Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области

Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области

Share

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ
САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ Правительственная организация

05/06/2026

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау мәселесіне арналған брифинг

Бүгін ШЖҚКМК «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» базасында адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау мәселесіне арналған брифинг өтті.

Брифинг спикерлері ретінде онкодиспансер директорының орынбасарлары Әсел Тоқмағамбетқызы Асқарова, Тельман Бақытұлы Әлғожин және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова сөз сөйледі.

АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізудің негізгі мақсаттарының бірі – елімізде жатыр мойны обырының, сондай-ақ АПВ-мен байланысты қатерлі ісіктердің басқа түрлерінің таралуын азайту. 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне АПВ-ға қарсы вакцинация енгізілді.

Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының шамамен 1900 жаңа жағдайы тіркеліп, 600-ден астам әйел осы аурудан көз жұмады. Сондықтан АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу – еліміздің болашақ ұрпағының денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, жоспарлы түрде 11 жастағы қыздарға және 12–13 жастағы қыздарға толықтырушы иммундау жүргізіледі. Вакцина екі дозамен салынады. 11–13 жас аралығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және онколог мамандардың ұсынымдары негізінде таңдалған, себебі дәл осы жаста ағзада ең тұрақты иммунитет қалыптасып, вакцина барынша жоғары қорғаныс береді. Ағза вакцина құрамына кіретін АПВ типтеріне қарсы инфекциялардың алдын алатын антиденелер түзеді. Осы вирус типтеріне қарсы вакцинацияның тиімділігі 100 пайызға дейін жетеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен АПВ-ға қарсы вакцинацияланатын балалар мен жасөспірімдердің жас санаты кеңейтіліп, енді 14–17 жас аралығындағы қыздар да вакцина ала алады. Иммундау бұрынғыдай төрт валентті «Гардасил» вакцинасымен үш рет жүргізіледі. Бұл шешім екпе алуға арналған жас шегін ұлғайтуды сұрап бірнеше рет өтініш білдірген азаматтардың ұсыныстары негізінде қабылданды. Қазіргі таңда вакцина адам папилломасы вирусының және онымен байланысты онкологиялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілі болып саналады.

Брифинг барысында вакцина арқылы алдын алуға болатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай және иммундаудың өзекті мәселелері де талқыланды. Бүгінгі күні облыс бойынша АПВ-ға қарсы 6 319 бала вакцина алған.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық вакциналар халықаралық және ұлттық деңгейдегі көп сатылы сараптамадан өтеді, тіркеуден өткізіліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар вакциналардың сапасы өндірістен бастап қолдануға дейінгі барлық кезеңде қатаң бақылауда болады.

Вакцинация арнайы даярлықтан өткен және екпе жүргізуге рұқсаты бар медицина қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылады. Екпе алдында вакцина алушы міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді және ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін мектептің медициналық кабинетінде немесе емхананың егу кабинетінде вакцина салынады.

Вакцинация мәселелері бойынша толық ақпаратты egu.kz сайтынан және 7701 сенім телефоны арқылы алуға болады.

*********************

Брифинг по вопросу иммунизации против вируса папилломы человека (ВПЧ)

Сегодня на площадке КГП на ПХВ «Павлодарский областной онкологический диспансер» состоялся брифинг по вопросу иммунизации против вируса папилломы человека (ВПЧ).

Спикерами выступили заместители директора онкодиспансера Аскарова Асель Токмаганбетовна, Альгожин Тельман Бахытович, а также заместитель руководителя департамента санитарно-эпидемиологического контроля Дощанова Замзагуль.

Одной из основных целей внедрения вакцинации против ВПЧ является снижение заболеваемости раком шейки матки в стране, а также другими видами рака, связанными с ВПЧ.

С 2024 года в Национальный календарь прививок, утвержденный Постановлением Правительства республики включена вакцинация против ВПЧ. Ежегодно регистрируется около 1900 новых случаев заболевания раком шейки матки, более 600 женщин умирает от этой патологии в год. Поэтому, внедрение вакцинации против ВПЧ является важным шагом в охране здоровья будущего поколения нашей страны.

Согласно Постановления Главного государственного санитарного врача РК от 17 сентября 2024 года, в плановом порядке проводится вакцинация девочек в возрасте 11 лет и наверстывающая иммунизация девочек от 12 до 13 лет, двухкратно. Возраст 11–13 лет выбран на основе рекомендаций ВОЗ и онкологов, так как именно в этом возрасте формируется наиболее устойчивый иммунитет и вакцина обеспечивает максимальную защиту. Организм вырабатывает антитела, которые предотвращают инфекции, вызванные типами ВПЧ, входящими в состав вакцины. Эффективность вакцинации против этих типов вируса достигает 100%.

Постановлением Главного государственного санитарного врача РК от 13 мая 2026 года расширена группа детей и подростков на вакцинацию девочек в возрасте от 14 до 17 лет против ВПЧ. Иммунизация проводится той же 4-х валентной вакциной «Гардасил» трехкратно. Такое решение принято после обращения граждан, которые неоднократно просили увеличить возрастной порог для получения прививки. Сегодня вакцина считается самым эффективным способом профилактики вируса папилломы человека и связанных с ним онкозаболеваний.

Озвучена эпидемиологическая ситуация по вакциноуправляемым инфекциям и актуальным вопросам иммунизации. Насегодняшний день в области привито против ВПЧ 6 319 детей.

Стоит отметить, что все вакцины, применяемые в Республике Казахстан, проходят многоэтапную международную и национальную экспертизу, имеют регистрацию и допуск к применению в соответствиис требованиями Всемирной организации здравоохранения (ВОЗ) и национального законодательства и находятся под строгим контролем на каждом этапе - отпроизводства до применения.

Вакцинация проводится подготовленными медработниками, имеющих допуск на проведение прививок, после осмотра прививаемых лиц и получения согласия от родителей (законных представителей) напроведение вакцинации в медицинском кабинете школы или в прививочном кабинете поликлиники.

Более полную информацию по вопросу вакцинации можно получить на сайте egu.kz и по телефону горячей линии: 7701

Photos from Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области's post 05/06/2026

📌 Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі

Жазғы демалыс – серуендеудің, белсенді ойындардың және таза ауада демалудың тамаша кезеңі. ☀️🌳 Осы уақытта балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізіп, достарымен араласып, өз бетінше әрекет етуге дағдыланады.

🛡️ Ата-аналар назарына! Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөліңіз:
✔️ аулада, жол бойында және су айдындарының маңында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріңіз;
✔️ велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану жолдарын ескертіңіз;
✔️ күн сәулесінен қорғану шараларын сақтаңыз;
✔️ жеке бас гигиенасын ұмытпаңыз;
✔️ қауіпсіз әрі сапалы тамақтануды қадағалаңыз.

💧 Баланың жеткілікті мөлшерде су ішуіне және уақытылы тамақтануына назар аударыңыз.

⚠️ Балалар арасындағы көптеген жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға болады. Ол үшін бала қауіп-қатерді түсініп, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ете білуі және көмек сұрайтын адамдарды білуі қажет.

👨‍👩‍👧‍👦 Ересектердің бақылауы мен қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруы – баланың денсаулығы мен амандығын сақтаудың маңызды кепілі.

*************************

📌 Безопасность детей во время летних каникул

Летние каникулы — прекрасное время для прогулок, активных игр и отдыха на свежем воздухе. ☀️🌳 В этот период дети больше времени проводят вне дома, общаются со сверстниками и становятся более самостоятельными.

🛡️ Уважаемые родители! Уделяйте особое внимание безопасности и здоровью ваших детей:
✔️ напоминайте о правилах безопасного поведения во дворе, возле дорог и водоёмов;
✔️ объясняйте правила безопасного катания на велосипеде и самокате;
✔️ обеспечьте защиту от солнечных лучей;
✔️ следите за соблюдением личной гигиены;
✔️ контролируйте качество и безопасность питания.

💧 Особое внимание следует уделять питьевому режиму и регулярному питанию ребёнка.

⚠️ Большинство детских травм и несчастных случаев можно предотвратить. Для этого важно, чтобы ребёнок понимал возможные риски, умел правильно действовать в различных ситуациях и знал, к кому обратиться за помощью.

👨‍👩‍👧‍👦 Внимание взрослых, забота и регулярные напоминания о мерах безопасности играют важную роль в сохранении здоровья и благополучия детей.

05/06/2026

🏊‍♂️🏆 Спорт – денсаулық кепілі!

Павлодар облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден жарыс өтті.

Сайысқа қатысушылар жас санаттарына бөлінбей, жалпы есепте бақ сынасты. Осылайша, өздерінің спорттық шеберліктері мен дайындық деңгейлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафяников ерлер арасында жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жұлдыз Әділова әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ орынға қол жеткізді.

👏Әріптестерімізді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер олардың кәсіби қызметтегі жауапкершілігімен қатар, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысын да айқын көрсетеді.

**********************

🏊‍♂️🏆 Спорт – залог здоровья!

В Павлодарской области состоялись соревнования по плаванию среди государственных служащих, организованные Департаментом Агентства по делам государственной службы.

Участники состязались в общем зачёте без разделения на возрастные категории, продемонстрировав высокий уровень спортивной подготовки и мастерства.

По итогам соревнований руководитель Павлодарского городского управления санитарно-эпидемиологического контроля Александр Сафяников занял почётное III место среди мужчин.

Также главный специалист Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области Жулдыз Адилова показала отличный результат и завоевала III место среди женщин.

👏 Поздравляем наших коллег с высокими достижениями! Эти результаты являются ярким свидетельством не только их профессиональной ответственности, но и приверженности принципам здорового образа жизни.

05/06/2026

БЕКПАЕВА БАҚЫТ ТЕЛЕУБАЙҚЫЗЫ

Медицина қызметкері күні қарсаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын сақтауға және Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға кәсіби өмірін арнаған тәжірибелі маман – Бекпаева Бақыт Телеубайқызына алғыс пен құрмет сөздерін арнаймыз.

1990 жылы Бақыт Телеубайқызы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдады. Алған білімі мен таңдаған мамандығына деген адалдығы оның санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі көпжылдық еңбек жолының берік негізіне айналды.

Бақыт Телеубайқызы отыз жылдан астам уақыт бойы Екібастұз қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі жүйесінде еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол эпидемиологиялық қадағалау жүйесін нығайтуға және жұқпалы аурулардың алдын алуға елеулі үлес қосты.

Қазіргі уақытта Екібастұз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

Еңбек жолында Бақыт Телеубайқызы өзін эпидемиология саласында терең білімі бар, мол тәжірибелі әрі жауапкершілігі жоғары білікті маман ретінде танытты. Оның кәсіби қызметі – мамандыққа адалдықтың және қоғам игілігі жолындағы қызметтің жарқын үлгісі.

Адал еңбегі мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бақыт Телеубайқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен және Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Aqniet» ұйымының Құрмет грамотасымен наградталған.

***************************

БЕКПАЕВА БАКЫТ ТЕЛЕУБАЕВНА

В преддверии Дня медицинского работника слова признательности и уважения адресуем Бекпаевой Бакыт Телеубаевне — опытному специалисту, посвятившему свою профессиональную деятельность сохранению санитарно-эпидемиологического благополучия населения и развитию системы общественного здравоохранения Республики Казахстан.

В 1990 году Бакыт Телеубаевна окончила Карагандинский государственный медицинский институт по специальности «Гигиена, санитария и эпидемиология». Полученные знания и преданность избранному делу стали прочной основой её многолетней профессиональной деятельности в санитарно-эпидемиологической службе.

Более трёх десятилетий Бакыт Телеубаевна трудится в системе санитарно-эпидемиологической службы города Экибастуза, внося значительный вклад в укрепление системы эпидемиологического надзора и профилактику инфекционных заболеваний.

В настоящее время является руководителем отдела эпидемиологического контроля Экибастузского городского управления.

За годы работы Бакыт Телеубаевна зарекомендовала себя как высококвалифицированный специалист, обладающий глубокими знаниями в области эпидемиологии, большим практическим опытом и ответственным отношением к делу. Её профессиональная деятельность является примером преданности профессии и служения интересам общества.

За добросовестный труд и значительный вклад в развитие системы здравоохранения Республики Казахстан Бакыт Телеубаевна удостоена нагрудного знака Министерства здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», награждена Почётной грамотой Председателя комитета санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан, а также Почётной грамотой Казахстанского отраслевого профсоюза работников здравоохранения «Aqniet».

05/06/2026

Лудоманияның алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы

Ойынға тәуелділіктің (лудоманияның) алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері кәсіби әрі жауапты мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызмет барысында да, қызметтен тыс уақытта да көрсететін мінез-құлқы мемлекеттік қызметтің беделіне және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететінін түсінуі қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерді жоғары адамгершілік, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерден аулақ болуға міндеттейді. Құмар ойындарға қатысу, букмекерлік бәс тігуге әуестену және өзге де құмар ойын түрлерімен айналысу қаржылық қиындықтарға, қызметтік міндеттерді сапалы орындау деңгейінің төмендеуіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкелуі мүмкін.

Лудомания – тек жеке адамның өзіне ғана емес, оның отбасына, еңбек ұжымына және тұтастай қоғамға кері әсер ететін маңызды әлеуметтік мәселе. Ойынға тәуелділік психологиялық, материалдық және әлеуметтік қиындықтардың туындауына себеп болып, адамның өзін-өзі бақылауын жоғалтуына және ойланбай шешім қабылдауына алып келуі ықтимал.
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің мінез-құлқына жауапкершілікпен қарап, жеке қаржысын ұтымды басқаруы, заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы, сондай-ақ салауатты әрі әлеуметтік жауапты өмір салтын ұстануы қажет.
Адалдық мәдениетін, жеке жауапкершілікті және құмар ойындарға төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді. Әрбір мемлекеттік қызметші мінсіз беделді сақтау, әдеп қағидаттарын ұстану және заңнама талаптарын орындау мемлекет пен қоғамға тиімді қызмет етудің маңызды шарттары екенін әрдайым есте ұстауы тиіс.

****************

Профилактика лудомании и соблюдение норм служебной этики государственными служащими

Вопросы предупреждения игровой зависимости (лудомании) и соблюдения норм служебной этики являются важной составляющей формирования профессионального и ответственного государственного аппарата. Государственные служащие должны осознавать, что их поведение как на службе, так и вне ее влияет на авторитет государственной службы и уровень доверия граждан к государственным органам.

Этический кодекс государственных служащих Республики Казахстан обязывает государственных служащих придерживаться высоких стандартов нравственности, добропорядочности и ответственности, избегать действий, способных нанести ущерб репутации государственной службы.

Участие в азартных играх, увлечение букмекерскими ставками и иными формами азартных развлечений может привести к финансовым трудностям, снижению качества исполнения служебных обязанностей и возникновению коррупционных рисков.

Лудомания является серьезной социальной проблемой, которая негативно влияет не только на самого человека, но и на его семью, трудовой коллектив и общество в целом. Игровая зависимость может стать причиной психологических, материальных и социальных проблем, а также привести к принятию необдуманных решений и утрате самоконтроля.

Государственным служащим необходимо ответственно относиться к своему поведению, рационально распоряжаться личными финансами, соблюдать требования законодательства и нормы служебной этики, а также вести здоровый и социально ответственный образ жизни.

Формирование культуры добропорядочности, личной ответственности и неприятия азартных игр способствует укреплению доверия граждан к государственным институтам и повышению престижа государственной службы. Каждый государственный служащий должен помнить, что безупречная репутация и соблюдение этических принципов являются важнейшими условиями эффективного служения государству и обществу.

05/06/2026

САФЯНИКОВ АЛЕКСАНДР БОРИСОВИЧ

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі жүйесінде тәжірибелі маман әрі басшы Сафяников Александр Борисович 27 жылдан астам уақыт бойы табысты еңбек етіп келеді.

1998 жылы ол Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдады. Кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіруге және басқарушылық құзыреттерін дамытуға ұмтыла отырып, 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Еңбек жолын 1998 жылы Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында бастады. Қызмет барысында санитариялық дәрігерден бастап мемлекеттік мекеме басшысына дейінгі кәсіби өсудің барлық негізгі сатыларынан өтті.

Көптеген жылдар бойы басқармаға жетекшілік етіп, өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын нығайтуға, халық денсаулығын сақтауға және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қызметті дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін бірнеше мәрте мемлекеттік марапаттарға ие болды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.

Терең кәсіби білімі, мол басқарушылық тәжірибесі және мамандығына деген айнымас адалдығының арқасында әріптестері арасында зор құрметке ие болып, кәсіби ортада үлкен беделге ие.

**************************

САФЯНИКОВ АЛЕКСАНДР БОРИСОВИЧ

В системе санитарно-эпидемиологической службы Павлодарской области более 27 лет успешно трудится опытный специалист и руководитель — Сафяников Александр Борисович.

В 1998 году он окончил Карагандинскую государственную медицинскую академию по специальности «Гигиена и эпидемиология». Стремясь к дальнейшему профессиональному совершенствованию и развитию управленческих компетенций, в 2013 году получил второе высшее образование в Инновационном Евразийском университете по специальности «Государственное и местное управление».

Свою трудовую деятельность начал в 1998 году в Павлодарской городской санитарно-эпидемиологической станции. За годы работы прошёл все основные этапы профессионального становления — от санитарного врача до руководителя государственного учреждения.
На протяжении многих лет осуществляет руководство управлением, внося значительный вклад в укрепление санитарно-эпидемиологического благополучия региона, сохранения здоровья граждан и укрепления системы общественного здравоохранения.

За многолетний добросовестный труд, высокий профессионализм и значительный вклад в развитие службы неоднократно поощрялся государственными наградами. Награждён юбилейной медалью «20 лет независимости Республики Казахстан», а также Почётными грамотами и Благодарственными письмами акима Павлодарской области.

Благодаря глубоким профессиональным знаниям, богатому управленческому опыту и неизменной преданности профессии он пользуется уважением среди коллег и авторитетом в профессиональном сообществе.

Photos from Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области's post 04/06/2026

Республикалық бюджет лимиттерін жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2027–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет лимиттерін жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында 070 «Қоғамдық денсаулықты сақтау» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың негізгі бағыттары, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және санитариялық-эпидемиологиялық саланың басым міндеттерін іске асыру мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттердің өкілдері қатысып, қоғамдық денсаулықты сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бағытындағы алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және қоғамдық денсаулықты нығайту жөніндегі міндеттерді тиімді іске асыруға бағытталған ұсыныстар берілді.

**********************

Совещание по вопросам формирования лимитов республиканского бюджета

Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан провел совещание по вопросам формирования лимитов республиканского бюджета на 2027–2028 годы в рамках бюджетной программы 070 «Охрана общественного здоровья».

В ходе совещания были рассмотрены основные направления финансирования, вопросы эффективного планирования бюджетных средств, а также приоритетные задачи санитарно-эпидемиологической службы на предстоящий период.

В мероприятии приняли участие представители структурных подразделений Комитета и территориальных департаментов, которые обсудили планы по обеспечению санитарно-эпидемиологического благополучия населения, профилактике инфекционных заболеваний и укреплению системы общественного здравоохранения.

По итогам совещания были выработаны предложения, направленные на эффективную реализацию мероприятий по охране общественного здоровья и обеспечению санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

Photos from Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области's post 04/06/2026

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова “Ирбис”телеарнасына кенеден сақтанудың жолдары жайында сұхбат берді.

Кенеден қорғану үшін не істеу керек? Бұл жайында бүгін “Ирбис”телеарнасында 19:00-де және 20:00-де көре аласыздар.

04/06/2026

Прямой эфир на тему: Польза вакцинации

Спикер: Батырбек Алиев, руководитель Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области.

Photos from Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области's post 04/06/2026

2026 жылғы 4 маусымда Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу тәртібі тақырыбындағы кеңеске қатысты.
Кеңес барысында таралуы шектеулі құжаттармен жұмыс істеу талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

*************************

4 июня 2026 года Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области принял участие в совещании на тему: О порядке работы с документами с грифом «Для служебного пользования».
В ходе совещания были рассмотрены вопросы соблюдения требований по работе с документами ограниченного распространения.

Want your business to be the top-listed Government Service in Pavlodar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Pavlodar
140000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30