Астана қаласының мемлекеттік архиві

Астана қаласының мемлекеттік архиві

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Астана қаласының мемлекеттік архиві, Government Organization, Ауэзова, 3, Nur-Sultan.

22/03/2026

Наурыз мерекесі құтты болсын! Ырыс пен ынтымақ тілейміз!

20/03/2026

АРХИВТЕР СӨЙЛЕЙДІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ БҰЙРЫҒЫ

1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов Наурыз мерекесін тойлауға қатысты бұйрыққа қол қойған. Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң, 1926 жылы Наурызға тыйым салынды.

Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны «халық жауы» деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен...

Қазақ баспасөзінде сирек те болса жарияланған бұл құжатты Жамбыл облыстық архивінің қызметкері Мақұлбек Рысдәулет осыдан 15 жылдай бұрын архивтен тапқанын айтады. 2009 жылы облыстық газетте жарияланды. #наурыз #архивы #архив

Photos from Астана қаласының мемлекеттік архиві's post 18/03/2026

Наурызнама: 18 наурыз - Ұлттық киім күні🌷

16/03/2026
01/03/2026

Бүгін қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы 80 жасқа толып отыр. Серік Тұрғынбекұлының шығармашылығы – ұлт рухының айнасы, әдебиетіміздің асыл қазынасы. Оның поэзиясы мен қоғамдық еңбегі көптеген буынға үлгі болып, ұлттық мәдениетімізді байытты. Астана қаласының Мемлекеттік архиві атынан ақынға мықты денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс және отбасы амандығын тілейміз! #архив #архивы #ақын

Photos from Астана қаласының мемлекеттік архиві's post 27/02/2026

Қазақстандағы архив ісі: цифрлық трансформация кезеңіндегі жаңа серпін

Қазіргі таңда Қазақстандағы архив ісі жүйелі жаңғыру кезеңін бастан өткеруде. Саланы цифрландыру, басқару тиімділігін арттыру және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Бұл үдерістер 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бастамасымен өткен Сарапшылар клубының алғашқы отырысында кеңінен талқыланды.
Жиын архив ісінің бүгінгі жай-күйін айқындап қана қоймай, оның алдағы даму бағдарын белгілеуге арналды. Оған Астана қаласының Мемлекеттік архиві басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен сарапшы қауымдастық өкілдері қатысты. #архив #архивы #архив2026

Photos from Астана қаласының мемлекеттік архиві's post 04/02/2026

«Астана қалалық мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің Құжаттарды қалпына келтіру және сақтау құралдарын дайындау қызметі архив қорындағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған кешенді жұмыстарды жүзеге асырады, соның нәтижесінде құжаттардың физикалық жай-күйі жақсартылып, олардың ұзақ мерзім сақталуы қамтамасыз етіледі. Қызметтің негізгі міндеттері - реставрацияға түскен құжаттарды бастапқы қабылдау, тіркеу және техникалық сараптау жүргізу. Бұл кезеңде құжаттардың атауы, мерзімі, жасалған материалы (қағаз, пергамент және т.б.) мен физикалық жағдайы (жыртылу, көгеру, сарғаю, дымқылдану белгілері) анықталып, есепке алынады. Құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары міндетті түрде санитарлық қауіпсіздік шараларынан, атап айтқанда дезинсекциядан басталады. Дезинсекция - архив құжаттарына зиян келтіретін жәндіктерді және олардың дернәсілдерін жоюға арналған арнайы процесс. Осы мақсатта реставрацияға қабылданған материалдар негізгі архив қорынан оқшауланып, арнайы қапшықтар мен контейнерлерге орналастырылады.
Қызмет барысында анаэробты әдіс кеңінен қолданылады: құжаттар арнайы полиэтиленнен жасалған жастықшаларға салынып, ішіне азот газы енгізіледі. Оттегісіз ортада жәндіктер толық жойылып, дезинсекция процесі 3-4 апта бойы жүргізіледі. Бұл әдіс әсіресе сирек әрі құнды құжаттарға қолданылып, олардың қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген санитарлық өңдеуден кейін құжаттар қалпына келтіру, нығайту және ұзақ мерзім сақтауға арналған арнайы сақтау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Аталған жұмыстар архив құжаттарының тарихи және мәдени құндылығын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Photos from Астана қаласының мемлекеттік архиві's post 23/12/2025

Астанада Архившілер күні мен Мемлекеттік архивтің 30 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті
2025 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласында Архившілер күніне және Астана қаласының Мемлекеттік архивінің 30 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.
Іс-шара барысында еліміздің архив саласының қалыптасу тарихы, қол жеткізген жетістіктері мен даму бағыттары кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ архив қызметінің шежіресін қамтыған «Жылдар жылнамасы» атты мерейтойлық кітаптың ресми тұсаукесері өтті.
Салтанатты кешке архив саласының ардагерлері мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, зерттеушілер, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Жиын барысында архив ісінің ұлттық тарих пен рухани мұраны сақтаудағы маңызы ерекше атап өтілді.
Мерекелік шара аясында сала дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар архив қызметкерлері мен ардагерлері марапатталып, оларға алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды

Photos from Астана қаласының мемлекеттік архиві's post 23/12/2025

Астанада Архившілер күні және қалалық мемлекеттік архивтің 30 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.
2025 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласында Архившілер күні мен «Астана қалалық мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының камералдық залында ұйымдастырылды.
Салтанатты кеш «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мен «Астана қалалық мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға архив саласының қызметкерлері, сала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.
Іс-шара аясында архивтің 30 жылдығына арналған көрме мен «Жылдар жылнамасы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Аталған жинақта Астана қалалық мемлекеттік архивінің қалыптасу тарихы, кәсіби дамуы және ұлттық архив ісіне қосқан үлесі кеңінен қамтылған.
Салтанатты кеш барысында архивтің 30 жылдық қызметін қамтитын арнайы бейнеролик көрсетіліп, архив ісінің ел тарихындағы маңызы туралы мазмұнды ойлар айтылды. Архив қызметкерлерінің ерен еңбегі мен сала дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Мерекелік жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің өкілі Ибраим Бабаев архив саласының үздік қызметкерлеріне «Архив саласының үздігі» төсбелгісін, «Құрмет» грамоталарын және Алғыс хаттарды табыстады.
Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары атынан архив саласында адал еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы Есіркеп Сәкен Зиябекұлы марапаттады.
Салтанатты кеш музыкалық композициямен және қорытынды лебіздермен аяқталды. Шара архив саласының маңызын айқындап, ұлт жадысын сақтауда еңбек етіп жүрген архившілерге көрсетілген зор құрметтің айғағына айналды.

Photos from Астана қаласының мемлекеттік архиві's post 05/12/2025

Amanat партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізді. Биылғы әдеби конкурс ұлы ақын, ағартушы, философ, ұлттың рухани темірқазығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып отыр.
Проза мен Поэзия номинациясы бойынша байқауға қатысқан Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ұларбек Дәлейұлы мен Асантемір Қаршығаұлы жеңімпаз атанды. Әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз!
Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіп келе жатқан «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылды.

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Ауэзова, 3
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00