ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Public & Government Service, пр. Кабанбай Батыра, 32/1, Nur-Sultan.

Photos from ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті's post 14/05/2026

🔸️Ақтөбе – Ұлғайсын автожолындағы қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда стратегиялық маңызы бар және Ақтөбе облысының аумағы арқылы өтетін Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды және ол 7 дербес учаскеге бөлінген.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары ұзындығы 28,1 шақырым болатын учаскеде жүргізілуде. Жоба 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылады. 2025 жылдан бастап аталған учаскеде асфальтбетон жабыны төселген жолдың бір жағымен қозғалыс ашылды.

Нысанға 102 бірлік техника мен 115 қызметкер тартылған. Жұмыстардың жалпы көлемінің шамамен 40%-ы орындалды: негізгі жер жұмыстары аяқталды, жасанды құрылыстар салынды, жол қабаттарының көп бөлігі төселді, қажетті құрылыс материалдары дайындалды, сондай-ақ өндірістік базалар пайдалануға берілді. Осы учаскедегі жұмыстарды толық аяқтау 2028 жылдың соңына жоспарланған.

Жолдың 234 шақырымды құрайтын негізгі бөлігі реконструкция жұмыстарына дайындық кезеңінде тұр. Қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалып, осы учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен басталады.

Реконструкциялаудың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін жол I техникалық санатқа сәйкес болады, бұл неғұрлым жайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағытты дамыту Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда, өйткені жоба Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінің көліктік байланысын, сондай-ақ елдің халықаралық транзиттік әлеуетін дамыту үшін маңызды мәнге ие.

09/05/2026

🔹️ 9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!

07/05/2026

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

06/05/2026

🔹️Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 7 мамыр мерекесіне орай Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлері Хасенов Нұртілекті “Үздік жолшы” төсбелгісімен, ал Казбеков Ерланды "Құрмет грамотасымен" марапаттады.

Бұл — олардың кәсіби біліктілігіне, жауапкершілігіне және салаға сіңірген көпжылдық еңбегіне берілген лайықты баға. Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз және адал еңбектері үшін алғыс білдіреміз.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жаңа жетістіктер мен жұмыста табыс тілейміз.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

_____

🔹️В честь праздника 7 мая министр транспорта Нурлан Сауранбаев наградил сотрудников Комитета: Нуртлека Хасенова — нагрудным знаком «Үздік жолшы», а Ерлана Казбекова — "Почётной грамотой".

Это заслуженная оценка их профессионализма, ответственности и многолетнего труда, вложенного в развитие отрасли. Мы гордимся нашими коллегами и благодарим их за преданность своему делу.

Желаем вам крепкого здоровья, семейного благополучия, новых достижений и успехов в работе.
Поздравляем с заслуженными наградами!

04/05/2026

🔷 Қазақстанда автожолдар саласындағы нормативті - техникалы құжаттар жаңартылуда

Қазақстанда жол саласын реттейтін нормативтік база түбегейлі жаңартылып жатыр. Бұл процесс енді тек жоспар деңгейінде емес нақты іске асыру кезеңіне өтті.

Жаңарту жұмыстары 2024–2029 жылдарға арналған автожол саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылып, автомобиль жолдарының сенімділігіне, қауіпсіздігіне және толық өмірлік цикліне бағытталған заманауи реттеу жүйесін қалыптастыруға негізделген.

2023 жылдан бері жүргізілген талдау барысында 1200-ден астам нормативтік құжат зерттеліп, олардың едәуір бөлігі қазіргі талаптарға сай келмейтіні анықталды. Соның нәтижесінде кейбірі қайта қаралып, бірқатары мүлде жойылуда. Қазірдің өзінде 125 ескірген құжат күшін жойды.

Қазірдің өзінде 2026 жылға арналған жұмыстар аясында 5 ұлттық стандарт пен 9 салалық құжат дайындалып жатыр. Олар жол құрылысына жаңа материалдарды енгізу, жол жамылғыларын күтіп-ұстау, көпірлерді дамыту және экологиялық талаптарды күшейту бағыттарын қамтиды.

***

🔷 В Казахстане обновляются нормативно-техническая документация в области автодорог

В рамках «Дорожной карты по реформированию нормативной базы автодорожной отрасли на 2024-2029 годы» направленное на формирование современной системы регулирования, ориентированной на надежность, безопасность и полный жизненный цикл автодорог, в Казахстане проводится обновление национальных стандартов.

Необходимость масштабного обновления нормативной базы подтверждается результатами комплексных исследований, начатых в 2023 году. В рамках проведённого анализа изучено свыше 1200 действующих нормативно-технических документов, по итогам которого установлено, что значительная их часть не отвечает современным требованиям и подлежит пересмотру либо отмене. На текущий момент уже отменено 125 устаревших НТД.

В 2026 году ведется разработка 5 национальных стандартов и 9 ведомственных нормативных документов. Они охватывают приоритетные направления, включая применение геосинтетических материалов, ремонт и содержание асфальтобетонных и цементобетонных покрытий, развитие мостовых сооружений, а также экологические аспекты дорожного строительства.

01/05/2026

🔹️1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
🔹️ С 1 мая, с Днем единства народа Казахстана!

30/04/2026

🔹️ Жол жұмыстарының түрлерін ажырата білу — инфрақұрылымды дамыту жолында нақты қандай жұмыс атқарылып жатқанын ажыратуға көмектеседі. Бұл видеоны көру арқылы «жөндеу» мен «күтіп ұстаудың» айырмашылығын түсініп, жол қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын азаматқа айналыңыздар.

🔹️Умение различать виды дорожных работ помогает понять, какие именно меры принимаются для развития инфраструктуры. Посмотрев это видео, вы узнаете разницу между "ремонтом" и "содержанием" дорог, что позволит вам стать сознательным гражданином, неравнодушным к безопасности на дорогах.

Photos from ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті's post 30/04/2026

🔷Казахстан может внедрить дроны для контроля качества автодорог

В Казахстане протестировали беспилотник нового поколения для мониторинга состояния автомобильных дорог. Демонстрация возможностей дрона DJI Matrice 400, оснащённого лазерным лидаром, прошла на участке трассы областного значения Акмол – Воздвиженка – Талапкер. Новое решение предназначено для автоматизированного выявления дефектов дорожного полотна.
Технологическая база устройства позволяет значительно ускорить процесс инспекции. Использование LiDAR и mmWave-радара дает возможность сканировать поверхность и фиксировать неровности или повреждения в режиме реального времени.
Процесс сбора данных максимально автоматизирован. Оператору достаточно задать область полета, после чего дрон самостоятельно выстраивает маршрут. Система поддерживает технологию передачи данных O4 Enterprise Enhanced, обеспечивая стабильную связь и работу с современным программным обеспечением, включая элементы искусственного интеллекта: доступны функции интеллектуального обнаружения, видимой и тепловизионной съемки, а также AR-визуализации.
Это позволяет эффективно работать в сложных метеоусловиях и при плохой видимости. Кроме того, оборудование адаптировано к сильному ветру, что особенно важно для открытых степных регионов.
Внедрение подобных технологий рассматривается как стратегический шаг для повышения безопасности движения и улучшения качества автодорог. Ранняя диагностика повреждений позволит устранять дефекты до того, как они станут критическими.
В настоящее время рассматривается возможность применения данной технологии для комплексной диагностики состояния автодорог с автоматическим выявлением дефектов и оценкой их объемов.

25/04/2026

"Таза Қазақстан" акциясы

Photos from ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті's post 25/04/2026

Бүгін Автомобиль жолдары комитетінің ұжымы «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілікке қатысты. 🌿
Қызметкерлер қала тазалығына өз үлестерін қосып, аумақты ретке келтіруге атсалысты. 🌍
Сенбілік барысында 30 қап қоқыс жиналды. 🧹
Мұндай шаралар қаланың тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға көмектеседі. 🌱

Сегодня коллектив Комитета автомобильных дорог принял участие в общегородском субботнике в рамках акции «Таза Қазақстан». 🌿
Сотрудники привели в порядок территорию и внесли свой вклад в чистоту города. 🌍
В ходе субботника было собрано 30 мешков мусора. 🧹
Такие мероприятия помогают поддерживать чистоту и формируют бережное отношение к окружающей среде. 🌱

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


пр. Кабанбай Батыра, 32/1
Nur-Sultan

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:30
Tuesday 08:00 - 17:30
Wednesday 08:00 - 17:30
Thursday 08:00 - 17:30
Friday 08:00 - 17:30