Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты елдегі кәсіби дипломатиялық кадрлар мен халықаралық қатынастар саласындағы мамандар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз мамандандырылған оқу орны болып табылады.
Қыркүйек айында осы ерекше мекеменің негізі қалағанына 22 жыл толды – алғашында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жоғарғы дипломатиялық мектебі форматында, кейінірек Дипломатиялық академия болып өзгертілді. 2000 жылы Дипломатиялық академия Алматыдан Астанаға көшірілді және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік (қазіргі Ұлттық) университетіне қосылды. 2005 жылдан бастап Дипломатиялық академия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрамына Дипломатия институты мәртебесінде кірді.
Әртүрлі жылдарда Дипломатия институтын белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар басқарды. Бірінші ректор - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, жазушы, ғалым Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбеков жаңа жоғары оқу орнының қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты.
2005 жылдан бастап Дипломатия институтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының бірінші Сыртқы істер министрі, бірқатар елдердегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, саясаттану ғылымдарының докторы Сүлейменов Төлеутай Ысқақұлы басқарды, бүгінгі таңда ол өз тәжірибесімен Институттың магистранттары және докторанттарымен бөлісуде.
Институт қабырғасында танымал әлемдік тұлғалар және шет мемлекеттердің бірінші тұлғалары дәріс оқыды. Олардың арасында Рим Папасы Иоанн Павел II, КСРО экс-президенті М. Горбачев, Ресей Федерациясының Президенті В. Путин, Украинаның бұрынғы президенті Л. Кучма, НАТО Бас хатшысы Л. Робертсон, Испания Королі Хуан Карлос және басқалар бар.
Қазіргі таңда Институтта біліктілігі жоғары оқытушылар, дипломаттар, халықаралық сарапшылар дәріс оқиды. Осы жылы оқуға 23 адам қабылданды. Институтта мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары және белгілі саяси қайраткерлер дәріс оқиды. Мұның бәрімен біз өз парақшаларымыздағы жарияланымдарымызда таныстыратын боламыз.
***
Институт дипломатии Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан является единственным в стране специализированным учебным заведением, осуществляющим подготовку профессиональных дипломатических кадров, специалистов в области международных отношений.
В сентябре исполнилось 22 года с момента основания в 1996 году этого уникального учреждения – в начале в формате Высшей дипломатической школы МИД, позднее преобразованной в Дипломатическую академию. В 2000 году Дипакадемия была передислоцирована из Алматы в Астану и присоединена к Евразийскому Государственному (ныне Национальному) университету им. Л.Н. Гумилева. С 2005 года Дипломатическая академия вошла в состав Академии государственного управления при Президенте РК в статусе Института дипломатии.
В разные годы во главе Института дипломатии находились известные государственные и общественные деятели, ученые. Большой и неоценимый вклад в организацию и укрепление нового высшего учебного заведения внес первый ректор – доктор филологических наук, профессор, Чрезвычайный и Полномочный Посол РК, писатель, ученый Мырзатай Жолдасбекович Жолдасбеков.
С 2005 года Институт дипломатии возглавлял государственный деятель РК, первый министр иностранных дел Республики Казахстан, Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в ряде стран, доктор политических наук Сулейменов Тулеутай Скакович, который и сегодня передает свой опыт магистрантам и докторантам института.
После институт возглавляли кандидат исторических наук Саулекуль Сайлаукызы, доктор исторических наук, профессор Козыбаев Ильяс Манашевич, Anuar Ayazbekov.
В стенах института выступали известные мировые деятели и первые лица иностранных государств. В их числе – Папа Иоанн Павел II, экс-Президент СССР М. Горбачев, Президент РФ В. Путин, экс-Президент Украины Л. Кучма, Генеральный секретарь НАТО Л. Робертсон, Король Испании Хуан Карлос и многие др.
Сегодня в институте преподают высокопрофессиональные преподаватели, дипломаты, эксперты-международники. На учебу в этом году учебном году поступили 23 чел. С лекциями в институте выступают первые руководители государственных органов, руководители департаментов МИД, Чрезвычайные и Полномочные Послы Республики Казахстан, послы иностранных государств, руководители международных организаций, аккредитованные в Казахстане, видные политические деятели. Обо всем этом мы будем знакомить в своих публикациях на странице.
***
The Institute of Diplomacy of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan is the only specialized educational institution in the country that provides training for professional diplomatic personnel and specialists in the field of international relations.
In September, 22 years have passed since the foundation of this unique institution in 1996 - in the beginning in the format of the Higher Foreign Ministry Diplomatic School, later reorganized into the Diplomatic Academy. In 2000, the Diplomatic Academy was relocated from Almaty to Astana and joined the Eurasian State (now National) University. named after L.N. Gumilev. Since 2005, the Diplomatic Academy has become a part of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan with the status of the Institute of Diplomacy.
In different years, the Institute of Diplomacy was headed by famous state and public figures, scientists. The first rector - doctor of philology, professor, Ambassador Extraordinary and Plenipotentiary of the RK, writer, scientist Myrzatay Zholdasbekovich Zholdasbekov, made a great and invaluable contribution to the organization and strengthening of the new higher education institution.
Since 2005, the Institute of Diplomacy was headed by the statesman of the Republic of Kazakhstan, the first Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan, the Ambassador Extraordinary and Plenipotentiary of the Republic of Kazakhstan in a number of countries, Doctor of Political Sciences Suleimenov Tuleutai Skakovich, who is still transferring his experience to undergraduates and doctoral candidates of the Institute.
Well-known world figures and the first persons of foreign states gave lectures within the walls of the Institute. Among them are Pope John Paul II, ex-President of the USSR M. Gorbachev, President of the Russian Federation V.Putin, former President of Ukraine L.Kuchma, NATO Secretary General L. Robertson, King of Spain Juan Carlos and many others.
Today highly professional teachers, diplomats, international experts give lectures in the institute. 31 persons entered the institute to study this year. The first heads of state bodies, heads of departments of the Ministry of Foreign Affairs, Extraordinary and Plenipotentiary Ambassadors of the Republic of Kazakhstan, ambassadors of foreign states, heads of international organizations accredited in Kazakhstan, and prominent political figures speak with lectures at the Institute. We will introduce all this in our publications on the page.