Азаматтық қоғам істері комитеті

Азаматтық қоғам істері комитеті

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Азаматтық қоғам істері комитеті, Government Organization, РК, Nur-Sultan.

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 07/11/2025

📌Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлер қысқы кезеңге дайындық үстінде

«Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында Астанада қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындықты тексеруге арналған «Қыс–2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Іс-шараға «Волонтёры Астаны LIDER.KZ» қоғамдық бірлестігінің волонтерлері қатысты. Олар өз қызметін Ұлттық волонтерлік желі аясындағы шағын грант шеңберінде жүзеге асырады.

Жаттығу барысында волонтерлер кәсіби құтқарушылармен бірлесіп, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтап, халыққа көмек көрсету және коммуналдық әрі жедел қызметтермен өзара байланыс тәсілдерін меңгерді. Іс-шараның практикалық бөлігі Индустриялық парк аумағында өтіп, қатысушылар алған білімдерін нақты жағдайларда қолданды.

Волонтерлер мен сала мамандарының төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Мұндай өзара байланыс азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтып, қоғамның төзімін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы саладағы волонтерлер адал қызметі мен жауапкершілігі арқылы мемлекет үшін сенімді серіктеске айналды.

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 30/10/2025

📌Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың облыс тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуге қоғамдық кеңестердің мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Басқосу барысында азаматтық қоғамды дамыту, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және жергілікті бастамаларды іске асырудың перспективалары секілді өзекті мәселелер талқыланды.
Іссапар аясында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында үшінші сектор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, азаматтық белсенділік инфрақұрылымын дамыту және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды қолдау тетіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 30/10/2025

📌Елордада XII Азаматтық форумның нәтижесі талқыланды

Астанада «SARAP» сараптамалық клубының «ХІІ Азаматтық форум нәтижелері: азаматтық белсенділік – ел дамуының қайнар көзі» тақырыбында отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар форумның негізгі нәтижелерін, ұсынылған форматтың тиімділігін, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған алдағы қадамдарды талқылады.
Кездесу барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова Форумның негізгі жетістіктерін атап өтті. Ол бұл іс-шара өзекті мәселелерді ашық талқылауға және азаматтық секторды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген тиімді диалог алаңы болғанын айтты.
Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты және жүйелі әріптестіктің маңызы, сондай-ақ форум аясында әзірленген ұсынымдарды іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігі ерекше атап өтілді.
Отырыс барысында мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларға жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу бұл жобалардың әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді құралға айналғанын көрсетті. Сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау процестеріне белсенді қатысуы үшін ҮЕҰ-ның кәсіби әлеуетін арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстар қаралды.

30/10/2025

📌Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанованың төрағалығымен Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде құрылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жеткізушілерін анықтау бойынша конкурстық рәсімдер бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар жобасы талқыланды.

Ұсынылатын өзгерістер қаржыландыру көлеміне қарай жеткізушілерді іріктеу критерийлерін саралауды, ұйымның жобаны іске асыру аумағында болуын, сондай-ақ бұрын іске асырылған жобалардың тиімділігін бағалау нәтижелерін есепке алуды көздейді.
Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелері ұсынылған тәсілдерді қолдап, сонымен қатар тетікті одан әрі жетілдіру және оның қолданылу сапасын арттыру жөнінде бірқатар қосымша ұсыныстар енгізді.

Аталған бағыттағы жұмыс кіші топтар қызметінің шеңберінде жалғастырылатын болады.

25/10/2025

🇰🇿Республика күні құтты болсын!
Мемлекетіміздің мерейі өсіп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Баршаңызға бейбіт өмір мен амандық тілейміз.

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 25/10/2025

🏅Келесі суреттер топтамасынан «Жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету»,
«Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу»,
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау», «Мәдениет пен өнерді дамыту», «Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу», «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау», «Қоршаған ортаны қорғау» бағыттары бойынша байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттарын көре аласыз.

Назарларыңызға рақмет!

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 25/10/2025

🏅Келесі суреттер топтамасынан
«Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу», «Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау», «Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу» бағыттары бойынша байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттарын көре аласыз.

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 23/10/2025

📌Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақыны табыстау бойынша жыл сайынғы конкурс аяқталды. Конкурстық комиссияның шешімімен 15 номинация бойынша 73 үкіметтік емес ұйым сыйақы иегері атанды.

🏅Суреттер топтамасынан «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау», «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу», «Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту», «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» бағыттары бойынша байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттарын көре аласыз.

Бұл байқау – азаматтық сектордың тұрақты дамуына серпін беріп, қоғам игілігі жолында табанды еңбек етіп жүрген ұйымдарды қолдауға бағытталған дәстүрлі шара.
Әр номинация – еліміздің әлеуметтік және рухани өркендеуіне қосылған үлестің айрықша қырын айқындайды.

22/10/2025

📌Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, шынайы қоғамдық диалог орнатуға бағытталған кешенді және жүйелі стратегияны іске асыруда.
Мемлекет басшысы XII Азаматтық форум қатысушыларына жолдаған үндеуінде азаматтық қоғамды дамытуға мемлекеттің айрықша мән беретінін атап өтті.
«Мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасына арқау болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы берік орныға түсті. Өзара сыйластық пен түсіністік, жанашырлық пен жауапкершілік қасиеттері кеңінен дәріптеліп, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру үшін нақты шаралар атқарылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент белсенді азаматтық қоғам қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын.
Осы мақсатта 2021-2024 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құқықтық кеңістікті сапалық тұрғыдан жаңғырту үдерісі басталды. Бұл бағытта бірқатар негізгі заңнамалық актілер қабылданды. Атап айтқанда, «Қоғамдық бақылау туралы» Заң, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңға түзетулер пакеті қабылданды. Сонымен қатар «Волонтерлік қызмет туралы», «Қайырымдылық туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Медиация туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарға толықтырулар енгізілді. Аталған заңдарды тиімді іске асыру мақсатында 14 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілді.
Қоғамдық кеңестердің рөлі айтарлықтай күшейді. Соңғы үш жылда азаматтық қоғам өкілдерінің үлесі 23%-ға өсіп, 264 қоғамдық кеңестің құрамындағы олардың қатысу деңгейі 86%-ға жетті. Жастардың үлесі де 5%-ға артып, 15%-ды құрады.
Алғаш рет квазимемлекеттік секторда азаматтармен тікелей кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін 13 жаңа қоғамдық кеңес құрылып, өз жұмысын бастады.
Грант саясаты мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі реформаланды. Жобаларды іріктеудің көп деңгейлі механизмі енгізіліп, сараптама мен есеп беру рәсімдері жетілдірілді.

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 22/10/2025

📌Қазақстан, Түркия және Қырғызстан медиация саласында тәжірибе алмасты

Астанада медиация институтын дамыту және түркі елдері арасындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, Түркия Республикасының өкілі және Түркі әлемі медиаторлар одағының төрағасы Якуп Эрикел, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ төрағасы Жанділдә Жақыпов және Қырғыз Республикасының өкілі Авазбек Шамшиев қатысты.

Гүлбара Сұлтанова өз сөзінде Қазақстанда кәсіби және қоғамдық негізде медиаторлардың қызметін қамтамасыз ететін құқықтық база қалыптасқанын атап өтті. Министрлік жанынан медиаторлар ұйымдарымен өзара байланыс жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Бұл кеңес – жүйелі шешімдер қабылдауға бағытталған алаң.

Бүгінде елімізде 2 500-ден астам кәсіби медиаторды біріктіретін 25 медиаторлар ұйымы тіркелген. Сонымен қатар, азаматтарға тегін кеңес беретін шамамен 1 800 қоғамдық медиатор белсенді жұмыс істеуде.

Түркия мен Қырғызстан өкілдері өз елдеріндегі медиацияны дамытуға бойынша тәжірибе мен тәсілдерін бөлісті.

Айта кетейік, 15–16 қазан күндері XII Қазақстан азаматтық форумы аясында «Медиация және азаматтық қоғам: өзара байланыс жаңа көкжиектері» атты панельдік сессия өтті. Онда қатысушылар халықаралық тәжірибе, өзекті бастамалар және медиацияны азаматтық өзара әрекеттестіктің тиімді тетігі ретінде одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

19/10/2025

📌«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының финалистері анықталды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстауға арналған конкурстың алғашқы кезеңі аяқталды.

Онлайн дауыс беруге 50 мыңнан астам адам қатысып, волонтерлерге қолдау көрсетті. Бұл – елімізде волонтерлік қозғалысқа қоғам тарапынан қызығушылықтың артып, азаматтық бастамаларға қолдау көрсету мәдениетінің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Онлайн дауыс беру қорытындысымен 15 номинацияның әрқайсысы бойынша үздік он үміткер іріктелді. Конкурстың келесі кезеңінде финалистер Конкурс комиссиясының сараптамалық бағалауынан өтеді.

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай Астана қаласында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Іс-шара барысында қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген үздік волонтерлер марапатталып, жеңімпаздар жарияланады.

Photos from Азаматтық қоғам істері комитеті's post 17/10/2025

📌Республика күні қарсаңында Астанада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі» ұранымен өткен Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында пленарлық отырыс өтті. Жиын жұмысына 700-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастығы, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар бар. Сондай-ақ, форумға 38 шетелдік қонақ, оның ішінде 19 елшіліктің өкілдері, 10 халықаралық ұйым және алты елден келген делегаттар қатысты.

Пленарлық отырыс Мемлекет басшысының құттықтау сөзімен ашылды. Президенттің сөзін ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев оқып берді.

«Қазір Қазақстанда 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Оларды мемлекеттің сенімді серіктесі деуге толық негіз бар. Шын мәнінде, сіздер еліміздің береке-бірлігін нығайтуға, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға белсене атсалысып жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді. Бес жылда арнайы әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржы екі есеге жуық өсті. Бұл қаражат игі бастамаларды жүзеге асыруға, мұқтаж жандар мен жастарды қолдауға жұмсалып жатыр. Ортақ мүдде жолындағы осындай өзара тиімді ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасын табады.Бүгінгі басқосуда айтылатын салмақты ой-пікірлер мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға тың серпін береді деп сенемін», – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тұрақты даму мен экологиядан бастап, цифрландыру, инклюзия және жастар бастамаларын қолдау сияқты негізгі бағыттар бойынша өздерінің сараптамалық баяндамалары мен ұсыныстарын ортаға салды. Форумға қатысушылар мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы тиімді серіктестік – Әділетті әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастырудың берік іргетасы екенін атап өтті.

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


РК
Nur-Sultan
МӘҢГІЛІКЕЛ,8,14ПОДЪЕЗД

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30