22/05/2026
https://t.me/zakonkz/82416
Казахстан стал единственной страной в Центральной и Восточной Азии, получившей статус свободной от ящура
Zakon.kz - Новости Казахстана и мира
Казахстан стал единственной страной в Центральной и Восточной Азии, получившей статус свободной от ящура Такое решение приняли на 93-й Генеральной сессии Всемирно....
22/05/2026
https://t.me/prokadrykz/53472
Казахстан стал единственной страной в Центральной и Восточной Азии, получившей статус свободной от ящура
PRO КАДРЫ KZ
Казахстан получил международный статус благополучной зоны по ящуру Казахстану официально присвоили статус благополучной зоны по ящуру с вакцинацией. Решение при...
19/05/2026
Казахстан участвует в 93-й Генеральной сессии ВОЗЖ
Казахстан участвует в 93-й Генеральной сессии Всемирной организации здоровья животных, стартовавшей в Париже
19/05/2026
Қазақстан биологиялық қауіпсіздікті күшейтуде
Қазақстан биологиялық қауіпсіздікті күшейтуде
15/05/2026
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу
туралы іс-шара
ҚР АШМ ВБжҚК-нің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы 2026 жылдың 01 маусымынан бастап 2026 жылдың 13 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіледі. Талдаудың негізгі бағыты ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі: 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 31 мамырына дейін.
14/05/2026
📌 ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
ҚР АШМ ВБжҚК-нің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясында ағымдағы жылдың 13 мамыр күні жұмысқа жаңадан қабылданған мамандармен мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормалары мен заңнамада белгіленген шектеулерді түсіндіру мақсатында жеке қабылдау өткізілді.
Инспекцияның әдеп жөніндегі уәкілі Б. Базарханов жас мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін міндеттер мен жауапкершіліктер жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, жұмыс орнындағы тәртіп, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау мәдениеті, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын бірқатар шектеулерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда:
🔹 құмар ойындарға және ойын бизнесіне қатысуға жол бермеу;
🔹 кәсіпкерлік қызметпен айналыспау;
🔹 сенімгерлік басқаруға берілмеген жағдайда коммерциялық ұйымдарды басқаруға қатыспау;
🔹 сыйақылар, сыйлықтар мен материалдық игіліктер қабылдамау;
🔹 қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдаланбау;
🔹 мүдделер қақтығысына жол бермеу;
🔹 қызметтік ақпаратты жеке мақсатта қолданбау.
Жас мамандарға мемлекеттік қызметші әрдайым адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуы қажеттігі атап өтілді.
✅ Мұндай түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, қоғам сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.
13/05/2026
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы саясатты түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Семинар барысында қызметкерлерге салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыс орнында темекі шегудің алдын алу, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау және қоғам алдында үлгілі мінез-құлық танытудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шарада «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін нығайту бағытындағы жұмыстар кеңінен айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Семинар соңында ұжым қызметкерлері зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
06/05/2026
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің 04.05.2026 жылғы №17-02-09/1200-И санды хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ірі қара мал бұқашықтарын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) әкетуге 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлаймыз.
28/04/2026
📌 Жұмыс барысындағы өзекті мәселелер талқыланды
Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні ҚР АШМ ВБжҚК-нің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ерсултан Амантаевич Апетовтің төрағалығымен облыстық, қалалық және аудандық инспекция мамандарының қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
🔹 2026 жылға арналған жоспарлы ветеринариялық іс-шаралардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы;
🔹 Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мұқияттылық танытып, ақпаратты уақытылы ұсыну;
🔹 Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді Е-өтініш ақпараттық жүйесінде белгіленген мерзімде тіркеп, заң талаптарына сәйкес жауап беру;
🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу;
🔹 “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сенбіліктерге белсенді қатысу.
Жиналыс барысында мамандар тарапынан көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, тиісті жауаптар берілді.
Осындай жиындар жұмыс сапасын арттырып, алдағы міндеттердің жүйелі орындалуына серпін береді.