21/03/2021
Күллі түркі жұртының төл мейрамы, жыл басымыз - әз-Наурыз құтты болсын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге бірлік пен қуаныш әкелсін!
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы, Public & Government Service, Nur-Sultan.
21/03/2021
Күллі түркі жұртының төл мейрамы, жыл басымыз - әз-Наурыз құтты болсын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге бірлік пен қуаныш әкелсін!
21/02/2021
Бүгін Халықаралық ана тілі күні. Соған орай ана тіліне қатысты бірнеше маңызды сұраққа жауап беріп көрейік.
____
Qazaqsha Jaz онлайн қозғалысы қазақ тілінің желідегі қолданыс аясын кеңейтуді көздейді. Негізгі мақсатымыз - қазақша сөйлейтін азаматтар мен азаматшаларға өзінің тұтынушы құқығын мәдениетті әрі сыпайы түрде сұрауды үгіттеу.
#қазақшажаз #анатілікүні
09/02/2021
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні. Қазақ поэзия əлеміне шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
07/02/2021
4 ақпанда "Қазақ тілі" қоғамы тіл белсенділерімен кездесіп, тіл туралы заң мен осы тақырыптағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесудің басты мақсаты - белсенділермен танысып, тіл клубын құру. Клуб мүшелері ай сайын кездесіп тұрады деп келісті.
Қоғамының астаналық бөлімшесінің төрағасы Берік Әбдіғалиұлы () белсенділердің пікірі мен ұсыныстарын тыңдады.
Мысалы, қозғалысы үш тақырып бойынша ұсыныс айтты:
1. Интернеттегі қазақша сөйлейтін тұтынушы құқығы (сайт, әлжелі және мобильді қолданбаларда);
2. Интернеттегі мемлекеттік орган парақшаларындағы қазақ тілінің мәртебесі;
3. Мейрамханалардағы қазақша мәзір мәселесі.
Бұл үш тақырыптың кейбір тұстары ары қарай тағы қарастырылып, талқыланатын болады.
____
Суретте кездесуге қатысқандар (солдан оңға):
Ақсұлу Саңғали - "Tanba" PR агенттігінің директоры және "Самұрық-Қазына" қорының тіл бөлімі басшысы ();
Мақсұтбек Айтмағанбет - "Алтын қыран" қорының атқарушы директоры;
Дінмұхаммед Сүлейменов – филолог, кәсіпкер ұстаз;
Балауса Қайырғалиева - №46 "Самал" санаторлық балабақшасының меңгерушісі;
Берік Әбдіғалиұлы – Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының астаналық бөлімшесінің төрағасы;
Мақсат Мәліков () - QazaqshaJaz белсендісі;
Мәншүк Мұхаметқалиқызы - Қазтест орталығының басшысы;
Лариса Алдабергенова - Республикалық "Қазақ ұстазы" () журналының бас директоры;
Әлия Сари () - QazaqshaJaz белсендісі.
#қазақтіліқоғамы #қазақшажаз
02/02/2021
Тәуелсіздікке 30 жыл болса да, ана тілді қорлап, қате жазылған ақпарат жетерлік. Айтыла-айтыла ақжем, жаза-жаза жауыр болса да, баяғы жартас - сол жартас. Тіпті үйреніп те кеттік, кейде күлеміз. Шарасыздықтан күлетін шығармыз...
Көшелерде толып тұрған қателер дұрысталмауының бірнеше себебі бар.
🔸Басты кемшілік - тілге немқұрайлық. Тілімізге жанымыздың ашымауы мен жауапкершіліксіз қарау;
🔸Көрген қатені түзетуге аймақтық тіл басқармасының құзіреті жоқ. Тек жарнама, ақпарат қана емес, әр саладағы анықтамалардың дұрыс аударылмауы да - қазіргі қоғамның «бас ауруы». Бұл дегеніміз тілдің ғана емес, адамның өліміне де әкеп соғуы ықтимал.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл» екенін баса айтты. Сондықтан да мемлекеттік мекемелердің, елді мекендер мен көше аттарын тек мемлекеттік тілде жазу керек. Депутат, мемлекеттік қызметкер болам дегендер «Казтест» емтиханын тапсырып, кем дегенде ең қарапайым деңгейден (800 cөз) өте алуы тиіс.
2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасында алдымызға «2025 жылы 95% қазақстандық қазақ тілінде сөйлейді» деген мақсат қойылып отыр. Бұл ретте, біздікі - осы ұсыныстарымыз сауатты аударма, салмақты сөзді сол мақсатқа бір қадам болса да жақындатса игі еді деген ниет.
Депутат болғалы, бірінші кезекте - осы мәселе. Әріптестерім бастаған жұмысты жалғастыру және осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын басқару өзіме бұйырды. Комитеттегі әріптестерім Дархан Мыңбай, Айдос Сарым, жұмыс тобының мүшелері Қазыбек Иса, Жанарбек Әшімжан, Юрий Жулин, тағы басқа да әріптестерімізбен бірге осы мәселені бір жолға саламыз деп үміттенемін.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (Филиал төрағасы) Берік Әбдіғалиұлының Фб парақшасынан алынды
25/01/2021
Қытай жазуы 3300 жыл бұрын пайда болғанын білесіз бе? Жасының ұзақтығы мысыр жазуымен бірдей. Мысыр мен Қытай – ел болғанына 3000 жылдан асқан дүниежүзіндегі екі-ақ тіл.
Қытай тілі - 1 млрд астам адам сөйлейтін өскелең, ширақ тіл. Қазіргі қытай тілінің күні кешеге дейін қолданыста болған классикалық тілден айырмасы бар.Мысалы, Ұлыбритания халқы Шекспир заманынан жеткен туындыны оқи береді. Ал Қытай жастары тек өткен ғасыр туындысын оқи алады. Олар ескі жазуды үйрену керек немесе мәтінді оқуға арналған бейімделген нұсқаны қолдануы қажет.
Қытай тілі – Шығыс Азиядағы жазуы бар алғашқы тіл.Ол ежелден бүгінгі күнге дейін әлемнің осы түкпіріндегі ең маңызды жазба тілі болып отыр.
20/01/2021
Қатесіз жаз
❌ Бізге 60 жыл. Маған 18. Баламызға 40 күн (ең сорақысы шығар).
❓Ешқашан❗ Ешқашан бұлай деп айтпаңыздар да, жазбаңыздар да!
❓ Орысша "Нам *** лет", "ребенку 40 дней" дегеннің калькасы.
✅ Қазақша оның бір формуласы жоқ. Ұйымға қатысты айтылса, "Құрылғанына, ашылғанына 60 жыл" деуге болады. Адамды айтса: "Әкемізге 60 жас" демейміз, "Әкеміз алпысқа толды (келді)" дейді. "Баламызға 40 күн" демейміз, "Баламызды қырқынан шығардық" дейміз ("Қырқына толды" деген де бар).
❗Абайға 175 жыл ❗ дегенді де көргенбіз...
(с) калькасыз қазақ тілі
17/01/2021
Қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызының тілші Нартай Аралбайұлына берген сұхбатынан үзінді:
Қазақ тілді білу - парыз. Үйренуге 30 жыл уақыт жетер еді. Әттең, ынта жоқ. Білмейтіндерді үйренуге міндеттеу керек.
Қазақ тілін білмейтіні бір төбе, білгісі де келмейді. Орыс тілін білуге ешкім қарсы емес. Ел алдымен, баланы қазақша үйретіп, қазақша ойландыру керек.
Қажетсізді үйрену қиын. Ынта да тудырмайды. Заңға өзгеріс керек. Қазақша сұраққа қазақша жауап бермесе, жарнамада қазақша жазылмаса айыппұл салу керек. Заң халыққа кызмет ету керек.
Билік тілі, бизнес тілі, ақпарат тілі қазақша болмай, қазақ тілі дамымайды.
Ана тілін білмейтін адам, мәдениетті адам санатына қосылмайды.
© Мұхтар Әуезов
15/01/2021
Қазақ тілі қазақстандықтарға не үшін керек?
Тіл - ұлы қазына, асыл мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді таниды. Өз елінің мәдениетін жасайды. “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ” – деп бекер айтпаса керек.
Ұлтты біріктіруші басты фактор – қазақ тілі. Қазақстан – барша этностың татулығы сақталған ел. Ең аз этнос өкілдері үшін де тілдерін дамытуға жағдай жасалған. Бірақ Елбасы: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі және бастысы бола береді»- деп ескертті.
Мемлекет шекарасыз және заңсыз өмір сүре алмайды. Дәл солай, халықтың тілсіз өмір сүруі мүмкін емес. Этностың өмір сүруі халқының санына емес, тілді қолданушы санына тәуелді. Тәуелсіздік тұғырының мықты болуы - тіл тұтастығына байланысты. А.Байтұрсынов: “Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады”.
Әр азамат қазақ тіліне құрметін арттыруы қажет. Сонда ұлтымыздың болашағы жарқын болары анық. Тіл мәртебесін биіктетейік, Алаш жұрты.