02/06/2026
📲 Прямой эфир можно посмотреть на странице в Instagram!
Департамент санитарно-эпидемиологического контроля ЗКО
02/06/2026
📲 Прямой эфир можно посмотреть на странице в Instagram!
01/06/2026
📌 Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша семинар өтті
Аумақтық басқармалардың мамандары үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, өтініштерді қабылдау және қарау ерекшеліктері, қызмет алушылармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті өзгерістер мен талаптар талқыланды. Қатысушыларға тәжірибелік түсіндірмелер беріліп, туындаған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
📌 Семинар по повышению качества оказания государственных услуг для территориальных управлений
для специалистов территориальных управлений был проведен семинар по вопросам оказания государственных услуг, направленный на повышение качества предоставления государственных услуг и разъяснение требований действующего законодательства.
В ходе семинара были рассмотрены порядок оказания государственных услуг, особенности приема и рассмотрения обращений, вопросы взаимодействия с услугополучателями, а также актуальные изменения и требования в сфере оказания государственных услуг. Участникам были даны практические разъяснения и ответы на интересующие вопросы.
29/05/2026
📌 Сырым аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Сариеваның төрағалығымен, Персоналды басқару бөлімінің бас маманы А.Бигалиеваның және бас маман С.Купешеваның қатысуымен Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұжымымен жиын өткізілді.
Жиын барысында, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтауды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және департамент мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзгерістер талқыланып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы түсіндіріп өтті.
Жиын барысында басқарма мамандарын жеке қабылдап қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
📌 Проведено совещание со специалистами Сырымского районного управления
Под председательством заместителя руководителя Департамента санитарно-эпидемиологического контроля ЗКО, уполномоченного по этике Н. Сариевой, с участием главного специалиста отдела управления персоналом А. Бигалиевой и главного специалиста С. Купешева проведено совещание с коллективом Сырымского районного управления санитарно-эпидемиологического контроля.
В ходе совещания уполномоченный по этике Н. Сариева разъяснила требования законодательства о государственной службе, необходимость соблюдения норм служебной этики, вопросы профилактики коррупции, а также изменения в сфере оказания государственных услуг. Кроме того, были даны разъяснения по дополнениям и изменениям, внесённым в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан № ҚР ДСМ-336/2020 от 30 декабря 2020 года.
В ходе встречи специалисты управления были приняты в индивидуальном порядке, а также получили ответы на интересующие их вопросы.
29/05/2026
26/05/2026
🔰 Құрбан айт: мерекені қауіпсіз өткізіп, тағамнан уланудың алдын алу жолдары
Құрметті жерлестер!
Сіздерді шын жүректен келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Бұл ұлық мереке мейірімділік, ізгілік, бірлік пен рухани тазарудың символы болып табылады. Құрбан айт әр шаңыраққа тыныштық, береке, татулық пен молшылық әкелсін!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында тұрғындарға мал сату, сою және тағам дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз. Бұл тағамнан уланудың, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Мал сату және сою кезінде: малды сату мен құрбан шалуды тек арнайы белгіленген орындарда жүргізу, жануарларға ветеринариялық құжаттардың болуы, сою орындарында санитариялық талаптарды сақтау: су, кәріз жүйесінің болуы, қалдықтарды уақтылы шығару және жою, қызметкерлердің медициналық кітапшаларының болуын және жеке гигиенаны сақтауын қамтамасыз ету қажет.
Үй жағдайында: қол жууға жағдай жасау, бөлмелерді тұрақты түрде желдетіп отыру, өнімдерді тек қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сенімді орындардан сатып алу, үйде дайындалған консервілерді қолданар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу, тез бұзылатын тағамдарды дайындалғаннан кейін бірден тұтыну және сақтау талаптары бұзылған жағдайда пайдаланбау, инфекциялық және тері ауруларының белгілері бар адамдарды тағам дайындауға жібермеу ұсынылады.
Тамақтану нысандары мен мешіттерде: суық және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету, қол жууға және кептіруге арналған құралдардың болуы, желдету және кондиционерлеу жүйелерінің жарамды жұмыс істеуі, тағам өнімдеріне құжаттардың болуы, санитариялық талаптардың сақталуы, қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы және күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету қажет.
Санитариялық талаптарды сақтамау тағамнан улануға және жұқпалы аурулардың халық арасында таралуына әкелуі мүмкін.
🔰 Курбан айт: как безопасно провести праздник и избежать пищевых отравлений
Уважаемые земляки!
От всей души поздравляем вас с наступающим светлым праздником Курбан айт! Этот священный праздник символизирует милосердие, доброту, единство и духовное очищение. Пусть Курбан айт принесёт в каждый дом мир, благополучие, согласие и достаток.
В преддверии священного праздника Курбан айт напоминаем жителям о необходимости соблюдения санитарно-эпидемиологических требований при продаже, забое скота и приготовлении пищи. Это поможет предотвратить пищевые отравления, острые кишечные и особо опасные инфекционные заболевания.
При продаже и забое скота необходимо: проводить продажу и жертвоприношение только в специально отведённых местах, иметь ветеринарные документы на животных, соблюдать санитарные требования на убойных пунктах: наличие воды, канализации, своевременный вывоз и утилизация отходов, обеспечивать наличие медицинских книжек у работников и соблюдение личной гигиены.
В домашних условиях рекомендуется: обеспечить условия для мытья рук, регулярно проветривать помещения, покупать продукты только в проверенных местах с документами, подтверждающими их безопасность, домашние консервы перед употреблением подвергать термической обработке 15–20 минут, скоропортящиеся блюда употреблять сразу после приготовления и не хранить при нарушении условий хранения, не допускать к приготовлению пищи людей с признаками инфекционных и кожных заболеваний.
На объектах питания и в мечетях необходимо обеспечить: бесперебойное холодное и горячее водоснабжение, наличие средств для мытья и сушки рук, исправную работу вентиляции и кондиционирования, наличие документов на пищевую продукцию, соблюдение санитарных условий, наличие у персонала медицинских книжек и ежедневный предсменный медосмотр.
Несоблюдение санитарных требований может привести к возникновению пищевых отравлений и распространению инфекционных заболеваний среди населения.
22/05/2026
🔰 Шетелге шығатын азаматтарға Эбола қызбасының алдын алу туралы
Эбола қызбасы — негізінен Африка елдерінде тіркелетін, ағымы ауыр аса қауіпті вирустық ауру. Инфекция көзі – жұқтырған жануарлар мен науқас адам. Жұқтыру қанмен, биологиялық сұйықтықтармен және ластанған заттармен байланыс кезінде болады. Инкубациялық кезеңі 2-21 күнге дейін созылады. Негізгі белгілері: жоғары дене қызуы, әлсіздік, бас және бұлшықет ауруы, құсу, диарея, бөртпе және қан кету.
ДДҰ Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.
ДДҰ және CDC бағалауынша, індеттің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне таралу қаупі төмен деңгейде қалып отыр, себебі індет ошағы бар аймақтармен тікелей тұрақты әуе қатынасы жоқ.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Эбола қызбасы тіркелген жоқ. Оаған қарамастан Эбола бойынша қолайсыз елдерден келетін тұлғаларға қатысты санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде қашықтықтан термометрия және инфекцияның әкелінуінің алдын алуға бағытталған басқа да профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.
Эндемиялық елдерге шығатын азаматтарға арналған ұсынымдар:
Эбола қызбасы тіркелген Африка елдеріне, әсіресе балалармен бірге, барудан бас тарту.
Жабайы жануарлармен (приматтармен, жарқанаттармен) және инфекциялық ауру белгілері бар адамдармен байланыстан аулақ болу.
Жабайы жануарлар сатылатын базарларға бармау, тек қауіпсіз су мен термиялық өңдеуден өткен тағамдарды пайдалану, жеке профилактика және гигиена шараларын сақтау.
Елге оралғаннан кейін 21 күн ішінде дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бөртпе, құсу, диарея және басқа да белгілер пайда болған жағдайда — дереу медициналық көмекке жүгініп, шетелде болғаны туралы хабарлау.
🔰 О профилактике лихорадки Эбола для выезжающих за рубеж
Лихорадка Эбола — особо опасное вирусное заболевание с тяжелым течением, регистрируемое преимущественно в странах Африки. Источником инфекции являются инфицированные животные и больной человек. Заражение происходит при контакте с кровью, биологическими жидкостями и загрязненными предметами. Инкубационный период составляет от 2 до 21 дня. Основные симптомы: высокая температура, слабость, головная и мышечная боль, рвота, диарея, сыпь и кровотечения.
ВОЗ объявила вспышку лихорадки Эбола в Демократической Республике Конго и Уганда чрезвычайной ситуацией в области общественного здравоохранения, имеющей международное значение. Вспышка вызвана редкой разновидностью вируса Эбола — штаммом Bundibugyo, против которого в мире пока не существует ни вакцины, ни специфического лечения.
По оценке ВОЗ и CDC, риск распространения инфекции для Казахстана и стран Центральной Азии остается низким ввиду отсутствия прямого регулярного авиасообщения с зонами вспышки.
На сегодняшний день случаев лихорадки Эбола в Республике Казахстан не зарегистрировано. Вместе с тем в стране усилен санитарно-карантинный контроль за лицами, прибывающими из неблагополучных по Эболе стран. На пунктах пропуска через государственную границу проводится дистанционная термометрия и другие профилактические мероприятия по предупреждению завоза инфекции. Ситуация находится на постоянном контроле.
Рекомендации для выезжающих в эндемичные страны:
Воздержаться от поездок в страны Африки, где зарегистрированы случаи лихорадки Эбола, особенно с детьми.
Избегать контактов с дикими животными (приматами, летучими мышами) и лицами с признаками инфекционных заболеваний.
Не посещать рынки диких животных, употреблять только безопасную воду и термически обработанные продукты, соблюдать меры личной профилактики и гигиены.
При появлении в течение 21 дня после возвращения температуры, головной боли, сыпи, рвоты, диареи и других симптомов — незамедлительно обратиться за медицинской помощью и сообщить о пребывании за рубежом.
https://kaz.inform.kz/news/batis-kazakstanda-kizilsha-zhuktirgandar-sani-300-ge-zhuiktadi-65868adb
19/05/2026
📌 Неліктен субұрқақта шомылу денсаулыққа зиян?
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға субұрқақтардағы суға түспеу қажеттігін ескертеді.
Өйткені:
1. Субұрқақтар – бұл қаланы абаттандыру элементтері. Олар ауаны ылғалдандырады, аймаққа эстетикалық көрініс береді және шомылуға арналмаған;
2. Субұрқақтар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды мақсатына сай емес, яғни ыстық ауа-райында шомылу үшін пайдалану адам ағзасы үшін қауіпсіз емеc;
3. Пайдалану процесінде субұрқақтағы су жиі жаңартылмайды, жүзуге және спортпен шұғылдануға арналған бассейндерге қойылатын талаптар бойынша тазартылмайды және зарарсыздандырылмайды, сонымен қатар, жоғары ауа температурасы микроорганизмдердің көбеюіне де ықпал етеді;
4. Субұрқақтағы суға түскенде суық тигізіп қана қоймай, басқа да ауруларды жұқтыру қаупі бар. Субұрқақта шомылу жедел ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға, конъюнктивитке әкелуі мүмкін, ал басты қауіп – энтеровирустық, ротавирустық инфекциялар, А вирустық гепатиті.
5. Субұрқақта құлап, жай жарақат қана емес, сонымен қатар, электр жарақатын алу мүмкіндігі бар, өйткені субұрқақтар әртүрлі коммуникациялар және жарықтандырулармен қамтамасыз етілген.
Субұрқақтарда түрлі ауруды жұқтырмас үшін және жарақат алмас үшін ересектер мен балалар сақтық шараларын білуі және соны сақтауы қажет.
Денсаулығыңызды сақтаңыз!
📌 Почему купание в фонтане вредно для здоровья?
Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Западно-Казахстанской области предупреждает жителей о необходимости не допускать купания в фонтанах.
Потому что:
1.Фонтаны – это элементы благоустройства города. Они увлажняют воздух, придают области эстетичный вид и не предназначены для купания;
2. Фонтаны могут быть разными, но использовать их не по назначению, то есть для купания в жаркую погоду небезопасно для человеческого организма;
3. В процессе эксплуатации вода в фонтане не обновляется часто, не очищается и не стерилизуется по требованиям, предъявляемым к бассейнам для плавания и занятий спортом, кроме того, высокая температура воздуха способствует росту микроорганизмов;
4.При купании в фонтане существует риск не только простудиться, но и заразиться другими заболеваниями. Купание в фонтане может привести к острой кишечной инфекции, респираторной инфекции, конъюнктивиту, а главная опасность – энтеровирусные, ротавирусные инфекции, вирусный гепатит А.
5.У фонтана есть возможность не только упасть и получить не только травму, но и электрическую травму, так как фонтаны снабжены различными коммуникациями и освещением. Взрослые и дети должны знать и соблюдать меры предосторожности, чтобы избежать травм и заражения различными заболеваниями .
Берегите свое здоровье!
19/05/2026
📌 Нитратта туралы не білуіміз керек?
Нитраттар – өсімдіктердің өсуін тездететін заттар. Сонымен қатар, егер тыңайтқыштар тым көп мөлшерде қолданылса, онда өсімдіктерде нитраттардың деңгейі нормадан едәуір асып кетуі мүмкін, бұл өз кезегінде ағзаның улану қаупін төндіреді.
Нитраттар тек жоғарғы жапырақтарында ғана емес, ішінде де жиналатын көкөністер бар. Осындай көкөністердің бірі – қырыққабат. Қолданар алдында жапырақтардың сыртқы екі қабатын алып тастау керек, содан кейін бірнеше сағат бойы суға батыру керек. Әрине, бұл сіздің бақшаңызда өсірілген немесе сенімді адал сатушылардан базардан сатып алынған қырыққабатқа қатысты емес.
Көптеген көкөністер мен жемістер зиянды заттарды беткі қабатта жинайды. Кәді, картоп, алма, алмұрт және қиярды тұтынар алдында оларды қабығынан тазарту керек. Сәбіздің ортасын жеуге болмайды, бұл қауіпті. Сондай-ақ, зиянды заттар құйыршықта жиналады, оны алып тастау керек.
Егер картоптың, қиярдың, кәдінің қабығының астында сары дақтар болса, онда бұл нитраттардың көп болуын көрсетеді.
Көптеген адамдар, әсіресе балалар ерте піскен қарбыздармен уланатынын атап өту керек. Өйткені, қарбызды ерте кезеңде «химиясыз» өсіру өте қиын. Химиялық тыңайтқыштардың арқасында сыртқы және ішкі жағынан да түрі керемет көрінеді, сондықтан ол сатып алушыларды өзіне тартатады.
Барлық ерте піскен жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында ағынды суға 30-40 минут салып қойған жөн. Ал нитраттардан ең жақсы қорғаныс –көкөністер мен жемістерді маусымға сәйкес тұтыну.
📌 Что нам нужно знать о нитратах?
Нитраты – вещества, которые ускоряют рост растений. При этом, если удобрения используются в слишком большом количестве, то и в растениях уровень нитратов может значительно превышать норму, а это, в свою очередь, грозит отравлением организма.
Есть такие овощи, у которых нитраты накапливаются не только в верхних листьях, но и внутри. Одним из таких овощей является капуста. Перед употреблением необходимо снять пару верхних слоев листьев, а после замочить в воде на несколько часов. Конечно, это не касается капусты, выращенной на вашей собственной грядке или приобретенной на базаре у проверенных добросовестных продавцов.
Многие овощи и фрукты предпочитают накапливать вредные вещества на поверхности. Перед употреблением кабачка, картофеля, яблока, груши и огурцов необходимо очистить их от кожуры. У моркови – не стоит есть середину, она бывает опасной. Вредные вещества также накапливаются в толстом кончике возле хвостика, который нужно удалить.
Если под кожурой у картофеля, огурца, кабачка имеются пятна желтого цвета, то это свидетельствует о большом наличии нитратов.
Следует отметить, что именно ранними арбузами травятся много людей, а особенно дети. Ведь вырастить арбуз без «химии» в ранний период очень трудно. Благодаря химическим удобрениям и подкормкам, он имеет безупречный товарный вид, как снаружи, так и внутри, который так и притягивает к себе покупателей.
Все ранние фрукты и овощи перед употреблением желательно замачивать в проточной воде на 30-40 минут. А лучшей защитой от нитратов является употребление овощей и фруктов по сезону.
19/05/2026
📌 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуде, жұқпалы аурулардың алдын алуда және санитариялық нормалардың сақталуын бақылауда маңызды рөл атқарады.
Осындай қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) болып табылады.
Бұл құжат санитариялық-эпидемиологиялық салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды, сондай-ақ эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің, қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларына, жаңа шикізат түрлері мен өнімдердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау, қайта ресімдеу және оның қолданылуын тоқтату қағидаларын бекітеді.
Бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен «электрондық үкіметтің» eGov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда көрсетіледі. Барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта, тегін негізде және заңнамада белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
Қызмет алушыға өтініш беруге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің көрсетілу барысын барлық кезеңдерде бақылауға, мемлекеттік қызмет нәтижесін өзіне ыңғайлы жерде (үйде, жұмыста) портал арқылы алуға мүмкіндік берілген. Сонымен қатар, Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші Бұйрықта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, қызмет алушыны алдын ала хабардар етеді және алдын ала шешіммен таныстырады, сондай-ақ қызмет алушыға осы шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін береді.
Осылайша, мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі уақтылы көрсетілуі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басым міндеттерінің бірі болып қала береді және Қазақстан Республикасы халқының санитариялық қауіпсіздігі деңгейін арттыруға ықпал етеді.
📌 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения»
Государственные услуги в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в Республике Казахстан играют важную роль в обеспечении охраны здоровья граждан, предупреждении инфекционных заболеваний и контроле за соблюдением санитарных норм.
Основным нормативным правовым актом, регулирующим порядок оказания таких услуг, является Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан № ҚР ДСМ-336/2020 от 30 декабря 2020 года «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения» (далее - Приказ). Документ определяет порядок предоставления государственных услуг в санитарно-эпидемиологической сфере, а также утверждает правила выдачи санитарно-эпидемиологических заключений о соответствии объекта высокой эпидемической значимости нормативным правовым актам в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и проектов нормативной документации по предельно допустимым выбросам и предельно допустимым сбросам вредных веществ и физических факторов в окружающую среду, зонам санитарной охраны и санитарно-защитным зонам, на новые виды сырья и продукции нормативным правовым актам в сфере санитарно- эпидемиологического благополучия населения, возобновления действия, переоформления, прекращения действия cанитарно-эпидемиологического заключения.
Согласно приказу, государственные услуги оказываются территориальными подразделениями Комитета санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения РК в электронной форме через веб-портал "электронного правительства" eGov.kz. Все государственные услуги оказываются в электронном формате, на бесплатной основе, в установленные законодательством сроки. Услугополучателю представлена возможность как подавать заявление, так и прослеживать оказание госуслуги на всех его этапах, получать результат государственной услуги через портал в удобных для него местах (дома, на работе). Кроме того, согласно изменениям, внесенным в Правила, при принятии услугодателем решения о мотивированном отказе в оказании государственной услуги по основаниям, предусмотренным Приказом, услугодатель предварительно уведомляет и ознакамливает услугополучателя о предварительном решении, а также о возможности выразить услугополучателю позицию по нему.
Таким образом, качественное и своевременное оказание государственных услуг остается одним из приоритетных задач органов санитарно-эпидемиологической службы, а также повышает уровень санитарной безопасности населения Республики Казахстан.
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |