Ұлттық аккредиттеу орталығы РМК

Ұлттық аккредиттеу орталығы РМК

Share

Деятельность единственного органа по аккредитации в Республике Казахстан

🇰🇿 ҚР СИМ ТРМК “Ұлттық аккредиттеу орталығы” РМК ресми парағы

🇰🇿 РГП “Национальный центр аккредитации” КТРМ МТИ РК

🇰🇿 The official page of National Center of Accreditation of the Republic of Kazakhstan

02/06/2026

🤝 Аккредиттеу жөніндегі форум аясында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (ҰАО) мен Беларусь мемлекеттік аккредиттеу орталығының (БГЦА) өкілдері арасында екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар аккредиттеу органдарының қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді дамыту және жетілдіру мәселелерін талқылап, процестерді цифрландыру бойынша тәжірибе алмасты.

Аккредиттеу жөніндегі бағалаушылар мен сарапшы-аудиторларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін, оның ішінде тәжірибелік көшпелі тағылымдамаларды және мамандардың бағалау рәсімдеріне бақылаушы ретінде қатысуын қарастырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және сарапшылардың құзыреттілігін нығайтуға әрі ұлттық аккредиттеу жүйелерін жетілдіруге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
________
🤝 На полях Форума по аккредитации состоялась двусторонняя встреча представителей РГП «Национальный центр аккредитации» (НЦА) и Белорусского государственного центра аккредитации (БГЦА).

В ходе встречи стороны обсудили вопросы развития и совершенствования информационных систем, применяемых в деятельности органов по аккредитации, а также обменялись опытом в области цифровизации процессов.

Особое внимание было уделено вопросам подготовки оценщиков и экспертов-аудиторов по аккредитации, а также повышению их квалификации. Стороны рассмотрели возможности организации совместных обучающих мероприятий, включая практические выездные стажировки и участие специалистов в процедурах оценки в качестве наблюдателей.

По итогам переговоров стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества, расширении профессиональных контактов и реализации совместных инициатив, направленных на укрепление компетентности экспертов и совершенствование национальных систем аккредитации.

02/06/2026

🇰🇿 🇷🇺 Аккредиттеу форумының алаңында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (ҰАО) мен Ресей Федерациясының Аккредиттеу жөніндегі федералдық қызметі (Росаккредитация) өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ақпараттық жүйелерді дамыту, аккредиттеу процестерін цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ ынтымақтастықтың келешекті бағыттарын талқылады.

Ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру және аккредиттеу органдарының қызметінде қолданылатын цифрлық құралдарды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға, кәсіби ынтымақтастықты кеңейтуге және ұлттық аккредиттеу жүйелерін дамытуға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау нәтижелеріне деген сенімді арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
_________

🤝 На полях Форума по аккредитации состоялась двусторонняя встреча представителей РГП «Национальный центр аккредитации» (НЦА) и Федеральной службы по аккредитации Российской Федерации (Росаккредитация).

В ходе встречи стороны обсудили вопросы развития информационных систем, обмена опытом в сфере цифровизации процессов аккредитации, а также перспективные направления дальнейшего взаимодействия.

Особое внимание было уделено вопросам повышения эффективности информационного обмена и совершенствования цифровых инструментов, применяемых в деятельности органов по аккредитации.

По итогам переговоров стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем укреплении партнерских отношений, расширении профессионального сотрудничества и реализации совместных инициатив, направленных на развитие национальных систем аккредитации и повышение доверия к результатам оценки соответствия.

Photos from Ұлттық аккредиттеу орталығы РМК's post 31/05/2026

📍 2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары басшылары кеңесінің 31-отырысы өтті

🤝 Отырысқа ЕАЭО елдерінің ұлттық аккредиттеу органдарының басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты. 2026 жылы Аккредиттеу жөніндегі органдар басшылары кеңесіне Қазақстан Республикасы төрағалық етуде. Төрағалықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК жүзеге асырады.

🔍 Отырыстың негізгі тақырыбы Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық аккредиттеу жүйелері арасындағы өзара сенім тетіктерін дамыту болды. Қатысушылар ЕАЭО мемлекеттерінің аккредиттеу органдарына жүргізіліп жатқан өзара салыстырмалы бағалаулардың барысын қарастырды. Атап айтқанда, Армения Республикасының аккредиттеу органын өзара салыстырмалы бағалауды аяқтау бойынша соңғы қадамдар айқындалды. Бағалауды аяқтау ағымдағы жылдың жазына жоспарланған.

🇧🇾 Сонымен қатар Беларусь Республикасының аккредиттеу органын өзара салыстырмалы бағалауға дайындық бойынша ұйымдастырушылық мәселелер келісілді. Оның ішінде бағалаушылар тобының құрамы мен топ жетекшісінің кандидатурасы бекітілді. Бағалау іс-шараларын 2026 жылдың соңына дейін бастау жоспарлануда.

📑 Отырыс барысында тараптар Одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарын өзара салыстырмалы бағалау тәртібіне енгізілетін өзгерістерді келісті. Жаңартулар қолданыстағы тетікті іске асыру тәжірибесін ескере отырып әзірленді және бағалау рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығын одан әрі арттыруға бағытталған.

🔬 Қатысушылар ЕАЭО кеңістігінде өткізілетін зертханааралық салыстырмалы сынақтарға ұлттық аккредиттеу органдарының қатысу мәселелеріне, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударды.

✅ Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және аккредиттеу саласындағы бірыңғай тәсілдерді дамытуға дайын екендіктерін растады. Бұл сәйкестікті бағалау нәтижелеріне деген сенімді арттыруға және Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығын дамытуға ықпал етеді.
____________

📍 29 мая 2026 года в г. Астана состоялось 31-е заседание Совета руководителей органов по аккредитации государств – членов Евразийского экономического союза

🤝 В заседании приняли участие руководители национальных органов по аккредитации стран ЕАЭС и представители Евразийской экономической комиссии. В 2026 году председательство в Совете руководителей органов по аккредитации осуществляет Республика Казахстан в лице РГП «Национальный центр аккредитации» Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

🔍 Ключевой темой заседания стало развитие механизмов взаимного доверия между национальными системами аккредитации государств Союза. Участники рассмотрели ход проведения взаимных сравнительных оценок органов по аккредитации государств ЕАЭС. В частности, были определены заключительные шаги по завершению взаимной сравнительной оценки органа по аккредитации Республики Армения, окончание которой запланировано на лето текущего года.

🇧🇾 Также были согласованы организационные вопросы подготовки к проведению взаимной сравнительной оценки органа по аккредитации Республики Беларусь, включая состав группы оценщиков и кандидатуру руководителя группы. Начало оценочных мероприятий планируется до конца 2026 года.

📑 В ходе заседания стороны согласовали изменения в порядок проведения взаимных сравнительных оценок органов по аккредитации государств Союза. Обновления подготовлены с учетом практического опыта применения действующего механизма и направлены на дальнейшее повышение эффективности и прозрачности оценочных процедур.

🔬 Отдельное внимание участники уделили вопросам участия национальных органов по аккредитации в межлабораторных сравнительных испытаниях, проводимых на пространстве ЕАЭС, а также совершенствованию механизмов информационного взаимодействия между органами по аккредитации государств-членов.

✅ По итогам заседания подтверждена готовность сторон к дальнейшему укреплению сотрудничества и развитию единых подходов в сфере аккредитации, что способствует повышению доверия к результатам оценки соответствия и развитию общего рынка Евразийского экономического союза.

Photos from Ұлттық аккредиттеу орталығы РМК's post 26/05/2026
Photos from Ұлттық аккредиттеу орталығы РМК's post 21/05/2026

📢 Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған форум 2026

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК сіздерді:

«Инновациялар, сенім және тұрақтылық. Аккредиттеудің әсері»

тақырыбындағы Форумға қатысуға шақырады.

📅 Күні: 2026 жылғы 29 мамыр
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: Wyndham Garden Astana қонақ үйі, «Алтай» конференц-залы
(Астана қ., Хусейн бен Талал көшесі, 25)

Форум аясында келесі мәселелер талқыланады:
✔ саудадағы техникалық кедергілерді жоюдағы аккредиттеудің рөлі;
✔ тұтынушылар сенімін арттыру;
✔ аккредиттеу жүйесінің заманауи сын-қатерлері мен даму перспективалары.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ЕАЭО және ТМД елдерінің аккредиттеу органдарының, бизнес-қоғамдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің және аккредиттеу субъектілерінің өкілдері қатысады.

🔗 Тіркелу:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfyKj-5KTMCrmONcAX4C1AHffSgemY1FYyC8Estw8qU4Iiyiw/viewform?usp=publish-editor

_______________

📢 Форум ко Всемирному дню аккредитации 2026

РГП «Национальный центр аккредитации» Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан приглашает принять участие в Форуме на тему:

«Инновации, доверие и устойчивость. Влияние аккредитации»

📅 Дата: 29 мая 2026 года
🕒 Время: 15:00
📍 Место проведения: Отель Wyndham Garden Astana, конференц-зал «Алтай»
(г. Астана, ул. Хусейн бен Талал, 25)

В рамках Форума будут обсуждены:
✔ роль аккредитации в устранении технических барьеров в торговле;
✔ повышение доверия потребителей;
✔ современные вызовы и перспективы системы аккредитации.

В мероприятии примут участие представители государственных органов, органов по аккредитации стран ЕАЭС и СНГ, бизнес-сообщества, общественных объединений и субъектов аккредитации.

🔗 Регистрация:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfyKj-5KTMCrmONcAX4C1AHffSgemY1FYyC8Estw8qU4Iiyiw/viewform?usp=publish-editor

Photos from Ұлттық аккредиттеу орталығы РМК's post 11/05/2026

📌 «20 жаңа бағалаушы» жобасы аясында Ұлттық аккредиттеу орталығы кәсіби қауымдастықты жаңа бағалаушылар және сарапшы-аудиторлармен таныстыруды жалғастыруда.

👥 Сынақ зертханалары бойынша жаңа сарапшы-аудиторлардың қатарына «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша Қазақ инженерлік-техникалық академиясының түлегі Нығыметуллақызы Әйгерім қосылды.

📖 Әйгерім Нығыметуллақызының аккредиттеу, сәйкестікті бағалау және стандарттау саласындағы кәсіби тәжірибесі 12 жылдан асады. Еңбек жолын Ұлттық аккредиттеу орталығында бастап, аккредиттеу жұмыстарын үйлестіруге қатысты. Әр жылдары «УАЦЭС» ЖШС сынақ зертханасында, «ҚазСтИн»-да, «YDD Corporation» ЖШС Қарағанды ферроқорытпа зауытында, сондай-ақ «ҚазСтандарт» РМК-да қызмет атқарды.

⚙️ Метрология, стандарттау және нормативтік құжаттарды әзірлеу саласындағы ауқымды практикалық тәжірибесі оған сәйкестікті бағалау саласында терең кәсіби құзыреттер қалыптастыруға мүмкіндік берді.

🤝 2025 жылғы ақпан айынан бастап Әйгерім Нығыметуллақызы «Ұлттық аккредиттеу орталығында» РМК-да кәсіби қызметін жүзеге асырып, аккредиттеу жүйесін дамытуға және сәйкестікті бағалау жұмыстарының сапасын арттыруға атсалысып келеді.

_______________

📌 Национальный центр аккредитации продолжает знакомить профессиональное сообщество с новыми оценщиками и экспертами-аудиторами, в рамках проекта «20 новых оценщиков».

👥 В число новых экспертов-аудиторов по испытательным лабораториям вошла Нығыметуллақызы Әйгерім — выпускница Казахской инженерно-технической академии по специальности «Стандартизация, метрология и сертификация».

📖 Профессиональный путь Әйгерім Нығыметуллақызы насчитывает более 12 лет опыта в сфере аккредитации, оценки соответствия и стандартизации. Трудовую деятельность она начала в Национальном центре аккредитации, где принимала участие в координации работ по аккредитации. В разные годы работала в испытательной лаборатории ТОО «УАЦЭС», РГП «КазИнСт», на Карагандинском ферросплавном заводе ТОО «YDD Corporation», а также в РГП «КазСтандарт».

⚙️ Значительный практический опыт в области метрологии, стандартизации и разработки нормативных документов позволил ей сформировать глубокие профессиональные компетенции в сфере оценки соответствия.

🤝 С февраля 2025 года Әйгерім Нығыметуллақызы осуществляет профессиональную деятельность в РГП «Национальный центр аккредитации», принимая участие в развитии системы аккредитации и повышении качества работ по оценке соответствия.

09/05/2026

⚜️ 9 Мамыр — Жеңіс күні құтты болсын!

Бұл күні біз Отанды қорғауда ерлік пен батылдық танытқан ардагерлерге ерекше алғысымыз бен құрметімізді білдіреміз.

Жеңімпаз ұрпақтың жанқиярлық ерлігі әрдайым рухтың мықтылығының, бірліктің және елге деген сүйіспеншіліктің символы болып қала береді. Олардың қаһармандығының арқасында біз бейбіт өмір сүріп, келер ұрпаққа еркін елді аманат етіп келеміз.

Баршаңызға бейбіт өмір, тыныштық, амандық және тұрақтылық тілейміз.

_______________

⚜️ С 9 Мая – Днем Победы!

В этот день мы с особой благодарностью вспоминаем ветеранов и всех, кто проявил мужество и самоотверженность, защищая Родину.

Подвиг поколения победителей навсегда останется символом силы духа, единства и любви к своей стране. Благодаря их героизму мы живём под мирным небом и сохраняем свободу для будущих поколений.

Желаем всем мира, спокойствия, благополучия и уверенности в завтрашнем дне.

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


г. Астана, пр. Кабанбай батыра, д. 17, блок Е, этаж 9
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30