Ғылым қорының қолдауымен Connected Home Ltd. компаниясы ғимараттардың инженерлік және тұрмыстық жүйелерін автоматтандыруға арналған Wallee контроллері мен бағдарламалық қамтылымын әзірлеп, «Ақылды үй» экожүйесіне енгізді.
Жоба аясында микроконтроллер мен бағдарламалық шешім оңтайландырылып, бірыңғай платформа арқылы үйдегі қауіпсіздік, жайлылық және құрылғыларды қашықтан басқару мүмкіндігі күшейтілді.
Wallee жүйесі пәтерлер мен жеке үйлердің иелеріне тұрғын үй жағдайын бақылауға, су ағуы, электр құрылғылары, қауіпсіздік және ауа сапасы бойынша дер кезінде ақпарат алуға мүмкіндік береді. Шешім Zigbee және Modbus сияқты стандартты протоколдарды қолдайды, сценарийлік басқару мен автоматтандыру функцияларымен ерекшеленеді.
Бүгінде өнім нақты пайдалану жағдайында, соның ішінде пилоттық және коммерциялық нысандарда жұмыс қабілеттілігін растады. Сонымен қатар өндіріс іске қосылып, дайын өнімді өткізу арналары қалыптастырылды.
Жоба отандық smart home технологияларын дамытуға, қолжетімді әрі ыңғайлы автоматтандыру шешімдерін кеңінен енгізуге және технологиялық өнімдердің нарықтағы әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
〰️〰️〰️〰️〰️〰️
При поддержке Фонда науки компания Connected Home Ltd. разработала и внедрила контроллер Wallee с программным обеспечением для автоматизированного управления инженерными и бытовыми системами зданий.
В рамках проекта был создан технологический продукт, интегрированный в экосистему «Умный дом». Решение позволяет объединить управление безопасностью, комфортом и домашними устройствами в рамках единой программной платформы.
Система Wallee помогает владельцам квартир и частных домов контролировать состояние жилья, своевременно получать информацию о протечках, работе электроприборов, безопасности и качестве воздуха. Контроллер поддерживает стандартные протоколы Zigbee и Modbus, а также функции сценарного управления и автоматизации.
На сегодняшний день работоспособность решения подтверждена в реальных условиях эксплуатации, включая пилотные и коммерческие объекты. Также Налажено производство и установлены каналы реализации готовой продукции
Проект способствует развитию отечественных smart home технологий, расширению доступных решений для автоматизации жилья и укреплению позиций казахстанских технологических продуктов на рынке.
АО "Фонд науки"
Содействие развитию приоритетных, инициативных и опытно–конструкторских работ. Оператор по грантовому финансированию.
Содействие развитию приоритетных, инициативных, рисковых исследований и опытно–конструкторских работ
03/06/2026
📢 « Зияткерлік меншік ЕАЭО елдеріндегі бизнесті және экономиканы дамыту құралы ретінде » халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз
2026 жылғы 15 маусымда Бішкек қаласында Халықаралық лицензиялау қоғамы ұйымдастыруымен, Ғылым қоры мен Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің қолдауымен халықаралық конференция өтеді.
Конференция зияткерлік меншікті қорғау, басқару және коммерцияландырудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ оның ЕАЭО елдеріндегі инновацияларды, бизнесті және экономиканы дамытудағы рөлін талқылайтын алаңға айналады.
Қатысушылардың назарындағы негізгі тақырыптар:
▫️ өңірлік нарықта тауар белгілері мен брендтерді қорғау;
▫️ технологияларды лицензиялау және инвестициялар тарту;
▫️ патенттік қорғау және халықаралық нарықтарға шығу;
▫️ университеттік және өнеркәсіптік әзірлемелерді коммерцияландыру;
▫️ цифрлық ортадағы контрафактілік өнімдер мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл;
▫️ жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, патенттік ведомстволардың, ғылыми және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ зияткерлік меншік саласының жетекші сарапшылары қатысады.
Конференцияға қатысу – ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік меншіктің қазіргі даму үрдістерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
📍 Бішкек, Қырғыз Республикасы
📅 2026 жылғы 15 маусым
Тіркелу: https://conference.les-russia.org/
📢 Приглашаем принять участие в международной конференции «Интеллектуальная собственность как инструмент роста бизнеса и экономики в странах ЕАЭС»
15 июня 2026 года в Бишкеке состоится международная конференция, организованная МОО «Лицензионное общество» при поддержке Фонда науки и Министерства науки, высшего образования и инноваций Кыргызской Республики.
Конференция станет площадкой для обсуждения актуальных вопросов защиты, управления и коммерциализации интеллектуальной собственности, а также ее роли в развитии инноваций, бизнеса и экономики стран ЕАЭС.
В центре внимания участников:
▫️ защита товарных знаков и брендов на региональном рынке;
▫️ лицензирование технологий и привлечение инвестиций;
▫️ патентная защита и выход на международные рынки;
▫️ коммерциализация университетских и промышленных разработок;
▫️ противодействие контрафакту и нарушениям в цифровой среде;
▫️ интеллектуальная собственность в эпоху искусственного интеллекта.
В мероприятии примут участие представители государственных органов, международных организаций, патентных ведомств, научного и бизнес-сообщества, а также ведущие эксперты в сфере интеллектуальной собственности.
Участие в конференции — это возможность обсудить современные тенденции развития интеллектуальной собственности в странах ЕАЭС, обменяться опытом и установить новые профессиональные контакты.
📍 Бишкек, Кыргызская Республика
📅 15 июня 2026 года
Регистрация: https://conference.les-russia.org/
02/06/2026
📢 Онлайн-вебинар: «Зияткерлік меншік: бизнестің табысты дамуы үшін қорғаудың кейбір аспектілері»
«Ғылым қоры» АҚ зияткерлік меншік саласындағы «Городисский және Партнёрлер» халықаралық заң фирмасымен бірлесіп ұйымдастырылатын вебинарға шақырады.
Вебинар барысында:
▫️ Патенттік ақпараттың рөлі және патенттік ізденістердің түрлері;
▫️ Қазақстан, Ресей және Еуразиялық патенттік жүйелердің салыстырмалы талдауы;
▫️ Мемлекеттік тізілімдегі мәліметтерді өзектендіру және коммерцияландыру шарттарын тіркеу мәселелері қарастырылады.
🎙 Спикерлер:
▪️ Юрий Кузнецов — Ресей және Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілі, патенттік практика жетекшісі (Мәскеу)
▪️ Владимир Башкиров — Ресей және Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілі, патенттік зерттеулер бөлімінің басшысы (Мәскеу)
▪️ Арман Сауғанбаев — ҚР патенттік сенім білдірілген өкілі, Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілі (Қазақстан)
📅 Күні: 2026 жылғы 8 маусым
🕒 Уақыты: 15:00 (Астана уақыты)
💻 Форматы: онлайн
🔗 Тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfi_Tg6aUJUk88fQ34wg6I7TvaHN7zd_gmqiNcaAtl72ngkig/viewform
📞 Байланыс телефоны:
+7 (7172) 57 50 22
📧 E-mail:
[email protected]
📢 Онлайн-вебинар: «Интеллектуальная собственность: некоторые аспекты охраны для успешного развития бизнеса»
АО «Фонд науки» приглашает на онлайн-вебинар, организованный совместно с международной юридической фирмой в сфере интеллектуальной собственности «Городисский и Партнёры».
В рамках вебинара будут рассмотрены:
▫️ Роль патентной информации и виды патентных поисков;
▫️ Сравнительный анализ систем патентования Казахстана, России и Евразийской патентной системы;
▫️ Актуализация сведений в государственном реестре и регистрация договоров коммерциализации.
🎙 Спикеры:
▪️ Юрий Кузнецов — Российский и Евразийский патентный поверенный, руководитель патентной практики (Москва)
▪️ Владимир Башкиров — Российский и Евразийский патентный поверенный, начальник отдела патентных исследований (Москва)
▪️ Арман Сауганбаев — патентный поверенный РК, Евразийский патентный поверенный (Казахстан)
📅 Дата: 8 июня 2026 года
🕒 Время: 15:00 (по времени Астаны)
💻 Формат: онлайн
🔗 Ссылка для регистрации:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfi_Tg6aUJUk88fQ34wg6I7TvaHN7zd_gmqiNcaAtl72ngkig/viewform
📞 Контактный телефон:
+7 (7172) 57 50 22
📧 E-mail:
[email protected]
Қазақстанның химия өнеркәсібі импортты алмастыруға ықпал ететін жаңа бәсекеге қабілетті технологиялық шешіммен толықты
Қазақстанда аммоний бифторидін өндіру технологиясы енгізілді. Жоба Ғылым қорының қолдауымен «Chemical Engineering» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Аталған технология өндірісте қолданылатын анағұрлым агрессивті материалдарды алмастыруға және технологиялық үдерістің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда химиялық реагент өндіретін өндірістік желі іске қосылып, дайын өнім нарыққа шығарылды және табысты коммерцияландырылуда. Өнім мұнай-газ саласында ұңғымаларды жөндеу және олардың өнімділігін арттыру мақсатында қолданылады.
Сонымен қатар технология отандық әзірлемелерді пайдалануға арналған лицензиялық келісімдер арқылы да табысты коммерцияландырылып келеді. Бұдан бөлек, сұйық реагент өндіру технологиясын жетілдіруге бағытталған жаңа патент алуға өтінім берілді.
Казахстанская химическая промышленность оснащена новым конкурентоспособным технологическим решением, способствующим импортозамещению.
В Казахстане внедрена технология производства бифторида аммония. Проект реализуется ТОО «Chemical Engineering» при поддержке Фонда науки. Данная технология позволяет заменить более агрессивные материалы и повысить экологическую безопасность производственного процесса.
На данном этапе налажена производственная линия по выпуску химического реагента, готовая продукция выведена на рынок и успешно монетизируется. Продукция применяется в нефтегазовой отрасли при ремонте и повышении производительности технологических скважин.
Наряду с этим технология успешно коммерциализуется за счет лицензионных соглашений на использование отечественных разработок. Также подана заявка на новый патент, направленный на совершенствование технологии производства жидкого реагента.
Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Dekart.ai жобасы Қазақстандағы цифрландыруды дамытудағы маңызды қадамдардың біріне айналуда. Жоба аясында AI-ассистенті бар full-stack low-code платформасы әзірленуде. Бұл шешім қосымшаларды жылдам жасауға және бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жобаның негізгі нәтижелерінің бірі - цифрлық өнімдерді әзірлеу уақытын бірнеше есеге қысқарту болды. Платформа заманауи технологияларды IT саласында тәжірибесі аз пайдаланушылар үшін де қолжетімді етеді. Ал AI-ассистент жұмысты жеңілдетіп, цифрландыру үдерісін барынша ыңғайлы етуге көмектеседі.
Dekart.ai SaaS моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл компанияларға күрделі инфрақұрылымсыз және қосымша шығындарсыз платформаны онлайн пайдалануға мүмкіндік береді. Жоба шешімнің даму әлеуеті жоғары бағаланып, «Astana Hub Ventures» тарапынан инвестиция алды. Сонымен қатар команда АҚШ-тағы «Alchemist» акселерациясынан сәтті өтіп, Pitch Day аясында бірінші орын иеленді.
Бүгінде Dekart.ai - жай ғана IT-әзірлеме емес, ауқымды деңгейде дамыту әлеуеті жоғары отандық технологиялық өнім. Шешім қазірдің өзінде «Alem.gpt» ұлттық AI-платформасының өзегі ретінде таңдалды және ҚР Премьер-Министріне, сондай-ақ шетелдік мемлекеттер өкілдерінің ресми сапарлары аясында халықаралық делегацияларға таныстырылды.
Проект Dekart.ai, реализуемый при поддержке Фонда науки, становится важным шагом в развитии цифровизации Казахстана. В рамках проекта разрабатывается full-stack low-code платформа со встроенным AI-ассистентом. Решение позволяет быстрее создавать приложения и автоматизировать бизнес-процессы.
Одним из главных результатов проекта стало сокращение времени разработки цифровых продуктов в несколько раз. Платформа делает современные технологии доступнее для пользователей без технического образования, а встроенный AI-ассистент помогает упростить работу и снизить порог входа в цифровизацию.
Dekart.ai работает по модели SaaS, что дает компаниям возможность пользоваться платформой онлайн без сложной инфраструктуры и дополнительных затрат. Проект уже получил инвестиции от «Astana Hub Ventures» с высокой оценкой потенциала развития решения. Также команда успешно прошла акселерацию «Alchemist» в США и заняла первое место на Pitch Day.
Сегодня Dekart.ai — это не просто IT-разработка, а отечественный технологический продукт с высоким потенциалом масштабирования. Решение уже выбрано в качестве ядра для национальной ИИ-платформы «Alem.gpt» и было представлено Премьер-министру РК, а также международным делегациям в рамках официальных визитов представителей зарубежных государств.
Ғылым қорының қолдауымен Black Biotechnology компаниясы органикалық және тұрақты ауыл шаруашылығына арналған табиғи қоспалардың жаңа түрлерін нарыққа шығарды.
Жоба аясында қажетті жабдықтар сатып алынып, өндірістік қуат кеңейтіліп, кәсіпорынның технологиялық базасы күшейтілді.
Бүгінде компания Алматы индустриялық аймағында орналасқан аумағы 3 мың шаршы метрді құрайтын жеке зауытқа ие. AL KARAL брендімен жануарлар мен құстарға арналған гуминді заттар негізіндегі табиғи жемдік қоспалар, сондай-ақ өсімдік шаруашылығына арналған AL KARAL Herb органоминералды тыңайтқышы өндіріледі.
Компания өнімі Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей нарығына экспортталады. Сонымен қатар Қытай, Сауд Арабиясы, БАӘ және өзге де елдердің нарығына шығу үшін сертификаттау жұмыстары жүргізілуде.
Жоба отандық биотехнологияны дамытуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және аграрлық секторда экологиялық шешімдерді ілгерілетуге ықпал етеді.
При поддержке Фонда науки компания Black Biotechnology вывела на рынок новые виды натуральных добавок для органического и устойчивого сельского хозяйства.
В рамках проекта было закуплено необходимое оборудование, расширены производственные мощности и усилена технологическая база предприятия.
На сегодняшний день компания располагает собственным заводом площадью 3 тысячи квадратных метров в Индустриальной зоне Алматы. Под брендом AL KARAL выпускаются натуральные кормовые добавки для животных и птиц на основе гуминовых веществ, а также органоминеральное удобрение AL KARAL Herb для растениеводства.
Продукция компании экспортируется в Кыргызстан, Узбекистан и Россию. Также ведется работа по сертификации для выхода на рынки Китая, Саудовской Аравии, ОАЭ и других стран.
Проект способствует развитию отечественной биотехнологии, расширению экспортного потенциала и продвижению экологичных решений в аграрном секторе.
Ғылым қорының қолдауымен «EcoSoftware» ЖШС «iDN білім беру экожүйесін оқу орнын басқаруды автоматтандырудың кешенді жүйесі ретінде дамыту» жобасын жүзеге асыруда.
iDN платформасы - білім беру үдерістерін «бір терезе» қағидаты бойынша цифрландыруға арналған отандық бағдарламалық шешім. Жүйе оқу және ғылыми қызметті, электрондық құжат айналымын, қашықтан оқытуды, талдау құралдары мен басқару мүмкіндіктерін бір ортаға біріктіреді.
Жоба аясында талдау модульдері, білім беру бағдарламаларын тіркеу, үлгерім мен сабаққа қатысуды бақылау жүйелері, сондай-ақ қабылдау науқанын сүйемелдеу және пайдаланушылармен жұмыс істеу шешімдері енгізілді. Платформа білім беру ортасында тұрақты жұмыс істеп, оқу орнының негізгі үдерістерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру отандық EdTech-шешімдердің дамуына және білім беру жүйесінің цифрлық инфрақұрылымын кеңейтуге ықпал етеді.
При поддержке Фонда науки ТОО «EcoSoftware» реализует проект «Развитие образовательной экосистемы iDN как комплексной системы автоматизации управления учебным заведением».
Платформа iDN представляет собой отечественное программное решение для цифровизации образовательных процессов по принципу «одного окна». Система объединяет учебную и научную деятельность, электронный документооборот, дистанционное обучение, аналитику и инструменты управления.
В рамках проекта внедрены модули аналитики, регистрации образовательных программ, мониторинга успеваемости и посещаемости, а также решения для сопровождения приемной кампании и работы с пользователями. Платформа демонстрирует стабильную работу в образовательной среде и обеспечивает эффективное управление ключевыми процессами учебного заведения.
Реализация проекта способствует развитию отечественных EdTech-решений и расширению цифровой инфраструктуры системы образования.
09/05/2026
9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Бұл күн бізге бейбіт өмірдің бағасын, ел үшін жасалған ерлік пен еңбек жолының ұмытылмас маңызын еске салады.
Қан майданда Отан үшін жан аямай күрескен батыр бабаларымыздың ерлігі - бүгінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге. Олардың Отанға деген адалдығы, төзімі мен жанқиярлығы ел жадында мәңгі сақталады.
Осы тарихи мерекеге орай, әр шаңыраққа амандық, елімізге тыныштық, береке мен бірлік тілейміз. Ел іргесі берік, бейбіт күніміз баянды, келешекке бастар жолымыз ашық болсын!
Ізгі ниетпен, «Ғылым қоры» АҚ
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
пр. Тәуелсіздік, 41, БЦ «Silk Way Center», 4 этаж
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
