БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Share

Управление культуры, развития языков и архивного дела Западно-Казахстанской области

24/04/2026

«Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқу семинары өтті.

24 сәуір күні Орал қаласында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамыту және қазақ тіліндегі цифрлық контенттің үлесін арттыру мақсатында «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқу семинары өткізілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге және интернет кеңістігінде сапалы қазақтілді мазмұн қалыптастыруға бағытталды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басышы Қ.Рахымжанов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы А.Дауткулова, сондай-ақ сала мамандары, өңірлік ЖОО-ның оқытушылары мен облыстық басқармаларының мамандары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Уикипедия платформасында мақала жазу мен жариялаудың негізгі талаптары, ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, дереккөздермен жұмыс жасау, сондай-ақ мақалаларды рәсімдеу стандарттары бойынша жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынылып, өз бетінше мақала әзірлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқыту семинарлары қазақ тіліндегі сапалы контенттің артуына және ашық білім ресурстарын дамытуға оң ықпал етеді.
Шара қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта Уикипедия кеңістігінде белсенді жұмыс жүргізіп, қазақ тіліндегі мақалалар санын көбейтуге үлес қосуға дайын екендерін білдірді.

23/04/2026

🗓️ 23 сәуір - Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күні!

📌 Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының бастамасымен атаулы күн мен мереке қатар аталып өтіледі. Айта кетейік, бұл күн ЮНЕСКО бекіткен Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен де сәйкес келеді.

📚Бүгінде облыста 357 кітапхана жұмыс жасайды, онда 789 қызметкер еңбек етуде.

🎊 Құрметті кітапхана қызметкерлері, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Photos from БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы's post 21/04/2026

📢 БҚО Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының директоры лауазымына Мырзағалиева Гүлмару Самиғоллақызы тағайындалды.

💼 Әр жылдары:
Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінде кіші ғылыми қызметкер;
БҚО Хан Ордасы музей-қорығында ғалым-хатшы;
11.04.2023 жылдан бүгінге дейін аталған музей-қорықта директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

🎖️‘’БҚО үздік мәдениет қызметкері’’ (2022 ж.) және ‘’Үздік өлкетанушы’’ (2026 ж.) төсбелгілерінің иегері.

18/04/2026

🗓️ 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні!

📎Тарихи-мәдени мұра объектілері елді мәдени коммуникациялардың жаһандық кеңістігіне интеграциялаудың, мәдени-тарихи месседждердің қатаң бәсекелестігі жағдайында мәдени-гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды функцияларын жүзеге асырады.
Олардың туризм объектілері ретіндегі орасан зор ұлттық экономикалық әлеуеті де айқын, соның арқасында елімізді таныту көрсеткіші артып, туристер легін ұлғайту жоспарланып отыр.

📌 Бүгінде Батыс Қазақстан облысында жалпы саны 2 134 тарих және мәдениет ескерткіштері (республикалық маңызы бар - 30 нысан, жергілікті маңызы бар - 2104 нысан) мемлекеттік тізімге енгізіліп, қорғауға алынған.

09/04/2026

✨ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!✨

Жазушы-журналист, облыстық “Орал өңірі” газетінің бас редакторы Бауыржан Файзоллаұлы Ғұбайдуллинді Халықаралық ‘’Ертөстік’’ әдеби сыйлығының иегері және ақын, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық Академиялық филармониясының директоры Бауыржан Ергенұлы Халиолланы Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері атануларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл марапат — қажырлы еңбектің, талмай ізденістің және әдебиетке деген шынайы махаббаттың жемісі, сөз өнеріне қосқан сүбелі үлестеріңіз бен оқырман жүрегіне жол тапқан еңбектеріңіздің айқын дәлелі.
Әлі де оқырман қауымды тың туындылармен қуанта беріңіздер.
Қаламдарыңыз мұқалмасын!

Photos from Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области's post 19/01/2026
15/01/2026

🗓️ 15 қаңтар – өлкетанушы, музейтанушы, мәдениет саласының ардагері Танабаева Сара Есқайырқызының туған күні!
🎊 Ақжайық өңірінің тарихи-мәдени мұрасын жинақтау, сақтау, ғылыми-зерттеу мен дәріптеу, музей ісін дамыту жолында толымды қызмет атқарған өнегелі ғұмыр иесі мерейлі 85 жасқа толып отыр.
🎖️«Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен (1997 ж.) және «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.) наградталған;
🎗️ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және «Орал қаласының құрметті азаматы» атақтарының иегері (2022 ж.);
💼 1985-2008 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры лауазымында жұмыс істеген;
📚 «Батыс Қазақстанның ежелгі археологиялық қазыналары» (2001 ж.), «Келбет», «Жауһар» (2006 ж.) «Музей – ғұмыр тағылымы» (2021 ж.), және т.б. еңбектердің авторы;
💐 Сара Есқайырқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз!

21/12/2025

Қазақ өнері орны толмас ауыр қайғыға ұшырады.
Театр мен кино өнерінің қайталанбас тұлғасы, халқымыздың біртуар перзенті Асанәлі Әшімов өмірден озды.

Өнер әлемінде өшпес із қалдырған, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаның жарқын бейнесі мен өнегелі өмірі халық жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Иманы жолдас, жаны жәннатта болсын.

21/10/2025

«АНА ТІЛІМ – АЙБЫНЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ! 🇰🇿

20 қазан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Ана тілім – айбыным!» атты облыстық зияткерлік және шығармашылық байқау өтті.

📚 Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, әскери және құқық қорғау саласында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, патриоттық рух пен тіл мәдениетін дәріптеу.

👮‍♂️ Байқауға БҚО прокуратурасы, ҰҚК Шекара қызметі, ҚАЖ департаменті, полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының әскери кафедра студенттері қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды:
1️⃣ «Ана тілім – айбыным!» – қатысушылардың өзін таныстыруы;
2️⃣ «Елтаным» – тарихи сұрақ-жауап сайысы;
3️⃣ «Өнерліге – өріс кең» – шығармашылық өнер сайысы.

🏆 ЖЕҢІМПАЗДАР:
🥇 І орын – Ағабек Аян
(ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Заңдылықты қамтамасыз ету тобының офицері)

🥈 ІІ орын – Тілеулиев Асхат
(БҚО прокуратурасының бөлім прокуроры)

🥉 ІІІ орын – Байзуллина Айнара
(Орал қалалық басқармасы Шаған полиция бөлімінің анықтаушысы)

🥉 ІІІ орын – Серік Асхат
(БҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, кіші сержант)

Барлық қатысушы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

#АнаТілімАйбыным #МемлекеттікТіл #БҚО #ҚазақТілі #ТілМәртебесі #ПатриоттықРух

20/10/2025

⚡️ Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастыруымен ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаевамен «Барып қайт, балам ауылға» атты тағылымдық кездесу шарасы өтті.

Кездесудің басты мақсаты – ақын Айсұлу Қадырбаеваның қайраткерлік, ақындық тұлғасын, оның шығармаларының тәрбиелік және танымдық мәнін жас ұрпаққа тереңірек насихаттау, таныстыру.

Кездесу барысында студенттер ақынның өлеңдерін оқып, «Барып қайт, балам ауылға» өлеңіне жазылған әнді шырқады. Ақын өзінің ғұмырнамасынан, саяси күрескерлік жолынан естелік әңгімелер айтты. Студент жастармен терең маңыналы сыр-сұхбат өтіп, ақын жастарға өзінің аналық ақ батасын берді.

17/09/2025

⚡️ БҚО-да «Алтын көпір» халықаралық фестивалі өтуде

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 16-20 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысына шектес орналасқан Ресей Федерациясында тұратын қазақ диаспора өкілдерімен мәдени байланысты нығайту мақсатында «Алтын көпір» халықаралық фестивалі өтуде.

Фестивальдің басты мақсаты – Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдерімен тығыз мәдени және әлеуметтік байланыстар орнату, ұлттық бірегейлікті сақтау, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік көмек көрсету.

Аталмыш шараның ашылу салтанаты «Атамекен» өнер ордасында өтті. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевқатысушыларды құттықтап, фестиваль жұмысына сәттілік тіледі.

Аталмыш іс-шараға Батыс Қазақстан облысына шектес Саратов, Самара, Волгоград, Астрахан, Орынбор облыстарындағы қазақ диаспорасыныңөкілдері және жергілікті өлкетанушылар, ЖОО ректорлары, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары қатысты.
Шарада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар қандастарымызға БҚО әкімінің алғыс хаты табысталды.

Фестиваль аясында қатысушыларға облыс аумағындағы тарихи-мәдени нысандарға саяхаттар, қазақ тілін оқыту сабақтары, ұлттық музыка аспаптарда ойнауды үйрету бойынша шеберлік сабақтар, түрлі тақырыпта семинарлар мен танымдық дәрістер ұйымдастырылады.

Want your business to be the top-listed Government Service in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Хамида Чурин көшесі, 116
Oral
090000