Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО

Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО

Share

#Polisia #Полиция #Police telegram-канал: https://t.me/sqo_pd

Photos from Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО's post 03/06/2026

✅Петропавлда ұры тастап кеткен жеті велосипед иелеріне қайтарылады

Мамыр айының басынан бері полицияға Петропавл тұрғындарынан велосипед ұрлығы туралы арыздар түсе бастады. «Темір тұлпарлар» негізінен түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларынан жоғалып отырған. Ұры подъездердің жанында велосипедтерді бекітіп қойған құлыптау тростарын үзіп кеткен.

Жәбірленушілердің арасында жазғы демалыс қарсаңында балаларының велосипедтері қолды болған үш ата-ана да бар. Спорттық велосипед тебуді ұнататын тұрғындардың бірі құны 1 миллион теңге тұратын «Compel» маркалы велосипедінен айырылған.

Жедел уәкілдер күдіктінің кім екенін тез анықтады. Ол — бұрын мүліктік қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Алайда оны ұстау оңай болмады, себебі ол тіркелген мекенжайында тұрмаған және қаңғыбас өмір салтын ұстанған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ер адам Аквапарк ауданында ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Қылмыстық істе қазіргі таңда 8 эпизод бар.

Күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгермеген. Қазіргі уақытта полицейлер оның тастап кеткен 7 велосипедін тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс аяқталғаннан кейін олардың барлығы заңды иелеріне қайтарылады.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды велосипедтерін қылмыскерлердің оңай олжасына айналуы мүмкін жерлерде қалдырмауға және сенімді ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдалануға шақырады.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында велосипед ұрлығының 18 фактісі тіркеліп, оның 12-сі ашылды.

Photos from Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО's post 03/06/2026

✅Петропавлда алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға бақылау күшейтілді

Қылмыстық ахуалды талдау қылмыстардың едәуір бөлігі алкогольдік масаң күйде жасалатынын көрсетеді. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов кәсіпкерлермен кездесіп, қала аумағында алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауды күшейту шараларын талқылады.

Жыл басынан бері сауда орындарында 45 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде алкоголь өнімдерін кәмелетке толмағандарға сату және түнгі уақытта өткізу фактілері. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылып, бірқатар нысандардың алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензияларының күші уақытша тоқтатылды.

Мысалы, 19 мамыр күні сағат 01:09-да дүкен-барлардың бірінде тұтынушы өзімен бірге алып кету үшін екі банка сыра сатып алған. Бұған заңмен тыйым салынған, түнгі уақытта қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь өнімдерін тек сол жерде тұтынуға ғана рұқсат етіледі. Полицейлер құқық бұзушылықты рейд барысында анықтады. Нысан иесіне айыппұл салынып, лицензиясының күші үш айға тоқтатылды.

Сондай-ақ рейд барысында полицейлер алкоголь өнімдерінің заңсыз саудасына байланысты 27 заңсыз кәсіпкерлік фактісінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 4 мың литрден астам құрамында спирті бар өнім тәркіленді.

Серік Әлжанов алкогольге қарсы заңнаманы бұзумен күрес «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы полицияның негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Photos from Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО's post 02/06/2026

«Әке, бүгін бірге болғанымыз қандай жақсы!» — 1 маусым күні Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының кавалериялық взводында болған әрбір бала осылай айта алар еді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс бөлімінің қызметкерлері кезекшілікке тартылмаған әріптестері үшін отбасылық мереке ұйымдастырды.

Полицейлердің балалары квадроциклмен серуендеп, жануарларды тамақтандырды. Сондай-ақ мереке қонақтары үшін аниматорлар мен аквагрим мамандары шақырылды. Балалар ата-аналарымен бірге уақыт өткізіп, олардың қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Бұл қызмет көбіне отбасымен қарым-қатынас жасауға аз уақыт қалдырады.

Мереке отбасы құндылықтарының, өзара қолдаудың және ең жақын жандармен бірге өткізілген уақыттың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.

———————

«Папа, как хорошо, что мы сегодня вместе!» — так мог сказать каждый ребёнок, побывавший 1 июня в расположении кавалерийского взвода батальона патрульной полиции управления полиции г. Петропавловска.

В Международный день защиты детей, сотрудники отдела по работе с личным составом городского УП устроили семейный праздник для своих коллег, не занятых на дежурстве.

Дети полицейских катались на квадроциклах, кормили животных. Также для гостей праздника были приглашены аниматоры и специалисты по аквагриму. Ребята смогли провести время с родителями и лучше узнать их службу, которая зачастую оставляет мало времени для семейного общения.

Праздник ещё раз напомнил о важности семейных ценностей, взаимной поддержки и времени, проведённого с самыми близкими людьми.

Photos from Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО's post 02/06/2026

Құрметті азаматтар!

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті ата-аналарды, педагогтерді және өңір тұрғындарын жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Дәл осы уақытта кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз қалуына, жол-көлік оқиғаларына, судағы және тұрмыстағы жазатайым жағдайларға, сондай-ақ балалардың құқыққа қайшы жағдайларға тартылуына байланысты қауіптер артады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналардың рөлі ерекше. Баланың қайда және кіммен жүргенін, күнделікті немен айналысатынын, қызығушылықтары мен араласатын ортасын білу маңызды. Ата-ананың назары мен бақылауы көптеген келеңсіз оқиғалардың алдын алудың сенімді негізі болып табылады.

Цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударған жөн. Қазіргі балалар уақыттарының едәуір бөлігін интернетте өткізеді. Сондықтан ата-аналар балаларының интернеттегі белсенділігіне, әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас ортасына қызығушылық танытып, буллингтің, психологиялық қысымның немесе қауіпті контентпен байланысудың ықтимал белгілеріне назар аударуы қажет.

Педагогтерді жазғы демалыс кезеңінде отбасылармен байланысты үзбеуге және балалардың қауіпсіздігі мен амандығына қатысты алаңдатарлық жағдайларға дер кезінде ден қоюға шақырамыз.

Егер сіз қауіпті жағдайда қалған баланы, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағанды, су айдындарының маңында, жолдың жүру бөлігінде немесе өзіне қауіп төндіретін ортада жүрген баланы көрсеңіз, бейжай қалмаңыз. Уақтылы көрсетілген көмек қайғылы жағдайдың алдын алып, баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ балалардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерлерде және ойын-сауық орындарында болу жағдайларын анықтау бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Құрметті азаматтар! Балалардың қауіпсіздігі – отбасының, мектептің, мемлекеттің және қоғамның ортақ жауапкершілігі. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз балаларымызға қауіпсіз, дені сау және бақытты жаз сыйлай аламыз.

02/06/2026

✅Петропавлда жыл басынан бері 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінді

✅38 женщин в Петропавловске обратились на телефон доверия полиции с начала года

Photos from Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО's post 02/06/2026

✅Петропавлда жыл басынан бері 38 әйел полицияның сенім телефонына жүгінді

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жастар ресурстық орталығының волонтёрларымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сталкинг мәселесіне қала тұрғындарының назарын аудару үшін көшелерге шықты. Іс-шара «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтті.

Ақ ленталар, «Мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымын» деген жазуы бар автокөлік жапсырмалары мен ақпараттық буклеттер тұрмыстық зорлық-зомбылық әркімге тікелей болмаса да, жақындарының мәселелері арқылы әсер етуі мүмкін екенін еске салды.

Жыл басынан бері Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін 654 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде танып, көмекке жүгінуге кеңес бере білу маңызды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары полицияның сенім телефонына 8 (7152) 49-31-58 нөмірі арқылы, ал петропавлдықтар 8 (7152) 612-530 нөмірі арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ «111» ұлттық сенім телефонына немесе «102» арнасына жүгінуге болады.

Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдын Ахмағамбетовтің айтуынша, қаңтар айынан бері облыс орталығының 38 тұрғыны сенім телефонына кеңес алу үшін хабарласқан. Олардың 16-сы кейіннен арыз жазып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полицейлер нысаналы топтармен кешенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында буллинг пен зорлық-зомбылықтың өзге де түрлерінің алдын алуға бағытталған кездесулер ұйымдастырады.

Бүгінде қалада 853 адам профилактикалық есепте тұр. Тәртіп сақшылары оларды тұрғылықты жері бойынша тексеріп қана қоймай, психологтармен кездесулерге шақырып, басқа да іс-шаралар өткізеді.

Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша рейдтер тұрақты негізде жүргізілуде.

Photos from Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті/Департамент полиции СКО's post 02/06/2026

✅Полицейлер СҚО тұрғынынан шолақ мылтық пен қолдан жасалған граната тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының бірінде полицейлер 61 жастағы ауыл тұрғынынан бірқатар тыйым салынған заттар: «ТОЗ-34» қос ұңғылы шолақ мылтық, қолдан жасалған жарық-дыбыстық граната, қолдан жасалған дүмі бар аңшылық мылтықтың ұңғы қорабы, гильзалар және патрондар жасауға арналған құралдарды тапты.

Ер адамда 2005 жылға дейін аңшылық билеті болған. Оның айтуынша, шолақ мылтықты үйінің шатырынан тауып алған, механизмді қоқыс орнынан алған, ал гранатаны отшашу ретінде пайдалану үшін өзі жасаған. Мұндай қолдан жасалған «пиротехниканың» өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ойламаған. Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер облыс тұрғындарын тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыруға шақырады. Қаруды өз еркімен тапсыру, оны заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

Аталған факті мамыр айының соңында өткізілген облыстық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. 260 үйді, шаруашылықты және жайылым жерлерді тексеру барысында полицейлер заңсыз сақталған 11 қару мен 32 оқ-дәріні тәркіледі.

Жыл басынан бері СҚО-да барлығы 59 атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде 6 ойық ұңғылы қару және 3 шолақ мылтық. Полицейлер жұмысының мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, жазатайым оқиғалар мен қару қолданылып жасалатын қылмыстардың тәуекелін азайту.

01/06/2026

«Әке, бүгін бірге болғанымыз қандай жақсы!» — 1 маусым күні Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының атты әскер взводында болған әрбір бала осылай деуі мүмкін еді.
Бүгін, Балаларды қорғау халықаралық күнінде, погон таққан кавалеристер қызметте емес әріптестері үшін отбасылық мереке ұйымдастырды.
Полицейлердің балалары атқа мініп, қызметтік-іздестіру иттерімен жақын танысып, ата-аналарымен бірге уақыт өткізіп, олардың қызметін тереңірек білуге мүмкіндік алды. Өйткені бұл қызмет көбіне отбасылық қарым-қатынасқа аз уақыт қалдырады.
_____________

«Папа, как хорошо, чтоб мы сегодня вместе!» — там мог сказать каждый ребёнок, побывавший 1 июня в расположении кавалерийского взвода батальона патрульной полиции УП г. Петропавловска.

Сегодня, в Международный день зашиты детей, кавалеристы в погонах устроили семейный праздник для своих коллег, не занятых на дежурстве.

Дети полицейских смогли покататься на лошадях, пообщаться со служебно-розыскными собаками, провести время с родителями и лучше узнать их службу, которая зачастую оставляет мало времени для семейного общения.

Want your business to be the top-listed Government Service in Petropavl?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Конституции Казахстана, 70
Petropavl

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30