С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы

С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы

Share

https://www.instagram.com/pavlodarlibrary/ В связи с карантином график работы уточнять по указанному номеру телефона

12/08/2025

15 августа в 16.00 в малом зале областной библиотеки состоится литературно-музыкальная встреча " Лето, осень - время вдохновения! " с участием павлодарских поэтов, музыкантов.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 10/08/2025

10 тамызда қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Өлең сөздің патшасы» атты поэзиялық кеш өтті. Абай өлеңдері Отанға деген сүйіспеншілік, адалдыққа, еңбекқорлыққа, білім мен әділдікке ұмтылуға шақырады. Ол қазақ халқының білімді, парасатты болғанын қалады. Қаланың жоғары оқу орындарының студенттері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің қызметкерлері, Павлодар ауданы мектептерінің оқушылары, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары Мирас Сағындық, Константин Лунин, Махаббат Мұқанғалиева, Жаңбырбаева Нұрай, Шайдолда Назерке Абайдың Қара сөздері мен өлеңдерін оқыды.
Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Әсел Ботаева, дәстүрлі ән байқауларының жеңімпазы, әнші Мағжан Ысқақ, «Нұр Ана» қоғамдық бірлестік мүшелері Абай әндерін орындады.
Кеш поэзияға, жанды музыкаға толы жылы, рухани атмосферада өтті. Мұндай кездесулердің мәдени және патриоттық маңызы зор.

10 августа состоялся особенный вечер поэзии «Өлең сөздің патшасы», посвященный к 180-летию великого казахского поэта, философа, просветителя Абая Кунанбаева. Стихи Абая пронизаны темой любви к Родине, призывами к честности, трудолюбию, стремлению к знаниям и справедливости. Он мечтал видеть казахский народ сильным духом и просвещённым. Студенты высших учебных заведений города, сотрудники Департамента Пограничной службы Комитета национальной безопасности РК, учащиеся школ Павлодарского района, сотрудники учреждений культуры, читатели библиотеки Мирас Сағындық, Константин Лунин, Махаббат Мұқанғалиева, Жаңбырбаева Нұрай, Шайдолда Назерке читали стихи и знаменитые слова назидания Абая.
В исполнении артиста областной филармонии имени Исы Байзакова Асель Ботаевой, победителя традиционных песенных конкурсов Мағжан Ысқақ прозвучали песни на стихи Абая.
Вечер прошёл в тёплой, душевной атмосфере, наполненной поэзией, живой музыкой. Такие встречи имеют большое культурное и патриотическое значение.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 07/08/2025

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту арнаулы орталығында облыстық кітапхана қызметкерлері ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған танымдық сағат өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен танысып, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі туралы ақпарат алды. Ақынның ұрпаққа қалдырған «Қара сөздер» атты шығармасы ерекше назарға алынып, олардың мазмұны мен маңызы талқыланды. Шараға қатысушылар ақынның ең танымал әндерінің бірі «Көзімнің қарасы» әнін тамашалады.

В центре оказания специальных социальных услуг реабилитации детей с НОДА сотрудники областной библиотеки провели познавательный час «Абай мұрасы», посвящённый великому казахскому поэту, мыслителю и просветителю Абаю Кунанбаеву. Участники встречи познакомились с основными вехами биографии Абая, узнали о его роли в развитии казахской литературы, философии и культуры. Особое внимание было уделено знаменитым Словам назидания , которые представляют собой мудрые наставления, актуальные и в наше время. Мероприятие украсило исполнение одной из самых известных песен Абая «Көзімнің қарасы».

06/08/2025

Павлодар облысының кітапханаларындағы 2,9 миллион данадан астам кітап қоры бар. Оның 44 750-і– электронды кітаптар. Бұл туралы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының басшысы Шолпан Шахметованың журналистерге берген сұхбатында айтты. Жалпы,ъ облыстағы кітапханаларда өлкетану бағытында бес мыңнан астам электрондық басылым ұсынылған.
– 2006 жылдан бері цифрландыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүріп келеді. 2017 жылы облыстық кітапхана жанынан Өлкетану құжаттарын цифрлау орталығы құрылды. Қазір онда кәсіби сканерлермен, арнайы бағдарламалармен жабдықталған жоғары деңгейлі техникалар жұмыс істейді, – деді ол.
Облыстағы кітапханаларда 70-тен астам веб-ресурс бар, оның 59-ы – өлкетану бағытында. Бұл порталдарда Павлодар өңіріне қатысты толық мәтінді кітаптар, тарихи құжаттар мен сирек кездесетін әдебиеттер жинақталған.
Сонымен қатар, облыстық кітапхана 12 желілік жобаны ұсынады. Олардың қатарында «Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды энциклопедиясы, «Павлодар – Қазақстанның индустриалды жүрегі» жобасы, «QR-кітапхана» сияқты бастамалар бар.
– Авторлық құқықты сақтау – басты талап. Сондықтан қазіргі таңда жергілікті авторлармен 300-ден астам келісімшарт жасалды. Бұл еңбектер біздің веб-ресурстарда қолжетімді, – деді Шолпан Шахметова.
Кітапханалардағы тағы бір жаңашылдық – RFID жүйесі. Облыстық кітапханада бұл технология іске қосылып, оқырман кітапты өз бетінше алып, тіркей алады. Алайда, басқа аудандық және ауылдық кітапханаларда бұл жүйе әлі енгізілмеген.
Еске сала кетейік, бүгінде өңірдегі 225 кітапхананың 198-і интернет желісіне қосылған, оның ішінде 179-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 05/08/2025

Бүгін Торайғыров кітапханасының «Айна» галереясында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Екі студия – бір өнер» көрмесінің ашылуын өтті. Оған «Сымбат» және «Палитра» студияларының оқушылары мен ұстаздарының шығармашылық жұмыстары қойылды.

«Сымбат» студиясы 2010 жылдан бері, ал «Палитра» студиясы 2012 жылдан бастап балалардың қиялын ұштап, көркем және қолданбалы өнерді үйретіп келеді.

Көрмеге қатысушылар жас талантты суретшілердің 100-ден астам жұмысын тамашалады. Олардың көрме сөресінен орын алған жұмыстардың жанрлық ерекшеліктері:
• майлы бояу және гуашьпен салынған суреттер, графика, скетчинг;
• авторлық фуд-бейнелеу техникасы;
• қағаз пластикасы, аппликация, қауырсынға өрнек салу;
• папье-маше бұйымдары;
• әуе пластилинінен жасалған шағын мүсіндер;
• өзен құмын қолданып жасалған декоративті панно.

Шығармаларда туған өлкенің көркі, балалық шақ тақырыбы, қазақ халқының дәстүрлері және этно-стиль мен заманауи бағыт үйлесім тапқан. Көрменің бір бөлігі Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарларға арналады.
Сурет авторларының бірі - «Сымбат» студиясының жас суретшісі, 8 жасар Әлима Маутхан. Сурет салумен екі жылдан бері айналысып келеді.
- Бүгінгі сурет көрмесіне үш жұмысымды ұсынып отырмын. Олар ұлттық мереке Наурызға, табиғатқа, жыл мезгіліне арналған жұмыстар. Суреттер гуашпен, майлы бояумен салынды,-дейді жас суретші.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 27/06/2025

✴️Бүгін Торайғыров кітапханасы Ертіс-Баян өңірі журналистерінің басын қосып, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Еркін форматта өткен кездесуге аймағымыздағы газеттер мен телеарналардың, сайттар мен радио журналистері шақырылды. Қонақтарды Торайғыров кітапханасының басшысы Шолпан Шахметова кәсіби мерекелерімен құттықтап, осы күнге дейінгі әріптестік, ынтымақтастық байланысы, ақпараттық қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Кітапхана ұжымы журналистер үшін қызықты зияткерлік және ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, ерекше көңіл күй сыйлады. Қонақтар да белсенді қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды және білімдері мен тапқырлықтарын танытты.

- Кітапхана бұл ғаламдағы ең ғажайып мекен. Қандай бір рухани азық іздесек кітапқа жүгінеміз, кітапханаға келеміз. Қаламгерлердің жазған-сызғандарын көпшілікке насихаттау жолында үлкен еңбек атқарып келесіздер. Біз де әрдайым қолдауға дайынбыз. Бүгінгі кәсіби мерекемізге орай құрмет көрсеткен ықылас-ниеттеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деді облыстық «Aiqara» әдеби танымдық порталының бас редакторы Асыл Әбішев.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 19/06/2025

«Любящие Павлодар» өлкетану клубы «Алдар Көсе» театрының қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Ұлы Отан соғысының басталуының 84 жылдығына арналған «Нам дороги эти позабыть нельзя...» атты театрландырылған бағдарлама ұсынды.

Клуб краеведения «Любящие Павлодар» при участии театра «Алдар Косе» представили театрализованную программу «Нам дороги эти позабыть нельзя...», посвященную 80-летию Великой Победы и 84-й годовщине начала Великой Отечественной войны. Прозвучали песни военных лет и стихотворения о войне.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 18/06/2025

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында 1980 жылы түсірілген Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі туралы «Жеңiс солдаты» деректі фильмі көрсетілді. Балалар Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігімен танысты. Фильмнің режиссеры Аманбек Әлпиев.
«Жеңіс солдаты» – бұл ерлік пен батырлықтың шынайы шежіресі. Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі қазақ жауынгерлеріне рух беріп, ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып келеді. Оның есімі қазақстанның тарихында мәңгі қалары сөзсіз.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 16/06/2025

Павлодар облысы Әділет департаментінің мамандары - зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Әділ Ерланұлы Төкенов, бас маман Алмас Ардақұлы Шәріпов Ертіс өңірінің жазушылары мен ақындары үшін «Авторлық құқық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған іс-шара авторлардың құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстел аясында зияткерлік меншік саласында қолданылатын заңнама мәселелері, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету және т. б. мәселелер қамтылды.
***
Специалисты Департамента юстиции Павлодарской области -руководитель отдела по правам интеллектуальной собственности Тукенов Адиль Ерланович, главный специалист Шарипов Алмас Ардакович организовали для писателей, поэтов Прииртышья круглый стол «Авторское право». Данное мероприятие организовано с целью обсуждения актуальных вопросов касающихся охраны прав авторов. В рамках круглого стола были освещены вопросы действующего законодательства в сфере интеллектуальной собственности, обеспечение защиты прав на объекты интеллектуальной собственности и др.

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 13/06/2025

Облыстық кітапханада «Кедр» журналы беттеріндегі павлодарлықтар» атты кездесу өтті

✴️Кітапханамызда халықаралық әдеби-көркем, тарихи-өлкетану журналы — «Кедр» беттерінде есімдері мен шығармашылығы жарияланған павлодарлықтарға арналған мазмұнды да жылы жүздесу өтті.
Қонақтар журналдың өңір мәдениетіндегі орны, редакция мен редактордың жергілікті авторларды қолдаудағы рөлі туралы ой бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар журналдың мазмұны қалай жасалатынын және оның авторы болу жолдарын білді.
Журналда өлеңдері жарық көрген ақындар өз шығармаларын оқып, олардың шығу тарихымен және әсерлі сезімдерімен бөлісті. Кештің көркем көрінісі ретінде «Кедр» журналында бірнеше рет жарияланған Александр Колодиннің суреттері қойылған көрме ұсынылды.
Кездесудің жағымды сәттерінің бірі – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Илья Приходченконың кітапханаға «Кедр» журналының жинағын тарту етуі болды. Илья Олегович кітапхана қорын үнемі толықтырып отырады — ол жиі кітаптар мен журналдар сыйлап тұрады. Бұл үшін біз оған шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Кездесуге қатысқан барша жандарға туған өлке әдебиетіне деген қызығушылығы мен павлодар мәдениетін дәріптеген жылы жүздесу үшін алғысымызды айтамыз!

В областной библиотеке прошла встреча "Павлодарцы на страницах журнала «Кедр»

✴️В нашей библиотеке состоялась тёплая и содержательная краеведческая встреча, посвящённая павлодарцам, чьи имена и творчество представлены на страницах международного литературно-художественного историко-краеведческого журнала «Кедр».
Гости говорили о значении журнала в культурной жизни региона, о роли редакции и редактора в поддержке местных авторов. Участники встречи узнали, как формируется контент издания и как можно стать его автором.
Поэты, чьи стихи были опубликованы в журнале, прочитали свои произведения, поделившись эмоциями и историями их создания. Визуальным украшением встречи стала выставка живописных работ Александра Колодина — его картины не раз появлялись на страницах «Кедра».
Приятным событием стало вручение библиотеке комплекта журналов Кедр от члена Союза писателей Республики Казахстан Ильи Приходченко. Илья Олегович уже не в первый раз пополняет фонд нашей библиотеки — он регулярно дарит книги и журналы, за что мы выражаем ему искреннюю благодарность.
Благодарим всех участников встречи за интерес к литературе родного края и за тёплую атмосферу, которая объединила авторов, читателей и ценителей павлодарской культуры!

Photos from С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы's post 12/06/2025

«Жазғы оқу кеші» жанды музыкамен, хош иісті шаймен сүйемелденіп, кітапхананың жайлы атмосферасында қызмет көрсету саласы колледж студенттерінің кездесуіне жағымды қосымша болды. Қатысушылар импровизацияланған «шөпте» жатып, өздерінің сүйікті шығармаларын талқылады, заманауи әдебиет шолуындағы жаңа оқиғалардан шабыт алды, әдеби викторинаға қатысты.
Олар: зорлық-зомбылықты қалай жеңуге және ішкі қолдауды қалпына келтіруге, сәтті қарым-қатынастың құпиясы неде және дұрыс шекараларды қалай құруға, өзін дөрекілік пен эмоционалды қысымнан қалай қорғауға болады, сұлулық пен өзін-өзі бағалау сезімі қалай қалыптасады және өмірде оң өзгерістерді бастауға не көмектесетіні жайлы әңгімелесті. Өзін-өзі көрсету тақырыптарына ерекше назар аударылды: жеке басты ашу және сенімділікті сезіну тәсілдері ретінде макияж өнері, шаш жасау және киімді таңдау. Бұл жай ғана кітаптармен кездесу емес – бұл өзін-өзі тануға, өзін қабылдауға және бір-бірін қолдауға, идеялармен, шабытпен және сұлулықпен бөлісуге бағытталған қадам болды. Жылы атмосфера, шабыттандыратын әңгімелер мен жарқын эмоциялар бұл күнді шынымен ұмытылмас етті.
***
«Вечер летнего чтения» сопровождался живой музыкой, ароматным чаем и стал приятным дополнением для встречи студентов колледжа сферы обслуживания в уютной атмосфере библиотеки. Лежа на импровизированной «траве» участники обсудили свои любимые произведения, вдохновились новыми историями из обзора современной литературы, поучаствовали в литературной викторине
Поговорили о том: как преодолеть насилие и восстановить внутреннюю опору, в чём секрет успешного общения и как выстраивать здоровые границы, как защитить себя от хамства и эмоционального давления, как формируется чувство красоты и самооценки, и что помогает запустить позитивные изменения в жизни. Особенное внимание уделили темам самовыражения: об искусстве макияжа, создании причесок и выборе одежды как способах раскрыть свою индивидуальность и почувствовать уверенность. Это была не просто встреча с книгами — это был шаг к осознанию, принятию себя и поддержке друг друга, обмен идеями, вдохновением и красотой. Теплая атмосфера, вдохновляющие беседы и яркие эмоции сделали этот день по-настоящему незабываемым.

12/06/2025

13 июня в 15-00 в Малом зале областной библиотеки выступит Анастасия Селихова (SELANA) – певица, поэт, автор песен, обладатель гран-при международного фестиваля авторской песни «Южный ветер» (г.Шымкент), гран-при регионального фестиваля «Ақ сұңқар» (г.Павлодар), призер фестиваля «Chili open» (г.Астана), участник сборника павлодарских поэтов «В калейдоскопе дней».
Приглашаем ценителей хорошей музыки. Вход свободный

Want your business to be the top-listed Government Service in Pavlodar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица Академика Сатпаева, 104
Pavlodar
140000

Opening Hours

Monday 10:00 - 19:00
Tuesday 10:00 - 19:00
Wednesday 10:00 - 19:00
Thursday 10:00 - 19:00
Saturday 10:00 - 18:00
Sunday 10:00 - 18:00