Управление региональных представителей в г. Петропавловске РГУ АФР

Управление региональных представителей в г. Петропавловске РГУ АФР

Share

Контроль и надзор финансовых учреждений Северо-Казахстанской области

19/04/2023

Дербес деректеріңізге абай болыңыз: өзіңізді интернет-алаяқтардан қалай қорғауға болады
Алаяқтарға керегі азаматтардың дербес деректері, оны қолға түсіру үшін олар заманауи технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін әккі қолданумен түрлі айла-амалдар ойлап табады.
ҚР ІІМ деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда 20,5 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелген, бұл осыдан бұрынғы бір жылмен салыстырғанда 4%-ға аз.
Fingramota.kz тағы да ескертеді: өзіңіз және төлем карточкаларыңыз туралы конфиденциалды ақпаратты ешкімге бермеңіз және ашық қолжетімді жерлерде жарияламаңыз.

Фишинг-шабуылдардың кеңінен тараған түрлері: электрондық пошта арқылы вирустық хаттар жіберу, SMS-хабарлар немесе аттас жалған сайтқа әкелетін push-хабарламалар.
Көп жағдайда, алаяқтар электрондық хаттарда немесе телефонмен сөйлесу кезінде өздерін белгілі ұйымдардың өкілдеріміз деп таныстырады және тартымды, қызықтыратын ұсыныстар жасайды, мәселен: түрлі ұтыстар мен лотереяларға қатысу немесе олардың борыштары коллекторларға берілді, және берешек сомасын білу үшін көрсетілген сілтемеге өту қажет деп қорқытады. Егер сіз фишингтік сілтеме бойынша өтіп, өз деректеріңізді енгізсеңіз, автоматты түрде алаяқтардың қармағына түсесіз.
Алаяқтардың тағы да бір қулығы – танымал мессенджерлерде, оның ішінде банктердің атынан жалған боттар құру. Бұл боттар арқылы түрлі қаржы қызметтерін алуға немесе «жеңілдікті кредитке» өтініш беруге, әлеуметтік төлемдер алуға, кредиттік тарихтан теріс ақпаратты жоюға және өзге де қызметтер алуға болады-мыс. Жалған боттар пайдаланушыларға дербес деректерін және банктік картаның деректерін енгізуді сұрайды. Алаяқтар мұндай ақпарат мәлім болған сәттен бастап аңғал азаматтардың карточкаларынан барлық ақшаны шешіп алуға және оған қоса алаяқтық тәсілмен оларға кредит ресімдеулері мүмкін.

Бөгде адамдарға нені хабарлауға болмайды?

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес дербес деректер мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер болып есептеледі. Яғни, бұл адамды анықтауға болатын барлық нәрсе: аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, телефоны, фото -, бейнематериалдар, физиологиялық ерекшеліктері және т. б.
Қолжетімділік бойынша дербес деректер:
- жалпыға қолжетімді;
- қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді.

Қандай дербес деректер жалпыға қолжетімді болып табылады?

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конфиденциалдылықты сақтау талаптары қолданылмайтын мәліметтер. Оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылады. Мысалы, мұндай дербес деректердің көздері - бұл түрлі өмірбаяндық анықтамалықтар, телефон, мекенжай кітаптары, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар, БАҚ.
Егер сіздің жеке ақпаратыңыз интернетте «жүрсе», бірақ бұл мәліметтерді жинау және өңдеу заңнаманы анық бұза отырып жүргізілсе, онда сіздің талабыңыз бойынша (шешім ретінде, сайт әкімшілеріне немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге болады) не сот шешімі бойынша бұл ақпаратты бір жұмыс күні ішінде жалпыға қолжетімді дербес дереккөздерінен алып тастауға болады.
Сіздің келісіміңіз болған жағдайда, жеке деректерді жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратуға рұқсат етіледі! Сондықтан, ешқашан қарамай түрлі: шарт, келісім, соның ішінде цифрлық форматтағы құжаттарға қол қоймаңыз. Шарттарымен, соның ішінде сіздің жеке деректеріңізді жинауға және өңдеуге қатысты шарттармен мұқият танысыңыз.

Қол жетімділігі шектеулі дербес деректер дегеніміз не?

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген дербес деректер. Мысалы, бұл адамның анықтау деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жылы, туған күні, ұлты), тұрғылықты жері (тіркелген жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке басын куәландыратын құжаттар, дактилоскопиялық ақпарат, яғни адамның саусақтары мен алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер, және басқалар. Бұл деректерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген. Қаржылық алаяқтар арасында үлкен қызығушылық тудыратын осы деректер.

Дербес деректер алаяқтардың қолына қалай түседі?
Әдетте, қаржы ұйымдары сенімді қорғаныс жүйесін қолданады, олар үнемі жаңартылып отырады. Алайда, қаскүнемдерге шағын ұйымдардың, мысалы, интернет-дүкендердің, түрлі сервистік компаниялардың дерекқорларын бұзу қиындық туғызбайды.
Алайда, көп жағдайда, адамдар өздері туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беріп қойғанын өздері де білмей қалады. Мысалы, олар Желіде жеке ақпараттарын жария етулері мүмкін. Олар өз суреттерін әлеуметтік желілерге салады, орналасқан жерін көрсетеді, құпия ақпаратты оқып, оларды алаяқтарға беретін, лицензиясы жоқ қосымшаларды жүктейді.
Конкурстарды, ұтыс ойындарын, гивтерді ұнататындар көбінесе алаяқтардың құрбаны болады. Фишингтік беттерде олар ойланбастан өздері жөнінде және төлем карточкасы туралы деректер қалдырады. Кейбір пайдаланушылар өз нөмірлерін әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде (ұялы немесе қалалық) жариялайды, өзінің ЖСН-ын көрсетеді. Бүгінде осы ақпаратты пайдалана отырып, қазақстандықтардың әлеуметтік желілердегі аккаунттары, айыппұлдардың, салықтардың болуы туралы толыққанды мәліметтер мен басқа да қызықты мәліметтерді бере алатын көптеген қосымшалар бар. Алаяқтарға бар болғаны олардан пазл құрастыру ғана қалады.

Деректеріңізді қаржы алаяқтарынан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

Ешқашан, ешбір сылтауға қарамастан ешкімге құпиясөздер, логиндер, кодтар мен басқа да жеке деректеріңізді (ЖСН, жеке куәлік, паспорт нөмірлері, төлем картасының деректемелері: картаның артқы жағындағы үшмәнді код (CVV/CVC-код), картаның нөмірі, қолданыс мерзімі және т.б.) хабарламаңыз.
Өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатты ешкімге бермеңіз және кепіл ретінде қалдырмаңыз; әлеуметтік желілерде өзіңіздің құжаттарыңыздың фотосуреттерін жарияламаңыз және оларды WhatsApp, Telegram, Viber мен басқа да мессенджерлер арқылы үшінші адамдарға жібермеңіз.
Өзіңіздің деректеріңізді күмәнді интернет-байқаулар мен лотереяларға қатысу мақсатында жібермеңіз.
Фишингтік сілтемелерге кірмеңіз.
Күдікті сайттарда тіркеуден өтуден бұрын олардың мекенжайын тексеріп алыңыз, ол https:/ деп басталуға тиіс.
Егер сіз, мысалы, ұтыс ойынын өткізіп жатқан ұйымның бар екеніне күмәнданатын болсаңыз, онымен ресми нөмірі бойынша хабарласып, ақпаратты нақтылаңыз.
Егер сізге банктің менеджері қоңырау соғып, сіздің шотыңызға алаяқтық шабуылдардың жасалып жатқандығын айтып, қорқытатын болса, «қарсы» кредит ресімдеуді немесе банкомат арқылы ақша шығаруды өтінетін болса, әңгімені тоқтатыңыз және ақпаратты қайтадан тексеру үшін банктің call-орталығына хабарласыңыз.
Онлайн - дүкенде шопинг жасау үшін бұл сайттың шынында интернет-дүкен ретінде тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Мұндай сауда-саттық жасау үшін бөлек карта (виртуалды, цифрлық) ашқан дұрыс.
Шот немесе карта ашқан кезде операциялар туралы SMS немесе push-хабарламалар қызметін қостырыңыз.
Өз мобильдік банктік қосымшаңызда, сондай-ақ поштаңызға және әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызға күрделі пароль қолданыңыз. Пароль әр түрлі болуға тиіс.
Өз құрылғыларыңызда антивирустық БҚ-ны үнемі жаңартып отырыңыз.

Маңызды! Балаларыңызды және егде жастағы туыстарыңызды әлеуметтік алаяқ-инженерлерден қорғау үшін, оларға осы ережелер жайында айтуды ұмытпаңыз!

Егер Сіз алаяқтарға дербес ақпарат беріп қойсаңыз не істеу керек?

Шұғыл түрде өз картаңызды бұғаттап, банктік қосымшадағы жеке кабинетіңіздің, электрондық поштаңыздың, әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңыздың паролін ауыстыруды кейінге қалдырмаңыз. Оған қоса, егер алаяқтар сіздің шотыңыздан ақшаны шешіп үлгерсе, дереу өз банкіңізге, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Банк картаны бұғаттап, қайта жаңасын шығарады.
Сондай-ақ, алаяқтардың сіздің атыңызға жалған қарыз ресімдемегеніне көз жеткізу үшін, міндетті түрде кредиттік бюроларда, ХҚКО-да немесе egov.kz сайтында дербес кредиттік есепті алып, оны мұқият зерделеңіз.

Қырағылық танытып, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

19/04/2023

Берегите свои персональные данные: как защитить себя от интернет-мошенников
Мошенники охотятся за персональными данными граждан, и чтобы заполучить их, они придумывают изощренные схемы обмана, с использованием современных технологий и методов социальной инженерии. По данным МВД РК, в 2022 году в Казахстане было зафиксировано порядка 20,5 тыс. интернет-мошенничеств, это на 4% меньше, чем годом ранее.
Fingramota.kz очередной раз предупреждает граждан о том, что никому нельзя передавать и публиковать в открытом доступе конфиденциальную информацию о себе и платежных карточках.

Самые распространенные схемы фишинг-атак: рассылка вирусных писем по электронной почте, SMS-сообщения или push-уведомления со ссылками, которые ведут на сайт-двойник. Чаще всего мошенники выдают себя за представителей известных организаций в электронных письмах или телефонных звонках и предлагают очень заманчивые предложения, к примеру: участие в различных розыгрышах и лотереях, или наоборот запугивают потенциальных жертв, направляя сообщение о том, что их долг передан коллекторам и для того чтобы узнать сумму задолженности надо перейти по указанной ссылке. Если вы перейдете по фишинговой ссылке и введете свои персональные данные, то автоматически попадаете на крючок злоумышленников.
Еще одна уловка мошенников – создание фейковых ботов в популярных мессенджерах, в том числе от имени банков. Через данные боты якобы можно получить консультации по оформлению различных финансовых услуг или подать заявку на «льготный кредит», соцвыплаты, удаление негативной информации из кредитной истории и другое. Псевдоботы просят пользователей ввести личные данные и данные банковских карт, могут запросить код из SMS. Как только злоумышленникам будет известна эта информация, они могут снять все деньги с карточек доверчивых граждан и вдобавок оформить на них кредиты мошенническим способом.

Что нельзя сообщать посторонним?

Согласно Закону РК «О персональных данных и их защите», персональными данными считаются сведения, относящиеся к определенному или определяемому на их основании субъекту персональных данных, зафиксированные на электронном, бумажном и (или) ином материальном носителе. То есть это все, с помощью чего можно идентифицировать человека: ФИО, ИИН, адрес, телефон, фото-, видеоматериалы, физиологические особенности и другое.
Персональные данные по доступности подразделяются на:
- общедоступные;
- ограниченного доступа.

Какие персональные данные являются общедоступными?

Это сведения, на которые в соответствии с законодательством Республики Казахстан не распространяются требования соблюдения конфиденциальности. И доступ к ним является свободным с согласия субъекта. К примеру, источники таких персональных данных – это разного рода биографические справочники, телефонные, адресные книги, общедоступные электронные информационные ресурсы, СМИ.
Если ваша личная информация «гуляет» в интернете, но сбор и обработка этих сведений явно произведены с нарушением законодательства, то по вашему требованию (как вариант, можно обратиться к администраторам сайта или в уполномоченные госорганы), либо по решению суда можно исключить данную информацию из общедоступных источников персональных данных в течение одного рабочего дня.
Распространение персональных данных в общедоступных источниках допускается при наличии вашего согласия! Поэтому, никогда не глядя не подписывайте различные документы: договор, соглашения, в том числе в цифровом формате. Внимательно ознакомьтесь с условиями, в том числе касающихся сбора и обработки ваших персональных данных.

Что такое персональные данные ограниченного доступа?

Это персональные данные, доступ к которым ограничен законодательством Республики Казахстан. Например, это установочные данные лица (фамилия, имя, отчества, год, дата рождения, национальность), сведения о месте жительства (место регистрации), индивидуальном идентификационном номере (ИИН), документах, удостоверяющих личность, дактилоскопическая информация, то есть биометрические данные об особенностях строения папиллярных узоров пальцев и ладоней рук человека, и другое. Доступ к этим данным ограничен законодательством Республики Казахстан. Они и представляют наибольший интерес у финансовых мошенников.

Как персональные данные попадают к мошенникам?
Как правило, финансовые организации используют надежную систему защиты, которая постоянно обновляется. Однако злоумышленникам не составляет труда взломать базы данных мелких организаций, к примеру, интернет-магазинов, различных сервисных компаний.
Но в основном люди, сами того не подозревая, передают сведения о себе третьим лицам. Например, могут опубликовать личную информацию в Сети. Они выставляют свои фотографии в соцсетях, указывают свое местоположение, скачивают нелицензируемые приложения, которые считывают секретную информацию и передают мошенникам.
Любители конкурсов, розыгрышей, гивов чаще становятся жертвами аферистов. На фишинговых страницах они с готовностью оставляют данные о себе и платежной карточке. В социальных сетях и мессенджерах некоторые пользователи публикуют свои номера (сотовые или городские), указывают свой ИИН. Сегодня существует масса приложений, которые, используя эту информацию, могут предоставить подробные сведения об аккаунтах казахстанцев в соцсетях, наличии штрафов, налогов и другие любопытные детали. Мошенникам остается только собрать из них пазл.

Соблюдайте простые правила безопасности, чтобы уберечь свои данные от финансовых мошенников:

Никогда, ни под каким предлогом не сообщайте никому: пароли, логины, коды и другие личные данные (ИИН, номера удостоверения личности, паспорта, реквизиты платежной карты: трехзначный код с обратной стороны карты (CVV/CVC-код), номер карты, срок действия, и т.д.).
Не передавайте никому и не оставляйте под залог свой документ, удостоверяющий личность; не публикуйте в социальных сетях фотографии своих документов и не рассылайте их третьим лицам через WhatsApp, Telegram, Viber и другие мессенджеры.
Не высылайте свои данные для участия в сомнительных интернет-конкурсах и лотереях.
Не переходите по фишинговым ссылкам.
Прежде чем пройти регистрацию на подозрительных сайтах, проверьте их адрес, который должен начинаться с https:/.
Если вы сомневаетесь в существовании организации, которая, к примеру, проводит розыгрыш свяжитесь с ней по официальному номеру и уточните информацию.
Если к вам звонит менеджер банка и пугает мошенническими атаками на ваш счет, просит оформить «зеркальный» кредит или снять деньги через банкомат, завершите разговор и позвоните в call-центр банка, чтобы перепроверить информацию.
Для совершения шопинга в онлайн - магазине убедитесь, что данный сайт действительно фиксируется как интернет - магазин. Желательно завести отдельную карту (виртуальную, цифровую) именно для таких покупок.
При открытии счета или карты подключите услугу SMS- или push- уведомлений об операциях.
Используйте сложные пароли в своем мобильном банковском приложении, а также для почты и аккаунтов в соцсетях. Пароли должны быть разными.
Регулярно обновляйте антивирусное ПО на своих устройствах.

Важно! Расскажите о данных правилах своим детям и пожилым родственникам, чтобы защитить их от социальных инженеров-мошенников!

Что делать, если вы передали мошенникам персональную информацию?

Нужно срочно заблокировать свою карту и поменять пароли от личного кабинета в банковском приложении, от электронной почты, аккаунтов в соцсетях. И непременно обратитесь в свой банк, а также правоохранительные органы, если мошенники успели снять деньги с вашего счета. Карточку банк заблокирует и перевыпустит новую.
Также обязательно получите в кредитных бюро, в ЦОНах или на сайте egov.kz персональный кредитный отчет, тщательно его изучите, чтобы убедиться, что мошенники не оформили на ваше имя фиктивный заем.

Будьте бдительными и повышайте свою финансовую грамотность вместе с Fingramota.kz!

Photos from Управление региональных представителей в г. Петропавловске РГУ АФР's post 17/04/2023

2023 жылғы 17 сәуірде Жол картасы аясында "Бірінші гимназия" КММ-де ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері Ш.Ж. Баширова, А. Д. Мамековпен "Қауіпсіз интернет" тақырыбы бойынша 8-10 сынып оқушыларымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушыларға қаржылық алаяқтық түрлері, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері туралы ақпарат ұсынылды, FINGRAMOTA KZ сайтымен танысты. Ақпарат оқушылар үшін өзекті және пайдалы болды.

17 апреля 2023г. в рамках Дорожной карты в КГУ «Первая гимназия» прошла встреча представителей Агентства РК по регулированию и развитию финансовой рынка Башировой Ш.Ж., Мамековым А.Д. с учащимися 8-10 классов по теме: «Безопасный интернет».
В ходе встречи учащимся была представлена информация о видах финансового мошенничества, правилах поведения в социальных сетях, ознакомлены с сайтом FINGRAMOTA KZ. Информация была актуальна и полезна для учащихся.

17/04/2023

Как стать инвестором: во что инвестировать новичку на бирже
Инвестирование — это использование ваших ресурсов для увеличения капитала. Изучив основы инвестирования, вы сможете начать зарабатывать, но в начале пути к финансовой свободе все же лучше избегать распространенных ошибок.
Fingramota.kz подскажет, как это сделать.

Чтобы стать инвестором необходимо открыть счет у брокера — профессионального участника рынка, либо приобрести паи паевых инвестиционных фондов, которые представляют собой целую корзину различных активов. В случае открытия счета у брокера, инвестор занимается активной торговлей финансовыми активами самостоятельно. При покупке же паев инвестор передает управляющей компании свои деньги, и дальнейшие инвестиционные решения принимаются уже управляющей компанией. Деятельность компаний, оказывающих брокерские услуги, строго регламентируется законодательством Республики Казахстан.
Брокер в обязательном порядке должен иметь лицензию Агентства по регулированию и развитию финансового рынка (далее – Агентство) на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг и быть непосредственным участником фондовой биржи. Финрегулятор осуществляет контроль и надзор за деятельностью данных компаний и обеспечивает надлежащий уровень защиты прав инвесторов.
Внимание! Список лицензированных брокеров размещен на официальном сайте Агентства www.gov.kz.
Пять полезных рекомендаций от Fingramota.kz
Обучение тому, как стать инвестором, часто занимает всю жизнь, поскольку всегда можно узнать больше о рынке и найти новые инвестиционные стратегии. Для тех, кто только делает первые шаги, следует:
1. Осознать существующие риски
Если вы хотите заняться инвестированием в фондовый рынок, важно сначала признать, что: во-первых, правильная оценка рисков имеет первостепенное значение, во-вторых, инвестирование всегда сопряжено с риском убытков. Многие новички на бирже приходят в восторг от идеи увеличить свое состояние за счет продуманных решений и наблюдения за рыночными тенденциями. Но нужно правильно оценить уровень своих навыков: научитесь мыслить логически, думайте не только о потенциальной выгоде от инвестиций, но и о возможных рисках, исключите эмоции из процесса принятия решений. Фондовый рынок всегда не предсказуем, и импульсивное реагирование на события, которые на нем происходят ежесекундно, может привести к одним убыткам.
Успешные инвесторы понимают фондовый рынок, в который они инвестируют, будь то акции, облигации или что-то другое. Они знают, что принятие взвешенных рисков необходимо для получения прибыли, и постоянно обучаются этому навыку методом проб и ошибок.
2. Сфокусироваться на чем-то одном
Существует множество инвестиционных инструментов, в том числе:
• Акции
• Облигации
• Производные финансовые инструменты
• Венчурные инвестиции и другие.
Диверсификация активов, то есть процесс распределения капитала на различные виды инвестиций, всегда поощряется, но на начальном этапе лучше сфокусироваться на чем-то одном. Это связано с тем, что разные типы инвестиций могут работать при существенно разных уровнях риска и возможности получения прибыли. Например, облигации, как правило, являются более безопасными, чем акции или фьючерсы, и могут обеспечить надежную, хоть и небольшую прибыль. В то же время акции являются гораздо более рискованными инвестициями, но во многих случаях они могут приносить прибыль выше и быстрее.
После того, как наберетесь опыта, то, конечно, нужно диверсифицировать свои активы. Диверсификация предлагает множество преимуществ, и, возможно, самым большим из них является то, что она снижает риски от инвестирования. Если кто-то вкладывает большую сумму в один вид инвестиций, стоимость которых снижается, он может понести большие убытки. Если вместо этого вы вложили капитал в несколько инструментов, на которые влияют разные рыночные силы, шансов на аналогичные потери намного меньше.
3. Изучить выбранное направление
После того, как вы выбрали фокус, тщательно изучите инвестиционный инструмент. Не вкладывайтесь в то, в чем не разбираетесь!
Важно вдоль и поперек изучить ту нишу, в которую хотите «войти», потому что это поможет вам сделать разумные первоначальные инвестиции. Обратите особое внимание на то, как эксперты обсуждают риски различных стратегий, узнайте, что именно влияет на стоимость инвестиционного актива, в который вы вкладываете свои деньги.
4. Инвестировать вдумчиво и последовательно
В то время как ранние этапы инвестирования связаны с изучением основ, для понимания рисков и потенциала различных активов, более поздние этапы посвящены накоплению опыта и капитала. Одной из наиболее важных частей инвестирования с целью приумножения денежных средств является последовательность действий. И достигнуть результата без цели очень трудно и рискованно.
Сформулируйте цель инвестирования, которая поможет определить стратегию поведения на фондовом рынке и состав вашего инвестиционного портфеля. Цель должна быть конкретной и на срок – желательно от 3 лет и более. Дело в том, что чем длиннее будет срок инвестирования, тем меньше рисков.
5. Начать с малого
В большинстве случаев разумно начинать инвестировать с небольших сумм денег. Это должны быть свободные средства, ни в коем случае не заемные и не последние ваши сбережения! Рассматривайте инвестиции как второстепенный источник дохода.
Делая первые шаги в инвестировании, допустимо совершать ошибки, вы же еще учитесь, но они не должны оказывать серьезное влияние на ваш капитал. Чем больше вы набираетесь опыта и лучше понимаете свою нишу, тем больше денег вы можете инвестировать.

Как защищаются права инвесторов?
Интерес населения к инвестиционным продуктам растет с каждым годом, и во многом это связано с развитием технологий и упрощением процедур, позволяющих гражданам легко открывать брокерские счета.
По данным Центрального депозитария ценных бумаг (KCSD), в 2022 был зафиксирован рекордный рост инвесторов за всю историю фондового рынка Казахстана. 99% держателей ценных бумаг – казахстанцы. Общее количество счетов (субсчетов) инвесторов в KCSD на 1 января 2023 года составило 550,2 тысяч, увеличившись за 2022 год на 149,3%. Из них количество счетов физических лиц составило 547,1 тысячи, юридических лиц – 3,1 тысячи.
Тем не менее ввиду недостатка опыта и знаний в инвестировании не все розничные инвесторы могут оценить риск при покупке таких финансовых инструментов, как, к примеру, акции. Для защиты прав розничных инвесторов Агентством по регулированию и развитию финансового рынка на системной основе принимаются различные меры. Так, в 2022 году были приняты следующие законодательные инициативы.
Во-первых, введена обязанность брокера оценивать риск-профиль розничного инвестора перед предоставлением ему инвестиционных рекомендаций.
Установлена обязательность проведения процедуры анализа розничных инвесторов для признания их в качестве «квалифицированных» либо «неквалифицированных». Квалифицированный инвестор получает доступ к большому числу финансовых инструментов, которые недоступны иным инвесторам.
В июле 2022 года Главой государства подписан Закон РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и развития страхового рынка и рынка ценных бумаг, банковской деятельности». Одно из изменений касается совершенствования механизма признания квалифицированных инвесторов в лице физических лиц. Для признания розничного инвестора квалифицированным инвесторам необходимо соответствовать одному или нескольким критериям: соответствующий уровень образования, наличие профессиональных сертификатов (CFA, FRM, CIIA), опыт работы на финансовом рынке, наличие активов на сумму не менее 29 млн тенге. Только в этом случае он может признаваться квалифицированным инвестором.
Физическое лицо также может быть признано брокером квалифицированным инвестором после успешного прохождения тестирования.
Во-вторых, для обеспечения справедливого ценообразования на финансовые инструменты расширены признаки манипулирования на рынке ценных бумаг.
К примеру, на фондовом рынке путем проведения мониторинга и анализа выявляются действия субъектов рынка ценных бумаг и иных лиц на предмет подозрительных сделок по созданию ложных сигналов относительно цены, спроса или предложения на финансовый инструмент. В случае, если такая сделка подтвердится, экспертным комитетом Агентства будут приняты соответствующие административные меры.
В-третьих, установлен законодательный запрет от нелицензированных посредников на оказание услуг гражданам на фондовых и валютных рынках. К примеру, активизировались недобросовестные компании, в том числе из-за рубежа, которые, не имея лицензию финрегулятора обещают гражданам высокую доходность в кратчайшие сроки.
При обнаружении Агентством фактов мошенничества информация будет передаваться:
- в правоохранительные органы – для проведения оперативно-розыскных мероприятий;
- в Министерство информации и общественного развития РК – для блокировки сайтов мошенников.
Помните, что инвестирование в ценные бумаги всегда сопряжено с рисками, и инвесторы несут ответственность за те инвестиционные решения, которые они принимают.
Повышайте свою инвестиционную грамотность вместе с Fingramota.kz!

17/04/2023

Қалай инвестор болуға болады: биржаға жаңадан келген адамға неге инвестициялау керек
Инвестициялау – бұл сіздің ресурстарыңызды капиталды ұлғайту мақсатында пайдалану. Инвестициялау негіздерін үйрену арқылы сіз ақша табуды бастай аласыз, бірақ қаржылық еркіндікке апаратын жолдың басында жиі кездесетін қателіктерден аулақ болғаныңыз жөн. Мұны қалай жасау керектігін Fingramota.kz айтып береді.
Инвестор болу үшін брокерден — нарыққа кәсіби қатысушыдан шот ашу немесе әр түрлі активтер қоржыны болып табылатын пай қорларының пайларын сатып алу қажет. Брокерде шот ашқан жағдайда инвестор қаржы активтерін белсенді түрде сатумен өз бетінше айналысады. Пайларды сатып алу кезінде инвестор басқарушы компанияға өз ақшасын береді және одан әрі инвестициялық шешімдерді басқарушы компания қабылдайды. Брокерлік қызмет көрсететін компаниялардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қатаң реттеледі.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін брокерде міндетті түрде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) лицензиясы болуға тиіс және ол қор биржасына тікелей қатысушы болуы керек. Қаржы реттеушісі осы компаниялардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады және инвесторлардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етеді.
Назар аударыңыз! Лицензияланған брокерлердің тізімі Агенттіктің www.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
Fingramota.kz-тен бес пайдалы ұсыныс
Инвестор болуды көбінесе өмір бойы үйрену қажет, өйткені әдетте, нарық туралы көбірек білу және жаңа инвестициялық стратегияларды табу қажет болады. Енді ғана алғашқы қадамын жасап жатқандарға:
1. Бар тәуекелдерді түсініп алу
Егер сіз қор нарығына инвестиция салғыңыз келсе, алдымен мынаны мойындауыңыз керек: біріншіден, тәуекелдерді дұрыс бағалау өте маңызды, екіншіден, инвестициялау әрқашан шығындар қаупін тудырады. Биржаға жаңадан келгендердің көпшілігі ойланып шешім қабылдау және нарықтық үрдістерді қадағалау арқылы өз байлығын арттыруға болады деп қуанады. Бірақ сіз өз дағдыларыңыздың деңгейін дұрыс бағалауыңыз керек: логикалық ойлауды үйреніңіз, инвестицияның ықтимал пайдасы туралы ғана емес, сонымен қатар ықтимал тәуекелдер туралы ойланыңыз, шешім қабылдау процесінде эмоцияларға жол бермеңіз. Қор нарығын әрқашан болжап отыру мүмкін емес және онда секунд сайын болып отыратын оқиғаларға импульсивті түрде қарамау керек, бұл тек шығынға әкелуі мүмкін.
Табысты инвесторлар акциялар, облигациялар немесе басқа нәрсе болсын, өздері инвестиция салатын қор нарығын түсінеді. Олар пайда табу үшін алдымен саралап алып шешім қабылдау қажет екенін біледі және сынақтар мен қателіктер арқылы ондай дағдыларды үздіксіз үйренеді.
2. Бір нәрсеге ғана назар аудару
Көптеген инвестициялық құралдар бар, оның ішінде:
• Акциялар
• Облигациялар
• Туынды қаржы құралдары
• Венчурлік инвестициялар және басқа.
Активтерді әртараптандыру, яғни капиталды әр түрлі инвестиция түрлеріне бөлу процесі әрқашан құпталады, алайда бастапқы кезеңде инвестицияның бір түріне көңіл бөлген дұрыс. Бұл инвестициялардың әрбір түрі тәуекелдің түрлі деңгейі жағдайында және пайда табу мүмкіндігі кезінде жұмыс істей алуымен байланысты. Мысалы, облигациялар, әдетте, акцияларға немесе фьючерстерге қарағанда қауіпсіз болады және аз да болса сенімді кіріспен қамтамасыз ете алады. Дегенмен де, акциялар барынша қауіпті инвестиция түрі болып табылады, бірақ көптеген жағдайларда олар жоғары және жылдам пайда әкелуі мүмкін.
Біраз тәжірибе жинақтаған соң, әрине, өз активтеріңізді әртараптандыру қажет. Әртараптандыру көптеген артықшылықтар береді, және де оның ішіндегі ең тартымдысы – ол инвестициялаудан болатын тәуекелдерді азайтады. Егер бір адам құны төмендеген инвестицияның бір түріне үлкен сома құйған болса, ол үлкен шығынға ұшырауы мүмкін. Егер де оның орнына сіз түрлі нарықтық күштер әсер ететін бірнеше құралға капиталыңызды салсаңыз, мұндай шығындарға ұшырау тәуекелі айтарлықтай аз болады.
• 3. Таңдап алған бағытты зерделеу
Қалауыңызды жасағаннан кейін сіз инвестициялық құралды мұқият зерттеңіз. Ешқандай хабарыңыз жоқ құралға ақша салмаңыз!
Өзіңіз «кіруге» бел буған «аяны» бүге-шігесіне дейін зерттеу маңызды, себебі бұл сізге дұрыс бастапқы инвестиция жасауға көмек береді. Бұл ретте, түрлі стратегиялардың тәуекелдерін талдайтын сарапшылардың пікірлеріне назар аударыңыз, өз ақшаңыздың салып отырған инвестициялық активтің құнына нелердің әсер ететінін нақтылаңыз.

4. Пайыммен және ретімен инвестициялау
Инвестициялаудың алғашқы кезеңдері әртүрлі активтердің тәуекелдері мен әлеуетін түсіну үшін негіздерді оқып-зерттеумен байланысты болса, бұдан кейінгі кезеңдер тәжірибе мен капиталды жинақтауға бағытталған. Ақшалай қорыңызды көбейту үшін инвестициялаудың маңызды бөліктерінің бірі – әрекеттердің реттілігі. Алға мақсат қоймай нәтижеге жету өте қиын және қауіпті.
Инвестициялаудағы мақсатыңызды тұжырымдап алыңыз, ол қор нарығындағы іс-қимыл стратегиясын және сіздің инвестициялық портфеліңіздің құрамын анықтауға көмек береді. Мақсат нақты және белгілі бір мерзімге қойылуға тиіс – 3 жылға немесе одан да көп мерзім құпталады. Инвестициялау мерзімі неғұрлым ұзақ болса, тәуекелдер соғұрлым аз болады.

5. Аз нәрседен бастау
Көптеген жағдайда ақшаны аз мөлшерде салудан бастаған дұрыс. Бұл бос қаражат болуы тиіс, ешбір жағдайда ол қарызға алынған және сіздің соңғы жинақтарыңыз болмауға тиіс! Инвестицияларды қосымша табыс көзі ретінде қарастырыңыз.
Инвестициялауда алғашқы қадамдар жасай отырып, қателіктер жіберу заңдылық, себебі сіз енді үйреніп жатырсыз, алайда қателіктер сіздің капиталыңызға айтарлықтай әсер етпеуі керек. Неғұрлым көп тәжірибе жинақтап, өз орныңызды жетік білетін болсаңыз, соғұрлым көп ақша инвестициялай аласыз.

Инвесторлардың құқықтары қалай қорғалады?
Халықтың инвестициялық өнімдерге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді және бұл көбіне технологиялардың дамуына және азаматтарға брокерлік шоттарды оңай ашуға мүмкіндік беретін рәсімдердің жеңілдеуіне байланысты.
Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің (KCSD) деректері бойынша 2022 жылы Қазақстан қор нарығының бүкіл тарихында инвесторлардың рекордтық өсуі тіркелді. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-ы – қазақстандықтар. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша инвесторлардың KCSD-дегі шоттарының (қосалқы шоттарының) жалпы саны 2022 жылы 149,3%-ға өсіп, 550,2 мыңды құрады. Оның ішінде жеке тұлғалар шоттарының саны 547,1 мыңды, заңды тұлғалар шоттарының саны 3,1 мыңды құрады.
Дегенмен, инвестициялаудағы тәжірибе мен білімнің жетіспеуіне байланысты барлық бөлшек инвесторлар, мысалы, акциялар сияқты қаржы құралдарын сатып алу кезінде тәуекелді бағалай алмайды. Бөлшек инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүйелі түрде түрлі шаралар қабылдауда. Мәселен,
2022 жылы мынадай заңнамалық бастамалар қабылданды.
Біріншіден, брокердің оған инвестициялық ұсыныстар бермес бұрын бөлшек инвестордың тәуекел-бейінін бағалау міндеті енгізілді.
Бөлшек инвесторларды «білікті» немесе «білікті емес» инвесторлар деп тану үшін оларды талдау рәсімін жүргізу міндеттілігі белгіленді. Білікті инвестор басқа инвесторларға қолжетімді емес көптеген қаржы құралдарына қол жеткізе алады.
2022 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Өзгерістердің бірі жеке тұлғалар ретіндегі білікті инвесторларды тану тетігін жетілдіруге қатысты. Бөлшек инвесторды тану үшін білікті инвесторлар мына өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келуі қажет: тиісті білім деңгейі, кәсіби сертификаттардың болуы (CFA, FRM, CIIA), қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі, кемінде 29 млн теңге сомасында активтердің болуы. Тек осы жағдайда ғана оны білікті инвестор ретінде тануға болады.
Жеке тұлға тестілеуден сәтті өткеннен кейін ғана брокер оны білікті инвестор ретінде тануы мүмкін.
Екіншіден, қаржы құралдарына әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау белгілері кеңейтілді.
Мысалы, қор нарығында мониторинг және талдау жүргізу арқылы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге де тұлғалардың қаржы құралының бағасына, оған деген сұранысқа немесе ұсынысқа қатысты жалған белгілер жасау жөніндегі күдікті мәмілелер тұрғысынан іс-әрекеттері анықталады. Егер мұндай мәміле расталған жағдайда, Агенттіктің сараптамалық комитеті тиісті әкімшілік шаралар қабылдайтын болады.
Үшіншіден, лицензиясы жоқ делдалдардан азаматтарға қор және валюта нарықтарында қызмет көрсетуге заңнамалық тұрғыдан тыйым белгіленген. Мысалы, жосықсыз компаниялар, оның ішінде шетелдік компаниялар жандана бастады, олар қаржы реттеушісінің лицензиясынсыз азаматтарға қысқа мерзімде жоғары табыс табуға уәде беруде.
Агенттік алаяқтық фактілерін анықтаған кезде:
- жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына;
- алаяқтардың сайттарын бұғаттау үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ақпарат береді.
Есіңізде болсын, бағалы қағаздарға инвестициялау әрдайым тәуекелмен қатар жүреді және инвесторлар өздері қабылдаған инвестициялық шешімдер үшін жауап береді.
Инвестициялық сауаттылықтарыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыздар!

Want your business to be the top-listed Government Service in Petropavl?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Конституции Казахстана, д. 6, каб. 402
Petropavl

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Tuesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Wednesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Thursday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Friday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30