18/06/2020
Ағымдағы жылы 17 маусымнан бастап Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен Орал қаласының «ВодоЭкоФильтр» ЖШС-нің тиісті мамандарымен елді-мекендердегі су тазарту қондырғыларының техникалық жағдайына зерделеу жұмыстары басталды. Су тазарту қондырғыларындағы су тазарту сүзгілері мен су тазалау жүйесі, су насостары мен қосымша құрал жабдықтарға тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен ақаулық тізімдемелер мен сметалық құжаттамалар жасақталатын болады.
17/06/2020
Аудан тұрғындары үшін Махамбет ауданы әкімдігі мен Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сұранысына сәйкес, «Махамбет - Атырау - Махамбет» бағытында және «Махамбет – Сарытоғай – Махамбет» бағытында жолаушылар мен багаж тасымалдау қызметін субсидиялауға қаражат бөлініп, қазіргі таңда Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арықылы аталған бағытта тұрақты тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс ұйымдастырылуда.
Өткен жылы аталған қызметті субсидиялауға қажетті қаржы көлемі бөлініп, конкурс өткізілгенге дейін, аудан тұрғындарының сұранысына сәйкес және аудан әкімі Ж.Ахметовтың тікелей қолдауымен 2019 жылы 10 қазаннан бастап «АлиТрансЛайн» ЖШС-гі өзінің 45 орындық «KIA» маркалы автобусымен Махамбет-Атырау-Махамбет бағытында уақытша жолаушыларды тасымалдау жұмысын бастаған болатын. Алайда өткен жылы жолаушылар тасымалы қызметін субсидиялауға мүмкіндік болмаған соң, кәсіпкер үшін тиімсіз болғандықтан кейін өз қызметін тоқтатқан болатын.
Конкурс аяқталып, конкурс қорытындысына сәйкес жеңімпаз анықталған соң тиісті жұмыстар жалғасатын болады.
17/06/2020
Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылы мамыр айында Махамбет ауданындағы Жайық өзені арқылы өтетін ұзындығы 8030 метр болатын көпір өткелінің астындағы тірек топырағы жаңбырдың ағынды суы салдарынан желініп жаяу жүргіншілер жолының асфальт жабындысы ойылып түсіп кеткен болатын.
Жалпы көпір өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталып, сол жылы пайдалануға берілген. Тапсырыс беруші Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болса, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС-гі.
Махамбет ауданы әкімдігі аталған мәселені дереу өз бақылауына алып, тиісті шаралар қабылдаған болатын. Мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС-не кепілдемеге сәйкес ақауларды қалыпқа келтіру жөнінде бірқатар талаптар қойылып, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің үнемі қадағалауымен күні бүгінде көпірдегі ақаулары толық қалыпқа келтіріліп, қосымша суағарлар салынып, тірек топырақтары қосымша бетон плиталарымен қапталды. Қазіргі таңда көпірдің техникалық жағдайы бірқалыпты, қауіпсіз жағдайда.