02/06/2026
#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі
Западно-Казахстанский областной центр детско-юношеского туризма и экологии - Клуб ЮНЕСКО Клуб ЮНЕСКО
02/06/2026
#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі
01/06/2026
🏕️2026 жылдың 28-30 мамыр күндері «Евразия» ТК-нің аумағында балалар туризм орталықтары (станциялары) қызметкерлері арасында жаяу туризм техникасы бойынша облыстық туристік слет өткізілді.
🔹Мақсаты: педагогтердің туристік және кәсіби шеберліктерін шыңдау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибені айқындау және насихаттау.
Слетке 11 аудан және Орал қаласынан барлығы 87 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Слет бағдарламасына сәйкес «Техникалық», «Байлам», «Түнгі бағдарлау», «Кросс жорық» қашықтықтары, «Туристік тұрмыс және дағды», «Ыстық тағам», «Үздік әдістемелік жұмыс» байқаулары бойынша өткізілді.
🏆Жалпы командалық есеп бойынша:
1 орын – Бөрлі ауданының командасы;
2 орын –Ақжайық ауданының командасы;
3 орын – Жәнібек ауданының командасы.
28/05/2026
#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі
23/05/2026
Облыстық «Жас құтқарушы» слеті!
Білім басқармасының 2026 жылғы 21 сәуірдегі №348 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 20-22 мамыр күндері жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын жан-жақты дамыту мен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау мақсатында облыстық «Жас құтқарушы» слеті өткізілді.
Жарысқа 11 ауданнан және Орал қаласынан барлығы 127 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы Қаратөбе, Бөрлі аудандарының және Орал қаласының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жарыс бағдарламасына сәйкес «Визит карточкасы», «Саптық дайындық», «Алғашқы көмек көрсету» байқаулары және «Өрт эстафетасы», «Авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» қашықтықтары бойынша өткізілді.
Жарыстың қорытындысына сай, жалпы командалық есепте нәтиже төмендегідей болды:
І орын – Қаратөбе ауданының командасы;
ІІ орын – Орал қаласының командасы;
ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.
Жүлдегерлер облыстық БҚО төтенше жағдайлар департаментінің және БҚО білім басқармасының дипломдары, медальдары, кубоктері, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі
21/05/2026
Организация летнего отдыха в туристском комплексе “Евразия” и туристском лагере «Самал» — Сезон 2026!
Уважаемые родители и партнеры! Туристский комплекс «Евразия» и туристский лагерь «Самал» приглашает детей в возрасте от 8 до 16 лет провести незабываемое лето в экологически чистой зоне. Наша программа направлена на физическое оздоровление, развитие лидерских навыков и социализацию ребенка в условиях живой природы.
Почему выбирают «Евразия» и «Самал»?
Активный отдых: Программа включает туристские походы, спортивные соревнования, творческие мастер-классы и тренинги на командообразование.
Комфорт и забота: Мы обеспечиваем проживание в уютных корпусах и полноценное 5-разовое питание, разработанное с учетом потребностей растущего организма.
Безопасность: Территория находится под постоянным контролем, а с детьми работают только квалифицированные педагоги и опытные вожатые.
График смен на 2026 год:
1 смена: 10.06 – 19.06
2 смена: 22.06 - 01.07
3 смена: 04.07 - 13.07
4 смена: 16.07 - 25.07
5 смена: 28.06 - 06.08
6 смена: 09.08 - 18.08
Стоимость путевки: 106 700 тенге.
Местоположение и контакты:
Наш офис: г. Уральск, ул. Исатай батыра 71/1.
Забронировать путевку и получить консультацию можно по телефонам:
📞 +7 (705) 389-92-88
📞 52-59-42
Мы создаем условия, в которых каждый ребенок сможет отвлечься от гаджетов, обрести новых друзей и вернуться домой полным сил и ярких впечатлений!
С уважением,
Администрация ОЦДЮТи Э
21/05/2026
“Евразия” туристік кешені мен «Самал» туристік лагерінде жазғы демалысты ұйымдастыру — 2026 жылғы маусым
Құрметті ата-аналар мен серіктестер!
“Евразия” туристік кешені мен «Самал» туристік лагері 8-ден 16 жасқа дейінгі балаларды экологиялық таза аймақта ұмытылмас жазғы демалысты өткізуге шақырады. Бағдарламамыз баланың денсаулығын нығайтуға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және табиғат аясында әлеуметтенуіне бағытталған.
Неліктен”Евразия” туристік кешені мен «Самал» туристік лагерін таңдайды?
Белсенді демалыс: Бағдарламаға туристік жорықтар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сыныптары мен команда құруға арналған тренингтер кіреді.
Жайлылық пен қамқорлық: Біз ширап өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген, жайлы корпустарда тұруды және толыққанды 5 мезгіл тамақтануды қамтамасыз етеміз.
Қауіпсіздік: Лагерь аумағы тұрақты бақылауда болады, ал балалармен тек білікті педагогтар мен тәжірибелі тәлімгерлер жұмыс істейді.
2026 жылғы ауысымдар кестесі:
1-ауысым 10.06 – 19.06
2-ауысым 22.06 - 01.07
3-ауысым 04.07 - 13.07
4-ауысым 16.07 - 25.07
5-ауысым 28.07 - 06.08
6-ауысым 09.08 - 18.08
💰 Жолдама құны: 106 700 теңге.
Орналасқан жеріміз бен байланыс мәліметтері:
📍 Біздің кеңсе: Орал қ., Исатай батыр көшесі, 71/1.
Жолдамаға тапсырыс беру және кеңес алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
📞 +7 (705) 389-92-88
📞 52-59-42
Біз әр баланың гаджеттерден қол үзіп, жаңа достар табуына және үйіне күш-қуат пен жарқын әсерлерге толы болып оралуына барлық жағдайды жасаймыз!
Құрметпен,
ОБЖТжЭО әкімшілігі (Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы)
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |