🐟Аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдардың, шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға өтінім беруге нұсқаулық
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
11/07/2026
https://youtu.be/cbwB31YTKvY?si=s247orArT-NEZEao
Балықшылар арасында шағын футболдан турнир басталды Шілденің екінші жексенбісі – балықшылар күні. Балық ...
🐟 Балық шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында сала мамандарының еңбегі жоғары бағаланды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың бұйрығымен көп жылғы адал еңбегі мен балық шаруашылығы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін:
🔹 Р.М. Садуакасов – «Еңбек ардагері» төсбелгісімен;
🔹 Н. Әлтай – «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар – сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігіне, табанды еңбегі мен жауапкершілігіне көрсетілген зор құрмет.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, еңбектеріне толағай табыс және ел игілігі жолындағы қызметтеріне жаңа жетістіктер тілейміз!
#БалықШаруашылығыҚызметкерлеріКүні #АуылШаруашылығы #Марапат #ҚРАШМ
📖Арал - Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы
П. Нәлібаев, Қызылорда облысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдар санын азайту, сондай-ақ Инспекция қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күндері» жоспарына сәйкес, Жаңақорған ауданының табиғат пайдаланушыларымен кездесу өткізді.
📌Кездесу барысында, табиғат пайдаланушылар арасында болып жатқан мәселелерге (су қорғау аймағын белгілеу, жағалаудағы жер учаскелері, су азаю факторлары, субсидия және т.б.) тоқталып, жергілікті атқарушы органдар мен бірлескен түрде талқыланды.
📍Аталған іс-шараға, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жаңақорған ауданының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік бөлімі, «Қазсушар» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Арал филиалы және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының мамандары қатысты.
02/07/2026
📌ХАБАРЛАНДЫРУ📌
«Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет!»– бұл жай ғана ұран емес, бұл – елге, жерге және әрбір азаматқа деген шынайы құрмет пен жауапкершіліктің өлшемі.
Мемлекеттік қызметші болу – үлкен мәртебе, сонымен бірге иыққа түскен ауыр жүк. Себебі, халықтың мемлекетке деген сенімі ең алдымен осы сала мамандарының іс-әрекетінен, әділдігінен және қарапайымдылығынан көрініс табады.
🇰🇿 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!
Арал–Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Пазылбек Машбекұлы Налибаевтың бұйрығымен Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.
Рәсім барысында мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілігін сезіне отырып, Пазылов Шынгисхан Токсейтовичпен Серікбай Айбек Алматұлы Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді.
Бұл – ел мүддесіне қызмет етудің, заңдылық пен әділдікті сақтаудың, халық сенімін ақтаудың маңызды қадамы. Жас мемлекеттік қызметшілерге кәсіби табыс, абыройлы еңбек және ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз!
#МемлекеттікҚызметшіКүні #АралСырдария #БалықШаруашылығы #АнтҚабылдау #ҚызметХалыққа
23/06/2026
https://youtu.be/oW8R-Z3KYKs?si=J8Pt8xbmkAWBKN-d
"Қайырлы күн, Қызылорда!" бағдарламасы (09.06.26) Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/liveFacebook - htt...
19/06/2026
19.06.2026 жылы Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен, Шардара су қоймасының 4 учаскесінде “Таза су айдындары” экологиялық акциясы өткізілді.
Өз кезегінде, аталған акцияға 10 адам қатысып, 2 автокөлік жұмылдырылып, 60 кг қоқыс жиналды.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Амангелди Иманов 125
Kyzylorda
120008
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:30 - 18:30 |
