ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ. КИСИ при Президенте РК

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ. КИСИ при Президенте РК

Share

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты | Казахстанский институт стратегических исследований

07/05/2026

🌟 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты барша қазақстандық ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды!

Сіздерге зор денсаулық, амандық пен бақыт тілейміз. Ертеңгі күнге сенімділік пен тұрақтылық әрқашан серік болсын.

Әрбір қадамдарыңыз абырой әкеліп, еңбектеріңіз жемісті болсын.

Төзімдеріңіз бен сенімдеріңіз үшін шынайы алғыс айтамыз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
_______________________________

🌟 Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК поздравляет всех казахстанских мужчин с Днем защитника Отечества!

Желаем вам крепкого здоровья и внутренней устойчивости, благополучия и личного счастья, уверенности в завтрашнем дне и стабильности.

Пусть каждый поступок остается достойным, а усилия приводят к настоящим достижениям.

Спасибо за вашу выдержку, надежность и силу духа.
С праздником!

06/05/2026

🔹 ҚСЗИ сарапшылары Корольдік қорғаныс зерттеулер колледжінің делегациясымен кездесуге қатысты

2026 жылғы 5 мамырда Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің шақыруымен ҚСЗИ сарапшыларының Корольдік қорғаныс зерттеулер колледжі (Royal College of Defence Studies) делегациясымен кездесуі өтті. Делегация академиялық тур аясында Астана қаласына сапармен келді. RCDS делегациясының құрамына Ұлыбритания, Бразилия, Гана, Германия, Израиль, Үндістан, Нидерланд, Пәкістан, Папуа-Жаңа Гвинея және Франция сияқты он шет елдің өкілдері кірді.

Қазақстан тарапынан іс-шараға ҚСЗИ директорының орынбасары Дәурен Әбен, халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Әлия Мұсабекова, халықаралық қауіпсіздік бөлімінің бас сарапшысы Мұхит Асанбаев, еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Алишер Әбдрешев және азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Жанарбек Джанабаев қатысты.

Кездесу барысында тараптар жаһандық саясаттағы негізгі үрдістерді, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының басты қағидаттары мен бағыттарын талқылады.

🔗 https://kisi.kz/kszi-sarapshylary-koroldik-korganys-zertteuler-kolledzhinin-delegachiyasymen-kezdesuge-katysty/
__________________________________________

🔸 Эксперты КИСИ приняли участие во встрече с делегацией Королевского колледжа оборонных исследований

5 мая 2026 года по приглашению Посольства Великобритании в Казахстане состоялась встреча экспертов КИСИ с делегацией Королевского колледжа оборонных исследований (Royal College of Defence Studies), которая находится с визитом в Астане в рамках академического турне. В состав делегации RCDS вошли представители десяти зарубежных стран, в том числе Великобритании, Бразилии, Ганы, Германии, Израиля, Индии, Нидерландов, Пакистана, Папуа-Новой Гвинеи и Франции.

С казахстанской стороны в мероприятии приняли участие заместитель директора КИСИ Даурен Абен, руководитель отдела международной безопасности Алия Мусабекова, главный эксперт отдела международной безопасности Мухит Асанбаев, ведущий эксперт отдела европейских и американских исследований Алишер Абдрешев и главный эксперт отдела азиатских исследований Жанарбек Джанабаев.

В ходе встречи стороны обсудили основные тренды мировой политики, актуальные вопросы международной и региональной безопасности, а также ключевые принципы и направления внешней политики Казахстана.

🔗 https://kisi.kz/ru/eksperty-kisi-prinyali-uchastie-vo-vstreche-s-delegachiej-korolevskogo-kolledzha-oboronnyh-issledovanij/

05/05/2026

🔹 Қазақстанның халықаралық қатынастар бойынша кеңесі осы саладағы әлемге әйгілі сарапшылардың дәрістерін ұйымдастырып келеді. Бұл бастама жалғастырылады.

26 мамырда Астана қаласында Еуропаның жетекші сарапшыларының бірі, Францияның халықаралық қатынастар институтының (IFRI) негізін қалаушы және атқарушы төрағасы Тьерри де Монбриаль дәріс оқиды.

Профессор Тьерри де Монбриаль - жаһандық саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы мойындалған сарапшы, Дүниежүзілік саясат конференциясының бастамашысы. 1992 жылдан бері Франция институтының Моральдық және саяси ғылымдар академиясының мүшесі, сондай-ақ бірқатар шетелдік академиялардың мүшесі болып табылады. Әр жылдары ол Политехникалық мектепте экономика кафедрасын басқарған, Стратегиялық зерттеулер қорының алғашқы төрағасы болған, сондай-ақ Францияның Сыртқы істер министрлігі жанындағы талдау және болжау орталығын құрып, оған жетекшілік еткен.

Ол әлемдік саясат пен экономика мәселелеріне арналған жиырмадан астам ғылыми еңбектің авторы. Соның ішінде «Әлемдік жүйедегі әрекет пен реакция. Экономикалық және саяси биліктің динамикасы» және «Тұрақсыз замандағы өмір. Жаңа саяси дәуір» атты кітаптары кеңінен танымал.

📌 Осы іс-шараға қатысу үшін аты-жөніңізді, жұмыс/оқу орныңызды және байланыс мәліметтеріңізді көрсетіп, [email protected] электрондық поштасына өтінім жолдауыңызды сұраймыз.

Орын саны шектеулі.

__________

🔸 Казахстанский совет по международным отношениям продолжает цикл лекций ведущих мировых экспертов в сфере международных отношений.

26 мая в городе Астане состоится лекция одного из ведущих европейских экспертов, основателя и исполнительного председателя Французского института международных отношений (IFRI) - Тьерри де Монбриаля.

Профессор Тьерри де Монбриаль является признанным специалистом в области мировой политики и международных отношений, а также инициатором Всемирной политической конференции. С 1992 года является членом Академии моральных и политических наук Института Франции и состоит в ряде зарубежных академий. Ранее он возглавлял кафедру экономики в Политехнической школе, был первым председателем Фонда стратегических исследований, а также основал и руководил Центром анализа и прогнозирования при Министерстве иностранных дел Франции. Автор более двадцати научных трудов по вопросам мировой политики и экономики, включая книги «Действие и реакция в мировой системе. Динамика экономической и политической власти» и «Жизнь в неспокойные времена. Новая политическая эпоха».

Лекция профессора станет уникальной возможностью обсудить актуальные вопросы международной повестки и получить экспертную оценку современных глобальных процессов.

📌 Для участия просим направить заявку на электронную почту [email protected], указав ФИО, место работы/учебы и контактные данные.

Количество мест ограничено.

04/05/2026

🔹1-2 июня 2026 года в г. Алматы состоится социологический форум «Социологические исследования в эпоху цифровизации: тренды и вызовы», организаторами которого выступает Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан (КИСИ) и Университет Нархоз.

⏺ О ключевых спикерах предстоящего форума рассказывает главный научный сотрудник КИСИ, доктор социологических наук Айгуль Забирова.

🔗Для участия в форуме необходимо пройти регистрацию по ссылке https://forms.gle/qkZZL8DA7xbXcToH6 до 15 мая 2026 г. Количество мест ограничено, подтверждение участия по итогам отбора будет направлено на указанный при регистрации электронный адрес.

01/05/2026

⚜️ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды.

Көктемнің көркем шағында, алма ағаштары гүлдеген мезгілде келетін бұл мереке бізге татулықтың, өзара құрмет пен түсіністіктің қадірін тағы бір еске салады.

Бірлік – елдігіміздің негізі, ортақ болашағымызға деген жауапкершіліктің көрінісі. Ол күнделікті қарым-қатынастан, ортақ еңбек пен өзара қолдаудан бастау алады. Қазақстанның басты байлығы – болмысы сан алуан болғанымен, мұраты ортақ, бір шаңырақ астында ұйысқан халқымыз.

Әр отбасына амандық пен береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілейміз. Қоғамымызда ынтымақ, сыйластық пен сенім нығая берсін. Отанымыз ортақ, тағдырымыз бір, жеріміз қастерлі. Ел бірлігі мен бейбітшілігіміз баянды болсын!

______

⚜️ Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан поздравляет с Днем единства народа Казахстана.

Этот праздник каждый год приходит весной, когда яблони в цвету, и напоминает о простых, но важных вещах – уважении, взаимопонимании и умении жить рядом, оставаясь разными.

Единство – не просто слово. Это ежедневная работа, общий труд и ответственность за страну, в которой мы живем. Это представители разных национальностей – наш многоликий, но духом единый народ.

Мы искренне желаем, чтобы в каждом доме были благополучие и спокойствие, рядом – близкие люди, а в обществе сохранялись сплоченность, уважение, доверие и человеческое отношение друг к другу. У нас одна Родина, одна судьба и одна земля. Пусть крепнут мир и согласие!

30/04/2026

🔸1-2 июня 2026 года в г. Алматы состоится социологический форум «Социологические исследования в эпоху цифровизации: тренды и вызовы», организаторами которого выступает Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан (КИСИ) и Университет Нархоз.

Главный научный сотрудник КИСИ, доктор социологических наук Айгуль Забирова - о вызовах, стоящих перед современной социологии.

«Усложняется время и, соответственно, требуются новые инструменты измерения, новые методы сбора и анализа данных. Сегодня социология движется в сторону онлайн-опросов и мы как исследовательский институт тоже движемся в этом направлении», -
отмечает главный научный сотрудник КИСИ.

🔗Для участия в форуме необходимо пройти регистрацию по ссылке https://forms.gle/qkZZL8DA7xbXcToH6 до 15 мая 2026 г. Количество мест ограничено, подтверждение участия по итогам отбора будет направлено на указанный при регистрации электронный адрес.

Photos from ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ. КИСИ при Президенте РК's post 28/04/2026

🔹 ҚСЗИ-дың Алматы қаласындағы өкілдігінде Корея Республикасының Бас консулымен кездесу өтті

2026 жылғы 28 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы өкілдігінде Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің қарым-қатынастарының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, тараптар 2026 жылғы қыркүйекте өтетін «Оңтүстік Корея – Орталық Азия» мемлекет басшылары саммиті, 2027 жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуы, сондай-ақ корей халқының Қазақстанға депортацияланғанына 90 жыл толуы секілді маңызды оқиғалар аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайда екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ жаңа технологиялар, жасанды интеллект және басқа да салалардағы әріптестікті кеңейту жолдарын қарастырды.

🔗 https://kisi.kz/kszi-dyn-almaty-kalasyndagy-okildiginde-koreya-respublikasynyn-bas-konsulymen-kezdesu-otti/

________

🔸 Встреча с Генконсулом Кореи прошла в представительстве КИСИ в Алматы

28 апреля 2026 года в Представительстве Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан в г. Алматы состоялась встреча с Генеральным Консулом Республики Корея в г. Алматы Ха Тэ Уком.

В ходе встречи состоялся обмен мнениями по вопросам казахстанско-корейских взаимоотношений в преддверии ряда событий – в сентябре 2026 года Саммит глав государств «Южная Корея – Центральная Азия», в 2027 году 35-летие установления дипломатических отношений между Республикой Казахстан и Республикой Корея, а также 90-летие депортации корейцев в Казахстан.

Стороны обсудили актуальные вопросы международной повестки и возможности диверсификации двусторонних отношений в условиях новой геополитической и геоэкономической реальности, поиска альтернативных возможностей для расширения сотрудничества в сферах новых технологий, искусственного интеллекта и др.

🔗 https://kisi.kz/ru/vstrecha-s-genkonsulom-korei-proshla-v-predstavitelstve-kisi-v-almaty/

27/04/2026

🔹Замира Жолдасқызы, Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының түлегі, ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы.

👩‍💻👩‍💼Ол бағдарлама аясында алған тәжірибесі, кәсіби дағдыларын дамыту жолы және сарапшылық ортаға бейімделу үдерісі туралы өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ жас мамандар үшін мұндай жобалардың жаңа білім алуға, тәжірибе жинақтауға, кәсіби байланыс орнатуға және өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

📩Бағдарламаға өтінім қабылдау 2026 жылғы 13 сәуір мен 31 мамыр аралығында жалғасады.

🔗Толығырақ: https://kisi.kz/kurylymdyk-ozgerister-zhagdajyndagy-kazakstannyn-onirlik-damuy-taldau-zhane-sheshimder/

27/04/2026

🕌⛪️🕍Восемьдесят шесть процентов казахстанцев называют себя верующими [1]. Эта цифра сама по себе показывает: религиозная идентичность в Казахстане становится массовой социальной нормой. Но социология не останавливается на первой цифре. Следующий вопрос — как именно люди практикуют свою веру? И здесь картина оказывается заметно сложнее: религиозные праздники соблюдает большинство опрошенных, регулярную молитву практикует значительно меньшая часть, а постоянное посещение мечети характерно лишь для меньшинства. Эти данные не противоречат друг другу. Они отражают разные уровни религиозной жизни — от символической принадлежности и культурного участия до повседневной практики и институциональной вовлечённости. У каждого из этих уровней своя социальная функция и своя логика. Чтобы понять, как сложилась такая конфигурация религиозности в Казахстане, нужно вернуться на три десятилетия назад.

После распада СССР общество оказалось перед неожиданной проблемой: кем быть? Ответ на вопрос «Кто я?» исчез вместе с исчезновением советской идентичности и государством, которое её производило. Казахская идентичность требовала языка, традиций, культурного кода, всего того, что десятилетия советской модернизации сделали труднодоступным для многих, особенно городских,казахов. А ислам предложил выход – не как жёсткую систему предписаний, а как доступный язык самоопределения. Назвать себя мусульманином значило ответить на вопрос «кто я?». Ответить просто, понятно и с достоинством.

Все сказанное, разумеется, не отменяет духовного измерения религии. Для многих казахстанцев вера стала личным, глубоким опытом, который не нуждается в публичном подтверждении. Эмпирические данные фиксируют, что ислам выполняет одновременно несколько функций, как духовную, так и идентификационную. Обе подлинные. Обе важные.Социологи называют подобное явление культурной религиозностью, когда религия выполняет прежде всего функцию принадлежности. Человек участвует в праздниках, поддерживает традиции, идентифицирует себя с верой, такая полноценная форма религиозной жизни, а не её суррогат. В казахстанском контексте она органична, степной ислам исторически никогда не был жёстко институционализирован. Он распространялся через устную традицию, семейные практики, культурные обряды, а не через строгую дисциплину мечети.Видимо, поэтому 88,6% казахстанцев поддерживают государственную политику в религиозной сфере и одновременно 84,5% считают, что страна должна оставаться светским государством. Это не противоречие, а отражение казахстанской модели, где религия как культурная идентичность прекрасно сосуществует со светским государством, так, собственно, большинство казахстанцев религию и понимают.

🔗 Подробнее: https://kisi.kz/ru/religiya-kak-identichnost-pochemu-kazahstanchy-veryat-po-svoemu/

27/04/2026

🕌⛪️🕍Қазақстандықтардың сексен алты пайызы өзін діндар деп санайды[1]. Бұл көрсеткіштің өзі-ақ Қазақстан қоғамында діни сәйкестіктің жаппай әлеуметтік нормаға айналып келе жатқанын көрсетеді. Бірақ социология алғашқы көрсеткішпен шектелмейді. Келесі сұрақ туындайды: адамдар өз сенімдерін іс жүзінде қалай ұстанады? Міне, осы жерде көрініс әлдеқайда күрделірек болып шығады: сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі діни мерекелерді сақтайды, тұрақты түрде дұға оқитындар айтарлықтай аз, ал мешітке үнемі баратындар қоғамның аз ғана бөлігін құрайды. Бұл деректер бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, олар діни өмірдің әртүрлі деңгейлерін көрсетеді — символдық тиесіліктен және мәдени қатысудан бастап күнделікті діни тәжірибе мен институционалдық қатысуға дейін. Бұл деңгейлердің әрқайсысының өзіндік әлеуметтік қызметі мен ішкі логикасы бар. Қазақстан қоғамындағы діниліктің осындай құрылымы қалай қалыптасқанын түсіну үшін отыз жыл бұрынғы кезеңге оралу қажет.

КСРО ыдырағаннан кейін қоғам күтпеген мәселемен бетпе-бет келді: кім болам? «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап кеңестік бірегейлікпен және оны қалыптастырған мемлекетпен бірге жоқ болды. Қазақ бірегейлігі тіл, дәстүр, мәдени кодқа мұқтаж еді, ал мұның бәрі кеңестік жаңғыртудың ондаған жылы ішінде көптеген адамға, әсіресе қалалық қазақтарға, қолжетімсіз болып кетті. Ал ислам қатаң талаптар жүйесі ретінде емес, өзін-өзі айқындаудың қолжетімді тілі ретінде жол ұсынды. Өзіңді мұсылманмын дегенің - «мен кіммін?» деген сұраққа жауап бергенің. Бұндай жауап қарапайым, түсінікті де абыройлы болып шықты.

Әрине, жоғарыда айтылғандардың бәрі діннің рухани өлшемін жоққа шығармайды. Көптеген қазақстандық үшін діни сенім көпшілік алдында растауды қажет етпейтін жеке әрі терең тәжірибеге айналды. Эмпирикалық деректер исламның бір мезгілде бірнеше қызмет атқаратынын, яғни рухани да, идентификациялық та қызмет орындайтынын көрсетеді. Екеуі де шынайы. Екеуі де маңызды. Әлеуметтанушылар мұндай құбылысты мәдени дінилік деп атайды, мұнда дін ең алдымен тиесілік қызметін атқарады. Адам мерекелерге қатысады, салт-дәстүрді қолдайды, өзін дініменсәйкестендіреді – бұл діни өмірдің шала түрі емесемес, оның толыққанды түрі. Қазақстандық контексте бұл табиғи құбылыс, өйткені дала исламы тарихи тұрғыдан ешқашан қатаң институционалданған емес. Ол мешіттің қатаң тәртібі арқылы емес, ауыз әдебиеті, отбасы салттары және мәдени рәсімдер арқылы таралған. Сірә, сол үшін қазақстандықтардың 88,6%-ы діни саладағы мемлекеттік саясатты қолдайды да,сонымен қатар 84,5%-ы ел зайырлы мемлекет болып қалуы керек деп санайды-ау. Бұл қайшылық емес, керісінше, дін мәдени бірегейлік ретінде зайырлы мемлекетпен тамаша қатар өмір сүретін қазақстандық модельдің көрінісі. Негізінде, қазақстандықтардың басым бөлігі дінді дәл осылай түсінеді.

🔗Толғырақ: https://kisi.kz/din-biregejliktin-bir-boligi-nege-kazakstandyktardyn-senimi-ozindik-sipatka-ie/

Photos from ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ. КИСИ при Президенте РК's post 24/04/2026

🔹 ҚСЗИ қабырғасында Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілімен кездесу өтті

2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Еуропалық одақтың (ЕО) Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады. Сондай-ақ сұхбаттасушылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның барысы мен маңызы жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында қатысушылар Орталық Азияның аналитикалық институттары мен ЕО елдерінің «ми орталықтары» арасындағы сараптамалық өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды.

Жандос Шаймарданов ғылыми-сараптамалық диалог екіжақты әріптестіктің маңызды элементі екенін атап өтті. Осы орайда ол ҚСЗИ-дың институционалдық байланыстарды кеңейтуге, бірлескен зерттеу бастамаларын дамытуға және еуропалық сарапшылар қауымдастығымен кәсіби байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

🔗 https://kisi.kz/kszi-kabyrgasynda-europalyk-odaktyn-ortalyk-aziya-bojynsha-arnajy-okilimen-kezdesu-otti/

_______

🔸 В КИСИ состоялась встреча со Специальным представителем ЕС по Центральной Азии

24 апреля 2026 года в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан (КИСИ) состоялась встреча директора КИСИ Жандоса Шаймарданова со Специальным представителем Европейского союза (ЕС) по Центральной Азии Эдуардсом Стипрайсом.

Стороны обсудили актуальные направления сотрудничества между Казахстаном и ЕС. Собеседники также обменялись мнениями по ходу реализации и значению осуществляемой в Казахстане конституционной реформы.

В ходе беседы участники встречи рассмотрели перспективы экспертного взаимодействия аналитических институтов Центральной Азии с «мозговыми центрами» стран ЕС.

Жандос Шаймарданов подчеркнул, что научно-экспертный диалог является важным элементом двустороннего партнерства. В этой связи он отметил заинтересованность КИСИ в расширении институциональных связей, развитии совместных исследовательских инициатив и укреплении профессиональных контактов с европейским экспертным сообществом.

🔗 https://kisi.kz/ru/v-kisi-sostoyalas-vstrecha-so-spechialnym-predstavitelem-es-po-chentralnoj-azii/

Want your business to be the top-listed Government Service in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица Бейбитшилик 4
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00