ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК

ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК

Share

официальная страница Комитета уголовно-исполнительной системы МВД РК

Photos from ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК's post 19/09/2025

💠«Хотел быть стоматологом»: осуждённый рассказал о несбывшейся мечте.

📌23-летний заключенный, отбывающий наказание за наркопреступление, рассказал об ошибках, которые заставили его пожалеть о содеянном и задуматься, находясь в местах лишения свободы.

Уроженец Восточно-Казахстанской области вырос в городе Семей и учился на стоматолога. Говорит, что мечтал быть полезным людям и помогать другим.

— Связал свою жизнь с наркотиками. Употреблял около двух лет — это и привело меня туда, где я сейчас. При задержании у меня обнаружили наркотические вещества, — говорит молодой человек.

Он признаётся, что не желает никому повторить его путь и советует держаться подальше от тех, кто связан с наркотиками. По его словам, он понимал, что рано или поздно всё может закончиться плохо.

— Наркозависимость — это выбор каждого. Не среда виновата, а характер. Я не слушал никого, думал, что всё знаю сам, что умнее всех. Сейчас мои однокурсники получают дипломы, и мне очень обидно, что я не среди них, — делится он.

Осужденный признался, что потерял много радостей своего молодого возраста из-за необдуманности и соблазна, которые привели его к преступности пути.

15/09/2025

💠 Рақфмшылық пен кешірім беру қандай айырмашылыққа ие❓

🔖 Рақымшылық пен кешірім беру — бұл қылмыстық жауапкершіліктен босату немесе жазаны жеңілдетудің екі түрлі заңды тетігі.

1. Кім шешім қабылдайды (субъект бойынша):

⚖️ Рақымшылық— заң шығарушы органмен қабылданады (Қазақстанда — Парламент).

⚖️ Кешірім беру — Президент немесе мемлекеттегі басқа да жоғарғы лауазымды тұлға тарапынан жүзеге асырылады.

2. Сипатына қарай:

📌 Рақымшылық— жаппай сипаттағы акт, белгілі бір санаттағы адамдарға қатысты қолданылады (мысалы, баласы бар әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге, алғаш рет сотталғандарға және т.б.).

📌 Кешірім — жеке сипаттағы акт, бір ғана адамға қатысты қолданылады.

3. Құқықтық салдары бойынша:

⏳ Рақымшылық (егер Рақымшылық туралы Заңда көрсетілсе):

✅ жазадан толық босатуы мүмкін;

✅ жаза мерзімін қысқартуы мүмкін;

✅ соттылықты алып тастауы мүмкін.

Бұл ретте сотталған адамның келісімі талап етілмейді. Амнистияны қолдану туралы материалдар сотқа жіберіледі, шешімді сот шығарады.

⏳ Кешірім беру:

✅ жазаны жеңілдетеді немесе мүлде алып тастайды;

✅ өлім жазасын өмір бойына немесе белгілі бір мерзімге ауыстыруы мүмкін;

✅ сотталған адамның жеке өтініші негізінде рәсімделеді.

4. Рәсімдеу тәртібі бойынша:

📜 Рақымшылық— заң немесе қаулы түрінде ресімделеді, белгілі бір күннен бастап күшіне енеді.

📜 Кешірім — Президенттің (немесе басқа уәкілетті тұлғаның) жарлығы арқылы ресімделеді, өтінішті қарастыру нәтижесінде қабылданады.

15/09/2025

💠Чем отличается амнистия от помилования❓

🔖Амнистия и помилование — это два разных юридических механизма освобождения от уголовной ответственности или смягчения наказания.

1. *По субъекту (кто принимает решение)*:
⚖️Амнистия — принимается законодательным органом (в Казахстане — Парламентом).
⚖️Помилование — осуществляется Президиумом, Президентом или другим высшим должностным лицом государства.

2. *По характеру*:

📌Амнистия — массовый акт, распространяется на определённую категорию лиц (например, женщины с детьми, несовершеннолетние, инвалиды, впервые осуждённые и т.д.).
📌Помилование — индивидуальный акт, применяется к одному конкретному человеку.

3. *По юридическим последствиям*:

⏳Амнистия может (если норма прописана в Законе об амнистии):

✅ полностью освободить от наказания;

✅ сократить срок наказания;

✅ снять судимость.

*При этом не требует согласия осуждённого. Материалы о применении амнистии направляются в суд, далее суд принимает решение.*
⏳Помилование:

✅ смягчает или отменяет наказание;

✅ может заменить смертную казнь на пожизненное или на срок;

✅ оформляется по личной просьбе осуждённого.

4. *Процедура:*

📜Амнистия оформляется в виде закона или постановления, вступающего в силу с определённой даты.

📜 Помилование оформляется указом Президента (или иного уполномоченного лица), по результатам рассмотрения ходатайства.

Photos from ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК's post 13/09/2025

Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамымен жол жүру ережелері және заңнамалардағы өзекті өзгерістер бойынша сабақ өткізілді.

В целях повышения правовой грамотности и профилактики правонарушений среди сотрудников, 12 сентября т.г. сотрудником УАП ДП
г. Астана майором юстиции Хожабергеновым Б.С. проведено занятие с личным составом Комитета уголовно-исполнительной системы МВД РК по теме правил дорожного движения и актуальных изменений в законодательстве.

Photos from ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК's post 04/09/2025

Амнистия будет применяться к:
• лицам, совершившим уголовные проступки и (или) преступления небольшой тяжести;
• гражданам, совершившим преступления средней тяжести без причинения ущерба, либо полностью возместившим его, или по которым отсутствует гражданский иск;
• социально уязвимым категориям граждан, совершившим преступления средней тяжести — вне зависимости от ущерба или наличия иска.
• осужденным, совершившим преступление средней тяжести, не имеющим отрицательную степень поведения до конца срока которым осталось менее года
#заңментәртіп

Photos from ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК's post 04/09/2025

Рақымшылық жасау:
• қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға;
• орташа ауырлықтағы қылмыстарды залал келтірмей жасаған не оны толық өтеген немесе азаматтық талап қойылмаған азаматтарға;
• орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтардың әлеуметтік осал топтарына - зиянға немесе талап қоюдың болуына қарамастан.
• ауырлығы орташа қылмыс жасаған, мерзімінің соңына дейін бір жылдан аз уақыт қалған теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ сотталғандарға
#заңментәртіп

Photos from ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК's post 04/09/2025

Рақымшылық жасау кімдерге қолданылады:
• қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға;
• орташа ауырлықтағы қылмыстарды залал келтірмей жасаған не оны толық өтеген немесе азаматтық талап қойылмаған азаматтарға;
• орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтардың әлеуметтік осал топтарына - зиянға немесе талап қоюдың болуына қарамастан.
• ауырлығы орташа қылмыс жасаған, мерзімінің соңына дейін бір жылдан аз уақыт қалған теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ сотталғандарға
#заңментәртіп

23/08/2025

ҚР ІІМҚАЖК 2 айлық амнистия: қорытындысын жасады.

Осы жылдың 23 маусымында ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында еліміздің Президенті Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия жариялады.

Жарияланғанына екі ай өткен соң Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Ведомствоның мәліметінше, бұл кезеңде соттарға ҚАЖ мекемелерінен 4 мыңнан астам материал, ал пробация қызметтері арқылы 9 мыңнан астам материал жолданған.

Елдегі түзеу мекемелерінен 1100-ден астам адам босатылды, олардың ішінде 100-ден астам әйел бар. Қалған сотталғандардың жаза мерзімі қысқартылды.

Пробация қызметтерінде есепте тұрған шамамен 2000 адам жазадан босатылды.

ҚАЖК атап өткендей, босатылғандарға жұмыспен қамту, заңгерлік кеңес беру, медициналық көмек және басқа да қолдау шаралары бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Бұл шаралар сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Амнистия мына санаттағы адамдарға қолданылады:
• қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыс жасаған тұлғаларға;
• орташа ауырлықтағы қылмысты зиян келтірмей жасағандарға, не залалды толық өтегендерге, не азаматтық талап-арыз болмаған жағдайда;
• әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдеріне, орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандарға — зиянның немесе талап-арыздың бар-жоғына қарамастан;
• орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандарға, егер олар оң мінездемеге ие болса және жазасының аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалған жағдайда.

Амнистия қолданылмайды:
• сыбайлас жемқорлық, террористік және экстремистік қылмыс жасағандарға;
• қылмысты қайталап жасағандарға (рецидивистерге).

26/07/2025

📌Сандық бақылау – тәртіп кепілі: жаңа бап тәртіпті күшейтіп, бюджетті үнемдеуге жол ашты.

⚖️2024 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 428-1-бап енгізілді. Бұл жаңа норма қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бейнебақылау камераларын әдейі бүлдіргені немесе істен шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырады.

Аталған өзгеріс еліміздегі түзеу мекемелеріне тәулік бойы бейнебақылау жүйесінің кеңінен енгізілуімен және осы камераларды қасақана зақымдау жағдайларының жиілеп кетуімен тікелей байланысты.

Бейнебақылау жүйесі мекемелердегі ахуалды толықтай қамтып, сотталғандар мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жаңа бап күшіне енген алғашқы жылдың өзінде-ақ 70-тен астам қылмыстық іс тіркелді. Соның ішінде 35 сотталғанға қосымша жаза мерзімі белгіленіп, олар келтірілген материалдық шығынды азаматтық тәртіппен өтеуге міндеттелді.

Мысалы Шымкент қаласындағы №55 мекемесінде 13 сотталған адам бейнебақылау жүйесін әдейі істен шығарғаны үшін әрқайсысы 6 жылдан қосымша мерзімге сотталды. Бүгінде Қазақстан бойынша 78 түзеу мекемесінде 43 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бұл жүйелердің көрсетілімдері нақты уақыт режимінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне, Ішкі істер министрлігіне және прокуратура органдарына жолданады. Мұндай тәжірибе: - адам құқықтарының сақталуын бақылауға, - құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға, - сотталғандар мен мекеме қызметкерлері арасында тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді. ҚАЖ комитетінің мәліметінше, 428-1-бап бойынша құқықбұзушылықтар саны азая бастаған.

Бұл өзгеріс бейнебақылау жүйесінің тиімділігін ғана көрсетіп қоймай, қымбат құрал-жабдықтардың сақталуына және мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуге де оң әсерін тигізуде.

Photos from ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК's post 17/06/2025

🔖«Қақпада кездесу» акциясына қатысу кезінде 60-тан астам сотталғандар бостандыққа шықты.

📌Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын сотталғандарды табысты әлеуметтендіруге бағытталған «Қақпада кездесу» ауқымды акциясы өткізілуде.

📝Босатылған күні мекемелерге жергілікті атқарушы органдардың, пробация қызметінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сотталғандардың туыстары келеді. Мекеме әкімшілігімен бірлесіп, олар босатылғандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Қолдауға және қылмыстың қайталануын болдырмауға бағытталған әңгімелер жүргізіледі.

🔍Акцияның негізгі мақсаты - қайталанған қылмыстардың алдын алу және бұрынғы сотталғандарды азаматтық қоғамға табысты қайтаруға жәрдемдесу
Осындай қолдаудың арқасында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 47 мекемесінде сотталғандардың біреуінің отбасы өз туысын колония қақпасында қарсы алды. Екібастұз қаласының ЖАО және ҮЕҰ өкілдерінен құқықтық көмек алғаннан кейін босатылған адамды туыстары жылы қарсы алды.
Бақытты жүздер, жақындарының шынайы құшағы және жаңа өмір қарсаңында қолдау көрсету қайта әлеуметтендіру жолындағы маңызды қадам болып табылады. «Қақпада кездесу» акциясы босаған азаматтарға бостандықтағы өмірге бейімделуге және бірінші күннен бастап қоғамның қолдауын сезінуге көмектеседі.

#заңментәртіп
#законипорядок

Photos from ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті / Комитет УИС МВД РК's post 31/05/2025

«Бұл гаджеттерден жақсы»: ҚАЖ қызметкерлері балаларға ерекше сыйлықтар сыйлады.
ҚАЖ қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай акция өткізді
Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері көру қабілеті бұзылған балаларды қолдауға бағытталған «Әлемді бірге көрейік» атты іс-шара өткізді.
ҚАЖ мекемелерінде 300-ден астам бірегей сыйлықтар дайындалды: Брайльдің тактильді әліпбиі, мамандандырылған шахматтар мен дойбы, грифельдер, ойыншықтар, пижамалар мен тәттілер. Сыйлықтар еліміздің тоғыз өңіріндегі мамандандырылған мектептер мен кітапханаларға жеткізілді, оларға 100-ден астам зағип және нашар көретін балалар ие болды.
- Бұл гаджеттерден әлдеқайда жақсы. Мұндай бұйымдарды дүкеннен сатып ала алмайсың және біздің қамқорлықтағы көптеген балалар үшін олар қол жетімді емес. Бірақ енді осындай сыйлықтардың арқасында біздің балалар дойбы мен шахмат ойнай алады. Брайль әліпбиінің көмегімен оқуға үйренеді. Осындай қажетті сыйлықтар үшін рахмет! - деді Өскемен қаласының зағип және нашар көретін мамандандырылған кітапханасының кітапханашысы Қарақат Әбдірасұлова.
Акция әлеуметтік жауапкершілік пен қамқорлықтың жарқын үлгісіне айналды, ҚАЖ қызметкерлерінің және тағдырға немқұрайлы қарамайтын барлық ерекше балалардың күш-жігерін біріктіретін болады.

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Беймбет Майлина, 2
Nur-Sultan
Z00X7F2

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30