Қызылорда облыстық прокуратурасы / Прокуратура Кызылординской области

Қызылорда облыстық прокуратурасы / Прокуратура Кызылординской области

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Қызылорда облыстық прокуратурасы / Прокуратура Кызылординской области, Government Building, Улица Нурмакова, 1, Kyzylorda.

Photos from Қызылорда облыстық прокуратурасы / Прокуратура Кызылординской области's post 17/11/2025
14/11/2025

🔹“Заң мен тәртіп”идеологиясын ілгерілету мақсатында облыстық прокуратураның қызметкерлері Ж.Абдраманова мен Е.Бөлекбай Қызылорда қаласындағы «Орда» колледжінде «алаяқтық, есірткі, суицид және кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың зиянды салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жиынға прокуратура, полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, киберпол басқармаларының қызметкерлері мен Қызылорда қаласындағы барлық колледж директорлары қатысты.

Кездесу барысында студенттерге қылмыс салдарының әсері туралы бейнероликтер көрсетілді және студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдары өкілдерінен толыққанды жауаптар алды.

Бұған қоса студенттерге конституциямен қорғалатын құқықтары жөнінде түсіндірмелер берілді.

Қызылорда облыстық
прокуратурасы

07/11/2025

Заң мен тәртіп идеологиясы аясында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспанмен кездесті

Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспанмен кездесті.
Кездесу заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету, құқық қорғау органдары мен заң шығару билігі арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында өтті.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Облыс прокуроры қоғамдағы құқықтық сананы қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындармен кері байланысты нығайту бағытында бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу нәтижесі бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

30/10/2025

📢 Құрметті Қызылорда облысының тұрғандары!

31 қазан күні Қызылорда облысы аумағында республикалық «HALYQ ZANGERI» акциясы өтеді.

🎯 Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.

Кез келген тұрғын заң саласындағы үздік мамандардан тегін кеңес ала алады.
Олардың қатарында — адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен өзге де сала өкілдері бар.

Баршаңызды осы игі шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Aray city Mall, Нұрсұлтан Назарбаев данғылы, 13А

#қызылордапрокуратурасы #халықзаңгері #заңкөмек #тегінкеңес #құқықтықсауаттылық

📢 Уважаемые жители Кызылординской области!

31 октября на территории Кызылординской области пройдет республиканская акция «НАРОДНЫЙ ЮРИСТ» (HALYQ ZANGERI).

🎯 Основная цель акции — повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи гражданам.

Каждый житель сможет получить бесплатную консультацию от лучших специалистов в сфере права.
Среди участников — адвокаты, нотариусы, прокуроры, следователи, судебные исполнители, а также руководители государственных органов и другие представители правовой сферы.

Приглашаем всех желающих принять участие в данной акции и получить квалифицированную юридическую помощь!

Местоположение: город Кызылорда, Aray city Mall, улица Нурсултан Назарбаева, 13A

#кызылордапрокуратурасы #народныйюрист #халықзаңгері #правоваяпомощь #тегинкеңес #құқықтықсауаттылық

28/10/2025

🔹Қызылорда облысының прокуроры ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.

Бүгін 28.10.2025ж. Қызылорда облысы прокуратурасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған облыс прокуроры Ожаров Ризабек Кәрімұлының құрметіне арналған салтанатты жиын өтті.

Аталған марапат — құқық қорғау саласындағы көп жылдық адал еңбектің, кәсіби біліктілік пен азаматтық ұстанымның жарқын көрінісі. Облыс прокуроры еліміздің құқықтық тәртібін нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосып келеді.

Салтанатты шарада прокуратура органдары қызметкерлері мен ардагерлері қатысып, марапат иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Photos from Қызылорда облыстық прокуратурасы / Прокуратура Кызылординской области's post 23/10/2025

По поручению Главы государства в органах прокуратуры реализуются меры, направленные на повышение эффективности надзорной деятельности по защите прав граждан.
В настоящее время проводится трансформация Комитета по правовой статистике и специальным учётам в прогнозно-аналитический центр.
Интеграция массивов данных, искусственного интеллекта и аналитических инструментов в единую систему координат открывает новые возможности для системного управления правопорядком.

На этой основе создаётся Проектный офис по продвижению Концепции «Закон и Порядок» с участием всех заинтересованных государственных органов как на центральном, так и на региональном уровне.
Главная цель — сформировать нулевую терпимость к правонарушениям во всех слоях общества, обеспечив тесное взаимодействие гражданского общества с правоохранительными и правозащитными структурами.

По всей стране проводятся акции, направленные на укрепление нетерпимости к правонарушениям, пропаганду здорового образа жизни, повышение цифровой безопасности и правовой грамотности граждан, в том числе в вопросах противодействия интернет-мошенничеству.
В ряде регионов целые сёла добровольно отказались от продажи алкоголя, что способствовало снижению, а местами — полному отсутствию преступности.

Разрабатывается система поощрения граждан, активно участвующих в укреплении правовой культуры общества, включая тех, кто сообщает о нарушениях закона и этических норм.

Отмечу, что уровень преступности в стране продолжает снижаться.
За 9 месяцев зарегистрировано 98,5 тыс. уголовных правонарушений — на 6,7% меньше, чем в аналогичном периоде прошлого года. Особенно заметно сократилось число особо тяжких преступлений, краж, грабежей и разбоев.

Положительная динамика - результат системной профилактики, цифровизации правоохранительных процессов и реализации Концепции «Закон и Порядок».

Photos from Қызылорда облыстық прокуратурасы / Прокуратура Кызылординской области's post 23/10/2025

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарында азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетті болжамды-талдамалық орталық етіп, қайта құру жұмысы жүргізілуде.
Жиналған мәліметтерді, жасанды интеллектіні және талдамалық құралдарды бірыңғай деректер жүйесіне біріктіру құқықтық тәртіпті жүйелі басқаруға жаңа мүмкіндіктер береді.
Осы негізде орталық және өңірлік деңгейде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі Жобалық кеңсе құрылуда.
Негізгі мақсаты – азаматтық қоғамның құқық қорғау және адам құқықтарын қорғау құрылымдарымен тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отырып, қоғамның барлық топтарында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
Ел бойынша құқық бұзушылыққа төзбеушілікті күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың цифрлық қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне бағытталған акциялар өткізілуде.
Бірқатар өңірлерде бүкіл ауыл болып алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартып, бұл қылмыстың азаюына, кей жерлерде оның мүлдем жасалмауына ықпал етті.
Заң мен этикалық нормалардың бұзылуы туралы хабарлап, қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға белсенді қатысатын азаматтарды ынталандыру жүйесі әзірленуде.
Елдегі қылмыс деңгейі тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын айта кету керек.
9 айдың қорытындысы бойынша 98,5 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға аз. Әсіресе ауыр және аса ауыр қылмыстардың, ұрлық, тонау және қарақшылық фактілерінің айтарлықтай қысқарғаны байқалады.
Жүйелі профилактика, құқық қорғау үдерістерінің цифрландырылуы, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру оң нәтиже берді.

23/10/2025

🔹 Облыстық прокуратураның бастамасымен полицияның арнайы жаттығу алаңында «Болашақ» университетінің студенттеріне кісі өлтіру, пәтер ұрлығы және жол көлік оқиғасы қылмыстары бойынша оқиға орнына қарап-тексеру туралы сабақ өткізілді.

Шараға прокуратура, полиция және «Болашақ» университетінің құқықтану мамандығының студенттері қатысты.

Cтуденттерге криминалист мамандар оқиға орнындағы саусақ, аяқ іздері, қару-жарақ, құжаттар және т.б. заттарды зерттеп, қорытынды жасау туралы түсіндірмелер берді.

Бұдан басқа криминалистиканың негізгі бағыттары (трасология, баллистика, сот құжаттануы, биологиялық және химиялық сараптамалар) бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар оларға полицияның арнайы жаттығу алаңындағы заманауи технология мен жұмыс барысы таныстырылды.

#ЗАҢменТӘРТІП #ҚРПрокуратурасы #ПрокуратураРК #

Want your business to be the top-listed Government Service in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Улица Нурмакова, 1
Kyzylorda
120001

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30