Павлодар обл. прокуратурасы

Павлодар обл. прокуратурасы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Павлодар обл. прокуратурасы, Law enforcement agency, Pavlodar.

22/05/2026

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар облысының прокуратурасы сотқа талап қою кезінде заң қызметтері жұмысының тиімділігі, сондай-ақ кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға талап қою мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Бизнес субъектілеріне қатысты наразылық-талап қою жұмыстарындағы және соттарда мемлекеттің мүддесін білдірудегі проблемалық мәселелер талқыланды.
Іс-шара қатысушыларының ұсыныстары тыңдалып, заң қызметтері жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысы облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

19/05/2026

Во время летних каникул особенно важно уделять внимание безопасности детей.
Ежегодно в стране регистрируется более 180 тысяч детских травм. В прошлом году в купальный сезон утонули 39 детей, в ДТП погибли 285 несовершеннолетних.
Также фиксируются случаи выпадения детей из окон и нахождения подростков ночью без сопровождения взрослых.
Соблюдение простых правил безопасности – главный способ сохранить жизнь и здоровье детей.

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Елімізде жыл сайын 180 мыңнан астам бала жарақат алады. Өткен жылы суға түсу маусымында 39 бала суға батты, жол апаттарынан 285 кәмелетке толмаған жас қаза тапты.
Сондай-ақ балалардың терезеден құлауы мен жасөспірімдердің түнгі уақытта қараусыз жүру фактілері де кездеседі.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.

16/05/2026

Екібастұзда «Ekibastuz Fest: Заң мен тәртіп» ауқымды жастар фестивалі өтті

Екібастұз қаласында 5 мыңнан астам оқушыны, студентті, педагогтерді, волонтерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерін біріктірген «Ekibastuz Fest: Заң мен тәртіп» ауқымды жастар фестивалі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – құқықтық мәдениетті насихаттау, жасөспірімдер қылмысының алдын алу және жастар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Фестиваль ашық алаңда ұйымдастырылып, жастар прокуратура, полиция және білім беру жүйесінің өкілдерімен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Іс-шараға облыс әкімі Асаин Байханов, облыс прокуроры Алмат Байшолақов және полиция департаментінің бастығы Василий Скляр қатысты.

Қала әкімі Аян Бейсекин облыс басшылығына «Айқын нәтиже» жобасының жүзеге асырылуындағы оң динамика туралы баяндады. Жоба іске асырылған төрт ай ішінде екі шағынауданда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Жоба аясында көшелерге қосымша бейнебақылау камералары мен заманауи жарықтандыру жүйелері орнатылып, патрульдеу күшейтілді, сондай-ақ шұғыл көмек шақыруға арналған дабыл батырмалары орналастырылды. Бұл қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ал�

09/05/2026

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! 🇰🇿

Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, қайсарлық пен отансүйгіштіктің мәңгілік символы.
Жеңіс жолында жанын қиған батырларымыздың рухына тағзым етіп, ардагерлерімізге шексіз алғыс білдіреміз.

Кадрлық жұмыс тобының басшысы Малика Таубалдықызы Абнасырованың орындауында — «Әлия» әні.
Ерлік рухына арналған жүрекжарды тарту.

#9Мамыр #ЖеңісКүні #ҰлыЖеңіс #Әлия #ЕрліккеТағзым

08/05/2026

«Сарбазға прокурорлық кеңес» жалпы республикалық профилактикалық іс-шарасы

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінде Павлодар облысы прокурорының орынбасары Ербол Кенжебекұлы Исаков, Павлодар гарнизонының әскери прокуроры Ғалымжан Өмірзақұлы Серім мен прокуратура органдарының ардагері Юрий Викторович Фельдман мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен кездесті.
Іс-шара «Сарбазға прокурорлық кеңес» жалпы республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, «Заң мен тәртіп» Конституциялық қағидатын ілгерілетуге, жеке құрамның құқықтық сауаттылығын дамытуға, әскери тәртіпті нығайтуға және жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.
Кездесу барысында әскери прокурор әскери қызмет туралы заңнаманың талаптарын түсіндірді, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне назар аударды.
Прокуратура органдарының ардагері кәсіби және өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, әскери борышын адал орындаудың, тәртіпті сақтаудың, антқа адалдықтың және әрбір әскери қызметшінің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.
Ашық диалог форматында әскер�

Want your business to be the top-listed Government Service in Pavlodar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Pavlodar
140000