28/05/2026
Қайталанған ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды
▪️Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Сотпен анықталғандай, 2026 жылғы 26 мамырда сағат 23:30 шамасында Петропавл қаласында азамат жанармай құю бекеттерінің бірінің маңындағы қоғамдық орында балағат сөздер айтып, жалаңаш денесімен жолдың жүру бөлігінде жүгіріп жүрген. Осы әрекеттерімен ол қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
▪️Құқық бұзушының әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен, яғни әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық ретінде сараланды.
▪️Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, құқық бұзушылықтың мән-жайларын растады.
▪️Сот қаулысымен құқық бұзушыға 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
▪️Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты
t.me/Jogargy_sot
***
За повторное мелкое хулиганство назначен административный арест
▪️Специализированным судом по административным правонарушениям города Петропавловска рассмотрено дело об административном правонарушении по части 2 статьи 434 КоАП РК в отношении гражданина Б.
▪️Судом установлено, что 26 мая 2026 года около 23:30 часов в городе Петропавловске гражданин, находясь в общественном месте возле одной из автозаправочных станций, выражался нецензурной бранью, бегал по проезжей части с оголенным торсом, тем самым нарушил общественный порядок и спокойствие граждан, проявив неуважение к окружающим.
▪️Действия правонарушителя квалифицированы по части 2 статьи 434 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях - мелкое хулиганство, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания.
▪️В судебном заседании гражданин вину признал полностью и подтвердил обстоятельства правонарушения.
▪️Постановлением суда на правонарушителя наложено административное взыскание в виде административного ареста сроком на 30 суток.
▪️Постановление суда вступило в законную силу.
Специализированный суд по административным правонарушениям города Петропавловска
t.me/Jogargy_sot
28/05/2026
Мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдау фактісі анықталды
▪️Солтүстік Қазақстан облысының Есіл аудандық соты Б.-ның мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады.
▪️Сотта анықталғандай, арыз берушінің ағасы 2024 жылғы 17 қазанда қайтыс болғаннан кейін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес түріндегі мұра ашылған. Нотариус мұраны қабылдау үшін белгіленген алты айлық мерзімнің өткізіп алынуына байланысты арыз берушіге заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартқан.
▪️Сот талқылауы барысында арыз беруші мұраны іс жүзінде қабылдағанын түсіндірді, өйткені ағасы қайтыс болғаннан кейін мұра құрамына кіретін мүлікке байланысты дивидендтер алып отырған, сондай-ақ оны күтіп-ұстау шығындарын көтерген. Аталған мән-жайлар іс материалдарындағы жазбаша дәлелдемелермен және куәлардың айғақтарымен расталды.
▪️Сот мұрагерлер арасында даудың жоқ екенін, сондай-ақ мұра мүлкіне үміткер өзге тұлғалардың жоқ екенін анықтады.
▪️Ұсынылған дәлелдемелерді жиынтығында бағалай отырып, сот мұраны қабылдау фактісін анықтауға негіздер бар деген қорытындыға келді. Сот шешімімен Б.-ның арызы қанағаттандырылды. Оның ағасы қайтыс болғаннан кейін ашылған мұраны қабылдау фактісі анықталды.
Есіл аудандық соты
t.me/Jogargy_sot
***
Судом установлен факт принятия наследства
после смерти наследодателя
▪️Есильским районным судом Северо-Казахстанской области рассмотрено гражданское дело по заявлению Б. об установлении факта принятия наследства.
▪️Судом установлено, что после смерти брата заявителя, умершего 17 октября 2024 года, открылось наследство в виде доли в уставном капитале ТОО. Нотариусом заявителю было отказано в выдаче свидетельства о праве на наследство по закону в связи с пропуском шестимесячного срока для принятия наследства.
▪️В ходе судебного разбирательства заявитель пояснил, что фактически принял наследство, поскольку после смерти брата получал дивиденды, связанные с наследственным имуществом, а также нес бремя его содержания. Данные обстоятельства подтверждены письменными материалами дела и показаниями свидетелей.
▪️Судом установлено отсутствие спора между наследниками, иных лиц, претендующих на наследственное имущество, не имеется.
▪️Оценив представленные доказательства в их совокупности, суд пришел к выводу о наличии оснований для установления факта принятия наследства. Решением суда заявление Б. удовлетворено. Установлен факт принятия им наследства, открывшегося после смерти его брата.
Есильский районный суд
t.me/Jogargy_sot
19/05/2026
Сот жүйесінің өзекті жаңалықтары.
QR-кодты сканерлеп, ҚР Жоғарғы Сотының Telegram-арнасына жазылыңыздар
***
Актуальные новости судебной системы. Сканируйте QR-код и подписывайтесь на Telegram-канал Верховного Суда РК
15/05/2026
Қалалық инфрақұрылымды тиісінше күтіп-ұстамағаны үшін сот моральдық зиян өтемақысын өндірді
▪️Петропавл қаласының №2 сотында С.-ның «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Сотта анықталғандай, 2025 жылғы тамыз айында талап қоюшы кәмелетке толмаған баласымен бірге облыс орталығының көшелерінің бірімен келе жатып, тротуардан шетке шығып кетіп, шөп басып қалған әрі ағынды суға толған шұңқырға денесінің оң жағымен құлаған. Қауіпті аумақ қоршалмаған және ескерту белгілерімен белгіленбеген.
▪️Оқиға салдарынан талап қоюшы дене жарақатын алып, табан сүйегі сынған. Сарапшы қорытындысына сәйкес, денсаулыққа келтірілген зиян орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылған.
▪️Оқиғадан кейін талап қоюшы ем қабылдап, уақытша еңбекке жарамсыз болып, бұл оған физикалық және моральдық зардап келтірген. Ол сотқа дейінгі тәртіппен жауапкерге жүгінген. Мемлекеттік орган шұңқырды көму арқылы қауіпті учаскені жою шараларын қабылдағанымен, кінәнің жоқтығына сілтеме жасап, моральдық зиянды өтеуден бас тартқан.
▪️Сот талқылауы барысында аталған жол учаскесін күтіп-ұстау жауапкердің құзыретіне жататыны анықталды. Қалалық инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің тиісінше орындалмауы талап қоюшының денсаулығына зиян келтіруге себеп болған.
▪️Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиян өтемақысы, сондай-ақ сот шығындары өндірілді.
▪️Сот актісі заңды күшіне енді. Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
▪️Талап қоюшының бұзылған құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Петропавл қаласының №2 соты
https://t.me/soltustikoblystyksoty
***
Суд взыскал компенсацию морального вреда за ненадлежащее содержание городской инфраструктуры
▪️Судом №2 города Петропавловска рассмотрено гражданское дело по иску С. к коммунальному государственному учреждению «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Петропавловска» о взыскании компенсации морального вреда.
▪️Как установлено судом, в августе 2025 года истец вместе с малолетним ребенком, проходя по одной из улиц областного центра, отступила от тротуара и провалилась правой стороной тела в яму, заполненную сточной водой и скрытую травяным покровом. Опасный участок не был огражден и обозначен предупреждающими знаками.
▪️В результате происшествия истцу были причинены телесные повреждения - перелом кости стопы. Согласно заключению эксперта, вред здоровью отнесен к средней степени тяжести.
▪️После инцидента истец проходила лечение и временно утратила трудоспособность, что повлекло физические и нравственные страдания. В досудебном порядке она обращалась к ответчику. Государственным органом были приняты меры по устранению опасного участка путем засыпки ямы, однако в компенсации морального вреда было отказано со ссылкой на отсутствие вины.
▪️В ходе судебного разбирательства установлено, что содержание данного участка дороги относится к компетенции ответчика. Ненадлежащее исполнение обязанностей по обеспечению безопасности городской инфраструктуры стало причиной причинения вреда здоровью истца.
▪️Решением суда иск удовлетворен, в пользу истца взыскана компенсация морального вреда, а также судебные расходы.
▪️Судебный акт вступил в законную силу. Апелляционной инстанцией решение суда оставлено без изменения.
▪️Нарушенные права истца восстановлены в полном объеме.
Суд №2 г. Петропавловска
https://t.me/soltustikoblystyksoty
09/05/2026
Солтүстік Қазақстан облысының судьялары Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысты
🔹Петропавл қаласында Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шаралары өтті. Өңірдің сот жүйесінің өкілдері қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік алау» мемориалы мен Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қойды.
🔹Салтанатты рәсімге Солтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Серікбол Сапарғалиев, облыстық соттың судьялары, сот төрағалары қатысты.
🔹Іс-шараға қатысушылар жеңімпаз ұрпақтың ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етіп, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бейбіт өмір мен бостандық үшін алғыс білдірді. Бұл бейбітшілік пен еркіндік орасан зор шығындар мен қаһармандықтың арқасында келгені атап өтілді.
🔹Гүл шоқтарын қою рәсімі соғыс жылдарында табандылық пен бірліктің үлгісін көрсеткен халықтың ерлігіне деген құрметтің белгісіне айналды. Тәуелсіздік пен бейбітшілікті қорғаған батырлардың жарқын бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының
баспасөз қызметі
https://t.me/soltustikoblystyksoty
***
Судьи Северо-Казахстанской области приняли участие в мероприятиях, посвященных Дню Победы
🔹В Петропавловске состоялись памятные мероприятия, посвященные Дню Победы. Представители судебной системы региона почтили память павших героев и возложили цветы к мемориалу «Вечный огонь» и Стелле Победы в Парке Победы.
🔹В церемонии приняли участие исполняющий обязанности председателя Северо-Казахстанского областного суда Серикбол Сапаргалиев, судьи областного суда, председатели судов.
🔹Участники мероприятия отдали дань уважения мужеству и самоотверженности поколения победителей, выразив благодарность ветеранам и труженикам тыла за мирное небо и свободу, завоеванные ценой огромных потерь и героизма.
🔹Возложение цветов стало символом памяти о подвиге народа, проявившего стойкость и единство в годы войны. Память о героях, отстоявших независимость и мир, навсегда сохранится в сердцах благодарных поколений.
Пресс-служба Северо-Казахстанского областного суда
https://t.me/soltustikoblystyksoty
08/05/2026
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті
🔹Мерекелік іс-шаралар Ұлы Отан соғысына қатысқан судьяларға арналған Естелік аллеясына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Іс-шараға облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Серікбол Сапарғалиев, сот жүйесінің ардагерлері, облыс соттарының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ Сот әкімшілігі департаментінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Жеңіске үлес қосып, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі мен бостандығы жолында жанын қиған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
🔹Одан кейін гүл шоқтары Солтүстік Қазақстан облыстық соты ғимаратының жанында орналасқан Естелік тақтасына қойылды. Рәсім соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген терең құрмет пен алғыстың белгісіне айналды.
🔹Салтанатты шаралар облыстық сот ғимаратында жалғасып, мереке құрметіне жоғары кәсібилік пен адал еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге ведомстволық наградалар табысталды.
🔹Мерекелік күннің қорытынды аккорды ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының әскери оркестрі өнер көрсетіп, қонақтарға бірлік, тағылым және отансүйгіштік рухын сыйлады.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
https://t.me/soltustikoblystyksoty
***
В Северо-Казахстанском областном суде прошли торжественные мероприятия, посвященные Дню Победы
🔹Праздничные мероприятия открылись церемонией возложения цветов к Аллее Памяти судьям - участникам Великой Отечественной войны. В мероприятии приняли участие и.о. председателя областного суда Серикбол Сапаргалиев, ветераны судебной системы, председатели и судьи судов области, а также сотрудники Департамента Судебной администрации. Присутствующие почтили память героев, внесших вклад в Победу и отдавших жизнь во имя мира и свободы будущих поколений.
🔹Далее цветы были возложены к Мемориальной доске Памяти, расположенной у здания Северо-Казахстанского областного суда. Церемония стала символом глубокого уважения и благодарности ветеранам войны и труженикам тыла.
🔹Продолжились торжества в здании областного суда, где в честь праздника состоялось вручение ведомственных наград сотрудникам, проявившим высокий профессионализм и добросовестный труд.
🔹Финальным аккордом праздничного дня стало выступление военного оркестра Академии Национальной гвардии Республики Казахстан, создавшее для гостей атмосферу единства, памяти и патриотизма.
Пресс-служба Северо-Казахстанского областного суда
https://t.me/soltustikoblystyksoty
05/05/2026
Мерейтойыңызбен!
🔹Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Викторенко Сергей Васильевич 55 жас мерейтойын атап өтуде.
🔹Сергей Васильевич өзінің кәсіби қызметін заң мен әділдікке қызмет етуге арнады. Сот жүйесінде мол тәжірибесі бар ол аудандық сот судьясынан бастап қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасына дейінгі еңбек жолынан өтіп, бүгінде облыстық сотта сот төрелігін абыроймен жүзеге асырып келеді.
🔹Көп жылдар бойы Сергей Васильевич өзін сауатты, байсалды, объективті әрі әділ шешімдер қабылдайтын судья ретінде таныта білді. Оның кәсіби жолы – жауапкершіліктің, төзімділіктің және заң үстемдігі қағидаттарына адалдықтың жарқын үлгісі. Жинақтаған тәжірибесі мен беделі әріптестер мен жас мамандар үшін бағдар болып табылады.
🔹Құрметті Сергей Васильевич!
Сізді мерейтойыңызбен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, амандық, кәсіби қызметіңізде толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
https://t.me/soltustikoblystyksoty
***
С юбилеем!
🔹Сегодня 55-летний юбилей отмечает судья Северо-Казахстанского областного суда Викторенко Сергей Васильевич.
🔹Сергей Васильевич посвятил свою профессиональную деятельность служению закону и справедливости. Имея значительный опыт работы в судебной системе, он прошел путь от судьи районного суда до председателя специализированного межрайонного суда по уголовным делам, а сегодня достойно осуществляет правосудие в областном суде.
🔹На протяжении многих лет Сергей Васильевич зарекомендовал себя как грамотный и взвешенный судья, способный принимать объективные и справедливые решения. Его профессиональный путь является примером ответственности, выдержки и верности принципам верховенства закона, а накопленный опыт и авторитет служат ориентиром для коллег и молодых специалистов.
🔹Уважаемый Сергей Васильевич!
Примите искренние поздравления с юбилеем от коллектива Северо-Казахстанского областного суда! Желаем Вам крепкого здоровья, благополучия, дальнейших успехов в профессиональной деятельности и новых достижений!
Пресс-служба Северо-Казахстанского областного суда
https://t.me/soltustikoblystyksoty