25/12/2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының "Кітап мұражайы"
Қоғамдық көліктер
18,28,102,70,70,50,60
Кітап мұражайы - 2014 жылдың 1 желтоқсаны ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының 10 жылдығына орай ашылды.
25/12/2024
30/09/2024
Музей ісі: сақтау-ұсыну әдістері
Алғаш рет ТМД елдері үшін Санкт-Петербург қаласының ішкі саясат және мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен(Музей Одағы) ұйымдастырып отырған 2024-2025 жж. кәсіби даму ісі тұрғынан ҚР Ұлттық академиялық Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы “Кітап мұражайы” атынан әріптесім Таңшолпан Өтеген екеуміз келіп қалдық.
Тарихтағы құнды дүниелерді сақтап қана қоймай, келер ұрпаққа да қауіпсіз негізде қалдыру мақсатын місі тұтқан музей басшылығы мен қызметкерлері үшін таптырмас мүмкіндік.
Барыңдар-көріңдер, тарихты сендер жасайсыңдар деп, қоса жіберген Ғазиза Құдайберген қызына және Астанадағы Россотрудничество ұйымына көп алғыс!
Абайдың Тұрағұлы аударған
Джек Лондон "Баланың ерлігі". Мәскеуден 1928 жылы шығып, оқырманға жол тартқан.
Көремін, оқимын, танысам десеңіздер, мархабат ...
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының "Сирек қоры", "Кітап мұражайында"
#СирекКітаптарСөйлейді #ҚРҰАК #КітапМұражайы #СирекҚор #НАБРК #Абай #Тұрағұл #ДжекЛондон #БаланыңЕрлігі
01/07/2024
"Домбыра күні" немесе "Қамар сұлу романы" һәм Қамар Қасымов турасында не білеміз?!
Сұлтанмахмұттың Троицкіде оқуының өзі де оңайға соқпаған. Сол тұста түйдей құрдасы, досы, сыйлас болып өскен әрі туысы, жас күнінен өнерге ынтық қазақтың тұңғыш органологі – Қамар Қасымов өзі жасаған домбыралары мен ағаш бұйымдарын сатып, қаржылай көмек көрсеткен. Ақынның ризашылығы болса керек, «Алғысхат», «Досыма» атты өлеңдер арнап, тіпті әйгілі «Қамар сұлу» шығармасындағы басты кейіпкер Гүләйімнің есімін өзгертіп, Қамардың атымен атаған екен. Өмірбаяны да өзгелерге ұқсамайтын ылдиы мен қиындығы мол соқпақты жолдармен өткен атақты шеберді көп жанның біле бермеуі өкінішті-ақ...
Толығырақ сілтемеде
Сұлтанмахмұттың алғашқы биографы | Aikyn.kz Қазақтың ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевке 1927 жылдың 15 қарашасында жазған хатында: «Сұлтанмахмұт сөздерін былтыр түгел жинап, үлкен кітап қылып, баспаға...
24/06/2024
1. Жақсы мінез,
2. Жарқын жүрек,
3. Парасат,
4. Әм ден саулық - әркімге де жарасад.
Алла кімге бұл төртеуін сыйласа ...
Ол өмірден табар мәңгі рахат!!!
~ Рудаки
#Рудаки #Руми #Шамс
#СирекКітаптарСөйлейді #КітапМұражайы #ҚРҰАК #НАБРК #СирекҚор
1730-1750 жж. аралығындағы «Орынбор өлкесінің тарихы». П.И. Рычковтың 1759 жылы шыққан кітабы.
Кітапта 1734 жылғы Орынбор сызығының сипаты келтірілген.
«Орынбор өлкесінің тарихыда» Әбілқайыр ханның қазақ хандығын Ресей мемлекетінің құрамына алу жөніндегі өтініші толығымен баяндалған, сондай-ақ онда құнды тарихи құжаттар келтірілген.
Рычков бұл еңбегінде «Полковник Тевкелевтің жазбаларын» («қысқаша күнделік») жүйелі түрде пайдаланған.
Атақты Бөкбай шәлісінің де шығу тарихы осы Орынбор өлкесінен басталады және атақты П.И. Рычковтың жұбайы қалыптастырған мектептің төл өнімі.
30/05/2024
#ТарихТолқынында #КітапМұражайы #СирекКітаптарСөйлейді #КітапМұражайы #ҚРҰАК
Прагадағы Орталық әлеуметтік институт мекемесінің кеңселері 1937 жыл.
Фотосуреттен бірегей электр лифт үстелдерін көруге болады және ерекшелігі институтта әлемдегі ең үлкен тік құжаттар қоймасы болған.
Бір қызығы мұрағат қызметкерлерінің жұмыс үстелдерінің ерекшелігі көтеріліп, төмен түсіп, оңға-солға жылжып, қажетті картотека тартпасының алдында тоқтай алғатын.
Инновациялық жүйе енгізілгеннен кейін қызмет көрсететін қызметкерлер саны 400 адамнан 20-ға дейін қысқарған екен.
18/03/2024
"Көп адам көрдім, киімі жоқ.
Көп киім көрдім, ішінде адамы жоқ" - деген шығыс шайыры Мәуләнаның ойы тым тереңде жатыр.
Расымен де... десе де, киім - адамның ішікі ойы екендігі де рас.
Ұлттық киім күні - жақсылықтың жаршысы деп білдім, қабылдадым және қуандым!
01/02/2023
#Сиреккітаптарсөйлейді #Кітапмұражайы #ҚРҰАК
САПАРҒАЛИ БЕГАЛИННІҢ ЖАЗБАСЫНАН
АҚЫН ӨМІРІНЕН
Иса Байзақұлы өзімізбен бірге жасасып, күні кеш ғана қатарымыздан кетті. Ол бүкіл Қазақстан жұртшылығына өнерімен, өлеңімен өзін танытқан ақын, замандас еді. Иса әрі ақын, әрі артист, әрі өрісі кең жазушы еді.
Мен Исаны ең алғаш 1925 жылы июнь айының ішінде, Қоянды жәрмеңкесінде көрдім.
Жәрмеңкеге жаздың өте бір көңілді күндерінде басталды. Қызмет ретімен, шаруа жайымен келген алуан түрлі елдің бас үйлер, бірінде ән салынған, бірінде күйсандық ойнаған қызу көлі, күншығыс күрілдеп аққан Талды өзенінің арнасы, оңтүстік, солтүстік, солтүстік қойнау: Қоңыр адыр, Қоянды, Тоқпан шоқылары. Осылардың ортасынан орнаған жәрмеңке орны шалғынды, томарлы көкмайса еді.
Күн еңкейіп қалған кезде тарқап бара жатқан мал базарының қалың тобын қақ жара ерекше бір топ адам түйдектеліп жүйтки берді.
Біз де сол топқа келдік, әлі еш нәрсені көргеміз жоқ. Тек бір айқай, құйындай бұрқыраған бір өлең серпінін аспанға шарықтатады.
Топ ортасынан ашық үлкен автобус, оның үстінде толған адам. Өзге жұрттан ерекше, алып денесімен қажымұқан көрінді. Қасында әртүрлі киінген бірнеше жігіттер бар. Бірақ, елдің өзеурей қарап, өзгеден көрі құмарлана көз тіккені екі адам.
Қолындағы сырлы домбыраны біресе аспандата, біресе шылқыта, үні мен сөзі құйындай жүйіткіген бір жас жігіт ән салып отыр. Бұл жігіттің кім екенін сұрастырғанда, Иса ақын болып шықты. Ол жүріп келе жатқан автомобильдің үстінде домбырамен желдірмені жүйтки соғып, Қажымұқан балуанның күшін, дүние жүзін аралаған өнерін өлеңмен келістіре сипаттап, елдің еркін билеп әкеткендей.
Бұл топтың ішнде Қалибек те бар, Зәрубай да бар. Қалибек жиылған топты шанышпа, тапқыр сөзімен күлдірсе, Зәрубай бірде қоян, бірде жылан болып, сан алуан ойын көрсетіледі. Қажымұқан үстінен үлкен автомобиль жүргізеді, кеудесіне қойып жалпақ сом тасты ұрғызып сындыртады,-деген қолма-қол хабарландыру еді.
Ертеңінде Қажымұқан ойын көрсетті. Қажымұқан әрбір ойынды көрсетерде Иса домбырамен оның жайын түсіндіріп, желдірмеге толғайды. Бір жағынан гармонын құлаши сермеп Майра отырды. Адамның асқан күшті алыбы Қажымұқан, құйындай ұйытқыған ақын Иса, ән асқағы Майра, түйдек бірде бас қосып, Омар мен Қалибектің де күлкі-сықағы араласып, ойын қыза түсті. Осы күннен бастап-ақ, Исаның даңқы елге таралып кеткен еді.
Толығырақ Иса Байзақовтың «Ақбөпе» Таңдамалы шығармалар атты кітабынан оқи аласыздар. ...
Кітап қаза тілінде, кирилл графикасымен берілген.
«Академик Зәки Ахметов» жеке кітап қорынан
06/01/2023
#Сиреккітаптарсөйлейді #Кітапмұражайы
ҚАЛАНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ӨНДІРЕТІН БӨЛІГІНДЕ БИЛЕП ЖҮРГЕН ЖӘЛӘЛ-АД-ДИН РУМИ
Жәләл-ад-дин Руми (1207-1273), қаланың зергерлік бұйымдар өндіретін бөлігінен өтіп бара жатып, олардың балғаларының дауыстарынан шыққан әуезді музыканы ести салысымен билей бастады.
Діндар Салах-ад-дин дүкеннен шығып, билеп жүрген Румиді көріп, аяғына жығылды.
«Зергелік бұйымдар бөлігінен қазынаның нақ өзі шықты»,- деп, Руми оның сұлулығына таң қалып, таңғажайып өлеңдер айта бастады. Салах-ад-дин Румидің серіктесі болды.
Суфизмде би билеуде Құдайға деген сүйіспеншіліктің бастауы болып табылады.
Суфий биі - бұл суфийлік әңгімелердегі миниатюралардың танымал сипаты. Суретші Румидің миниатюрасында өте мазмұнды түрде өзіндік қозғалысын жеткізе алған.
Орта Азиялық үлгі, 1606ж.
Сұлтан Хусейн Байкара «Ғашықтар жинағы»
Каллиграф Мир-и Салих
«Шығыс миниатюрасы» кітабынан.
1980 жылы Ташкенттен шыққан.
Кітап Өзбек, орыс және ағылшына тілдерінде жазылған. Ғажайып шығыс миниатюрасына толы.
Кітап мұражайының академик "Зәки Ахметов" жеке кітап қорынан
21/12/2022
«Түркі тілін үйреніңіздер, сонда олардың ежелігі ұзақ дәуірлі болмақ» – деген сөздер бар. Ал, Байбарыс сұлтан түркі тілінің өркендеуіне көп күш-жігерін ысырап еткен тұлға.
20/12/2022
Тарихи материалдар
Қара перделер
Күн шығыс еңбекшілерін езу үшін ислам дінінің патша үкіметініі қолдында мықты құралы болғанын ашып көрсетсек, қазіргі исламшы молда олардың «жаңа негізге» құрылған діндерінің түп тамырын ашып салуға болады. Жер жүзіндегі байлар капиталистердің пайдасы үшін басталған 1914 жылғы соғыс ел шаруашылығын әлсіретіп астын-үшке келтірді. Мыңдаған қол шаруашылықтан тартылды. Бұл соғыста 672 176 кісі өлді, 3 803 827 кісі іске жарақсыз болып қалд, кәріп қасердің қатарына қосылды; 2 333 375 кісі хабарсыз жоғалып кетті, 5 069 920 кісі ауруға шалдығып мүгедектікке ұшырады.
Орынбор Муфтиі Мухамед-Сафе Баязитов
Толығырақ Қазақстан баспасынан – 1929 жылы шыққан «Жаңа мектеп» журналынан оқи аласыз...
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Достық 11
Nur-Sultan
140000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |
