17/12/2024
📣 "Байтақ" партиясының Қызылорда облыстық филиалына жаңа төраға сайланды. Мұндай шешім бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бас қосқан конференцияда дауысқа салынып, қабылданды. Конференцияға партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың тапсырмасымен партияның атқарушы хатшысы Нұрлан Болатұлы қатысты. Осылайша облыстық филиал активінің шешіміне сәйкес Нұрлан Байманов енді Қызылорда облыстық филиалын басқарады.
✔️ Ал филиалдың бұрынғы төрағасы Нұрхан Айдаров облыстық филиалдың саяси кеңес мүшесі ретінде жұмысын жалғастырады.
🔰 Сонымен қатар, бұл өңірде саяси кеңестің құрамы да жаңартылып, оған жастар ұйымы, Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшелері, Арал-Сырдария бассейні инспекциясының басшысы Қайрат Сәрсенбаев секілді Қызылорда облысының дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтар, қоршаған ортаға жаны ашитын тұлғалар мүше болып қабылданды.
✅ Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев Нұрхан Айдаровқа осы күнге дейін атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, партияның мерекелік медалімен марапаттады. Ал партияның Қызылорда облысының жаңа төрағасы Нұрлан Баймановқа өңірдегі партия депутаттары мен мүшелерінің санын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
⚜️Сонымен қатар, "АRAL - 2024" саммитінде қабылданған шешімдер мен жүктелген міндеттер партия төрағасының бақылауында болмақ. Оны орындау үшін филиал төрағалары партияның орталық аппаратымен бірге қоян-қолтық жұмыс істемек.
📣 В Кызылординском областном филиале партии «Байтақ» назначен новый председатель. Такое решение было принято на конференции, в которой приняли участие представители первичных партийных организаций. На мероприятии, прошедшем по поручению председателя партии Азаматхана Амиртаева, участвовал исполнительный секретарь партии Нурлан Болатович. По итогам голосования активом областного филиала новым председателем избран Нурлан Байманов.
✔️ Предыдущий руководитель филиала Нурхан Айдаров продолжит свою работу в качестве члена политического совета областного филиала.
✅ Кроме того, состав политсовета филиала был обновлен. В него вошли представители молодежных организаций, члены Ассамблеи народа Казахстана, глава инспекции бассейна Арал-Сырдарьи Кайрат Сарсенбаев и другие жители региона, вносящие вклад в развитие Кызылординской области и проявляющие активную гражданскую позицию по вопросам экологии. Председатель партии Азаматхан Амиртаев выразил благодарность Нурхану Айдарову за проделанную работу и вручил ему юбилейную медаль партии. Новому руководителю филиала Нурлану Байманову были поручены задачи по увеличению числа депутатов и членов партии в регионе.
⚜️ Также решения и задачи, принятые на саммите «ARAL – 2024», останутся под контролем председателя партии. Для их выполнения руководители филиалов будут тесно сотрудничать с центральным аппаратом партии.
#Байтақ

08/11/2024