05/06/2026
https://kg.akipress.org/news:2479743?place=share-fab
Неизвестные страницы Улуу Үркүн: В Бишкеке прошла конференция о восстании 1916 года
4 июня в Национальной академии наук прошла международная научно-практическая конференция «Национально-освободительное восстание 1916 года: Сулайман Корчу уулу», пр...
05/06/2026
https://kg.akipress.org/news:2479348/?from=portal&place=last
В Бишкеке проходит международная конференция, посвящённая восстанию 1916 года и деятелю Сулайману Корчу уулу
В Бишкеке проходит международная научно-практическая конференция «Национально-освободительное восстание 1916 года: Сулайман Корчу уулу», посвященная 110-летию Улуу ...
25/05/2026
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕ
Қазақтан шыққан тұңғыш математика саласы бойынша профессор, мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш Орда» тұңғыш қазақ ұлттық үкіметінің мүшесі ӘЛІМХАН ӘБЕУҰЛЫ ЕРМЕКОВТІҢ өмірге келгеніне биыл 135 жыл толды.
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы – 1970, Қарағанды қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик-ғалым, профессор (1935). Математика саласы бойынша профессор атағын алған тұңғыш қазақ.
Семей гимназиясын (1912) және Томск технология институтын (1921) бітірген. 1917 жылы І және ІІ Жалпықазақ съездеріне қатысып, Алашорданың Семей облыстық комитетінің мүшесі болып сайланды.
1919–1920 жылдары Қазақ (Қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитеттің мүшесі және коллегия төрағасы қызметін атқарды. 1920 жылы Мәскеуде өткен комиссия отырыстарында Қазақ автономиясының шекарасы туралы баяндама жасап, қазақ зиялыларымен бірге қазақ жерінің аумақтық тұтастығын ресми құжат жүзінде бекітуге өлшеусіз үлес қосты. Кейіннен Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, өнеркісіп секциясының меңгерушісі болды. VI–VII сайланған ҚазОАК мүшесі.
1927–1937 жылдары Ташкенттегі Қазақ ағарту институтында, Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтында, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік және Алматы Кен-металлургия институттарында ұстаздық етіп, кафедра басқарды. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Ұлы математика курсы» (1935) оқулығы мен «Қазақ тілінің математика термині» (1936) түсіндірме сөздігінің авторы.
1930–1947 жылдар аралығында «ұлтшыл-алашордашыл» деген айыппен үш рет сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде айдауда болды. 1955 жылы бостандыққа шығып, 1957 жылы толық ақталды. Өмірінің соңғы жылдарында Қарағанды политехникалық институтында математикадан дәріс берді.
22/05/2026
Бүгін, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен мәдениет және архив саласының бірқатар қызметкерлеріне жаңа пәтер кілттері толық сый ретінде табысталды.
Аталған бастама аясында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құқықтық-кадрлық жұмыс және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, «Күміс алқа» иегері Маханова Дамира Жарылқасынқызына 4 бөлмелі жаңа пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Жаңа қоныс кілтін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева табыстады.
Бұл – мемлекетіміздің руханият пен тарихты сақтау жолында еңбек етіп жүрген мамандарға көрсеткен зор құрметінің айқын белгісі. Ұлттың тарихи жадын сақтайтын архив саласында еңбек ететін қызметкерлер еңбегінің Мемлекет басшысы деңгейінде бағалануы – өте жоғары мәртебе.
Жаңа шаңырақ құтты болсын! Отбасыңызға құт-береке, мол бақыт пен шығармашылық шаттық тілейміз!
22/05/2026
ҚР ОМА директоры Сәбит Шілдебайдың бұйрығымен Дарубаева Аружан Талғатқызы Архивтік құжаттарды қалпына келтіру және цифрландыру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Архив директоры осы бөлім басшысы қызметін атқарған Төлебаев Қахарман Дүйсешұлына алғыс білдірді.
Сәбит Қамытбекұлы жаңа басшыға жауапты қызметте сәттілік тілей отырып, жас маманнан архив құжаттарын цифрландыруда үлкен қажыр-қайрат күтетінін жеткізді.