КГУ "Управление экономики акимата СКО"

КГУ "Управление экономики акимата СКО"

Share

Управление экономики осуществляет руководство в сфер?

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 27/03/2026

2026 жылғы 27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасының қызметкерлері қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкіл Екатерина Әубәкірова мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызметшінің моральдік-әдептік бейнесінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер қаралды.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар берілді.

27 марта 2026 года сотрудники Управления экономики акимата Северо-Казахстанской области приняли участие в семинаре по вопросам служебной этики и профилактики коррупции.
Уполномоченный по этике Екатерина Аубакирова подчеркнула значимость морально-этического облика госслужащего для эффективности работы государственных органов. Также были рассмотрены изменения в антикоррупционном законодательстве.
По итогам семинара участникам даны рекомендации по соблюдению норм этики и предупреждению коррупционных правонарушений.

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 18/03/2026

18 наурыз - Ұлттық киім күні🇰🇿 Ұлы Наурыз мерекесі қарсаңында экономика басқармасының ұжымы үлттық дәстүрлерді сақтап, құндылықтарды дәріптейді.

18 марта — День национальной одежды 🇰🇿
В преддверии светлого праздника Наурыз коллектив Управления экономики сохраняет традиции и ценности народа.

13/10/2025

2025 жылғы 11 қазанда экономика басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.
Бар күш-жігерімізді салып, туған қаламыздың тазалығы мен абаттандырылуына өз үлесімізді қостық.

11 октября 2025 года сотрудники управления экономики приняли активное участие в общегородском субботнике в рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан».
Совместными усилиями мы внесли свой вклад в чистоту и благоустройство родного города.

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 14/09/2025

2025 жылғы 11 қыркүйекте Петропавл қаласында БҰҰ Даму бағдарламасының Стамбул өңірлік хабы өкілдерінің қатысуымен
«Орталық Азияда қалалардың апат қаупіне және климаттың өзгеруіне төзімділігін арттыру»
тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында апаттар мен климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға бағытталған жобаның негізгі мақсаттары, міндеттері, тәсілдері мен күтілетін нәтижелері ұсынылып, талқыланды.
Алынған тәсілдер Солтүстік Қазақстан облысының даму бағдарламасын әзірлеу барысында ескеріліп, заманауи тәуекелдерді басқару құралдарын енгізуге және өңірдің климаттың өзгеру сын-қатерлеріне төзімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

11 сентября 2025 года состоялся семинар с участием представителей Программы развития Организации Объединенных Наций из Стамбульского регионального хаба на тему:
«Повышение устойчивости городов к риску бедствий и изменению климата в Центральной Азии».
В ходе семинара были представлены и обсуждены основные цели, задачи, подходы и ожидаемые результаты проекта, направленного на повышение устойчивости к бедствиям и изменению климата.
Полученные подходы будут учтены при разработке Программы развития Северо-Казахстанской области, что позволит интегрировать современные инструменты управления рисками и повысить общий уровень устойчивости региона к вызовам изменения климата.

07/09/2025

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Экономика басқармасының басшысы лауазымына Наталья Геннадьевна Дышкант тағайындалды.

Сізге зор табыс, мықты денсаулық және амандық тілейміз! Экономика басқармасының басшысы ретіндегі Сіздің қызметіңіз облыс экономикасының одан әрі дамуы мен өркендеуіне маңызды үлес қосады деп сенеміз.

Распоряжением акима Северо-Казахстанской области на должность руководителя Управления экономики акимата СКО назначена Наталья Геннадьевна Дышкант.

Желаем Вам больших успехов , крепкого здоровья и благополучия! Пусть Ваша деятельность на посту руководителя Управления экономики станет важным вкладом в дальнейшее развитие и процветание экономики нашей области.

07/09/2025

Құрметті Қуанышбек Серікұлы!

Экономика басқармасының ұжымы Сізді жаңа қызметке ауысуыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Біз Сізге бірлескен еңбегіңіз, кәсібилігіңіз, парасатты кеңестеріңіз бен көрсеткен қолдауыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің іске деген жауапкершілігіңіз, мақсаткерлігіңіз және адамгершілігіңіз ұжымда жылы ықыласқа бөледі.
Сізге жаңа табыстар, барлық идеялар мен жоспарларыңыздың сәтті жүзеге асуын, мықты денсаулық, сарқылмас жігер және амандық тілейміз! Жаңа қызметіңіз Сізге тек қуаныш, шабыт және лайықты құрмет әкелсін!

Ізгі ниетпен,
Экономика басқармасының ұжымы.

Уважаемый Куанышбек Серикович!

Коллектив Управления экономики сердечно поздравляет Вас с переходом на новое место работы!
Мы искренне благодарим Вас за совместный труд, профессионализм, мудрые советы и поддержку, которые Вы оказывали на протяжении всего времени. Ваше ответственное отношение к делу, целеустремлённость и доброжелательность оставили в коллективе добрую память.
Желаем Вам новых свершений, успешной реализации всех идей и планов, крепкого здоровья, неиссякаемой энергии и благополучия! Пусть новое место работы принесёт Вам только радость, вдохновение и достойное признание!

С уважением и теплыми пожеланиями,
Коллектив Управления экономики.

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 06/09/2025

2025 жылғы 6 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасы» КММ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Іс-шара аясында жасыл аймақтар мен жиек сызықтарын тазалау, сондай-ақ қоқыс жинау жұмыстары ұйымдастырылды.

6 сентября 2025 года сотрудники КГУ«Управление экономики акимата СКО» приняли участие в общегородском субботнике.
В рамках мероприятия проведены работы по очистке зеленой и прибордюрной зоны, а также сбору мусора.

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 21/07/2025

2025 жылғы 17 шілдеде Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өкілдерінің қатысуымен тұрақты Өңірлік даму мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру, сондай - ақ Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірлеу тақырыбында кеңес өтті.
Кеңес барысында келесі мәселелер талқыланды:
аумақтарды тұрақты дамытудың негізгі тәсілдері;
орнықты даму контекстінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын табиғи-шаруашылық жайластыру үшін шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін құру;
апаттар мен климаттың өзгеру қаупін азайту (АКӨҚА) мәселелерін қала құрылысы мен даму процестеріне интеграциялау тұжырымдамасы;
Петропавл қаласының тұрақты дамуы: мастер-жоспар тұжырымдамасын әзірлеу. 17 июля 2025 года прошло совещание с участием представителей Программы развития Организации Объединенных Наций в Казахстане, Казахского национального аграрного исследовательского университета на тему - координация работы по вопросам устойчивого регионального развития, а также разработке Программы развития Северо-Казахстанской области на 2026-2030 годы.
В ходе совещания были обсуждены следующие вопросы:
основные подходы к устойчивому развитию территорий;
построение системы поддержки принятия решений для природно-хозяйственного обустройства территории Северо-Казахстанской области в контексте устойчивого развития;
концепция интеграции вопросов снижения риска бедствий и изменения климата (СРБИК) в процессы городского планирования и развития;
устойчивое развитие г. Петропавловск: разработка концепции мастер-плана.

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 09/06/2025

5 июня 2025 года в Петропавловске состоялся круглый стол, посвящённый вопросам устойчивого развития Северо-Казахстанской области, формированию точек экономического роста и выравниванию региональных дисбалансов. В мероприятии приняли участие представители акимата, бизнес-сообщества, неправительственных организаций, а также эксперты в области экономики.
Основной темой дискуссии стало формирование практических предложений для разработки Плана развития области и районов на 2026–2030 годы — ключевого стратегического документа, определяющего приоритетные направления, меры государственной поддержки и механизмы обеспечения устойчивого роста.
В ходе обсуждения были затронуты следующие вопросы:
поддержка инвестиционной активности и диверсификация экономики;
внедрение системы региональных стандартов качества жизни;
приоритеты аграрного сектора и меры поддержки сельского хозяйства;
индустриально-инновационное развитие и промышленный потенциал региона;
демографическая ситуация и меры по закреплению населения, особенно молодёжи, в сельских районах.

2025 жылдың 5 маусымында Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты дамуы, экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру және өңірлік теңгерімсіздіктерді теңестіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға әкімдіктің, бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ экономика саласындағы сарапшылар қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы - басым бағыттарды, мемлекеттік қолдау шараларын және тұрақты өсуді қамтамасыз ету тетіктерін айқындайтын негізгі стратегиялық құжат - облысты және аудандарды дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын әзірлеу үшін практикалық ұсыныстарды қалыптастыру болды.
Талқылау барысында мынадай мәселелер қозғалды:
инвестициялық белсенділікті қолдау және экономиканы әртараптандыру;
өмір сүру сапасының өңірлік стандарттары жүйесін енгізу;
аграрлық сектордың басымдықтары және ауыл шаруашылығын қолдау шаралары;
өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы және өнеркәсіптік әлеуеті;
демографиялық жағдай және халықты, әсіресе жастарды ауылдық аудандарда бекіту жөніндегі шаралар.

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 02/10/2024

26 қыркүйекте СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен кеңес өтті.
Отырысқа атқарушы және құқық қорғау мемлекеттік органдарының басшылары, депутаттар қатысты.
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау және Президент Жолдауы барысында айтылған міндеттерді іске асыру мәселесі қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Ауылдық аумақтарды дамыту және халықтың табысын арттыру тақырыбына ерекше назар аударылды. Өңір басшысы ауылдарды біркелкі дамыту қажеттігін атап өтті. Елді мекендер өмір сүру үшін тартымды болуы керек, оларда экономика өзінің кіріс базасымен қамтамасыз етіледі және өмір сүру деңгейі қала жағдайына жақындайды.
Облыс әкімі аудандардың, ауылдық округтердің әкімдеріне және басқарма басшыларына жыл қорытындысы бойынша Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Photos from КГУ "Управление экономики акимата СКО"'s post 28/12/2023
Want your business to be the top-listed Government Service in Petropavl?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Конституций Казахстана 58
Petropavl

Opening Hours

Monday 09:00 - 06:30
Tuesday 09:00 - 06:30
Wednesday 09:30 - 06:30
Thursday 09:00 - 06:30
Friday 09:00 - 06:30