Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Share

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

03/06/2026

ЖАС МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында мемлекеттік қызметке алғаш кірген мамандарға арнайы дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жасұлан Шынтасов жүргізді. Ол мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстарға жаңа іріктеу жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылармен тәжірибесімен бөлісті.
Дәріс барысында келесі тақырыптар кеңінен қамтылды:
- Мемлекеттік қызметтің бүгінгі жағдайы;
- Іріктеу және мансаптық өсу жүйесін жетілдіру;
- Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі;
- Әлеуметтік кепілдіктер;
- Жеке даму мүмкіндіктері мен қоғамдық маңыздылық;
Сонымен қатар, «E-qyzmet» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу талаптары, деректерді уақтылы жаңарту міндеттері, және жаңа мүмкіндіктері туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, әдістемелік құралдар таратылып, кәсіби қызметке қажетті практикалық кеңестер берілді.

МОЛОДЫМ СПЕЦИАЛИСТАМ РАЗЪЯСНИЛИ НОВЫЕ ТРЕБОВАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ

Сегодня на базе областного филиала Академии государственного управления при Президенте РК для специалистов, впервые поступивших на государственную службу, была организована специальная лекция.
Лекцию провёл руководитель управления Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области Жасұлан Шынтасов. Он подробно разъяснил содержание нового проекта отбора на объявленные конкурсы на государственные административные должности, а также поделился своим опытом с участниками.
В ходе лекции были широко освещены следующие темы:
текущее состояние государственной службы;
совершенствование системы отбора и карьерного роста;
порядок прохождения государственной службы;
социальные гарантии;
возможности личного развития и общественная значимость.
Кроме того, была представлена важная информация о требованиях к работе в информационной системе «E-qyzmet», обязанностях по своевременному обновлению данных, а также о её новых возможностях.
В завершение встречи участники задали свои вопросы и получили конкретные ответы. Также были распространены методические материалы и даны практические рекомендации, необходимые для профессиональной деятельности.

Photos from Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 03/06/2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛУ ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚТЫ АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың 2 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы С.Жумаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинарында дәріс өткізді.
Дәріс барысында “Бюрократиядан арылу - тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі бағыты”, “Бюрократиялық кедергілерді қысқарту - сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолы” тақырыптарында дәріс оқып, мемлекеттік органдар қызметіндегі бюрократиялық рәсімдерді оңтайландыру, шешім қабылдау процестерін жеңілдету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері жөнінде кеңінен талқылау өткізді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға бағытталған кешенді шараларды талқылау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, бюрократиялық кедергілерді азайту, азаматтарға қолайлы әрі тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде түсіндірме берілді.
Семинар барысында қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

ГОСУДАРСТВЕННЫМ СЛУЖАЩИМ РАЗЪЯСНЕНЫ ВОПРОСЫ ДЕБЮРОКРАТИЗАЦИИ И ПОВЫШЕНИЯ ПРОЗРАЧНОСТИ

2 июня текущего года руководитель Управления по профилактике коррупции Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области Жумаев С. выступил с лекцией в филиале Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по Кызылординской области в рамках семинара по повышению квалификации государственных служащих местных исполнительных органов и территориальных подразделений центральных государственных органов.
В ходе лекции были рассмотрены темы: «Дебюрократизация – основное направление эффективного государственного аппарата», «Сокращение бюрократических барьеров – эффективный способ профилактики коррупции». Также состоялось широкое обсуждение вопросов оптимизации бюрократических процедур в деятельности государственных органов, упрощения процессов принятия решений и предупреждения коррупционных рисков.

Photos from Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 03/06/2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ МЕН САПАСЫН БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 2 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы З.С.Арынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинарында дәрістер оқыды.
Атап айтқанда, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» тақырыптары бойынша дәрістер оқылып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Семинарға 24 тыңдаушы қатысты.
Семинарда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мерзім бұзушылық фактілеріне жол бермеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ай сайынғы есептерін сапалы қалыптастыру және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға уақытылы жолдау, қызмет алушылардың өтініштеріне дәлелді, негізді бас тарту қажет екендігі түсіндірілді.

ОБСУЖДЕНЫ ВОПРОСЫ КОНТРОЛЯ ПОРЯДКА И КАЧЕСТВА ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ

2 июня текущего года главный специалист Управления государственных услуг Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области Арынова З.С. провела лекции в рамках семинара повышения квалификации государственных служащих местных исполнительных органов и территориальных подразделений центральных государственных органов, состоявшегося в филиале Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по Кызылординской области.
В частности, были прочитаны лекции на темы: «Государственный контроль за качеством оказания государственных услуг», «Общественный мониторинг качества оказания государственных услуг», а также даны ответы на вопросы участников семинара. В семинаре приняли участие 24 слушателя.
В ходе семинара разъяснена необходимость соблюдения установленного порядка оказания государственных услуг, повышения их качества, недопущение фактов нарущения сроков, а также обеспечения качественного формирования и своевременного направления ежемесячной отчетности по государственным услугам в вышестоящие государственные органы. Особое внимание уделено вопросам предоставления мотивированных и обоснованных отказов при рассмотрении обращений услугополучателей.

Photos from Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 02/06/2026

2026 жылғы 3 маусымнан 4 маусымға дейін әрбір ниет білдіруші халықтық дауыс беруге қатысып, күн сайын мемлекеттік қызметтер көрсетіп, олардың сапасын арттыру бағытында жұмыс істеп жүрген үздік қызмет көрсетушілерге қолдау көрсете алады.

Сіздің дауысыңыз «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының жеңімпаздарын анықтауға және сервистің, қызмет алушыға бағдарланудың әрі кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетіп жүрген қызмет көрсетушілерді атап өтуге мүмкіндік береді. www.lidergosuslug.kz сілтемесі арқылы дауыс беруге қатысуға болады.
Лайықты кандидатты қолдаңыз!

С 3 по 4 июня 2026 года каждый желающий может принять участие в народном голосовании и поддержать лучших услугодателей, которые ежедневно предоставляют государственные услуги и работают над повышением качества оказания государственных услуг.

Ваш голос поможет определить победителей конкурса «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» и отметить тех, кто показывает высокий уровень сервиса, клиентоорентированности и профессионализма.
Проголосовать можно на сайте: www.lidergosuslug.kz
Поддержите достойного кандидата!

01/06/2026

«МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН БЮРОКРАТИЯДАН
АРЫЛТУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫНДА
ДӘРІСТЕР ОҚЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы З.С.Арынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинарында дәрістер оқыды.
Атап айтқанда, «Бюрократиядан арылтудың қағидаттары және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға бағдарлау», «Тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету» тақырыптары бойынша дәрістер оқылып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Семинарға 24 тыңдаушы қатысты.
Семинарда мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзекті мәселелерді адамдарға оңтайлы түрде шешу мәселелері қарастырылды.

ПРОВЕДЕНЫ ЛЕКЦИИ В РАМКАХ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОГО ОБУЧАЮЩЕГО СЕМИНАРА НА ТЕМУ «ДЕБЮРОКРАТИЗАЦИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО АППАРАТА И ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ»
Сегодня главный специалист Управления государственных услуг Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области Арынова З.С. провела лекции в рамках семинара по повышению квалификации государственных служащих местных исполнительных органов и территориальных подразделений центральных государственных органов, состоявшегося в филиале Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по Кызылординской области.
В частности, были прочитаны лекции на темы: «Принципы дебюрократизации и ориентация государственных услуг на граждан» и «Клиентоориентированное оказание услуг», а также даны ответы на вопросы участников семинара. В семинаре приняли участие 24 слушателя.
В ходе семинара были рассмотрены вопросы дебюрократизации деятельности государственного аппарата, повышения качества государственных услуг, а также эффективного и удобного для граждан решения актуальных проблем в сфере оказания государственных услуг.

Photos from Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 01/06/2026

ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылғы 1 маусым күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Бибітова ҚР Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа байланысты белгіленген шектеулер мен жауапкершілік тетіктері жан-жақты түсіндіріліп, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” жаңа Заңның негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістері таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі талаптар мен шектеулер, сондай-ақ жаңа заң нормаларына қатысты сұрақтар қойылып, ашық диалог форматында пікір алмасу өтті.

ОБСУЖДЕНЫ НОРМЫ НОВОГО ЗАКОНА И АНТИКОРРУПЦИОННЫЕ ОГРАНИЧЕНИЯ
1 июня текущего года заместитель руководителя Департамента Агентства по делам государственной службы по Кызылординской области Бибитова М. провела встречу с сотрудниками Департамента Судебной администрации РК по Кызылординской области.
В ходе встречи были широко обсуждены вопросы укрепления принципов добропорядочности в обществе и развития антикоррупционной культуры. Также были всесторонне разъяснены установленные ограничения и механизмы ответственности, связанные с коррупцией, представлены основные направления и внесённые изменения нового Закона “О государственной службе Республики Казахстан”.
В завершение мероприятия со стороны участников были заданы вопросы, касающиеся профилактики коррупции, требований и ограничений в сфере государственной службы, а также норм нового закона, и состоялся обмен мнениями в формате открытого диалога.

29/05/2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 20 ақпанындағы №32 бұйрығымен бекітілген 2026 жылдың 2 тоқсанының Департаментпен мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізуге 2026 жылға арналған жоспарына және Агенттіктің тапсырмасына сәйкес 15 мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілді.
Атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2026 жылғы 23 ақпандағы №04-1-7/705-И хатымен түскен жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес Департаментпен 2026 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік органдарға бару арқылы 9 мемлекеттік органдарына жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында жоғарыда көрсетілген 9 мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізіліп, 5 мемлекеттік қызметші (жұмыс берушінің тиісті актісі ұсынылды) демалыс күні жұмыс орнында болғаны анықталды.
Сондай-ақ Департамент басшысының 2026 жылғы 11 ақпандағы №2 бұйрығымен бекітілген Департаменттің Жоспарына сәйкес 2026 жылдың 2-тоқсанында жергілікті атқарушы органдарының 6 мемлекеттік органдарына жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг нәтижесімен анықталған бұзушылық саны – 8, берілген демалыс сағаттары – 16 сағат 36 минут.
Қашықтықтан жүргізілген мониторингпен (қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректері (бұдан әрі – ҚЖБжБЖ) бойынша) 21 мемлекеттік орган қамтылған, оның ішінде 18 мемлекеттік органда 72 бұзушылықтар анықталды.
ҚЖБжБЖ-мен жүргізілген мониторинг бойынша мемлекеттік қызметшілерге 74 сағат 47 минут демалыс сағаттары берілген.

Департаментпен мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша ақпараттық жүйелердегі мәліметтерге, мемлекеттік органдардың ұсынатын мәліметтеріне, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректеріне, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады.

НА ПЕРВОМ ПЛАНЕ СОБЛЮДЕНИЕ РЕЖИМА РАБОЧЕГО ВРЕМЕНИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

В соответствии с планом на 2026 год по проведению мониторинга соблюдения режима рабочего времени путем посещения государственных органов в течение 2 квартала 2026 года, утвержденным приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 20 февраля 2026 года №32, а также во исполнение поручения Агентства проведен мониторинг соблюдения режима рабочего времени посредством посещения 15 государственных органов.
В частности, в соответствии с поручением о проведении мониторинга соблюдения режима рабочего времени, поступившим письмом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 23 февраля 2026 года №04-1-7/705-И, Департаментом во 2 квартале 2026 года проведен мониторинг соблюдения режима рабочего времени путем посещения 9 государственных органов.
В ходе мониторинга, проведенного в вышеуказанных 9 государственных органах, установлено, что 5 государственных служащих находились на рабочем месте(с предьявлением соответствующего акта работодателя) в выходной день..
Кроме того, в соответствии с Планом Департамента, утвержденным приказом руководителя Департамента от 11 февраля 2026 года №2, во 2 квартале 2026 года проведен мониторинг соблюдения режима рабочего времени в 6 государственных органах местных исполнительных органов.
По результатам мониторинга выявлено 8 нарушений, предоставлено 16 часов 36 минут времени отдыха.
Дистанционным мониторингом (по данным системы контроля и управления доступом (далее — СКУД)) охвачен 21 государственный орган, в том числе в 18 государственных органах выявлено 72 нарушения.
По результатам мониторинга, проведенного посредством СКУД, государственным служащим предоставлено 74 часа 47 минут времени отдыха.
Департаментом на постоянной основе проводится мониторинг соблюдения режима рабочего времени без посещения государственных органов — на основании данных информационных систем, сведений, предоставляемых государственными органами, данных системы контроля и управления доступом, а также публикаций в средствах массовой информации и социальных сетях.

Photos from Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті's post 29/05/2026

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылдың 29 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Шынтасов Қазалы ауданы әкімі аппаратының мамандарына арналған әдістемелік семинар өткізді.

Семинар барысында:
🔹 мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі;
🔹 «E-qyzmet» ақпараттық жүйесінде конкурсты ұйымдастыру;
🔹 құжаттарды енгізу және конкурсқа қатысу тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, HR бағыты бойынша жаңа талаптар мен өзекті жаңалықтар талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, әдістемелік материалдар таратылды.

В КАЗАЛИНСКОМ РАЙОНЕ ОБСУЖДЕНЫ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ В СФЕРЕ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ

29 мая 2026 года руководитель управления государственной службы Департамента Жасулан Шынтасов провёл методический семинар для специалистов аппарата акима Казалинского района.

В ходе семинара были разъяснены:
🔹 новая система отбора на государственную службу;
🔹 организация конкурса в информационной системе «E-qyzmet»;
🔹 порядок внесения документов и участия в конкурсе.

Кроме того, были обсуждены изменения, внесённые в законодательство в сфере государственной службы, новые требования и актуальные новости в HR-направлении.

В завершение встречи участникам были даны ответы на интересующие вопросы и розданы методические материалы.

Want your business to be the top-listed Government Service in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица Султан Бейбарыс, 1
Kyzylorda
120003