02/06/2026
Қалалық маслихат депутаты, «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Сулаймонова Русана Русланқызы партияның қалалық филиалына азаматтарды қабылдады. Кездесу кезінде азаматтардың бірқатар мәселелері шешілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасының аясында көп балалы ана, жалғыз басты ана, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасы және аз қамтылған отбасы мүшелері көмек сұрап жүгінді.
Осы отбасылардың барлығына сұраныстарына қарай көмек көрсетілетін болады.
01/06/2026
🎈Достар!
Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет.
Бала – шаңырақтың шаттығы ғана емес, мемлекеттің болашағы. Рухты, отаншыл балақайларымыз түрлі салада биік белестерді бағындырып, елімізді әлем жұртшылығына танытып келеді. Олардың дара қабілеті мен тың идеялары төрткүл дүние жүзін таңқалдыруда.
Әрдайым балдырғандарымыздың арманы асқақ, ойы ұшқыр және болашағы баянды болғай.
Өскелең ұрпақ бейбіт аспан астында алаңсыз ғұмыр кеше берсін!