24/09/2026
ОН ТОМДЫҚ ЕҢБЕКТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Белгілі әдебиет сыншысы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлының 10 томдық еңбегінің тұсаукесері өтеді.
Дандай Ысқақұлы — қазақ әдебиеттануы мен әдеби сынының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым. Ол 2000–2008 жылдары Еуразия ұлттық университетінде профессор қызметін атқарып, ғылым мен білім саласында жемісті еңбек етті.
Тұсаукесер барысында ғалымның көпжылдық ғылыми ізденістерін жинақтаған он томдық еңбегі таныстырылып, қазақ әдебиеті, әдеби сын мен руханият төңірегінде тағылымды әңгіме өрбиді.
Құрметті оқырмандар, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді тағылымы мол рухани шараға қатысып, қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілінің шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз!
📅 25 қыркүйек, 2026 жыл
🕒 15:00
📍 ЕҰУ Ғылыми кітапханасы (Ақселеу Сейдімбек залы)
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті