Ауылдағы мал шаруашылығы өзгере ме?
Мәжілістің жалпы отырысында Respublica партиясының депутаты Нұргүл Тау заң жобасындағы ауыл шаруашылығына қатысты маңызды жаңашылдықтарға назар аударды. Мәселе салаға енгізіліп отырған мүлде жаңа ұғымдар – «оқшауланған ұрықтандыру пункті» және «аспаптық ұрықтандыру пункті» туралы болып отыр.
Бастысы, осы пункттерге қандай нақты талаптар қойылады және оларды енгізудің мал шаруашылығындағы селекциялық жұмысқа қандай әсері болады.
Нұргүл Таудың айтуынша, осыған байланысты асыл тұқымды мал өнімінің сапасы және ауыл тұрғындарының табысы тікелей байланысты.
________
Как будут работать новые пункты по воспроизводству скота?
На пленарном заседании Мажилиса депутат от партии Respublica Нургуль Тау обратила внимание на ключевые новеллы законопроекта, касающиеся сельского хозяйства. Речь идёт о внедрении совершенно новых для отрасли понятий — «изолированный пункт осеменения» и «инструментальный пункт осеменения».
Важно, какие конкретные требования будут предъявлены к этим пунктам и какой реальный эффект они дадут селекционной работе в животноводстве.
По словам Нургуль Тау, от этого напрямую зависит качество племенной продукции и доходы сельчан.
Respublica партиясы
«Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігі
Общественное объединение «Партия Respublica»
01/06/2026
Respublica партиясында жаңа кадрлық тағайындаулар болды
Партияның Орталық аппараты басшысының кеңесшісі қызметіне Тохтар Коммунарович Болысов тағайындалды. Ол бұған дейін «Жас Ұлан» және «Жасыл ел» республикалық жастар ұйымдарында басшылық қызметтер атқарған. Соңғы қызметі — Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры.
Жастар саясаты бөлімінің басшысы қызметіне Данияр Азамат Алматұлы тағайындалды. Ол әр жылдары «Жасыл ел» республикалық штабын басқарған, Қазақстан Жастар конгресінде жетекшілік қызметтер атқарған. Кейін кәсіпкерлік саласында еңбек етті.
Жаңа команда мүшелерінің екеуі де жастар саясаты мен қоғамдық даму бағытындағы жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибеге ие.
«Партияның әлеуеті өте жоғары. Аудиториясы ауқымды. Сіздерде жастармен жүйелі жұмыс істеу тәжірибесі бар. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Толыққанды белсенділік пен нақты нәтиже күтеміз. Командаға қош келдіңіздер», — деді партияның Орталық аппарат басшысы Жанат Ысқақов.
«Партия құрылған алғашқы күннен бастап оның жұмысын бақылап келемін. Respublica партиясының ұстанымдары мен мұндағы адамдар жаныма жақын. Енді осы ортада тәжірибемді қолданып, жаңа серпін бергім келеді», — деді Тоқтар Болысов.
«Көп жыл жастар саясатында еңбек еттім, кейін бизнес саласына бет бұрдым. Бірақ қоғаммен жұмыс істеу, ел дамуына үлес қосу ниеті ешқашан жоғалған емес. Сондықтан бүгін Respublica командасының құрамында қоғамдық-саяси салаға қайта оралып отырмын», — деді Данияр Азамат.
*****
В партии Respublica — новые кадровые назначения.
Советником руководителя Центрального аппарата партии назначен Тохтар Коммунарович Болысов. Ранее он работал на руководящих должностях в республиканских молодежных организациях «Жас Ұлан» и «Жасыл ел», а до назначения занимал должность исполнительного директора Конгресса молодежи Казахстана.
Начальником отдела молодежной политики назначен Данияр Азамат Алматұлы. Ранее он возглавлял республиканский штаб «Жасыл ел», работал на руководящих должностях в Конгрессе молодежи Казахстана, позже занимался предпринимательской деятельностью.
Оба новых члена команды имеют большой опыт реализации проектов в сфере молодежной политики и общественного развития.
«Потенциал у Партии большой. Аудитория обширная. У вас есть системный опыт работы с молодежью. Работы впереди много. Ожидаем полной вовлеченности и хороших результатов. Добро пожаловать в команду», — отметил руководитель центрального аппарата партии Жанат Искаков.
«С первого дня создания партии наблюдал за ее работой. Мне близки идеи Respublica и люди, которые здесь работают. Хочется быть полезным, применить свой опыт и привнести что-то новое», — сказал Тохтар Болысов.
«Много лет работал в молодежной политике, затем занимался бизнесом. Но желание работать с обществом и участвовать в развитии страны никуда не исчезло. Поэтому сегодня возвращаюсь в общественно-политическую сферу уже в составе команды Respublica», — отметил Данияр Азамат.
01/06/2026
Наумова әлеуметтік кәсіпкерлерге қатысты реформалардың созылып кеткені үшін мемлекеттік органдарды сынға алды
Respublica партиясы фракциясының кеңейтілген отырысынан кейін әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша жұмыс кездесулері жалғасып жатыр. Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен кезекті талқылауды Мәжіліс депутаты Динара Наумова өткізді.
Кездесуге Қаржы министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген әлеуметтік кәсіпкерлер қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы — әлеуметтік кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кездесетін кедергілері болды. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, бүгінде көптеген қолдау тетіктері тек формалды түрде ғана бар және әсіресе өңірлерде толыққанды жұмыс істемейді.
Кәсіпкерлер мемлекеттік тапсырыс талаптарының тым жоғары екенін, нақты жеңілдіктердің жоқтығын, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырудағы қиындықтарды және ақпараттық қолдаудың жеткіліксіздігін айтты. Сонымен қатар, кездесуде әлеуметтік бизнес іс жүзінде мемлекеттің бірқатар функциясын өз мойнына алып отырғаны атап өтілді - олар әлеуметтік осал топтарға жұмыс орындарын ашып, оңалту мен әлеуметтік бейімдеу мәселелерін шешуге көмектесіп келеді.
«Біз бұл мәселені онлайн да, офлайн да, түрлі алаңдарда бірнеше айдан бері талқылап келеміз. Бірақ, өкінішке қарай, бәрі сөз жүзінде қалып отыр. Енді нақты әрекет пен шешімдерге көшуіміз қажет», — деді Динара Наумова.
Кездесу қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен және сала өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған нақты түзетулер мен тетіктерді жұмыс тобы аясында әзірлеу мәселесі көтерілді.
*****
Наумова подняла вопрос затянувшихся решений по поддержке социального предпринимательства
Серия рабочих встреч по вопросам социального предпринимательства продолжается после расширенного заседания фракции партии Respublica. Очередное обсуждение с участием государственных органов и представителей социального бизнеса провела депутат Мажилиса Динара Наумова.
Во встрече приняли участие представители Министерства финансов, Министерства труда и социальной защиты населения, Министерства национальной экономики, а также социальные предприниматели из разных регионов страны.
Главной темой обсуждения стали барьеры, с которыми сталкиваются социальные предприниматели при участии в госзакупках. По словам участников встречи, многие меры поддержки сегодня существуют лишь формально и особенно слабо работают в регионах.
Предприниматели заявили о высоких требованиях к госзаказу, отсутствии реальных преференций, сложностях с трудоустройством людей с инвалидностью и нехватке информационной поддержки. При этом, как отмечалось на встрече, социальный бизнес фактически берет на себя часть функций государства — создает рабочие места для социально уязвимых категорий граждан и помогает решать вопросы реабилитации и социальной адаптации.
«Мы уже не первый месяц обсуждаем этот вопрос — в онлайн-формате, офлайн, на разных площадках. Но, к сожалению, всё остается на уровне разговоров. Сейчас нам нужно переходить к конкретным действиям и решениям», — заявила Динара Наумова.
По итогам встречи Министерство финансов выразило готовность совместно с госорганами и представителями отрасли проработать предложения по совершенствованию системы госзакупок. Также был поднят вопрос подготовки конкретных поправок и механизмов поддержки социальных предпринимателей для обсуждения на рабочей группе.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Улица Акмешит, 1, блок 1
Nur-Sultan
010000
