Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан

Share

Казахстан, г.Астана, пр. Мәңгілік Ел, 8, административное здание "Дом министерств", 1 подъезд

https://t.me/azrk_bkda_online

https://instagram.com/azrk_official?utm_medium=copy_link

https://twitter.com/OfficialAzrk?s=09

https://www.youtube.com/channel/UCM0Y1zwb1uFTxW2jAPsQTXw

26/03/2026

🔷 БҚДА Алматы қ. бойынша департаменті Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

🔺 Аталған желіде отандық киноөндірушілерге міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеу талабы қойылған, ал аталмыш төлем жасалмаған жағдайда фильмдер кинотеатрларда көрсетілімге жіберілмеген. Бұл талаптар бәсекелестікті шектеп, нарыққа кіруге кедергі келтірген.

🔺 Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды.

✅ Хабарламаны қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды. Қазіргі уақытта прокатқа қатысты ашық және бірыңғай регламент әзірленуде.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1187376?lang=kk
*****

🔷 Департамент АЗРК по г. Алматы выявил в действиях сети кинотеатров Kinopark – Kinoplexx Theatres признаки злоупотребления доминирующим положением.

🔺 Сеть требовала от отечественных кинопроизводителей обязательную оплату рекламного бюджета, без внесения которого фильмы не допускались к прокату в сети кинотеатров. Это ограничивало конкуренцию и создавало барьеры для выхода на рынок.

🔺 В этой связи в адрес Kinopark – Kinoplexx Theatres было направлено уведомление о наличии признаков нарушения законодательства РК в области защиты конкуренции.

✅ По результатам рассмотрения уведомления нарушения были устранены. В настоящее время разрабатывается единый и прозрачный регламент кинопроката.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1187376?lang=ru

22/03/2026

🌸 ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – жаңарудың, үміт пен ізгіліктің бастауы. Әрбір жан бұл күннен жақсылық күтіп, болашаққа сеніммен қарайды. Біз бұл жарқын мерекені ақ тілектермен, татулық пен берекеге деген ниетпен және мол дастарханмен қарсы аламыз.

Осы игі мейрам әр шаңыраққа қуаныш, амандық пен ырыс-береке әкелсін!
****

🌸 ДОРОГИЕ СООТЕЧЕСТВЕННИКИ!
Коллектив Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан искренне поздравляет вас с праздником – Наурыз мейрамы!

Наурыз – это время обновления, надежды и добрых начинаний. Каждый из нас встречает его с верой в лучшее, с искренними пожеланиями мира, согласия и благополучия, собираясь за щедрым дастарханом в кругу близких.

Пусть этот светлый праздник наполнит каждый дом радостью, теплом и достатком!

20/03/2026

🔷 Жетісу облысы және Алматы қ. бойынша БҚДА департаменттері автомобиль жолдарын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында бірлескен тергеп-тексеруді аяқтады.

🔺 Тергеп-тексеру барысында картельдік сөзбайласу белгілері анықталды. Атап айтқанда, «РСУ-1» ЖШС мен «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС-нің конкурстарға қатысу кезінде келісілген әрекеттер жасап, баға ұсыныстарының қалыптасуына ықпал еткені белгілі болды.

🔺 Картельдік сөзбайласу фактісі расталды, ал монополияға қарсы органның әрекеттері заңды деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

✅ Қазіргі уақытта материалдар Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын бағалау үшін жолданды.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1185931?lang=kk
*******

🔷 Департаменты АЗРК по области Жетісу и по г. Алматы завершили совместное расследование в сфере государственных закупок по ремонту автомобильных дорог.

🔺 В ходе расследования выявлены признаки картельного сговора.  Установлено, что ТОО «РСУ-1» и ТОО «АБЗ Карьер ДРСУ» осуществляли согласованные действия при участии в торгах, оказывая влияние на формирование ценовых предложений.

🔺 Факт картельного сговора подтвержден, а действия антимонопольного органа признаны законными. Решение суда вступило в законную силу.

✅ В настоящее время материалы направлены в Департамент экономических расследований по области Жетісу для оценки наличия признаков уголовного правонарушения.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1185931?lang=ru

19/03/2026

🔷 БҚДА Астана қ. бойынша департаменті «R-Finance» микроқаржы ұйымы» ЖШС әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілерін анықтады.

🔺 Тексеру барысында компанияның «біз бәсекелестерге қарағанда 15%-ға көп мақұлдаймыз» деген дәлелденбеген жарнаманы 24 мыңнан астам абонентке таратқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бәсекелес ұйым қызметкерлеріне клиенттерді тартқаны үшін сыйақы ұсыну фактілері анықталды.

🔺 Департамент компанияға жосықсыз бәсекелестік белгілері бар әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

✅ Қазіргі уақытта «R-Finance» микроқаржы ұйымы» ЖШС хабарламаны орындады.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1185018?lang=kk
*****

🔷 Департамент АЗРК по г. Астана выявил признаки недобросовестной конкуренции в действиях ТОО «Микрофинансовая организация «R-Finance».

🔺 Компания распространяла SMS-рекламу с утверждением «одобряем на 15% больше, чем конкуренты», не подтвердив её достоверность (более 24 тыс. получателей). Также выявлены факты предложения вознаграждения сотрудникам конкурентов за привлечение клиентов.

🔺 По результатам проверки, Департамент направил компании уведомление о необходимости прекращения действий, содержащих признаки недобросовестной конкуренции.

✅ На сегодняшний день ТОО «Микрофинансовая организация «R-Finance» уведомление исполнило.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1185018?lang=ru

18/03/2026

🔷 БҚДА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтады.

🔺 Тексеру барысында Басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу көлемдерін айқындау тетігінің талаптарын сақтамағаны анықталды. Департамент Басқармаға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықты жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

✅ Қазіргі уақытта хабарлама орындалу сатысында.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1183966?lang=kk
*********

🔷 Департамент АЗРК по Восточно-Казахстанской области выявил в действиях ГУ «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области» антиконкурентные действия.

🔺 Установлено, что Управлением не соблюдались требования Механизма определения объемов по распределению сжиженного нефтяного газа. Департамент направил Управлению уведомление о необходимости устранения нарушения законодательства в области защиты конкуренции.

✅ На сегодняшний день уведомление находится на исполнении.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1183966?lang=ru

17/03/2026

🔷 БҚДА Астана қ. бойынша департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінде бәсекелестікті шектеу тәуекелдерін анықтады. Департаментке «АзияНефтеТранс» ЖШС және «Скинест Рейл Қазақстан» ЖШС вагондарды тіркеу рәсімінің созылуына қатысты жүгінді.

🔺 Вагондарды тіркеудің қолданыстағы қағидаларында өтінімдерді қараудың нақты мерзімі көзделмегені анықталды. Бұл ретте вагондарды тіркеу магистральдық теміржол желісінде оларды пайдаланудың міндетті шарт ретінде қарастырылады және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне тікелей әсер етеді. Өтінімдерді қарау мерзімінің болмауы рәсімнің созылу тәуекелдерін туындатып, нарық субъектілерінің инфрақұрылымға қол жеткізуін шектеуі мүмкін.

✅ Департамент «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға өтінімдерді қарау мерзімін белгілеу аясында жүк вагондарын тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы нұсқама енгізді.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1182858?lang=kk
*********

🔷 Департаментом АЗРК по г. Астане выявлены риски ограничения конкуренции в действиях АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы». Поводом стали обращения ТОО «АзияНефтеТранс» и ТОО «Скинест Рейл Казахстан» о затягивании процедуры приписки грузовых вагонов.

🔺 Установлено, что действующие правила не предусматривают конкретного срока рассмотрения заявок. При этом приписка вагонов является обязательным условием эксплуатации и напрямую влияет на возможность осуществления предпринимательской деятельности. Отсутствие установленного срока может создавать риски затягивания процедуры и ограничения доступа субъектов рынка к инфраструктуре.

✅ Департамент вынес предписание в адрес АО «НК КТЖ» о внесении изменений в правила приписки собственных грузовых вагонов в части установления срока рассмотрения заявок.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1182858?lang=ru

11/03/2026

🔷 БҚДА Алматы облысы бойынша департаменті «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметіне жүргізілген мониторингті аяқтады.

🔺 Қоғамның «Ауыл аманаты» бағдарламасы (қаржылық лизинг) аясында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне қарыз беру арқылы инвестициялық қызметті монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асырғаны анықталды.

🔺 ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына сәйкес, мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардың қызмет түрлерін кеңейтуге немесе өзгертуге тек монополияға қарсы органның келісімімен ғана жол беріледі.

✅ Департамент тарапынан ӘКК-нің атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді. Аталған нұсқама қазіргі уақытта орындалды.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1178512?lang=kk
*********

🔷 Департаментом АЗРК по Алматинской области завершён мониторинг деятельности АО «Социально-предпринимательская корпорация «Қонаев».

🔺 Установлено, что Общество осуществляло инвестиционную деятельность, связанную с выдачей займов сельскохозяйственным предпринимателям в рамках программы «Ауыл Аманаты» (финансовый лизинг), без согласования с антимонопольным органом.

🔺 Вместе с тем, согласно статье 192 Предпринимательского кодекса РК, расширение или изменение видов деятельности организаций с государственным участием допускается только с согласия антимонопольного органа.

✅ Департаментом в адрес СПК вынесено предписание об устранении нарушений, которое в настоящее время исполнено.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1178512?lang=ru

08/03/2026

Құрметті әйелдер қауымы!

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл тамаша көктем мерекесі сұлулықты, жылулықты және табиғаттың жаңаруын білдіреді, сондай-ақ қоғамдағы, отбасындағы және кәсіби қызметтегі маңызды рөлдеріңізді айқындай түседі.
Сіздер шабыт беріп, қолдау көрсетіп, мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Даналықтарыңыз, сабырлылықтарыңыз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз шынайы құрмет пен ризашылыққа лайық.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз. Әр күндеріңіз қуанышқа, үйлесімге, шабытқа және жақын жандарыңыздың жылуына толы болсын!
*****

Уважаемые женщины!

Коллектив Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан сердечно поздравляет вас с Международным женским днём!
Этот прекрасный весенний праздник символизирует красоту, тепло и обновление природы, а также подчёркивает вашу важную роль в обществе, семье и профессиональной деятельности.

Вы вдохновляете, поддерживаете и вносите значительный вклад в развитие нашего государства. Ваши мудрость, терпение и преданность делу заслуживают искреннего уважения и признательности.

Желаем вам крепкого здоровья, благополучия, счастья и успехов во всех начинаниях. Пусть каждый день приносит радость, гармонию, вдохновение и тепло близких людей!

Photos from Агентство по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан's post 06/03/2026

🔷 БҚДА Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оның аясында Агенттіктің бірқатар қызметкер әйелдеріне мемлекеттік наградалар – ордендер мен медальдар табысталды.

🔷 Агенттік Аппарат басшысы Мұрат Дәрібаев ұжым алдында сөз сөйлеп, әйелдердің ведомство қызметіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол арулардың құзыреттілігі, жауапкершілігі және жоғары кәсібилігі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен тұрақты жұмысты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

🔷 Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 1189 Жарлығымен «Құрмет» орденімен БҚДА Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Адиева Асель Жанибекқызы марапатталды;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Баймаканова Аида Турағұлқызы марапатталды.

🔷 Агенттік ұжымы марапат иелерін құттықтап, кәсіби қызметтеріне табыс тілейді.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1176514?lang=kk
*********

🔷 В АЗРК состоялось торжественное мероприятие, посвящённое Международному женскому дню. В рамках мероприятия ряду сотрудниц Агентства были вручены государственные награды – ордена и медали.

🔷 Руководитель аппарата Агентства Мурат Дарибаев, выступая перед коллективом, особо отметил вклад женщин в деятельность ведомства. Он подчеркнул, что их компетентность, ответственность и высокий профессионализм вносят значительный вклад в достижение стратегических целей и обеспечение стабильной работы.

🔷 Указом Президента Республики Казахстан от 3 марта 2026 года № 1189 орденом «Құрмет» награждена заместитель руководителя Департамента АЗРК по Атырауской области Адиева Асель Жанибековна;
медалью «Ерен еңбегі үшін» награждена руководитель Управления международного сотрудничества Баймаканова Аида Турагуловна.

🔷 Коллектив Агентства поздравляет награждённых и желает им дальнейших успехов в профессиональной деятельности.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1176514?lang=ru

23/02/2026

🔷 БҚДА Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.

🔺 Осыған байланысты Түркістан халықаралық әуежайы АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру тағайындалды. Тергеу барысында әуежайдың тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында сату құқығы үшін алым өндіргені белгілі болды.

✅ Түркістан қ. мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1167096?lang=kk
*********

🔷 Департаментом АЗРК по Туркестанской области проведён анализ состояния конкуренции на рынке розничной реализации авиатоплива. По итогам анализа выявлены признаки нарушения подпункта 4) статьи 174 Предпринимательского кодекса РК.

🔺 В связи с этим в отношении АО «Международный Аэропорт Туркестан» было назначено расследование. Установлено, что аэропорт, занимая доминирующее положение на рынке, взимал с субъекта предпринимательства, осуществляющего розничную реализацию авиатоплива, сбор за право реализации на территории аэропорта.

✅ Постановлением Специализированного межрайонного суда по административным правонарушениям г. Туркестан АО «Международный Аэропорт Туркестан» привлечено к административной ответственности с наложением штрафа в размере 14,3 млн тенге.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1167096?lang=ru

19/02/2026

🔷 БҚДА Абай облысы бойынша департаменті «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

🔺 Тергеп-тексеру барысында кәсіпорынның бөлшек саудада авиаотынға монополиялық жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру арқылы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды.

🔺 Семей қ. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ЖШС кінәлі деп танылып, 8,8 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ монополистік қызмет нәтижесінде алынған 8,5 млн теңге көлеміндегі монополиялық кіріс тәркіленді. Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енді.

✅ Департамент бөлшек саудада авиаотынға негізделген баға белгілеу арқылы монополиялық жоғары бағаны белгілеу мен ұстап тұруды тоқтату туралы нұсқама берді. Нұсқама кәсіпорын тарапынан толық көлемде орындалды.

📌 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1165056?lang=kk
******

🔷 Департаментом АЗРК по области Абай завершено расследование в отношении ТОО «Международный аэропорт Семей».

🔺 Установлено, что предприятие злоупотребляло доминирующим положением путем установления и поддержания монопольно высокой цены на авиатопливо при розничной реализации.

🔺 Постановлением Специализированного межрайонного суда по административным правонарушениям г. Семей ТОО признано виновным, наложен административный штраф в размере 8,8 млн тенге с конфискацией монопольного дохода в сумме 8,5 млн тенге. В настоящее время постановление суда вступило в законную силу.

✅ Департаментом выдано предписание о прекращении установления и поддержания монопольно высокой цены, путем установления обоснованной цены при розничной реализации авиатоплива. Предписание исполнено предприятием в полном объеме.

📌 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1165056?lang=ru

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Ma Avenue 8, 1st Entrance
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30
Saturday 09:00 - 13:00