21/02/2022
Бүгін Ленин кенті әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Маржан Алшымбаева өзінің баяндамасында жергілікті тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі, бұл - көктемгі-жазғы кезеңдегі орталық су құбыры бойынша суды үздіксіз беруді қамтамасыз ету екенін атап өтті. Оны шешу үшін «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігерлік ұйымымен сорғы станциясына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылды.
Кент ішіндегі жолдардың 50% үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Бұл көрсеткішке ұзындығы 25 км құрайтын 30 көшенің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен қол жеткізілді.
Шағын және орта бизнеске келетін болсақ, есеп беру кезеңінде кентте тағы бес сауда орны ашылды: «Инмарт» супермаркеті, «Мега планета» киім және аяқ киім дүкені, «Хлеб Сдоба» дүңгіршегі, «Гурман» павильоны, «Айсұлтан» азық-түлік дүкені. Халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында делдалсыз өндірушілердің бағалары бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Өткен жылы оқу орындары да биліктің назарынан тыс қалған жоқ. №33 жалпы орта білім беру мектебінің футбол алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді, жеке сыныптарға, асхана мен кітапханаға жиһаз сатып алынды. №32 мектебіне блокты-модульді қазандық сатып алынды, ал, №31 мектепке қатты отынмен жұмыс істейтін қосымша қазандық орнатылды.
Маржан Алшымбаева биылғы жылға жоспарларымен бөлісті. 6 көшеге сыртқы жарықтандыру орнату жоспарлануда, кентішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жалғастырылады, Космонавттар көшесі, 22 мекен жайы бойынша балалар ойын алаңы орнатылатын болады. Сонымен қатар, зиратқа қоршау орнатылып, кіреберіс жол салынады.
Есеп беру кездесуі барысында ауыл тұрғындарынан жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау, көмір бағасы, қар тазалау және еріген қар суларын уақытылы шығару, қоғамдық көлік жұмысы және т.б. бойынша сауалдар келіп түсті. Кездесуді қорытындылай келе, Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов жекелеген түйткілді мәселелердің туындап отырғанын және сынға толық негіз бар екенін, бірақ, жалпы Ленин кентінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму серпіні жергілікті атқарушы органдар мен халықтың бірлескен жұмысының арқасында тұрақтылықты көрсетіп отырғанын атап өтті.
___________
Сегодня состоялась отчетная встреча перед населением акима поселка Ленинский. Как рассказала Маржан Алшимбаева, один из проблемных вопросов, волнующих местных жителей, обеспечение бесперебойной подачи воды по центральному водопроводу в весенне-летний период. Для его решения подрядной организацией ТОО «Ай-Су Мелиорация» проведена модернизация насосной станции.
Доля поселковых дорог, находящихся в хорошем и удовлетворительном состоянии, составляет 50 %. Данный показатель достигнут за счет проведения дорожно-ремонтных работ на 30-ти улицах протяженностью 25 км.
Что касается МСБ, то за отчетный период в поселке открыты еще пять торговых точек: супермаркет «Инмарт», магазин одежды и обуви «Мега планета», киоск «Хлеб Сдоба», павильон «Гурман», продуктовый магазин «Айсултан». Для обеспечения населения сельскохозяйственной продукцией по ценам от производителей проводятся сельскохозяйственные ярмарки.
Не остались без внимания властей в минувшем году и учебные заведения. В СОШ №33 проведен ремонт футбольного поля, приобретена мебель в отдельные классы, столовую и библиотеку. В СОШ №32 приобретена блочно-модульная котельная, а в СОШ №31 дополнительно установлен котел на твердом топливе.
Маржан Алшимбаева поделилась планами и на текущий год. Планируется установка наружного освещения на 6 улицах, продолжат асфальтирование внутрипоселковых дорог, появится детская игровая площадка по улице Космонавтов 22. Кроме этого, построят ограждения и подъездную дорогу к новому кладбищу.
В ходе отчетной встречи от сельчан поступили вопросы по ремонту дорог, водоснабжению, ценам на уголь, уборке снега и своевременной откачке талых вод, работе общественного транспорта и др. Все вопросы приняты в работу и по ним будут приняты соответствующие решения. Подводя итоги встречи, аким Павлодара Асаин Байханов отметил, что по отдельным вопросам имеются проблемы и критика по ним вполне обоснована, но в целом, динамика социально-экономического развития поселка Ленинский за 2021 год показывает стабильность, благодаря совместной работе МИО и населения.