22/04/2026
АЯЛДАМАЛАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ауданда көше жиһаздарын көктемгі жуып-тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Коммуналдық қызметкерлер көлік күту орындарында санитарлық тазалықты қамтамасыз етіп, аялдама павильондары, орындықтар мен іргелес аумақтарды жуып-тазалауда.
Жұмыстар аудан аумағында кезең-кезеңімен жалғасуда.
21/04/2026
САНАУЛЫ КҮН ҚАЛДЫ: «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫНЫҢ ДАУЫС БЕРУ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ТАЯДЫ
«Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберіндегі дауыс беру кезеңі аяқталуға жақын. 24 сәуірге дейін әрбір тұрғын өз ауласын жақсартуға бағытталған жобаға дауыс беріп, қолдау білдіре алады.
Айта кетейік, биыл аудан әкімдігіне тұрғындардан 111 өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде 27 жоба талаптарға сәйкес деп танылып, дауыс беру кезеңіне жолдама алды. Жобалардың қайсысы жүзеге асатыны тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты.
Дауыс беру қорытындысы 29 сәуір күні жарияланады.
10/04/2026
Есіл ауданында елорда дизайн-код талаптарына сәйкес келмейтін жарнама нысандарын алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 8 маңдайша мен 19 жарнама нысаны демонтаждалды.
Еске саламыз, белгіленген талаптар туралы толық ақпаратты Астана қаласы Урбанистика орталығынан біле аласыздар.
20/03/2026
Құрметті тұрғындар!
2026 жылдың 31 наурызы күні сағат 10:00-де Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбек-ұлының аудан тұрғындарымен кездесу өткізетінін хабарлаймыз!
Өтетін орны:
Мәңгілік Ел даңғ., 22/1
№77 мектеп
05/03/2026
1 МЛН 350 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ҚАР ЕСІЛ АУДАНЫНДА ҚЫС БАСТАЛҒАЛЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
Бүгін — көктемнің бесінші күні. Дегенмен елорда әлі де ақ ұлпаға оранып тұр, әрі бүгін де қар жауды. Сол себепті Есіл ауданында коммуналдық қызметтер қысқы санитарлық тазалау жұмыстарын тоқтатпай жүргізуде.
Қыс мезгілі басталғалы бері арнайы қар полигонына 1 млн 350 мың текше метр қар шығарылды. Осы жұмыстардың басты мақсаты — жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол себепті алдымен қозғалыс қарқыны жоғары көшелер, мектептер мен балабақшалар, медициналық мекемелер маңы, аялдама алаңдары және тұрғын үй алаптары тазартылады.
Қазіргі уақытта қар тазалау және шығару жұмыстары штаттық режимде жалғасуда.
__________
1 МЛН 350 ТЫС КУБОМЕТРОВ СНЕГА ВЫВЕЗЕНО В РАЙОНЕ ЕСИЛЬ С НАЧАЛА ЗИМЫ
Сегодня — пятый день весны, однако в столице по-прежнему лежит снег и продолжаются осадки. В связи с этим коммунальные службы района Есиль продолжают зимнюю санитарную очистку.
С начала зимы коммунальными службами вывезено 1 млн 350 тысяч кубометров снега.
Особое внимание уделяется обеспечению безопасности пешеходов и автомобилистов. В первую очередь очищаются участки с интенсивным движением, территории у школ, детских садов, медицинских учреждений, остановочные площадки и жилые массивы.
Работы по уборке и вывозу снега продолжаются в штатном режиме.
13/01/2026
БІР ТҮНДЕ 18 500 ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ ҚАР: «ЕСІЛ» АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Есіл» ауданында қар тазалау және оны шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. 12-нен 13 қаңтарға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 500-ден астам жол жұмысшысы мен 400-ден аса арнайы техника жұмылдырылып, аудан аумағынан 18 500 текше метрден астам қар шығарылды.
Жалпы, қарлы маусым басталғалы шығарылған қардың көлемі 480 мың текше метрден асады.
Жұмыстар күшейтілген режимде негізгі көшелерде, аула аралық және жаяу жүргіншілер жолдарында жалғасуда.
05/01/2026
Жылы аялдамаларды күтіп ұстау — аудан әкімдігінің күнделікті әрі тұрақты назарындағы жұмыстардың бірі. Бұл нысандар тұрғындардың күнделікті қозғалысында маңызды рөл атқарып, ауа райының қолайсыз күндерінде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сондықтан аялдамалардың тазалығы, техникалық жай-күйі және жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі үнемі бақылауда ұсталады.
30/12/2025
600 РАБОЧИХ И 600 ЕДИНИЦ ТЕХНИКИ: В РАЙОНЕ ЕСИЛЬ КРУГЛОСУТОЧНО БОРЮТСЯ С ПОСЛЕДСТВИЯМИ НЕПОГОДЫ
Осадки в виде дождя выпали сегодня в Астане. В связи с ухудшением погодных условий коммунальные службы столицы работают в усиленном режиме. Проводится обработка проезжей части, тротуаров и пешеходных зон противогололёдными материалами, работы ведутся круглосуточно, сообщает официальный сайт столичного акимата.
Коммунальные службы района работают в усиленном режиме. В ночь с 29 на 30 декабря проводилась непрерывная посыпка тротуаров и проезжей части, однако из-за продолжающихся осадков погодная ситуация остаётся сложной. В ночную смену были задействованы 100 дорожных рабочих и более 250 единиц специализированной техники, выполнен вывоз снега в объёме более 3000 кубометров. Днём к работам привлечены более 500 дорожных рабочих и более 350 единиц спецтехники, работы продолжаются.
Горожан и гостей столицы просят соблюдать меры предосторожности: быть внимательными при передвижении по улицам, особенно при переходе проезжей части, выбирать нескользящую обувь и по возможности избегать дальних поездок.
Водителям рекомендуется учитывать ухудшение видимости и скользкое дорожное покрытие, соблюдать скоростной режим и дистанцию, а также проверить техническое состояние автомобилей и соответствие шин погодным условиям.
При возникновении чрезвычайных ситуаций следует обращаться в экстренные службы по номеру 112.