Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области

Share

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области

04/06/2026

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көк туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – елдігіміздің, егемендігіміздің қастерлі бойтұмары. Олар халқымыздың терең тарихын паш етіп, бай мәдениетіміз бен асқақ рухымызды бейнелейді.

Әлемнің биік мінберлерінде Көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалған сәтте әрбір қазақстандықтың жүрегінде шексіз мақтаныш сезімі ұялайды. Рәміздеріміздің тұғырда берік әрі биікте тұруы – халқымыздың мызғымас ауызбіршілігі мен мемлекетіміздің біртұтастығының айғағы.

Жаңа Конституциямыз аясындағы ауқымды реформалар мен «Әділетті Қазақстанды» құру жолындағы қадамдарымыз мемлекетіміздің іргесін бекітіп, рәміздеріміздің қадір-қасиетін одан сайын арттыра түспек. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтымызды ұлы істерге ұйыстыра берсін!

Осынау айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!

Еліміздің айбыны асқақ, Көк туымыздың тұғыры әрдайым биік болсын!

04/06/2026

ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Батыс Қазақстан облысында 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа қоныс иелерін аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

02/06/2026

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

Photos from Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области's post 02/06/2026

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

Мемлекет басшысы сәуір айында «Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері туралы» Заңға қол қойды. Премьер-министр бұл құжат еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

БҚО кәсіпорындарында 516 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Бүгінге дейін 1628 мекеме қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі сыналса, 71 нысан еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өтті. 183 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттар қолданысқа енгізілді.

Үкімет басшысы салалық министрліктерге жыл соңына дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында цифрлық платформа енгізуді тапсырды. Өңірдегі өндіріс ошақтарында да цифрлық шешімдер қолданылады. Мәселен, 11 ірі мекеме «Халықтық бақылау» жобасы аясында үдерістерді бейнебақылау жүйесі арқылы қадағалайды. Оқыс оқиғалардың алдын алуды көздейтін «Vision Zero» тұжырымдамасына сәйкес 105 ұйым ресми интернет-платформаға тіркелді.

Биыл 39 нысанға кезектен тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 323 заң бұзушылық анықталды. Оларға жалпы сомасы 3,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бағалау және техникалық жұмыстарға берілген рұқсаттардың заңдылығын тексеру мақсатында 204 бақылау іс-шарасын өткізу жоспарланды.

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жұмысшылардың өмірі мен денсаулығы кез келген өндірістік көрсеткіштен жоғары екенін баса айтты. Облыс әкімі Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес жұмыс берушілермен ұжымдық шарттар жасасу, шағын және орта бизнес саласындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне де назар аудартты. Барлық жауапты мемлекеттік құрылымдар мен мекеме жетекшілеріне бұл бағыттағы қадағалау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Photos from Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области's post 02/06/2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ АЛЕКСАНДР САВРАНДЫ 80 ЖАСҚА ТОЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірге танымал еңбек ардагері Александр Савранды қабылдап, 80 жас мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы шаруашылық құрылымдар мен мемлекеттік қызмет саласында жауапты міндеттерді абыройлы атқарған ғибратты ғұмыр иесіне зор ризашылығын білдірді. Оның өнегелі өмір жолы туған жерге адал қызмет пен отансүйгіштіктің озық үлгісі екенін атап өтті.

Александр Федорұлы еңбек жолын Чапаев атындағы ұжымшарда тракторист болып бастап, кейін түрлі жауапты салаларда тер төкті. Теректі аудандық кеңесі төрағасының орынбасары, статистика бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарып, 1995-2003 жылдар аралығында Теректі ауданының әкімі ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін берді. Сондай-ақ облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметінде өлкеміздің табиғи байлықтарын қорғап, өсімін молайту жолында сүбелі үлес қосты. Өз ісін жетік меңгерген, жұмысына зор жауапкершілікпен қараған бай тәжірибелі басшы тынымсыз еңбегінің арқасында абырой-беделге ие болды.

Мерейтой иесі өзіне көрсетілген құрмет үшін аймақ басшысына алғысын айтты. Александр Федорұлы ел мен жердің амандығын, өңірдің өркендей беруін тіледі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

01/06/2026

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен кеңес өтті. Онда 2025–2026 оқу жылының қорытындылары баяндалып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Photos from Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области's post 01/06/2026

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ РӘСІМІН МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖЕРДЕ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен кеңес өтті. Онда 2025–2026 оқу жылының қорытындылары баяндалып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кезекті оқу жылын өңірдегі 382 мектепте 126 мыңнан астам оқушы аяқтады. Биыл 9-сыныпты 10 440 шәкірт, 11-сыныпты 8 179 түлек тәмамдады. Оның 437-сі «Алтын белгіге», 448-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Халықаралық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында 90 оқушы үздік нәтиже көрсетті.

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірде кешенді жұмыстар жүргізілуде. 1-10 сынып оқушыларының 96 пайызы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады. Облыс бойынша 16 қала сыртындағы, 427 мектеп жанындағы және 7 шатырлы лагерь жұмыс істейді. Бурабай курорттық аймағындағы лагерьлерде әлеуметтік санатына байланысты 120 баланың демалысы ұйымдастырылса, 1300-ге жуық оқушы қалааралық экскурсиялармен қамтылады.

Кеңесте мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тәртібі бекітілді. Аттестат тапсыру рәсімі 18 маусым күні білім беру ұйымдарында ғана ұйымдастырылады. Мұндай шараларды мейрамханаларда, табиғат аясында және өзге де ойын-сауық орындарында өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, әкімшілікке және педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға, автокөлік шерулерін ұйымдастыруға, мерекелік агенттіктер мен аниматорларды тартуға жол берілмейді.

Облыс әкімі құзырлы құрылымдарға балалардың жазғы кезеңдегі қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударуды тапсырды. Атап айтқанда, демалыс орындарының санитарлық талаптарға сәйкестігін, өрт қауіпсіздігін және балалардың денсаулығын қорғау шараларын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, тәрбиелік және танымдық бағыттағы іс-шараларға ерекше мән беруді жүктеді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Photos from Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области's post 01/06/2026

БҚО-ДА 90 ОҚУШЫҒА 120 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тұңғыш Президент атындағы алаңда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Аймақ басшысы алдымен жас дарындар галереясын тамашалады. Шығармашылық көрмеде шәкірттер жарқын жетістіктері мен тың жобаларын таныстырды. Өскелең ұрпақтың ғылыми ізденістері, экологиялық және әскери-патриоттық бағыттағы бастамалары көпшілік назарына ұсынылды. Өнерлі өрендер шығармашылық жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ жас құтқарушылар мен тәртіп сақшылары сап түзеп, ұйымның мақсат-міндеттерін баяндады.

Мерекелік шараның салтанатты сәтінде облыс әкімі халықаралық және республикалық білім бәсекелерінде өңір намысын қорғап, көш басынан көрінген 90 оқушыға алғыс хат пен 120 мың теңге көлеміндегі қаржылай сертификаттарды табыс етті.

Аймақ басшысы балалардың құқықтарын қорғау, олардың сапалы білім алып, денсаулығын нығайтуына, шығармашылық пен спортта шыңдалуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соңғы 3 жылда 30 мектеп салынды. Оның 9-ы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерсе, қазіргі таңда 8 білім ордасының құрылысы жүргізілуде.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, жас ұрпақтың бойында «Адал азамат» тұжырымдамасына сай қағидаттарды қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Біз бүкіл қоғам болып балаларымызды еңбекқорлыққа, уақыт талабына сай ізденуге баулуымыз қажет. Жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Бұл стратегиялық іс-шаралар жүйелі жалғаса береді, — деді облыс әкімі.

Мерекелік іс-шара жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

01/06/2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тұңғыш Президент атындағы алаңда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

01/06/2026

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Халықаралық балаларды қорғау күні – жазбен бірге жететін жарқын мереке. Бұл – өскелең ұрпаққа деген шексіз мейірім мен ерекше қамқорлықтың белгісі.

Балалар – біздің өміріміздің мәні, еліміздің ең басты байлығы мен жарқын болашағы.
Жас қазақстандықтардың құқықтарын қорғау, олардың сапалы білім алып, денсаулығын нығайтуына, шығармашылық пен спортта шыңдалуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағытта өңірімізде де ауқымды іс-шаралар атқарылды. Біздің мақсатымыз – әрбір бүлдіршіннің үлкендердің қолдауы мен қамқорлығын сезініп, келешекке сеніммен қарауына мүмкіндік туғызу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, жас ұрпақтың бойында «Адал азамат» тұжырымдамасының озық идеалдарын қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Біз бүкіл қоғам болып балаларымызды еңбекқорлыққа, білімпаздыққа баулып, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды, төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген құрметті сіңіруіміз қажет.

Өңіріміздің намысын қорғап, оқуда, өнер мен спортта биік белестерді бағындырып жүрген дарынды ұл-қыздарымызды мақтан тұтамыз. Осынау жазғы демалыс күндері бүлдіршіндеріміз бен жеткіншектерге қызықты оқиғалар мен ұмытылмас әсерлер сыйласын!

Балалар мен олардың ата-аналарын жайдарлы мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әрбір отбасына амандық тілеймін! Балаларымыздың күлкісі тыйылмай, болашағы жарқын болсын!

Want your business to be the top-listed Government Service in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


г. Уральск, пр-т. Нурсултана Назарбаева, 179
Oral
090000