ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

Share

Государственное учреждение «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан»

Государственное учреждение «Комитет гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан» является ведомством Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, осуществляющим регулятивные, реализационные и контрольные функции, а также участвующим в выполнении стратегических функций Министерства в области гражданской авиации.

28/11/2025

Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының әуе кемелерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жедел түрде жүргізілуде

Қазіргі уақытта инженерлік қызметтер Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының KC 931 және FS 7063 рейстеріне тартылған екі әуе кемесінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартты.
Қалған әуе кемелерінде жаңарту жұмыстары жоспарлы кезең-кезеңімен жалғасып жатыр және жуық арада толық аяқталады.
Барлық процедуралар Airbus ұшу жарамдылығы жөніндегі директивасына қатаң сәйкестікте, авиакомпаниялар мамандарының, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тікелей бақылауымен жүргізілуде.
Барлық қызметтер тәулік бойы жұмылдырылып, жаңарту процесін мүмкіндігінше тез аяқтау және әуе қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатыр.
Авиакомпаниялар ұшу кестесіне әсерін барынша азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жолаушыларға өз рейстерінің өзекті мәртебесін авиакомпаниялардың ресми ресурстарынан алдын ала тексеріп отыру ұсынылады.
Ұшу қауіпсіздігі - басты басымдық. Жүргізіліп жатқан жұмыстар әуе кемелерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹

На воздушных судах авиакомпаний Air Astana и FlyArystan в ускоренном темпе проводится обновление программного обеспечения

На текущий момент инженерными службами выполнено обновление программного обеспечения на двух воздушных судах авиакомпаний Air Astana и FlyArystan, задействованных на рейсах KC 931 и FS 7063.
Работы по обновлению продолжаются в плановом поэтапном режиме на остальных воздушных судах и будет завершено в ближайшие дни
Все процедуры выполняются в строгом соответствии с директивой лётной годности Airbus и под непосредственным контролем специалистов авиакомпаний, Комитета гражданской авиации и Авиационной администрации Казахстана.
Все службы задействованы и работают в круглосуточном режиме, чтобы завершить процесс обновления как можно быстрее и обеспечить полную безопасность полётов.
Авиакомпании принимают меры для минимизации влияния на расписание.
Пассажирам рекомендуем сохранять спокойствие и заранее проверять актуальный статус своих рейсов на официальных ресурсах авиакомпаний.
Безопасность полётов остаётся главным приоритетом, и данные работы направлены исключительно на повышение уровня надёжности воздушных судов.

28/11/2025

Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бірлесіп, рейстердің кешігуі кезінде жолаушыларға көмек көрсету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін жедел колл-орталықты іске қосты.

Рейс бойынша қажетті ақпарат алу үшін жолаушыларға төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу ұсынылады:
Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77
FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp: +7 702 702 0227)
S**T: +7 7252 99 88 80
Qazaq Air: +7 727 356 14 14
“Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ: +7 7172 79 82 13
“Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” АҚ: +7 7172 702 999
“Алматы халықаралық әуежайы” АҚ: +7 727 228 00 19

Жолаушыларға рейстерінің соңғы мәртебесін ұшу алдында әуе компаниялардың ресми сайттарынан тексеріп отыру ұсынылады.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Комитетом гражданской авиации совместно с Авиационной администрацией в целях оказания помощи пассажирам при задержках рейсах развернут колл-центр на круглосуточной основе.
Для получения информации по статусу рейса пассажирам рекомендуется обращаться по следующим контактам:

Air Astana + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
FlyArystan +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
S**T +7 7252 99 88 80;
Qazaq Air + 7 727 356 14 14;
АО “Авиационная администрация Казахстана” +7 7172 798213.
АО “Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев” +7 7172 702-999
АО “Международный аэропорт Алматы” +7 727 228 00 19

Пассажирам рекомендуется заранее проверять актуальный статус своих рейсов на сайтах авиакомпаний.

28/11/2025

Airbus бағдарламалық қамтамасыз етудің шұғыл жаңартылуын енгізуде

Азаматтық авиация комитеті Airbus компаниясының әуе кемелеріндегі басқару компьютері үшін операциялық бағдарламалық қамтамасыз етуді міндетті түрде жедел жаңарту жөнінде ұшу жарамдылығы директивасын шығарғанын хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, барлық авиакомпаниялар аталған жұмыстарды әрбір әуе кемесінің келесі рейсіне дейін орындауға міндетті.
Осыған байланысты Air Astana және Fly Arystan әуе компаниялары пайдаланып отырған Airbus әуе кемелерінің рейстері ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында міндетті жаңарту жүргізу үшін базалық әуежайларда уақытша кідіртіледі.
Әуе компаниялары ұшу кестесіне әсерін барынша азайтуға күш салуда, алайда рейстердің уақытында өзгерістер болуы мүмкін. Жолаушыларға әуе рейстерінің өзекті мәртебесін авиакомпаниялардың ресми сайттарынан алдын ала тексеру ұсынылады.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Airbus вводит срочное обновление программного обеспечения

Комитет гражданской авиации сообщает, что Airbus выпустил директиву лётной годности, обязывающую все авиакомпании провести немедленное обновление операционного программного обеспечения, компьютера управления рулём высоты на воздушных судах семейства Airbus.
Документ требует выполнить работы до ближайшего вылета каждого самолёта.
В связи с этим вылеты самолетов Airbus, эксплуатируемых Air Astana и Fly Arystan, будут задержаны в аэропортах базирования для проведения обязательного обновления в целях обеспечения безопасности полетов.
Авиакомпании прилагают все усилия, чтобы минимизировать влияние на расписание, однако возможны изменения и задержки рейсов. Пассажирам рекомендуется заранее проверять актуальный статус своих рейсов на сайтах авиакомпаний.

22/04/2025

«FlyArystan» компаниясының әуе кемелері паркі жаңа 320CEO ұшағымен толықтырылды

Жолаушылар сұранысын қанағаттандыру және әуе тасымалдарды дамыту мақсатында ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп, тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
«FlyArystan» компаниясының әуе кемелерінің паркі Airbus-А 320СЕО типті жаңа 180 орындық ұшақпен толықтырылды.
Әуе кемесін пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырып, маршруттық желісін дамытуға ықпал етеді.
Қазақстандық әуе компаниялардың кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Парк воздушных судов авиакомпании «FlyArystan» пополнился новым самолетом А 320CEO

В целях удовлетворения пассажирского спроса и развитию авиаперевозок, Комитетом гражданской авиации МТ РК совместно с казахстанскими авиакомпаниями продолжается работа по увеличению провозной емкости.
Так, парк воздушных судов авиакомпании «FlyArystan» пополнился новым 180-местным самолетом типа Airbus - А 320CEO.
Ввод в эксплуатацию воздушного судна повысит провозную емкость авиакомпании, а также способствует развитию маршрутной сети авиакомпании.
Работа по расширению парка воздушных судов казахстанских авиакомпаний продолжается и находится на постоянном контроле Комитета гражданской авиации.

Photos from ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті's post 21/04/2025

Көлік вице-министрі Петропавл қаласының оқушыларымен кездесті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Көлік министрлігінің өкілдері жоғары сынып оқушыларын көлік-логистика саласымен таныстыруды жалғастыруда.

Бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Петропавл қаласының мектеп оқушыларымен кездесті. Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ,
«Қазаэронавигация» АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ" өкілдері, ЖАСҰО филиалының мамандары қатысып, сөз сөйледі. Олар еңбек жолындағы тәжірибесі туралы айтып, көлік саласы туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ғана бүкіл ел бойынша министрлік өкілдерінің қатысуымен 800-ден астам кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Бұл шаралар 200 мыңға жуық оқушыны (9-11 сыныптар) қамтыды.

"Көлік саласы қарқынды дамып келеді. Авиациялық жүйені қашықтан басқаратын ұшқыш, робототехника операторы, робототехника инженер-технологы, цифрлық логист, эко-логист, цифрлық логистикалық картаны құрастырушы, кеме жасаушы инженер, цифрлық жобалаушы және т.б. сияқты жаңа мамандықтар пайда болуда",-деп атап өтті вице - министр.

Бүгін өткен кәсіптік бағдар беру кездесуі аясында оқушылар жоғарыда аталған мамандықтарға үлкен қызығушылық танытты.

Кездесу соңында вице-министр мамандық таңдау әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі екенін атап өтті.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Вице-министр транспорта встретился со школьниками города Петропавловск

В рамках Года рабочих профессий представители Министерства транспорта продолжают знакомить старшеклассников с транспортно-логистической отраслью.

Сегодня вице-министр транспорта Талгат Ластаев встретился со школьниками города Петропавловск на площадке IT-школы-лицея имени Магжана Жумабаева.

Во встрече также приняли участие и выступили представители АО «НК «КТЖ», АО «Казаэронавигация», специалисты филиала НЦКДА и АО «НК «КазАвтоЖол». Они поделились опытом и рассказали о работе в транспортной сфере.

Напомним, только в прошлом году по всей стране было проведено более 800 профориентационных мероприятий, которые охватили порядка 200 тыс. школьников (9-11 классы).

«Транспортная отрасль динамично развивается. Появляются новые, перспективные специальности, такие как внешний пилот дистанционно пилотируемых авиационных систем, оператор робототехники, инженер-технолог робототехники, цифровой логист, эко-логист, конструктор цифровых логистических карт, инженер-судостроитель, оператор беспилотного автомобильного транспорта, цифровой проектировщик и др»,- отметил вице-министр.

Сегодня в рамках профориентационной встречи школьники проявили большой интерес к вышеперечисленным профессиям.

В заключение встречи вице-министр отметил, что выбор профессии – одно из самых важных решений в жизни каждого человека.

Photos from ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті's post 19/04/2025

ҚР МКҚ командасы Millitary Drone Race турнирін жеңіп алды

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен 2025 жылғы 17 сәуірде “Майлан” далалық оқу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race турнирі өтті.
Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысты.
Турнирдің серіктесі - “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.
Сайыс нәтижесінде ҚР МКҚ командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.
FPV-дрондарды басқару турнирі осы саладағы мамандардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталды. Сайыс оларға жаңа жүйелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын тактикалық қолдану саласын одан әрі дамытуға үлесін қосты деуге болады.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Команда СГО выиграла первый турнир “Military Drone Race”

В Казахстане впервые прошёл турнир среди операторов FPV-дронов силовых структур — «Military Drone Race». Турнир собрал команды различных подразделений, использующих беспилотные технологии в тактических и специальных операциях.
Победителем турнира стала команда Службы государственной охраны РК, продемонстрировавшая высокую координацию и уровень пилотирования. Второе место за специальным подразделением «А» КНБ РК. Третье место заняли представители Военно-инженерного института радиоэлектроники и связи.
Проведение подобных соревнований отражает растущий интерес силовых ведомств к применению FPV-дронов в оперативной и боевой деятельности. Турнир стал не только площадкой для обмена опытом, но и показателем того, насколько быстро развивается направление беспилотных систем в сфере национальной безопасности.
Соорганизатором турнира «Military Drone Race» выступил Научно-образовательный фонд Ashyq Aspan Foundation, взявший на себя обеспечение технической части мероприятия.

18/04/2025
Photos from ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті's post 16/04/2025

AVSECP/36 панельдік сессиясы: жаһандық авиациялық қауіпсіздікті нығайту

Канаданың Монреаль қаласындағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) штаб-пәтерінде Авиациялық қауіпсіздік панелінің (AVSECP/36) 36-шы сессиясы өтті. Шараға ИКАО-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық және өңірлік авиациялық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар қатысты.
Сессияның негізгі мақсаты авиациялық қауіпсіздік саласындағы өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді талқылау, оларды бейтараптандырудың бірлескен стратегияларын әзірлеу болды. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 17-қосымшаның шеңберінде стандарттар мен ұсынылатын тәжірибелерді (SARPs) одан әрі енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, авиациялық қауіпсіздік аудиті бағдарламаларының (USAP-CMA) тиімділігін бағалау, ASTC желісін TRAINAIR PLUS PROGRAMME бағдарламасына біріктіру, әлеуетті арттыру, елдер арасында озық тәжірибе алмасу, жаңа технологиялар мен басқару жүйелерін пайдалануды қоса алғанда, әуе көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі инновациялық тәсілдер талқыланды.
ИКАО-ның нормативтік құжаттарын жаңарту бойынша ұсыныстар қаралып, бірқатар ұсынымдар мақұлданды, олар ИКАО Кеңесіне одан әрі қарауға жіберіледі.
AVSECP/36-ға қатысу халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және ИКАО-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіз және тұрақты жаһандық авиация жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін растады.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Панельная сессия AVSECP/36: Укрепление глобальной авиационной безопасности

В штаб-квартире Международной организации гражданской авиации (ИКАО) в г. Монреале, Канада, состоялась 36-я сессия Панели по авиационной безопасности (AVSECP/36). В мероприятии приняли участие представители государств-членов ИКАО, международных и региональных авиационных организаций, а также эксперты по авиационной безопасности со всего мира.
Основной целью сессии стало обсуждение актуальных вызовов и угроз в области авиационной безопасности, а также выработка совместных стратегий по их нейтрализации. Особое внимание было уделено вопросам дальнейшего внедрения стандартов и рекомендуемой практики (SARPs) в рамках Приложения 17 к Конвенции о международной гражданской авиации;
оценке эффективности программ аудита авиационной безопасности (USAP-CMA); интеграции сети ASTC в TRAINAIR PLUS PROGRAMME, укреплению потенциала и обмену передовым опытом между государствами; инновационным подходам в обеспечении безопасности воздушных перевозок, включая использование новых технологий и систем контроля.
Также были рассмотрены предложения по обновлению нормативных документов ИКАО, а также одобрен ряд рекомендаций, которые будут представлены Совету ИКАО для дальнейшего рассмотрения.
Участие в AVSECP/36 подтвердило высокий уровень международного взаимодействия и приверженность государств-членов ИКАО обеспечению безопасной и устойчивой глобальной авиационной системы.

16/04/2025

Астана қаласының әуе кеңістігін уақытша жабуға қатысты: жолаушылар назарына!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.
Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз:

Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77
Астана: + 7 (7172) 58 44 77
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

S**T +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Касательно временного закрытия воздушного пространства над Астаной: вниманию пассажиров!

В соответствии с информацией Министерства обороны Республики Казахстан, в связи с подготовкой и проведением военного парада в Астане в период с 22 апреля по 7 мая 2025 года с 10:00 по 13:00 ч., в городе Астане будут кратковременные ограничения использования воздушного пространства для проведения тренировочных полетов военной авиации.
В этой связи, просим пассажиров учитывать указанные ограничения при планировании поездок, а также уточнять актуальный статус рейса в справочных службах авиакомпаний и аэропорта:

Air Astana
г. Алматы: + 7 (727) 244 44 77
г. Астана: + 7 (7172) 58 44 77
доп. тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

S**T +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystаn +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Аэропорт г. Астана +7 (7172) 702–999

Photos from ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті's post 16/04/2025

Қазақстан ИКАО-ның «Қауіпсіз аспан» форумында авиациялық тәуекелдерді бағалауға деген көзқарасын таныстырды

Марокконың Марракеш қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен «Қауіпсіз аспан» консультативтік комитетінің (Safer Skies Consultative Committee, SSCC) демеушілігімен ұйымдастырылған Қақтығыс аймақтары арқылы ұшу тәуекелдері бойынша 4-ші халықаралық форум (Safer Skies Forum) өтті.
Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен авиациялық билік өкілдері, халықаралық ұйымдар, әуе компаниялар мен сарапшылар жиналып, геосаяси тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында өзекті мәселелерді талқылап, шешімдерді әзірледі.
Өңірлік тәсілдерге арналған сессия аясында Қазақстан «Risk Assessment for Civil Aviation Over and Near Conflict Zones: A Model for Kazakh Airlines» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында Орталық Азияның аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ИКАО ұсынымдарына (Doc 10084) негізделген Қазақстан әзірлеген авиациялық тәуекелдерді бағалау моделі ұсынылды. Қауіптерді талдау, визуализациялау және жіктеу үшін цифрлық құралдарды пайдалануға, сондай-ақ тәуекелдерді бағалауды ұшуды шектеудің әлеуметтік-экономикалық салдарын талдаумен біріктіруге ерекше назар аударылды.
Ұсынылған тәсіл форумға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және авиациялық тәуекелдерді бағалаудың өңірлік құралының перспективалық үлгісі ретінде аталды.
Қазақстанның форумға қатысуы авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жетекші мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасуға, ИКАО және SSCC арқылы одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін сарапшылық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді. Тәуекелдерді бағалаудың қазақстандық моделі қақтығыс аймақтарындағы тәуекелдерді бағалаудың тиімді және бейімделгіш құралы ретінде танылды.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Казахстан представил свой подход к оценке авиационных рисков на форуме ICAO «Safer Skies»

В г. Марракеше (Марокко) состоялся 4-й Международный форум по рискам полетов над зонами конфликтов (Safer Skies Forum), организованный под эгидой Международной организации гражданской авиации (ИКАО) и Консультативного комитета по безопасному небу (Safer Skies Consultative Committee, SSCC).
Форум объединил представителей авиационных властей, международных организаций, авиакомпаний и экспертов из разных стран мира для обсуждения актуальных вызовов и выработки решений в условиях растущей геополитической нестабильности.
В рамках сессии, посвящённой региональным подходам, Казахстан выступил с презентацией на тему: «Risk Assessment for Civil Aviation Over and Near Conflict Zones: A Model for Kazakh Airlines».
В ходе выступления была представлена разработанная Казахстаном модель оценки авиационных рисков, основанная на рекомендациях ИКАО (Doc 10084), с учётом региональных особенностей Центральной Азии. Особое внимание было уделено применению цифровых инструментов для анализа, визуализации и классификации угроз, а также интеграции оценки рисков с анализом социально-экономических последствий ограничения полетов.
Представленный подход вызвал широкий интерес участников форума и был отмечен как перспективный пример регионального инструмента оценки авиационных рисков.
Участие Казахстана в форуме позволило укрепить международное сотрудничество в сфере авиационной безопасности, обменяться опытом с ведущими государствами и международными организациями, расширить экспертные контакты для дальнейшего взаимодействия по линии ИКАО и SSCC. Казахстанская модель оценки рисков признана как эффективный и адаптируемый инструмент оценки рисков в условиях конфликтных регионов.

14/04/2025

ICAO Global Air Cargo бірінші жаһандық саммиті – әуе жүк нарығының негізгі міндеттері мен келешегі

Қазақстан делегациясы әуе жүк тасымалы саласындағы реттеуші органдардың рөлі мен бірыңғай стандарттарды қалыптастыруға ерекше назарға алынған, алғаш рет ICAO ұйымдастырған форумға қатысты. Түркияның Анталия қаласында өткен шараға жетекші халықаралық ұйымдар, авиация органдары, әуе компаниялары, логистикалық компаниялар мен әуежайлар жиналды.
Баяндамаларды ИКАО, IATA, Airbus, Boeing сарапшылары, сондай-ақ авиациялық билік органдарының, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері жасады.
Дамудың негізгі бағыттары: жүк тасымалдауды авиациялық жүйенің толыққанды бөлігі ретінде тану, электронды коммерция мен цифрлық логистиканың міндеттері, автоматтандыру және түпкілікті IT-шешімдерді енгізу, авиация және кеден органдарының интеграциясы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұшқышсыз технологияларды пайдалану, сондай-ақ тұрақтылық және «жасыл».
Қазақстандық делегацияның құрамында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Астана, Алматы, Ақтөбе әуежайларының, «Қазаэронавигация» РМК өкілдері болды.
Қазақстанның әуе жүк тасымалы нарығындағы негізгі басымдықтары жүк секторының цифрлық трансформациясын, ұшқышсыз шешімдердің нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді, авиация мен кеден арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды, тұрақтылық пен логистикадағы «жасыл» тәсілдерді, сондай-ақ Қазақстан әуежайларына халықаралық әуе тасымалдаушыларын тартуды қамтиды.
Саммитке қатысу ұлттық тәсілдерді ИКАО-ның жаһандық реттеуші күн тәртібімен үндестіруге және тәжірибе алмасуға, саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, кәсіби қоғамдастықпен жұмыс байланыстарын орнатуға мүмкіндік берді.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

Первый саммит ICAO Global Air Cargo – ключевые вызовы и перспективы рынка грузовых авиаперевозок

Казахстанская делегация приняла участие в форуме впервые организованном ICAO с акцентом на роль регуляторов и формирование единых стандартов в сфере грузовых авиаперевозок. Событие, состоявшееся в г. Анталье (Турция), объединило ведущие международные организации, авиационные администрации, авиакомпании, логистические компании и аэропорты.
С докладами выступили эксперты ICAO, IATA, Airbus, Boeing, а также представители авиационных ведомств, отраслевых ассоциаций и бизнеса.
Были обсуждены ключевые направления развития: признание грузовых перевозок как полноценной части авиационной системы, вызовы e-commerce и цифровой логистики, автоматизация и внедрение сквозных ИТ-решений, интеграция авиации и таможенных органов, обеспечение безопасности, применение беспилотных технологий, а также устойчивость и «зелёный» переход.
В казахстанскую делегацию вошли представители Комитета гражданской авиации МТ РК, Авиационной администрации Казахстана, аэропортов Астаны, Алматы, Актобе, а также РГП «Казаэронавигация».
Ключевыми приоритетами Казахстана на рынке грузовых авиаперевозок являются цифровая трансформация грузового сектора, развитие нормативной базы для беспилотных решений, усиление взаимодействия авиации и таможни, устойчивость и «зелёные» подходы в логистике, а также привлечение международных авиаперевозчиков в казахстанские аэропорты.
Участие в саммите позволило синхронизировать национальные подходы с глобальной регуляторной повесткой ICAO и обменяться опытом, обсудить актуальные вопросы развития отрасли, а также наладить рабочие контакты с профессиональным сообществом.

Photos from Aqorda's post 11/04/2025
Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Проспект Кабанбай Батыра 32/1
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30