Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Share

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

03/06/2026

ӨҢІРДІҢ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірдің мұнай-газ саласын дамыту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы компанияның және оның еншілес ұйымдарының облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзіндік орнын ерекше атап өтті.
«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында бірқатар ауқымды жұмысты жүзеге асырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да тиімді әріптестік негізінде маңызды жобаларды бірлесіп іске асырып, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз деп сенемін, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Кездесуде компанияның әлеуметтік жауапкершілік аясында атқарған жұмыстары жоғары бағаланды. Атап айтқанда, «Қазгермұнайдың» демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге салынған «Оқушылар сарайы» бүгінде балалар игілігіне қызмет етуде.
Бұдан бөлек, мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық жобалар жайы талқыланды. 2022 жылы өңірдегі ірі мұнай компаниялары мен Энергетика министрлігі арасында «Қазгермұнай» компаниясының «Оңтүстік Ақсай» кен орнындағы шикі газ өңдеу зауытына дейін газ құбырын жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.
Қазір «Казпетрол Груп» және «Тұзкөл Мұнайгаз Оперейтинг» серіктестіктері құбыр құрылысын аяқтап, газ жеткізуді бастаған. Бұл өңделетін газ көлемін арттырып, өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 03/06/2026

Басқармаға қарасты Оңалту орталығында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының психолог мамандары қызмет алушылармен арт-терапия және психологиялық тренинг өткізді.

Өзін-өзі тануына бағытталған түрлі жаттығулар мен арт-терапиялық жұмыстар тренингке қатысушылардың ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
#Арнаулыәлеуметтікқызмет
#Әлеуметтікпсихологиялықбағыт

03/06/2026

«ПАРЫЗ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс.
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы – конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысатын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Конкурс лауреаттары атақтары "шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі", "ірі кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі:
1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.;
2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады;
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурсқа қатысу тегін болып табылады.
Үміткерлер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға міндетті.
Бағдарламалар және олардың жобалары өз бетінше және/немесе жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік сипатында және әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы қажет.
Әлеуметтік жауапкершілік бәсекелестікті арттыруға бағытталуы тиісті.
Конкурсқа келесі үміткерлер қатыса алады, яғни:
1) қызметін 3 жылдан астам уақыт жүзеге асырған;
2) жойылу сатысында емес, банкроттық деп танылмаған;
3) еңбек заңнамасының бұзылуына жол берілмеуі керек, оның ішінде жалақыға және жұмысшыларға төленетін өзге де төлемдер бойынша қарызының болмауы қажет;
4) жұмысшыларымен ұжымдық-еңбек даулары болмауы қажет;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдардың іс-әрекетін қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық шараларды жүзеге асырған;
6) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдегі ақпараттар шынайы көрсетілген, сонымен қатар құжаттарын толық көлемде тапсырған.
Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын hr.enbek.kz сайты арқылы тапсырады.
Соңғы екі жыл ішінде лауреат болған номинация бойынша қайтадан қатыса алмайды.
Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады:
Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.
☆☆☆☆☆
Приглашаем принять участие в конкурсе «Парыз»
«Парыз» - ежегодный конкурс корпоративной социальной ответственности с целью формирования и продвижения принципов корпоративной социальной ответственности частного бизнеса в Казахстане и поощрения их к внедрению лучшего образования в этой области.
Согласно Указу Президента Республики Казахстан от 23 января 2008 года №523 «О конкурсе «Парыз» по корпоративной социальной ответственности организаторами являются Министерство труда и социальной защиты, Национальная экономическая палата Казахстана, Атамекен и Федерация профсоюзов Казахстана.
Конкурс, в котором принимают участие субъекты частного предпринимательства, проводится на региональном и республиканском уровнях.
Звания лауреатов конкурса присуждаются в категориях «Субъект малого и среднего предпринимательства», «Субъект крупного предпринимательства» по следующим номинациям:
1) «Лучшее социально ответственное предприятие». В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, реализующих социальные программы, направленные на поддержку собственного персонала (организация оплаты труда и социальных выплат, охраны труда, системы профессиональной подготовки и переподготовки кадров и так далее);
2) «Лучшее предприятие в области охраны труда». В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, создающих условия труда, позволяющие сохранить здоровье работников в процессе трудовой деятельности;
3) «Лучший коллективный договор». В данной номинации рассматриваются коллективные договоры, значительно улучшающие и укрепляющие трудовые и социальные права работников, предусмотренные законодательством РК;
4) «За вклад в экологию». В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, значительно отличившихся в реализации природоохранных (экологических) программ, направленных на улучшение состояния окружающей среды.
Участие в конкурсе является бесплатным.
Претенденты должны представить свои социальные программы, направленные на улучшение благосостояния общества в целом и работников субъекта частного предпринимательства в частности, подтверждающие их корпоративную социальную ответственность.
Программы и их проекты включают мероприятия, которые осуществляются претендентами самостоятельно и/или в партнерстве с институтами гражданского общества и местными исполнительными органами и направлены на достижение позитивных изменений в социальной сфере.
Социальная ответственность должна повышать конкурентоспособность.
К участию в конкурсе допускаются претенденты, которые:
1) осуществляют деятельность не менее трех лет;
2) не находятся в стадии ликвидации, не признаны банкротом;
3) не имеют не устраненных нарушений трудового законодательства, в том числе просроченную задолженность по заработной плате и другим выплатам работникам;
4) не имеют коллективно-трудовых споров с работниками;
5) осуществляют социальную и благотворительную деятельность на территории Республики Казахстан, которая не должна быть направлена на поддержку политических, профсоюзных и религиозных организаций;
6) в заявке на участие в конкурсе указали достоверные сведения, а также в полном объеме представили документы.
Для участия в конкурсе претенденты подают документы конкурса через сайт hr.enbek.kz:
Не допускается повторное выдвижение на соискание звания лауреата конкурса в течение двух лет после получения этого звания в определенной номинации.
Подробную информацию и консультацию можно получить по следующему адресу:
Управление координации занятости и социальных программ Кызылординской области, расположенном по адресу: г.Кызылорда, ул.Бекзатхан Аскара, №47 каб. № 212, тел. 26-38-20 или по месту жительству в отделах координации занятости и социальных программ районов и г. Кызылорда.

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 03/06/2026

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР МҮМКІНДІКТЕРІ САРАЛАНДЫ
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «China State Construction Engineering Corporation» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл – әлемдегі жетекші құрылыс және инфрақұрылымдық компаниялардың бірі.
Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Қазір экономикалық қызметтің 18 басым түрі айқындалған. Атап айтқанда, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр жабдықтарын шығару, логистика және қоймалау, химия өнеркәсібі, автокөлік және авиациялық техника өндірісі сияқты бағыттар бар.
Сонымен қатар Қызылорда облысында индустриялық инфрақұрылымды дамытуда нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыста жалпы көлемі 515 гектардан асатын 6 индустриялық аймақ жұмыс істейді, оларда 112 млрд теңгенің 37 жобасы іске қосылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Өндіріс» индустриялық аймағында құрылыс материалдары, шыны өндірісі, керамика және өнеркәсіптік өнім шығару жобалары нәтижелі жүзеге асуда.
Кездесуде тараптар индустриялық парктер салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, өндірістік және логистикалық нысандарды жандандыру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Өзара тиімді әріптестікті дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі жалғастыру жоспары нақтыланып, аталған компания өкілдері Сыр өңіріне іссапармен келуге ниет білдірді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 02/06/2026

Бүгін А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүгедектігі бар балалар арасында «Өнерім саған, Қазақстан!» атты байқау өткізілді.
Іс-шараны басқарма басшысының орынбасары Ж. Даулетбаева ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Қызылорда қаласы және Қазалы, Қармақшы Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарынан келген қатысушылар ән айту, өлең оқу, сурет салу, би жанры бойынша өнер көрсетіп, жүлделі орындарын иеленіп, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 02/06/2026

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ерегешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет басшысы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірісте жарақаттанудың алдын алу және қызметкерлер құқықтарын қорғаудың маңызына тоқталып, орталық мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Мемлекет басшысы биылғы сәуір айында қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін қамтитын заңға қол қойған болатын. Алдағы уақытта еңбек заңнамасына түзетулер енгізіледі деп күтілуде. Бұл бастамалардың барлығы еңбек қауіпсіздігін күшейтуге және азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға бағытталған.
Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай нақты тапсырмалар берілді.
Аймақ басшысы елді мекендерді газдандыру жобаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктерін зерделеу, бір ай мерзімде нақты ұсыныстар әзірлеу керек.
Мәжілісте өндірістік және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, еңбеккерлер құқықтарының қорғалуы барлық деңгейдегі басшылардың тікелей жауапкершілігі екені ескертілді.
Санитарлық тазалық, атап айтқанда Белкөл кентіне жақын орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы жағдайды үш күн ішінде реттеу жауапты мекемелерге тапсырылды. Демалыс парктері, балалар ойын алаңдары, жол бойы мен көрнекі ақпараттың жай-күйін жақсарту, тазалықты тұрақты бақылау міндеттелді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 02/06/2026

ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Марат Құрманбаевты әріптестері құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.
Аймақ басшысы Марат Ердәулетұлының мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбек жолына тоқталып, өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
«Аймағымыздағы әскери бөлімдердің инфрақұрылымы жаңартылып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүйеленді. Бұл жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырудағыМарат Ердәулетұлының өзіндік қолтаңбасынерекше атап өтуіміз қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Құрманбаев Марат Ердәулетұлы еңбек жолын өндіріс саласында бастап, кейін қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік басқару жүйесінде жауапты қызметтер атқарды.
2013-2024 жылдары Қызылорда және Жамбыл облыстары бойынша экология департаментін, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды. 2024 жылдан бері облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметінде болды.
Облыстық экология департаментін басқарған кезеңде қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемақылар есебінен бюджетке жоспардан тыс 64 млрд теңгеден астам қаржы түсуіне ықпал етті.Құқық қорғау және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесі жаңартылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес жаңғыртылды.
Соңғы жылдары Арал және Жалағаш аудандарындағы қорғаныс бөгеттері қалпына келтіріліп, тұрғындарды төтенше жағдай туралы дер кезінде хабардар ету мақсатында 124 елді мекенде сиреналық қосылу құрылғылары орнатылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары тіркелген елді мекендер залалсыздандырылды.
Басқосуда Марат Ердәулетұлына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, дәстүрге сай құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ аймақ басшысы 2024 жылдан бері «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Зияш Қияқбаевқа басқа қызметке ауысуына байланысты алғыс білдіріп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының шешімімен «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалған Ерсейіт Жолмырзаұлы Қайыпов таныстырылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 02/06/2026

Бүгін Қызылорда облысы әкімінің 26.07.2023 жылғы №149-ө өкімімен бекітілген Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссияның қарауына тауарларды және жеке көмекшінің қызметтерін берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу бойынша келіп түскен өнім берушілердің өтінімдері қаралып, шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар, комиссия мүшелеріне қолданыстағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы №285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 жылғы №180 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже бойынша түсіндірме беріліп, осы қағидаларға енгізілуі жоспарланған жобалар таныстырылды.
#Заңментәртіп

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 01/06/2026

ТЫНЫҒУ ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ МАУСЫМЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде Президент паркі аумағында жаңадан ашылған «AI-Kerim» оқу-сауықтыру орталығында жазғы тынығу лагерлерінің маусымы салтанатты түрде ашылды.

Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысып, жас өрендерді мерекемен және маусымның ресми ашылуымен құттықтады.

«Бала – отбасының бақыты, мемлекеттің – болашағы. Ел ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан балалардың дені сау, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуы – мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі.​​​​​
Президентіміз балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына ерекше мән беріп, сапалы білім алуына, шығармашылық қабілетін шыңдауға, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруға тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
Кейінгі жылдары біздің аймағымызда білім беру, мәдениет, спорт және қосымша білім беру ұйымдарының саны артты. Алда сіздерді қызықты кездесулерге, танымдық іс-шараларға, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқауларға толы жарқын жаз күтіп тұр. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, көтеріңкі көңіл-күй мен толайым жетістіктер тілеймін!» – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Бүгін облыстағы тоғыз лагерь бір мезетте өз жұмысын бастап, мыңдаған баланы қабылдады.
Мемлекет басшысының қолдауымен салынған «AI-Kerim» оқу-сауықтыру лагері материалдық-техникалық базасы мен білім беру мүмкіндіктері жағынан елімізде баламасы жоқ, бірегей орталықтың қатарында. Мұнда робототехника, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, инженерлік жобалау, IT-технологиялар және басқа да инновациялық үйірмелер жұмыс істейді. Бұл балалардың болашақ мамандықтарына қызығушылығын арттырып, жаңа технологияларды меңгеруіне жол ашады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Photos from Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы's post 01/06/2026

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЕСІРТКІ НАСИХАТЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Ведомствоаралық жиында нашақорлықтың, есірткі қылмысының және интернет кеңістігіндегі есірткі насихатының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, интернет кеңістігіндегі есірткі насихатына қарсы мониторингті күшейту, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалардағы заңсыз контентке жедел әрекет ету керек. Сондай-ақ есірткі таратудың жаңа арналарын анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық шараларды жандандыру міндеттелді.
Отырыста жастар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, тәуекел топтарымен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттігі сөз болды. Бұл бағыттағы шаралар Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің тұрақты бақылауында.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер де қарастырылды. Есірткіні, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта қолдану, масаң күйде көлік басқару мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық ретінде танылады. Ал жұмыс орнына масаң күйде келу, медициналық куәландырудан бас тарту қызметтен босатуға негіз болады.
Жазғы демалыс маусымында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Осыған байланысты демалыс орындарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілмек. Талапқа сай емес нысандардың қызметін шектеу, жол-көлік қауіпсіздігін күшейту және жазатайым оқиғалардың алдын алуда түсіндірме жұмысын жүргізу тапсырылды.
Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта қадағалау үшін рейдтік іс-шаралар өткізу, қоғамдық қауіпсіздік назардан тыс қалмауы тиіс.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Want your business to be the top-listed Government Service in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Бекзатхан Аскар 47
Kyzylorda
120014

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00