатысты.
▪️ Іс-шара аясында Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің жас ғалымдарымен кездесті. Кездесу барысында ғылыми әлеуетті дамыту, жас зерттеушілерге қолдау көрсету және олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау мәселелері талқыланды.
▪️ Фестивальдің негізгі оқиғаларының бірі – ғылыми жобалар мен әзірлемелер көрмесі болды. Көрмеде ядролық технологиялар, экология, медицина, жасанды интеллект және басқа да бағыттардағы инновациялық шешімдер ұсынылды.
⚛️ Ұлттық ядролық орталық мамандары кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша әзірлемелерін таныстырды. Кәсіпорынның фестивальге қатысуы оның ғылыми-техникалық әлеуетін көрсетуге, сондай-ақ атом ғылымы мен қолданбалы зерттеулердің өңірді орнықты дамытудағы маңызын айқындауға мүмкіндік берді.
▪️ Кездесу барысында ғылыми инфрақұрылымды дамыту, жастарды зерттеу қызметіне тарту және ғылыми қауымдастық, білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өңірде ғылым мен технологияны дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыру перспективалары, оның ішінде Курчатов қаласында ғылым қаласын құру жоспарлары атап көрсетілді.
📌 ҚР Ұлттық ядролық орталығының фестивальге қатысуы ғылымды насихаттау, ғылыми бастамаларды қолдау және ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыту жұмыстарының бір бөлігі болып саналады.



НЯЦ РК на региональном фестивале науки

Национальный ядерный центр Республики Казахстан принял участие в фестивале «ABAI SCIENCE FEST», прошедшем в городе Семей на базе Shakarim University.
▪️ В рамках мероприятия состоялась встреча акима области Абай Берика Уали с молодыми учеными региона, где обсуждались вопросы развития научного потенциала, поддержки молодых исследователей и создания условий для их профессионального роста.
▪️ Одним из ключевых событий фестиваля стала выставка научных проектов и разработок, на которой были представлены инновационные решения в области ядерных технологий, экологии, медицины, искусственного интеллекта и других направлений.
⚛️ Специалисты Национального ядерного центра РК представили разработки по основным направлениям деятельности предприятия. Участие НЯЦ РК позволило продемонстрировать научно-технический потенциал организации, а также подчеркнуть значимость атомной науки и прикладных исследований для устойчивого развития региона.
▪️ Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам развития научной инфраструктуры, вовлечения молодежи в исследовательскую деятельность и расширения взаимодействия между научным сообществом, образовательными учреждениями и государственными структурами. Также были обозначены перспективы реализации инициатив, направленных на развитие науки и технологий в регионе, включая планы по созданию наукограда в городе Курчатов.
📌 Участие Национального ядерного центра РК в фестивале стало частью работы по популяризации науки, поддержке научных инициатив и развитию сотрудничества в научно-технической сфере.

#ҰЯО #НЯЦ

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 13/05/2026

Ұлттық ядролық орталық делегациясының РҒА Сібір бөлімшесіне сапары

▫️ Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының делегациясы Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінде (РҒА СБ) жұмыс сапарымен жүр. Сапардың мақсаты – бұған дейін ұсынылған бастамаларды нақты пысықтап, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, соның ішінде Курчатов қаласын болашақ ғылым қаласы ретінде стратегиялық тұрғыдан дамыту аясында өзара іс-қимылды нығайту.
🔹 Кездесу сындарлы диалог және бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға деген өзара қызығушылық рухында өтіп жатыр. Бұл сапар РҒА СБ өкілдерінің біздің Орталыққа жуырда келген сапарына жауап ретінде ұйымдастырылды. Сол кезде академик Валентин Николаевич Пармон бастаған ресейлік делегация Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен және оның ғылыми-технологиялық әлеуетімен жан-жақты танысқан болатын.
▫️ Келіссөздердің түйінді тақырыбы – ғылым қалаларын құрудың практикалық қырлары. Қатысушылар Ресейдің сәтті тәжірибесін Қазақстанда қолдану жолдарына ерекше назар аударды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Курчатов қаласына ғылым қаласы мәртебесін беру мәселесінің пысықталуына байланысты аса өзекті болып отыр.
🔹 Ғылым қаласы мәртебесі қаламыздың дамуына серпін беріп, отандық ғылым үшін жаңа көкжиектер ашып, инновациялар мен жоғары технологиялық шешімдерді тартатын орталықтың қалыптасуына ықпал етуі тиіс.



Визит делегации НЯЦ РК в Сибирское отделение РАН

▫️ Делегация Национального ядерного центра Республики Казахстан находится с рабочим визитом в Сибирском отделении Российской академии наук (СО РАН). Поездка призвана предметно проработать ранее обозначенные инициативы и вывести двустороннее сотрудничество на новый уровень – в том числе в контексте стратегического развития Курчатова как будущего наукограда.
🔹 Встреча проходит в духе конструктивного диалога и взаимной заинтересованности в развитии совместных научных проектов. Визит стал ответом на недавнюю поездку представителей СО РАН в НЯЦ РК: тогда российская делегация во главе с академиком Валентином Николаевичем Пармоном подробно ознакомилась с ключевыми направлениями деятельности Центра и его научно технологическим потенциалом.
▫️ Ключевая тема переговоров – практические аспекты создания наукоградов. Участники сфокусировались на том, как применить успешный российский опыт в условиях Казахстана. Это особенно актуально на фоне прорабатываемого по поручению Главы государства вопроса о присвоении Курчатову статуса наукограда.
🔹 Статус наукограда должен придать городу новый импульс развития и сформировать центр притяжения инноваций и высокотехнологичных решений открывая новые горизонты для отечественной науки.

#ҰЯО #НЯЦ

Photos from ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Национальный ядерный центр РК's post 12/05/2026

Әрқайсымыз адал, ашық және әділетті жұмыс ортасын қалыптастыруға жауаптымыз.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзу, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, мүдделер қақтығысы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өзге де бұзу фактілері белгілі болса — бейжай қалмаңыз.
📞 Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 Call-орталығына хабарлауға болады.
⚖️ Хабарлау құпиялығына кепілдік беріледі.
Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз заңдылық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ дейік!
Бірге адал әрі әділетті қоғам құрайық!



Каждый из нас несет ответственность за формирование честной, прозрачной и справедливой рабочей среды.
Если вам стали известны факты коррупционных правонарушений, злоупотребления должностными полномочиями, конфликта интересов или иных нарушений антикоррупционного законодательства — не оставайтесь в стороне.
📞 Сообщить о фактах коррупции можно через Call-центр 1424.
⚖️ Конфиденциальность обращения гарантируется.
Ваша активная гражданская позиция способствует укреплению принципов законности, добропорядочности и нулевой терпимости к коррупции.
Скажем коррупции — НЕТ!
Вместе за честное и справедливое общество!

#СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ #1424 #Антикоррупция #Комплаенс #Парасаттылық #ӘділдікҮшін #ЗаңЖәнеТәртіп #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #НетКоррупции #1424 #Антикоррупция #Комплаенс #Добропорядочность #ЗаЧестность #ЗаконИПорядок #ПротивКоррупции

Want your business to be the top-listed Government Service in Kurchatov?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Улица Бейбіт атом, 2Б
Kurchatov
071100

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00