09/01/2026
Астана қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Астаны
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Астана қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Астаны, Law enforcement agency, город Астана, проспект Кабанбай батыра, 31, Nur-Sultan.
09/01/2026
«Қамқорлық пен Заң» жобасы аясында азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, жеке қабылдау өткізу, келіп түскен өтініштерді қарау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және өзге де әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін бағалау жұмыстары жалғасуда.
Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы теңдік пен сенімді нығайту.
Бұл – әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.
В рамках проекта «Қамқорлық пен Заң» продолжается работа по выездам на места проживания граждан, проведению личных приемов, рассмотрению обращений, а также оценке доступности объектов здравоохранения, образования и других социальных учреждений.
Основное внимание уделяется реальному улучшению качества жизни лиц с ограниченными возможностями, защите их прав, обеспечению равенства и укреплению доверия в обществе.
Это является одной из приоритетных мер, направленных на обеспечение социальной справедливости и правовой доступности.
Астана қаласының прокуратурасы Жаңа жыл мерекесімен барлық азаматтарды шын жүректен құттықтайды!
Келер жыл елімізге заң мен тәртіп үстемдік құрған тұрақтылық әкелсін!
Прокуратура города Астаны искренне поздравляет всех граждан с Новым годом!
Пусть наступающий год принесет нашей стране стабильность, где торжествуют закон и порядок
«Қамқорлық пен Заң» жобасы – бұл тек заң аясындағы жұмыс емес.
Бұл – мейірімділік, тең мүмкіндіктер мен шынайы қамқорлықтың көрінісі.
Проект «Қамқорлық пен Заң» — это сочетание закона и заботы, направленное на обеспечение равных возможностей, защиту прав и оказание реальной помощи людям с особыми потребностями.
Студенттермен «ашық диалог» форматындағы кездесу
«Жас үміт» жобасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы «Алматы» ауданы прокуратурасының қызметкерлері колледж студенттерімен «ашық диалог» форматында кездесу өткізді.
Кездесу бейресми жағдайда өтіп, сенімді қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ «прокурор – бұл тек формадағы бейне емес, тыңдай да, ести де алатын адам» екенін көрсетуге мүмкіндік берді.
Қызметкерлер студенттермен өздерінің өмір жолы мен қызметтегі жетістіктері туралы бөлісіп, жастарды армандарынан бас тартпауға, өз күшіне сенуге және еңбекқор болуға шақырды.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, прокуратура қызметкерлерімен ашық әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау қажеттілігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуді дамыту, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруда заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап көрсету.
Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың үйлесімді дамуы, лайықты тәрбиесі мен білімі – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Балалар суицидінің алдын алудың жаңа тәсілі
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы, аудандық полиция басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығы араларында балалар суицидінің алдын алу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісімнің мақсаты – кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін суицидтік мінез-құлық жағдайларына әрекет етудің тиімді іс-шаралар жүйесін қалыптастыру.
Меморандум аясында әрбір суицидке оқталу немесе оны жасау қаупі туындаған жағдайда Психологиялық қолдау орталығы мамандарының қатысуы қарастырылған.
Психолог суицид фактісін растау және кәсіби қорытынды беру бойынша қажетті жұмыстар жүргізеді. Бұл оқиға мән-жайларын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Новый подход к профилактике детских суицидов
В рамках реализации идеологии «Закон и Порядок» прокуратурой района «Байқоңыр», Управлением полиции района и Центром психологической поддержки акимата города Астаны подписан меморандум о сотрудничестве в сфере профилактики детских суицидов.
Целью соглашения является формирование эффективной межведомственной системы реагирования на случаи суицидального поведения, направленной на сохранение жизни и здоровья несовершеннолетних.
В рамках меморандума предусмотрено участие специалистов Центра психологической поддержки по каждому факту попытки суицида или угрозы его совершения.
Психолог будет проводить работу для подтверждения факта суицида и предоставлять профессиональное заключение, что позволит обеспечить объективный подход к оценке обстоятельств происшествия.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Telephone
Website
Address
город Астана, проспект Кабанбай батыра, 31
Nur-Sultan
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |
