Тәуелсіздік сарайы

Тәуелсіздік сарайы

Share

Государственное коммунальное казенное предприятие "Тәуелсіздік сарайы" акимата города Нур-Султан

04/06/2022

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Тәуелсіздік сарайында “Astana Venue Management” ЖШС ұжымы
ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындап, тәуелсіздігіміздың басты нышандарына деген құрметі мен ілтипатын қуаттады. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Мереке құтты болсын! Қасиетті Көк туымыз биіктен көріне берсін, айбынды Елтаңбамыздың абыройы асқақтай берсін, Әнұранымыз еліміздің әр шаңырағынан бастап, әлемнің бас тұғырларында шырқала бергей!
Еліміз бүтін, жұртымыз аман, аспанымыз ашық болғай! Бай-қуатты болайық! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
#ҚРМемлекеттікрәміздерінің30жылдығы #Нұр-СұлтанМемлекеттікрәміздеркүні #Меніңрәміздерімменіңмақтанышым

22/03/2021

Құрметті отандастар!

Сіздерді Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

#наурызмейрамы #құттыболсын

20/03/2021

🔹Қайырлы күн құрметті оқырмандар!🔹

Тәуелсіздік сарайының жұмыс кестесі👆🏻

madeniet

#жұмыскестесі #графикработы

16/03/2021

16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.

Қазақ халқының ерте ғасырлардан бері түбірін жайған шежіресінен оның туыстық байланыстарын ұғындыруға арналған әдебиеттердің, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз – қазақ, һәм хандар шежіресі», «Қазақтың ата тарату шежіресі», Тілеке Жеңістің «Шежіре» және т.б. шығармалардың құндылығы жоғары. Шежіре жайлы кітаптар рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту тұсында, еліміздің тарихын терең білуге, жас ұрпақтың санасы мен рухани мәдениетінің жоғарлауына ықпалын тигізеді.

➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿

16 марта – День памяти предков и благословений. В этот день предполагается особое внимание уделить изучению родословной семьи, проявить уважение к родителям, старшим родственникам. Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха.

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая таблица у казахов и кипчакских народов. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. В свое время изучению родословной казахов посвятили свои труды Машхур Жусуп Копеев, Шакарим Кудайбердиев и др.

#шежірекүні #деньпамятипредковиблагославений

15/03/2021

Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды.

Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.

Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.

Наурыз мерекесі құтты болсын!🌷

#жайлаукүні #наурыз #табиғаткүні #әзнаурыз🌷

14/03/2021

Көрісу — Қазақстанның батыс өңірінде сақталған қазақтың ежелгі дәстүрі. Биыл да Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын Көрісу күнін 14 наурызда атап өтеді.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Көрісу мерекесі құтты болсын!!! 🌷🌷🌷

#көрісукүні #амалкүніқұттыболсын #қазақстан

07/03/2021

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!🌷

Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз!

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!

Ізгі ниетпен, «Тәуелсіздік сарайы»🌷🌷🌷

#8наурыз🌷 #халықаралықәйелдеркүні #мерекеқұттыболсын #аруларкүні

01/03/2021

Алғыс айту күні - бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде жақында пайда болған ерекше күн.

Алайда аталған жас мерекенің тарихи тамыры тереңде жатыр. Алғыс айту күнін атап өте тұрып, біз, бір жағынан, халқымыздың рухани қаһармандығына құрмет көрсетіп, өткенге көз жүргіземіз. Екінші жағынан, адамгершіліктің негіздері арқылы жол тартылған болашаққа зор сеніммен қараймыз. Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға бақыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!🌷🌷🌷

Ізгі ниетпен, «Тәуелсіздік сарайы»💐

madeniet

#1наурызалғысайтукүні🙋 #көктемніңалғашқыкүні #1наурыз #қазақстан #алғысайтукүні

15/02/2021

Құрметті достар! Ақпан айының соңына дейін жалғасатын «ULY DALA JÚREGI» атты фотокөрмені тамашалауға шақырамыз!

Сіздердің назарларыңызға қазақстандық және шетелдік фотографтардың 150-ден астам туындыларын ұсынатын «Uly Dala Júregi» фотокөрмесін ұсынамыз. Материал авторларының арасында National Geographic-тің George Steinmetz, Ерболат Шадрахов, Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Bilal Arslan, Alberto di Mauro, Тұрар Қазанғапов сияқты танымал фотографтары, сондай-ақ танымал отандық фотографтар Омаров Ерлан, Александр Куприенко, Батырлан Толегеновбар, Александр Филипенко мен Евгений Ткаченко.

Ұсынылған жұмыстар елорданың күнделікті өмірін, бос уақытын, әлеуметтік және іскери өмірін, жарқын жүздері мен мәдени өмірін көрсетеді. Сонымен бірге ерекше гастрономия, спорт әлемі және қаланың ең көрнекті жерлері көрсетіледі!✨
————————————————————————
Дорогие друзья! Приглашаем Вас посетить фотовыставку «ULY DALA JÚREGI» которая продлится до конца февраля месяца!

Представляем вашему вниманию фотовыставку «Uly Dala Júregi», в которой представлено более 150 работ казахстанских и зарубежных фотографов. Среди авторов материала значатся заслуженные фотографы National Geographic, такие как George Steinmetz, Ерболат Шадрахов, Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Bilal Arslan, Alberto di Mauro, Тұрар Қазанғапов, а также известные отечественные фотографы Омаров Ерлан, Александр Куприенко, Батырлан Толегенов, Александр Филипенко и Евгений Ткаченко.

На представленных работах запечатлены быт, досуг, светская и деловая жизнь, яркие лица и культурная жизнь столицы. Наряду с этим будут представлены уникальная гастрономия, спортивный мир и ярчайшие достопримечательности города!✨


madeniet

#фотокөрме #фотовыставка #фотографы #интересное #кудасходитьвастане #интересное

Photos from Тәуелсіздік сарайы's post 09/02/2021

Бүгін, 9 ақпан күні, ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Ол өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын!

madeniet

#МұқағалиМұқатаев90жыл #ақын #90жыл #қазақақыны

Photos from Тәуелсіздік сарайы's post 02/02/2021

2021 жылы күйші-сазгер Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толады. #160ДинаНұрпейісова

Сіздердің назарларларыңызға Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер Дина Нұрпейісованың өмірбаяны мен өшпес өнегесін ұсынамыз👉🏻

madeniet

Photos from Тәуелсіздік сарайы's post 29/01/2021

Дорогие друзья! Представляем вашему вниманию Арт-челленджи от молодёжи Дворца Независимости! Предлагаем вспомнить архивные интересные косплеи на известные мировые картины🤩

Оцените по 10-балльной шкале😍👇🏻

#косплей #мировыекартины #молодежь #интересное #артчеллендж #артискусство🎨

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


просп. Тауельсыздык, 52
Nur-Sultan
010010

Opening Hours

Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 17:00
Sunday 09:00 - 17:00