Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясы

Share

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының ресми парақшасы "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК-ның ресми парақшасы

30/05/2026

Зейнолла Ыдырысов Копер қаласындағы Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы жарыстың финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін тұтқалы ат снарядында Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдырысов 2-орын алды. Ол финалда 14.133 балл жинады. Осы жаттығуда тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов бақ сынап, 7-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 13.233 ұпай бар.

Тұтқалы ат снарядының жүлдегерлері:
1. Матео Зугец (Хорватия, 14.166 балл)
2. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан)
3. Джошуа Натан (Ұлыбритания, 14.100 балл)

Ертең финалдардың 2-күні өтеді. Онда ел намысын Роман Маменов қорғайды. Ол тіреніп секіру жаттығуында жүлдеге таласады.

29/05/2026

Алдияр Рамазанов – көркем жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері

​Испанияның Понтеведра қаласында көркем жүзуден әлем кубогінің 4-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Ұлттық құрама спортшысы Алдияр Рамазанов ерлер арасындағы техникалық бағдарламаның жекелей сынында қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер:
​🥇Филиппо Пелати (Италия) - 229,7325 балл
​🥈 Энеко Санчес Агилар (Испания) - 228,4342 балл
​🥉Алдияр Рамазанов (Қазақстан) - 223,0833 балл

Еліміздің тағы бір өкілі Виктор Друзин осы сында 203,5667 балл нәтижесімен 4-орыннан көрінді.

Айта кетейік, осыған дейін аралас жұптық сынның техникалық бағдарламасында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жарысқа 29 мемлекеттен 208 спортшы жиналды. Ел намысын барлығы 22 отандасымыз қорғап жатыр. Әлем кубогы 31 мамырда мәресіне жетеді.

27/05/2026

Официальное разъяснение Дирекции развития спорта относительно финансирования Михаила Шайдорова

В связи с обсуждением в средствах массовой информации ситуации вокруг выплат фигуристу Михаилу Шайдорову, мы считаем важным прояснить юридические и финансовые аспекты нашего взаимодействия. Наша главная задача — обеспечить олимпийскому чемпиону максимально комфортные условия для подготовки, и всесторонняя поддержка атлета остается нашим неизменным приоритетом.

Выплата заработной платы спортсменам Дирекции развития спорта осуществляется строго в соответствии с действующими контрактами. За январь и февраль 2026 года заработная плата была выплачена Михаилу Шайдорову в полном объеме по ранее действовавшему соглашению. С марта текущего года, в связи со вступлением в новый олимпийский цикл, запланировано заключение нового трудового договора. Этот документ предусматривает существенно обновленные в лучшую сторону условия финансирования, учитывающие высокий статус атлета. На сегодняшний день проект контракта находится на стадии взаимного обсуждения и согласования юридических деталей между сторонами, из-за чего процесс подписания затянулся, а выплаты возобновятся сразу после заключения договора.

В частности, в настоящее время стороны согласовывают стандартные для спорта высших достижений индикаторы эффективности. Напоминаем, что это общемировая практика, основанная на принципах взаимных обязательств и целевого использования бюджетных средств. Подобные контракты активно применяются спортивными ведомствами Великобритании, Австралии, Германии, Южной Кореи и других ведущих стран. Государство гарантирует спортсменам хорошие условия и полное обеспечение, ожидая взамен стремления к максимальным спортивным результатам.

При этом мы подчеркиваем, что вне зависимости от процесса согласования нового трудового договора, государство в полном объеме выполняет все обязательства по поощрению Михаила Шайдорова за его исторический триумф на Олимпийских играх в Милане. За завоевание золотой медали спортсмену предусмотрена денежная выплата в размере 250 тысяч долларов США, предоставление трехкомнатной квартиры в городе Алматы, а также назначение пожизненных ежемесячных государственных выплат в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Мы находимся в постоянном конструктивном диалоге с Михаилом Шайдоровым и его командой. Дирекция развития спорта уверена, что все юридические формальности будут улажены в ближайшее время, что позволит спортсмену полностью сфокусироваться на тренировочном процессе и подготовке к новым победам под флагом Казахстана.

Photos from Спортты дамыту дирекциясы's post 26/05/2026

Еркін күрес: Ризабек Айтмұхан бастаған палуандар U23 Азия чемпионатында 4 алтын медаль олжалады

Бүгін Вьетнам астанасы Данангта еркін күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан командасы бәсеке барысында 4 алтын, 3 күміс пен 1 қола медаль жеңіп алды. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
🥇Нұрданат Айтанов (-61 кг)
🥇Майс Алиев (-70 кг)
🥇Нұрдәулет Сейілбеков (-74 кг)
🥇Ризабек Айтмұхан (125 кг)

🥈Еламан Амангелді (-57 кг)
🥈Ерхан Әбіл (-79 кг)
🥈Абылайхан Үзембаев (-86 кг)
🥉Шаттық Алайдар (-65 кг)

Екі күнге созылған бәсеке нәтижесінде еркін күрестен Қазақстан жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.
1. Үндістан 1-орын
2. Қазақстан 2-орын
3. ⁠Қырғыз Республикасы 3-орын.

Осыған дейін грек-рим мен әйелдер күресінен Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінген. Атап айтқанда, грек-рим күресінен қоржынға 2 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлде түсті. Өз кезегінде бұрымды палуандар 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медальге ие болды.

Биыл сары құрлық чемпионатына 20-ға жуық мемлекеттен спортшы қатысты.

Photos from Спортты дамыту дирекциясы's post 26/05/2026

🥉Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Бішкектегі Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді

Бүгін Бішкекте (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионатының ақтық жарыстары өтуде, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, отандасымыз Ақмарал Ерекешева шығыршық жаттығуының финалында 28.50 ұпай алып үздік үштікке енді. Осы сайыста 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы, өзбекстандық тәжірибелі спортшы Тахмина Икромова (29.25) жеңімпаз атанса, күміс жүлдені қытайлық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалисі Ван Цзылу (28.90) алды.

Айта кетейік, сары құрлық додасына жекелей сын бойынша 17 елден 30-дан астам үздік спортшы қатысуда. Сондай-ақ бұл турнир күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

📸 Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Photos from Спортты дамыту дирекциясы's post 25/05/2026

Аруларымыз көркем гимнастикадан Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионатының көпсайыс бойынша финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Нұрмағамбетова және Кристина Чепульскаядан құралған Қазақстан құрамасы топтық жаттығулардағы көпсайыста 26.90 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Бұл сында 28.40 ұпаймен қытайлықтар топ жарса, күміс жүлде 27.15 ұпай жинаған өзбекстандықтарға бұйырды.

Айта кетейік, топтық жаттығуларда 10 елдің құрамасы бақ сынауда. Аталған жарыс күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.

25/05/2026

Айбота Ертайқызы - көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Бүгін Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы жекелей сындағы көпсайыс бәсекесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз көпсайыста жалпы 113.65 ұпай жинады. Атап айтсақ, шығыршықпен жаттығуда 28.50, доппен 27.45, ұршықпен сайыста 28.70, таспамен жарыста 29 ұпай нәтижені көрсетті. Осы бағдарламада өзбекстандық Тахмина Икромова (115.10) жеңімпаз атанса, ал өзбекстандық Наталья Усова (112.40) қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Айбота былтырғы Сингапурда өткен сары құрлық додасында таспа сайысында чемпион, ал көпсайыста қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ бұл дода күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

Photos from Спортты дамыту дирекциясы's post 24/05/2026

🇰🇿🥈Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында командалық көпсайыста күміс жүлде иеленді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық көпсайыс қорытындысы бойынша екінші орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Командалық көпсайыста отандастарымыз жалпы 263.65 ұпай жинады. Бұл сында ел намысын Айбота Ертайқызы, Ақмарал Ерекешева, Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады.

Аталған бағдарламада Өзбекстан құрамасы (265.8 ұпай) топ жарса, үздік үштікті Қытай түйіндеді.

Құрама команданың жаттықтырушылары – Меруерт Балғынбаева мен Екатерина Панченко.
Бас бапкер – Лола Әділбекова.

Айта кетейік, бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

Photos from Спортты дамыту дирекциясы's post 23/05/2026

Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жазғы Универсиада чемпионы Самирхон Абабакиров -63 кг салмақтың жартылай финалында былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Мехди Хаджи Мусаимен айқасты. Тартысты өткен жекпе-жек 0-2 есебімен Иран спортшысының пайдасына шешілді.

Осы тұста бұл екі даянг шебері арасындағы бірінші кездесу екенін айта кетейік.

Самирхон осыған дейін іріктеуде Біріккен Араб Әмірліктері мен Индонезиядан келген қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңді.

Бүгін жарыс жолына шыққан Айдана Сүндетбай (-53 кг) ширек финалда әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы Дуниа Әли Абуталебке (Сауд Арабиясы) жол берді. Ал Акрамат Долгиев (-63 кг), Мейір Нұрғазин (-87 кг), Азиза Қаражанова (-53 кг), Аяулым Асқар (-67 кг) 2-кезеңде қарсыластан ары аса алмады.

Қазір Қазақстан командасының еншісінде 4 қола медаль бар. Бәсеке ертең мәресіне жетеді. Осыған дейін Еркебұлан Еңсегенов(-54 кг), Эльдар Бірімбай (-74 кг) Назым Махмутова (-73 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

23/05/2026

Самирхон Абабакиров қарсыласын есеңгіретіп, жартылай финалға шықты

Ұлттық құрама таеквондошысы Самирхон Абабакиров -63 кг салмақтың ширек финалында Индонезия өкілі Мұхаммед Бассам Райханды айқын басымдықпен жеңді.

Отандасымыз келесі кезеңде Иран спортшысымен кездеседі.

Осылайша, Абабакиров кем дегенде үздік үштікке кірді.

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр 11/5
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30