Adal партиясы Қызылорда облысы

Adal партиясы Қызылорда облысы

Share

Партияның басты құндылығы мен мақсаты – адам, Қазақст?

28/12/2021

Елімізде ADAL партиясының «Ауыл – табыс көзі» жобасының ауықымы кеңейтілуі мүмкін

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мұрзалин Хабар 24 арнасындағы «Сұхбат» бағдарламасында ауыл әкімдері сайлауының қорытындысын шығарған кезде айтты.

«Назар аударуға тұрарлық өте қызықты факт - ADAL партиясының жобасы. Олар 15 ауылдық округте жеңіске жетіп, қазір бұл округтерде ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасын енгізуде. Бастамалары сәтті болған жағдайда бұл жобаны бүкіл елге таратуға болады деп ойлаймын», - деп атап өтті Мәлік Мұрзалин.

2022 жылы 300 ауылдық округ әкімінің өкілеттілігі аяқталып, еліміздің барлық өңірлерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл сайлауға ADAL партиясы да қатысатын болады.
_______

Проект партии ADAL «Село – источник дохода» могут масштабировать в стране

Об этом заявил в программе «Интервью» на телеканале 24 Хабар заместитель руководителя Администрации Президента РК Малик Мурзалин, подводя итоги выборов сельских акимов.

«Очень интересный факт, заслуживающий внимания, проект партии ADAL. Они победили в 15 сельских округах, и сейчас они в этих округах внедряют проект по повышению доходов сельских жителей. И в случае их успеха, думаю, можно масштабировать этот проект на всю страну», - отметил Малик Мурзалин.

В 2022 году истекают сроки полномочий 300 сельских акимов. Во всех регионах страны будет проходить выборы акимов округов. Партия ADAL также примет участие в этих выборах.

24/12/2021

Дәулет Мұқаев, ADAL партиясының Саяси кеңес мүшесі: «Зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерін көтеру көлеңкелі экономикаға жол ашады»

ADAL партиясының кеңейтілген отырысында Саяси кеңес мүшесі Дәулет Мұқаев зейнетақы жинақтарының шекті мөлшері инфляция деңгейімен индекстелу қажет екенін айтты.

«Зейнетақы жинағында шекті мөлшерден асатын қаржысы бар азаматтар мүмкіндікті пайдаланып, ақшаларын үй алу, емделу сияқты мақсаттарға қолдана алды. Ал жақында Зейнетақы қорымен таратылған ақпарат бойынша 2022 жылдан бастап шектік соманың мөлшері 83 пайызға артқан. Ал халықтың орташа табысы 83 пайызға өскен жоқ. Тіпті табыс келесі жылдың қаңтар айынан бастап осынша көтерілгеннің өзінде де жаңа шектік мөлшер бір жылдан кейін қабылдану керек. Зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерін көтеру көлеңкелі экономикаға жол ашады», – деді шарада Дәулет Мұқаев.

Дәулет Мұқаевтың көтерген мәселесі кеңейтілген кеңесте қызу талқыланды. Алдағы уақытта жан-жақты ұсыныстар жинақталатын болды.

Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 15/12/2021

Бүгін Қызылорда облысындағы ADAL партиясының белсенді мүшелері марапатталды.

Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалымбек Жақсылықов «Партияның дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен 5 қызылордалықты марапаттады.

Сондай-ақ, партияның өзге белсенді мүшелеріне алғыс хаттар мен арнайы аты-жөндері жазылған блокнот табыс етті.

Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 14/12/2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Арал ауданының бірқатар белсенді ардагерлері ADAL партиясының алғыс хатымен марапатталды.

Марапатты ADAL партиясы атынан сайланған Арал аудандық мәслихатының депутаттары Батыржан Ұзақов пен Нұрсәуле Ембергенова және Құланды ауылдық округінің әкімі Заманбек Ердіқалықов табыстады.

Адалдықтар ардагерлерді мерекемен құттықтап, алғыс хатпен бірге партия атынан сыйлық табыс етті.

Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 01/09/2021

ADAL: әр бала маңызды
ADAL партиясынан сайланған әкімдер ауылдық окургтерде жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларды мектепке дайындауға көмектесіп жатыр.
Бірінші кезекте партия мүшелері қолдауға мұқтаж отбасылардың санын анықтап, көмек шынымен атаулы болуы үшін тізімді нақтылады. Мектепке жиналған керек-жарақ, кеңсе заттары, сөмке, киім, аяқ-киім жиынтықтарға іріктеліп, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларға таратылды.
«Әр отбасының тұрмысы бөлек, әрқайсысының табысы түрлі екенін түсінеміз. Біздің міндетіміз – көмекке расымен мұқтаж адамдарды қолдау, балаларын өсіріп, оқытуға тырысқан ата-анаға көмектесу. Өйткені елімізде әр бала маңызды», – деді Қызылорда облысы Ақбасты ауылының әкімі Ердіқалықов Заманбек Маратұлы.
Осындай акцияны осы күндері ADAL партиясынан сайланған әкімдер жұмыс істейтін барлық ауылдық округтер өткізіп жатыр.




Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 20/08/2021

Ауыл мәселелері туралы – ел аузынан

ADAL партиясы «Ауыл – табыс көзі» бағдарламасын әзірлеу аясында үй-үйді аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында сауалнаманы бастап кетті.

Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды ауылдық округі әкімі аппараты Қызылорда облысы бойынша ADAL партиясының филиалы және Жобалық кеңсемен бірлесіп, «Ауыл – табыс көзі» бағдарламасын әзірлеу шеңберінде ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастады.

Сауалнама мақсаты – тұрғындар мен кәсіпкерлердің проблемаларын анықтау, оларға осы проблемаларды шешуге көмектесу.

Сауалнама ауылдың әр тұрғыны мен кәсіпкерлік субъектімен жеке әңгімелесу арқылы алынады. Респонденттерден сұралатыны – небәрі бірнеше минут уақыт бөліп, оңай сұрақтарға жауап беру.

Жүргізілетін жұмыстың ауқымына байланысты ADAL партиясы азаматтарды бұл бастамаға түсіністікпен қарап, сауалнама жүргізуде барынша қолдау көрсетуді сұрайды.

Сауалнама барысында ауылымыздың көптеген әлеуметтік мәселесі анықталады. 20 тамыздағы жағдай бойынша сауалнамаға Ақбасты ауылынан 20 отбасы және
3 кәсіпкер қатысты.

Сауалнаманы қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.
Жиналған деректер әлеуметтік нысандарды жөндеу және реконструкциялау бойынша бюджеттік өтінім әзірлеуде негізге алынады.

Түпкі мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру.




Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 20/08/2021

О проблемах села - из первых уст

ADAL приступил к подворовому опросу жителей и предпринимателей сел в рамках разработки программы «Село - экономическая единица».

Акимат села Кыраш Жанакорганского района Кызылординской области совместно с филиалом партии ADAL по Кызылординской области и Проектным офисом ADAL в рамках разработки программы «Село - экономическая единица» начал подворовой опрос жителей и предпринимателей сел.

Цель опроса - выявить проблемы жителей и предпринимателей и помочь в решении их проблем.
Опрос проводится путем личного общения с каждым жителем села и субъектом предпринимательства. От них требуется всего лишь уделить несколько минут и ответить на несложные вопросы.

В этой связи партия ADAL просит жителей с пониманием и поддержкой отнестись к их инициативе и оказать максимальную помощь при проведении анкетирования.
В ходе опроса выявляются многие социальные проблемы нашего села. Так, по состоянию на 17 августа, опрос прошли 16 семей села.

Опрос планируется завершить в сентябре текущего года.
Собранные данные будут использоваться для разработки бюджетных заявок по ремонту и реконструкции социальных объектов.

Конечная цель - это повышение доходов наших жителей.





Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 20/08/2021

Ауыл мәселелері туралы – ел аузынан

ADAL партиясы «Ауыл – табыс көзі» бағдарламасын әзірлеу аясында үй-үйді аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында сауалнаманы бастап кетті.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қыраш ауылының әкімдігі Қызылорда облысы бойынша ADAL партиясының филиалы және Жобалық кеңсемен бірлесіп, «Ауыл – табыс көзі» бағдарламасын әзірлеу шеңберінде ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастады.
Сауалнама мақсаты – тұрғындар мен кәсіпкерлердің проблемаларын анықтау, оларға осы проблемаларды шешуге көмектесу.

Сауалнама ауылдың әр тұрғыны мен кәсіпкерлік субъектімен жеке әңгімелесу арқылы алынады. Респонденттерден сұралатыны – небәрі бірнеше минут уақыт бөліп, оңай сұрақтарға жауап беру.

Жүргізілетін жұмыстың ауқымына байланысты ADAL партиясы азаматтарды бұл бастамаға түсіністікпен қарап, сауалнама жүргізуде барынша қолдау көрсетуді сұрайды.

Сауалнама барысында ауылымыздың көптеген әлеуметтік мәселесі анықталады. 17 тамыздағы жағдай бойынша сауалнамаға Қыраш ауылынан 16 отбасы қатысты.

Сауалнаманы қыркүйекте аяқтау жоспарланған.

Жиналған деректер әлеуметтік нысандарды жөндеу және реконструкциялау бойынша бюджеттік өтінім әзірлеуде негізге алынады.

Түпкі мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру.






Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 27/07/2021

✅ ДОСТАР, СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

✅ ADAL партиясының атынан Қызылорда облысы бойынша ауылдық округ әкімдігіне үкілеп 4 үміткерімізді қосқан болатынбыз.

Үміткерлеріміз ауылдарды аралап, халықпен кездесті. Проблемаларын тыңдады. Шешу жолдарына қатысты өз бағдарламаларын таныстырды.

25 шілдеде шешуші кезең - сайлау өтті. Нәтижесі, міне, Өздеріңіз көріп отырғандай!!!

Партия атынан ✅ Арал ауданды Құланды ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Заманбек Ердіқалықов пен ✅ Жаңақорған ауданы Қыраш ауылдық округі әкіміне үміткер Бақытжан Әжібеков сайлауда жеңіске жетті.

Жаңа ғана қолымызға хаттаманы алып, қуанып отырған жайымыз бар.

ADAL партиясы енді әкім әріптестерімізді барлық бастамаларында қолдап, әдістемелік және өзге де көмектерін көрсететін болады.

ADAL әкімдеріңіз құтты болсын, аралдықтар мен жаңақорғандықтар!

https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/195686?directionId=8853&lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/article/details/58099?directionId=13323&lang=kk





23/07/2021





Photos from Adal партиясы Қызылорда облысы's post 23/07/2021

Назарларыңызға үгіт-насихаттың бүкіл кезеңіндегі сайлауалды науқанының қорытындысын (14.07.-23.07.) ұсынамыз

Сонымен бүгінге дейін:
✅10 300 адам қатысуымен 926 кездесу өткізілді;
✅ әлеуметтік желілерде 1 475 жазба жарияланды;
✅ ауылдық ватсап-чаттарға үгіт-насихат бойынша 1 221 ақпарат таратылды;
✅баспа басылымдарда (газеттер) кандидаттар туралы 40 мақала жарияланды.
__
Представляем вашему вниманию итоги предвыборной кампании за весь агитационный период (14.07.-23.07.)

Итак, на сегодняшний день:
✅ проведено 926 встреч с участием 10 300 чел.;
✅ опубликовано 1 475 постов в социальных сетях;
✅ направлена 1 221 агитационная информация по сельским ватсап-чатам;
✅ опубликовано 40 статей о кандидатах в печатных изданиях (газетах).





Want your business to be the top-listed Government Service in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Желтоқсан №120
Kyzylorda
120014

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00